98
Дипломатиялық нота вербальді және жеке болып бөлінеді.
Дипломатиялық тәжірибеде вербальді нота жиі қолданылады (латын
тілінен –
verbalis – ауызша), жазбаша нысанда әртүрлі
сипаттағы мәселелер
жазылады. Вербальді нота үшінші жақта құрастырылады,
ноталық бланкіде
басылады және қол қойылмайды, оған сыртқы
істер ведомствосының немесе
дипломатиялық өкілдіктің мастикалық мөрі басылады және мекенжайы
көрсетіледі.
Жеке нота әдетте маңызды қағидатты мәні бар мәселелерге қатысты немесе
болып жатқан елдің дипломатиялық протоколдың
бекітілген талаптарына
сәйкес белгілі бір оқиға туралы ресми ақпарат немесе жеке нотаға жауап
ретінде жіберіледі. Мұндай
нота хаттық нысанда болады, қол қоюшының
атынан
бірінші жақта құрастырылады, ноталық бланкіде басылады, мекенжайы
көрсетіледі және мөр басылмайды.
Жеке және вербальдік ноталарда жазылатын мәселелер нақты реттелмейді.
Бұл жерде болып жатқан елдің салт-дәстүрлері және қолданыстағы тәжірибесі
басшылыққа алынады.
Бір мезгілде бірнеше мемлекетке ресми дипломатиялық жазбаша үндеуді
білдіретін циркулярлық нота да көрсетіледі. Мысалы: циркулярлық
дипломатиялық нота орыс канцлері Горчаковтың (30.10.1870 ж.) Қара теңіздегі
оның егемендік құқықтарының шектелулері Қырым соғысынан соң белгіленген
Ресейдің бас тартуы туралы нотасы саналады.
Халықаралық дипломатиялық тәжірибеде ноталармен
алмасу халықаралық
келісімшарттар жасау нысандарының бірі болып саналады
(Орыс тілінен аударылып берілді)
Достарыңызбен бөлісу: