Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет93/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

 
Толеранттылық (латын тілінен tolerantia – төзім), жеке адамдардың
топтардың арасындағы нәсілдік және басқа да айырмашылықтардың 
заңдылығын мойындау, басқалар бойындағы ұқсассыздықтарға төзіммен 
қарау.  
Толерантность (от лат. tolerantia — терпение) — терпимость к чужому 
образу жизни, поведению, обычаям, чувствам, мнениям, идеям, верованиям. 
 
 
СӨЖ тапсырмасы. БАҚ материалдарын пайдалана отырып, Қазақстан-
Қытай, Қазақстан-АҚШ, Казақстан-Түркия арасында дипломатиялық 
келіссөздер өткізудің жобасын дайындау. 
СОӨЖ тапсырмасы. «Халықаралық келіссөздер» тақырыбында дөңгелек 
үстел өткізу. 
32-тапсырма. Мәтінді оқып, термин сөздерді анықтап, талдау жасаңыз. 
 
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің
Екінші Саммитінің ДЕКЛАРАЦИЯСЫ 
Біз, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңеске 
(АӨСШК) мүше мемлекеттердің мемлекеттер немесе үкіметтер басшылары:
МЫНАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕЙМІЗ: 

Біз БҰҰ Жарғысында, сондай-ақ АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы 
қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясында және Алматы Актісінде 
тұжырымдалған қағидаттар негізіндегі көп жақты ынтымақтастық өңірлік және 
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұру үшін қай кездегіге 
қарағанда бүгін қажет екеніне сенімдіміз. Осы мақсатта біз консенсус негізінде 
қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері бойынша ортақ көзқарастарды 
талдап жасау арқылы саяси үнқатысудың форумы ретіндегі АӨСШК-ні дамыту 
жөніндегі күш-жігерімізді белсенді ете түсеміз.
Біз даулар мен жанжалдарға киліккен барлық мүше мемлекеттерді оларды 
бейбіт жолмен БҰҰ Жарғысында көзделген қағидаттарға сәйкес реттеуге 
шақыруды және соған ынталандыруды жалғастырудамыз.
Біз лаңкестікті оның барлық формалары мен көріністерінде үзілді-кесілді 
айыптаймыз және лаңкестікті ештеңемен ақтауға болмайтынын атап 
көрсетеміз. Біз жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізін бұзатын бұл 


121 
қатерге қарсы күресу үшін ұлттық, өңірлік және көп жақты негіздегі іс-
әрекетімізді күшейтуге бел байладық. Лаңкестікке оның барлық формалары мен 
көріністерінде қарсы күрес бәрін қамтитын, дәйекті және қосарланған 
стандарттарға жол бермейтіндей болуы тиіс. Лаңкестік қандай да бір дінмен, 
ұлтпен, өркениетпен немесе этностық топпен орайластырыла алмайды және 
орайластырылмауы тиіс. Біз халықаралық лаңкестікке қарсы күресте БҰҰ-ның 
орталық рөлін мойындаймыз. Біз лаңкестік бойынша БҰҰ аясында 
қабылданған 13 халықаралық конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын 
елдерді оған қосылуға шақыруды жалғастырудамыз. Бұл салада әмбебап 
құқықтық құралды жасау жөніндегі міндетті әлі орындау керек болады. Осыған 
байланысты біз БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында халықаралық лаңкестікпен 
күрес бойынша бәрін қамтитын конвенция жасасу бойынша күш салуды 
жақтаймыз.
ІІ 
Біз Кеңес Төрағасы ретіндегі Қазақстан Республикасының үнқатысуды 
нығайтып, АӨСШК үдерісін дамытудағы рөлін атап өтеміз.
Біз консенсус негізінде ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін АӨСШК үдерісін 
алға жылжыту жөніндегі біздің күш-жігер жұмсауымызды жалғастырамыз.
Біз Қазақстан Республикасы аумағында АӨСШК Хатшылығын құруды, 
мұның өзі Кеңесті дамытуда маңызды белес болып табылатынын 
қанағаттанушылықпен атап өтеміз.
ІІІ 
Біз АӨСШК-ге өсе түскен қызығушылықты қанағаттанушылықпен атап 
өтеміз. Осыған байланысты біз 2004 жылы Таиланд Корольдігінің және 2006 
жылы Корея Республикасының толық құқылы мүшелер ретінде АӨСШК-ге 
кіруін құттықтаймыз.
ІV 
Біз 5 қазанды Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҰҰ Бас 
Ассамблеясының 47-ші сессиясында Азияда өзара ықпалдастық және сенім 
шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы идеяны ұсыну құрметіне АӨСШК 
күні деп жариялауды шештік.

Біз АӨСШК-нің Үшінші Саммитін 2010 жылы өткізуді шештік.
VІ 
Біз АӨСШК үдерісі Бірінші Саммитте қойылған міндеттерді іске асыруда 
алға жылжыды деп есептейміз. Осы Декларация өңірде сенім ахуалын жасау 


122 
және ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастыру жолымен 
АӨСШК үдерісін одан әрі дамытуға деген біздің ерік-жігерімізді бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет