106
Астана, Алматы
13-тапсырма. Мәтінді оқып, термин сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Республикасының Сыртқы
істер министрлігі Қазақстан
Республикасында тіркелген барлық дипломатиялық өкілдіктеріне өзінің
ілтипатын білдіреді және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Антитеррористік
орталығы
ұйымдастырып отырған, ү.ж 17 маусымда Парламент үйінің
«Дөңгелек бөлмесінде» өтетін (Астана, Абай к-сі, 33-үй «а») лаңкестік пен
экстремизм көріністерімен байланысты заң бұзушылықтардың
профилактика
мәселелері жөніндегі ғылыми-практикалық конференциясына Қазақстан
Республикасындағы дипломатиялық корпус өкілдерін шақыруды өзіне мәртебе
деп санайды. Қатысушыларды тіркеу – 09.30-09.50 дейін, конференцияның
басталуы сағат 10.00, аяқталуы 18.00.
Конференцияға
Сенат
пен
Мәжіліс
депутаттары,
Қазақстан
Республикасының министрліктері
мен ведомстволары, саясаткерлер, баспасөз,
Қазақстанның және таяу шетелден ғылыми
шеңберлерінен өкілдері
шақырылды.
Қатысушылардың аты-жөндерін ү.ж маусымның 14-не дейін Министрлікке
жіберілуін (тел... ) өтінеміз.
Министрлік осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Елшілікке өзінің зор
ілтипатын білдіретіндігіне тағы да сендіреді.
Астана 2005 жылғы «10» маусым
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: