176
Сөздік
кепіл болушы – поручитель
кепіл болушылық – поручительство
мекенжай – адрес
ішінара – частично, в частности, между прочим
келісімшарт – соглашение, контракт
айыппұл – штраф
тараптар – стороны
14-тапсырма. Үлгімен танысыңыз.
Кепілхат
Мен, Өмірбекова Сәуле Саматқызы, мекенжайым:
Алматы қаласы, Кашғар
көшесі, 5-үй, 24-пәтер. Жеке куәлігімнің № 013030979, ҚР ІІМ берген, Алматы
қаласы,
Жамбыл көшесі, 12-үй, 70-пәтерде тұратын Рахметова Әсем
Нағызханқызынан жеке куәлігі № 0475552, ҚР ІІМ берген,
елу мың теңге
(50000) алдым.
Барлық міндеттерімді орындауға кепілдік беремін. Атап айтқанда:
- келісімшартқа сәйкес пайыз төлеуге;
- алынған ақшаны келіскен мерзімде қайтаруға;
- келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда
айыппұл төлеуге;
- мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн мерзім ішінде хабардар
етуге кепілдік беремін.
Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған, бір данасы Алматы қаласы,
нөмірі
бесінші нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы Рахметова Әсем
Нағызханқызында, үшінші данасы Өмірбекова Сәуле Саматқызында сақталады.
2009 жыл 20 желтоқсан
Тараптардың қолы
Достарыңызбен бөлісу: