Диплом жұмысының тақырыбы: «Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері.»



жүктеу 0.87 Mb.
бет5/5
Дата12.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5

Қорытынды

Италияда 1920 жылы жұмысшылар фабрикалар мен зауыттарды басып ала бастады. Осы кезде Италияның ірі буржуазиясының және помещиктердің революциялық пролетариаттан үрейлері ұша бастады. Сол себепті осы кластардың мемлекетте күшті билік орнатуға деген ұмтылысы күшейді. Соңынан олардың фашистік ұйымдарға көрсеткен көмектері ұлғая бастады.

1922 жылдың күзінде фашистер елдегі көп кәсіпорындарды иеленді. Буржуазияның либералды топтары фашизмге еш қарсылық көрсетпеді.

1926 жылдың қаңтарында коммунистердің үшінші съезі өткізілген болатын. 1926 жылдың 31 қазанында Муссолиниге төртінші мәрте шабуыл жасалды. Алтыншы қарашада ішкі істер министрі Федерцони жұмыстан кетіп, оның лауазымын Муссолини өзі атқара бастады.

1926 жылдың қарашасында фашистік үкімет бес жыл мерзімге төтенше заңдар қабылдады. Бірақ бұл заңдардың мерзімі үнемі ұзартылып, фашистік режимнің соңына дейін күшін жоймады. Осы төтенше заңдарды енгізуге байланысты Италияда күрестің жаңа кезеңі басталды. Төтенше заңдарды қабылдай салысымен фашистерге қарсылардың барлығын жаппай тұтқындау жүзеге асырылды. 1926 жылдың қарашасында алғашқы тұтқындалғандардың бірі коммунистік партияның жетекшісі Антонио Грамши болды. Төтенше заңдар қабылдана салысымен антифашистердің көбісі шетелге бас сауғалап қаша бастады, әсіресе Францияға. Францияға ресми түрде Италия социалистік партиясының және италяндық еңбекшілердің социалистік партиясының басқарушы органдары орналасты.

Италиядағы экономикалық дағдарыстың бірден-бір себебі ол корпоративті саясатты ұстану еді. 1930 жылы Муссолини фашистік мемлекет тек ғана корпоративті мемлекет болу керек, немесе оның несі фашистік деген болатын. Себебі фашистік мемлекетке басқаруға болатын экономика соғысқа дайындалу үшін қабілетімен керек еді. Италияда сол кезде ресми түрде екі әнұран болды. Күнтізбесіне дейін фашистерге бейімделіп дайындалды. Қара көйлектілер, жиырмасыншы ғасыр кімдікі, әрине біздікі деп өзі сұрақ қойып, өзі жауап берген болатын. 1934 жылғы депутаттардың жаңа мәжілісін ашқан Муссолини біз фашизмге қарсыларды жойып біттік деген еді.

Бірінші тамызда коммунистер бейбітшілікті қорғау күнін атап өтуге дайындалды. Бұл хабарды естіген полиция барлық жерлерде тінтулер жүргізіп, әскерилер күшейтілген тәртіппен қызмет атқара бастады. Коммунистер өз кезегінде үнпарақтар мен соғысқа қарсы әдебиеттер таратып үлгерді. Бірақ сол кезде Италияда фашизмнің міндетті түрде соғысқа алып келетінін халықтың барлығы бірдей ұғына қойған жоқ.

1929-1933 жылда Италия экономикасын қатты дағдарысқа ұшырады. Өз әлсәздігін сезінген Италия сол жылдары Кеңес Одағымен бірінші болып сауда-саттық келісім-шартын жасасты.

Кейіннен италияның Сомали мен Эфиопияның шекарасында кикілжіңі басталды. 1934 жылдың желтоқсанында Эфиопия аумағында қарулы қақтығыстар басталды. Эфиопияның барлық аумағын сегіз айдың ішінде басып аламыз деп италияның бас штабы әскери операция жоспарын құрды.

1936 жылдың 5-мамырында Эфиопия астанасына Италия әскері басып кірді. 9-мамырда Үлкен фашистік кеңестің мәжілісі өтті. Италия короліне Эфиопия императорының да тәжі киілді.

1941 жылдың 22-маусымында Гитлер ешқандай Муссолинимен кеңеспестен Кеңес Одағына шабуылын бастады. Кейіннен өз министрлеріне Гитлер маған Ресейге шабуыл жасауға шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл әрине Германия мен Европаның болашағы үшін мәні бар тарихи шешім. Әлемнің түрін өзгертетін осындай орасан зор оқиғаның кезінде Италия жаңа соғыстан шет қала алмайды және осы ұрысқа біз белсенді қатысуымыз керек деп мәлімдеді.

1940-1941 жылдарда сотталғандардың көпшілігі еңбекшілер тобынан болатын. Әсіресе бұрын жұмысшы немесе шаруа болған солдаттар көп болды. Альпі әскерінің бір солдаты Францияға жасалған шабуыл кезінде Бұл жерде халіміз мүшкіл және бұған кінәлі тек ғана Муссолини шошқа деп жазды. Турин жұмысшысы болған солдат Драго казармада жүріп қаруымның пшағын француздарға емес, фашистерге қолдануға құштармын деген екен. Чуфоли деген солдат гректерді өзімнің бауырымдай санаймын, оларға қарсы соғысқым келмейді деп ата-анасына хат жазған.

1943-жылдың 3-қыркүйегінде одақтастар әскері әскери әрекеттерді оңтүстік Италияға ығыстыру үшін Мессинскіні шабуылдай бастады. Дәл осы күні Сицилиядағы Кассибиледе Бадольо үкіметінің өкілдері мен Бірлескен ұлттар үкіметі бітімгершіліктің қысқаша шарттарына қол қойды. Сегізінші қыркүйек күні лондон радиосы Италиямен татуластық деп жариялады. Артынша Бадольо да радиодан сөйлеп, италиян әскерлеріне соғысты доғаруға бұйрық берді. Әскерлер болса түкке түсінбеді. Бадольо үкіметі және король астананы тастап оңтүстікке қарай Пескаруға одақтастар әскерін паналамақшы болып қашты. Екі тәулік ішінде неміс әскерлері барлық Солтүстік және Орталық Италияны жаулап алып, Римге енді. Италия елі меридиан бойынша екіге қақ айырылды. Оңтүстікте ағылшын-американ әскеріне сүйенген Бадольо үкіметінің әскери-монархиялық режимі сақталса, солтүстік және орталық Италияда Гитлердің тікелей қатысуымен Италия социальдық республикасы құрылды.

Муссолини 15-18 қыркүйекте герман радиосы және Монако радиосы бойынша Италия бұдан былай республика болып, Фашистік республикалық партия құрылғанын хабарлады. Дуче жаңа құрылған партияға герман әскерлеріне тиімді қолдау көрсетуді бұйырды. Қыркүйек айында жаңа құрылған фшистік партияның хатшысы Паволини Римге барып қатарларын толықтыруға адамдарды қанша үгіттесе де олардың саны көбейе қойған жоқ.

23-қыркүйекте Муссолини басқаратын Италия әлеуметтік республикасының үкіметі құрылғаны хабарланды. 1943 жылдың қарашасында Верон қаласында фашистік партияның конгресінде демагогтардың бағдарламасы қабылданды: италяндықтарға Италияны әлеуметтік республика ретінде жариялайтын халықтық құрылтайшы жиналыс құруға уәде берді. Осы Веронда өткен конгресс фашистік партияның алғашқы және ең соңғы ассемблеясы болды, ал оның бағдарламасы ешқашан жүзеге аспайтын.

Италиядағы Гитлер насихатына қарсы ұрысты негізінен неміс әскерлері жүргізді. Әлеуметтік республикадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен де солар болатын. 1943 жылдың қыркүйегінде Италияда құрылған герман әкімшілік аппараты Солтүстік Италиядағы барлық ірі өндіріс орталықтарын өз бақылауларына алды. Муссолинидің үкімет аппараты да герман бақылауына бағынышты болды.

Муссолини өз режимін зорлық пен қуғын-сүргінмен нығайтуға тырысты. Неміс әкімшілігімен ынтымақтастықта болған фашистер еврейлерге қарсы қуғын-сүргінді қайта жаңғыртты. Қарсы болғандардың барлығы басып жаншылды. Барлық мәселе күшпен және жазалаумен шешілетін болды. Осы мақсатта төтенше трибунал және италяндық эсэстер отряды құрылды.

Веронда 1943-жылы 25-маусымда үлкен фашистік кеңестің мәжілісінде Муссолинидің биліктен кетуі туралы шешімге қол жеткізген бұрынғы фашистік топбасшыларын соттау басталды. Сотта бұрынғы шет істер министрі Чиано, Маршал Де Боно, бұрынғы фашистік кәсіподақтар хатшысы Готтарди т.б. істері қаралды. Кейбіреулерін сырттай соттап үкім шығарды. Өлім жазасына кесілген бесеудің ішінде Чиано да бар. 11-қаңтар күні таңертең Веронадағы ескі фортта осы үкім орындалған болатын.

Қолданылған әдебиеттер.

1. Общая теория государства и права. Л., 1961,

2. Петров В.С. Сущность, содержание и формы государства. Л., 1971,

3. Тольятти П. Лекция о фашизме. М., 1974,

4. Новейшая история стран Запада. М, 1959,

5. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. 1917-1945 гг. М, 1989,

6. Лопухов Б.Р. История фашистского режима в Италии. М, Наука, 1977,

7. История фашизма в западней Европе. М, Наука, 1978,

8. История ХХ века: люди, события, факты. Аквариум, 1999,

9. Дәуірбаева Т. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы. 1918-1990 жж. Түркістан, 2004,

10. Италия в конце XIX в.: судьбы людей и территории. М, Наука, 1978,

11. История Италии. М, 1971,

12. «Международная жизнь». 1963, №2,

13. Крах италянского фашизма. М, Наука, 1973,

14. Хрестоматия по новейшей истории 1917-1945 гг.

15. Алатри П Происхождение фашизма.. М, 1961,

16. Ревуненков В.Г. Новейшая история стран запада. М. 1958.

17. История новейшего времени стран Европы и Америки. 1918-45.

18. w.w.w. mega book. Ru. КМ RU Универсальная энциклопедия М.Б.

19. Б. Муссолини. w.w.w. peoples. Ru.

20. Фашизм по 5-ка ru.

21. Фашизм. Визуальный словарь..vslovar. org. ru.

22. Фашизм. w.w.w. dazzle. Ru.

23. Фашизм. w.w.w. book sgg. Ru.

24. Фашизм в Италий w.w.w. Rambler. 25 . Лопухов Б.Р. История фашистского режима в италии. М, 1977. 26. Белоусов Л.С. Муссолини: диктатура и демагогия. М., 1993. 27. Бланк Александр С. Старый и новый фашизм. Полит- социал очерк .

М., Политздат. 1982

28. Хрестоматия по новейшей истории. Под ред. Б.Гафурова. М.,

Соцэкгиз. 1960 29. Хрестоматия по новейшей истории(1945-61) Под ред. Б.Гафурова.

М., Соцекгиз. 1961 30. История новой и новейшего времени. Под ред. И.С. Галкина Дементьева. Издательства Московского университета. 1968

31Эрнст Тельман. Избранные статьи и речи. М.1958.

32 О.С.Сорока-Цюпа, В.П.Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д.Сүгірбаева. XX ғасырдағы дүние жүзі тарихы. Дрофа- «Кітап баспасы» Алматы-2005

Сілтемелер.



  1. Фашизм. w.w.w. book. Sgg. Ru

  2. Историяграфия истории новой и новейшего времени 41-бет

  3. Хрестоматия по новейшей истории Под. Ред . Б. Гафурова М., Соцекгиз 1960 23-бет

  4. Бұлда сонда. 29-бет

  5. Бұлда сонда. 32-бет

  6. История XX века:люди, события, факты. Аквариум .1999. 123-бет

  7. Бұлда сонда 119-бет

  8. Лопухов История фашисткого режима в Италии. М. Наука 1977 .86-бет

  9. Крах Италиянского фашизма. М. Наука.1973.56-бет

  10. Бұлда сонда 66-бет

  11. Муссолини. w.w.w. peoples. Ru.

  12. История фашизма в Заподной Европе. 1978.57-бет

  13. Хрестоматия по новейшей истории. Под. Ред. Б. Г. Гафурова. М.Соцекгиз 1961 18-бет

  14. Ревуненков .В.Г. Новая история стран Запада. М. 1958 42-бет

  15. Крах италиянского фашизма. М. Наука. 1973. 23-бет

  16. Хрестоматия по новейшей истории. Под. Ред . Б.Г. Гафурова. М. 1960 34-бет.

  17. Крах италиянского фашизма. М. Наука 1973. 56-бет

  18. Бұлда сонда.

  19. Дәуірбаева . Еуропа мен Америка елдері тарихы 1918-1990. 2004. 34-бет

  20. Международная жизнь.1963 № 2 7-бет

  21. Белоусов Л С Муссолини: диктатура и демогогия. М .1993 76-бет

  22. Бланк Александр . Старый и новый фашизм. Полит-социал. Очерк. М. Политздат 1982. 21-бет

