Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
(қысқартылып берілді)
Глоссарий
Депозитарий (халықаралық құқықта)
(лат. depositum – сақтауға берілген зат) – халықаралық көп жақты шарттың
түпнұсқаларымен соған қатысты барлық құжаттарды (мәлімдемелер (арыз
өтініштер), ескертпелер, ратификациялық грамоталар, қабылдау, қосылу,
денонсация және т.б. туралы құжаттар) сақтайтын бір немесе бірнеше
мемлекет, халықаралық ұйым немесе осындай ұйымның басты әкімшілік
лауазымды тұлғасы. Депозитарий көп жақты шарттың қалыпты жұмыс
істеуінде маңызды роль атқарады. Депозитарий функцияларына сондай-ақ
өзіне берілген өкілеттіктерді сақтау; түпнұсқалық мәтіннен расталған
көшірмелерді әзірлеу және шартта көзделуі мүмкін өзге тілдердегі шарттың
кез келген басқа мәтіндерін әзірлеу, сондай-ақ шарттың қатысушыларына
және шарттың қатысушысы болуға құқығы бар мемлекеттерге осы
құжаттарды жөнелту; шартқа қолдар қойғызу, шартқа қатысты
құжаттар,
хабарламалар
мен
хабарлар
туралы
қатысушыларды
ақпараттандыру; қойылатын қолдардың, ратификациялық грамоталардың
немесе шарттың күшіне енуі үшін қажет қабылдау, бекіту немесе қосылу
жөніндегі құжаттардың саны алынғаны немесе депозиттелгені туралы
мемлекеттерді хабардар ету; шартты БҰҰ Хатшылығында тіркеу міндеті де
жатады.
28-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Министрлер бас қосты
Сеулде Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының Әділет
министрлері Рашид Түсіпбеков пен Ли Кви Намның кездесуі болды.
Кездесуге қатысушылар екі ел әділет органдарының іскерлік байланыстары
мәселелерін талқылады деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің баспасөз қызметі.
Р. Түсіпбеков атап өткендей, Қазақстан үшін Оңтүстік Корея елі маңызды
стратегиялық әріптес. Сондықтан да үстіміздегі жылғы өткізіліп жатқан Корея
Республикасындағы Қазақстан жылы аясында екі ел әділет органдарының
арасында байланыстарды нығайту елеулі оқиға болмақ.
Қазіргі заманғы Корея тәжірибесі, экономикасы, әлеуметтік, саяси және
құқықтық саласы орасан қызығушылық туғызып отыр.
Кездесу нәтижесі бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол
қойылды. («Ана тілі» газетінен)
Достарыңызбен бөлісу: |