  23. Петров В.С Сущесность, содержания и формы государства. Л. 1971. 46-бет

  24. Бұлда сонда

  25. Бұлда сонда

  26. Хрестоматия по новой и новей истории 1979.19-бет

  27. Бұлда сонда 25-бет

  28. Бұлда сонда.34-бет

  29. Бұлда сонда 40-бет

  30. Новая и новейшая история стран Запада М 1958 43-бет

  31. Бұлда сонда 45-бет

  32. Бұлда сонда 46-бет

  33. Хрестоматия по новейшей истории. Под. Ред Б.Г. Гафурова. М.1960 53-бет

  34. Бұлда сонда 54-бет

  35. Бұлда сонда 57-бет

  36. История XX века : люди, события, факты. Аквариум. 1999 123-бет

  37. Бұлда сонда 127-бет




  1. История новой и новейшего времени. Под. Ред Галкина.Дементьева. Изд. Московского университета 1968 45-бет

  2. Бұлда сонда 51-бет

  3. Бұлда сонда

  4. О. С .Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов. Г.Д. Сүгірбаева XX ғасырдағы дүние жүзі. Дрофа «Кітап баспасы» Алматы-2005. 109-бет

  5. Бұлда сонда 118-бет

  6. Дәуірбаева Еуропа мен Америка елдерінің тарихы1918-1990. Түркістан 2004 119-бет

  7. Бұлда сонда121-бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Дүние жүзі тарихын, оның ішінде Еуропа құрлықтары елдерінің тарихын жан-жақты танып білу бүгінгі ұрпақ үшін өте маңызды. Міне, сондықтант да Еуропа құрлықтарында жатқан шет елдердің 1917-1945 жылдардағы, жаңа заман дәуіріндегі тарихын зерттеп , тани білу өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Күні кешеге дейін өзара бақталас, қарама- қайшы және қарама –қарсы жүйедегі ел дербес мемлекет болып келген Германияның жоғарыда аталған кезеңдегі тарихына қазіргі жаңаша көзқарас тұрғысынан назар аудару біз үшін өзекті мақсат екенінде дау болмаса керек. Сол себепті мен дипломдық жұмысымды бұдан да күрделі, терең ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет ететін аса ауқымды осы тақырыпты тұтастай таңдап алмай, Германия мемлекетінің тарихына тікелей қатысы бар Веймар Республикасының құрылуы, дамуы және құлау себептері жөніндегі мәселеге талдау жасау қажет.



1919жылдың жазында Веймар қаласында құрылтай жиналысы өткізіліп онда конституция қабылдануына байланысты елде Веймар Республикасы жарияланған және тарихта бұл саяси құрылымдық жүйе осындай атаумен қалған. Веймар республикасын тарихта алатын орны ерекше .Веймар Республикасының құрылуы Германияда демократиялық еркіндік жағдайын орнатып қалыптастыруға айрықша ықпал еткен.

Тарихнамасы. Веймар Республикасының құрылуы және құлауы жөнінде сол кездегі тарихшылар өз еңбектерінде жазған.Біз дипломдық жұмысымызға негіз етіп алынған тақырыпта қамтылған мәселелер бойынша жан-жақты тарихи зерттеу жүргізілген ретінде орыс тарихшысы А.А.Галкиннің «Германскии фашизм» атты еңбегін атауға болады.Сонымен бірге профессор Ф.К.Фураевтің жалпы редакциясымен жарық көрген, «Шет елдердің 1917-1945 жылдардағы қазіргі заманның жаңа тарихы» кітабында , Веймар Республикасының тарихы едәуір қамтылған.Сонымен бірге орыс тарихшысы Я.С.Драбкиннің «Становление Веймарской Республики» атты еңбегінде біз қарастырып отырған мәселе- Германиядағы алғашқы демократиялық мемлекет құру мақсатындағы алғашқы тәжірибелердің сабақтарын сараптауды мақсат еткен.Вернер Зомберт Германия тарихын зерттей отырып Германия туралы былай дейді «Консрваторлар Веймар Республикасын Кайзер империясын бір-біріне қарама –қарсы қойды. Империяның құрылуын консерваторлар немістің жарты ғасыр тарихын көркін келтірді, көз аларлық күн шығыс деп қароастырды, ал Веймар Республикасын олар қара түнек деп қарастырған. Фридрих Мейнеке әлеуметтік қозғалыстарға қарсы Веймар Республикасын қолдады. Және ол өз ойын былай дейді «өткенге қарап мен өзімді монарх деп сезінемін, ал болашаққа қарап республикалық деп сезінемін». Артур Розенбергтің ең алғашқы «Веймар Республикасының туылуы» атты еңбегі болды. Автор ол еңбегінде империя мың сегіз жүз жетпіс бірінші жылы құрылған және неміс буржуазиясымен прустық юнкерлер арасындағы шиеленістер нәтижесінде болған деп жазады.

Дерек көздері.

i




1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет