Сыныптан тыс өткізілетін лекция- концерт үлгілері мен бағдарламалры және олардың тәрбиелік мәні.
Мектепте музыкалық тәрбие беруде музыка сабағының өзі аздық етеді. Музыкалық тәрбиенің баланы жан – жақты етіп тәрбиелеуде, оларға эстетикалық тәрбие беруде мәні зор. Бірақ та бұл жөнінде көңіл бөлетін нәрсе сыныптан тыс уақыттарда тәрбиенің бұл түріне көп көңіл бөлу керек. Себебі, сыныптан тыс өткізілетін бағдарламалар арқылы баланың ой- өрісі дамып, бір өнердің түрімен композитор шығармашылығмен кеңінен танысуға мүкіндік береді. Балаларға эстетикалық, музыкалық тәрбие беруде, музыкаға құлшынысын арттыруда мектептегі музыкалық лектоийлер үлкен роль атқарады. Жақсы және жоспарға сай ұйымдастырылған музыкалық лекторийлер балалардың жан- дүниесіне әсер етіп, үлкен қызығушылықпен келесі өткізілетін іс- шараларды да күтетін болады.
Болашақ музыка мұғалімдері осы музыкалық лекторийлерді практика кездерінде ұйымдастырып, өз білімдерін көтерулер керек. Сыныптан тыс өткізілетін іс- шаралардың тәрбиелік мәні- балалардың бос уақытын дұрыс пайдалана білуі, адамгершілік, азаматтық қасиеттерінің дамуына, өнер әлемінің сырлы саздарын түсіне білуге септігін тигізеді.
Мектеп оқушыларынң эстетикалық талғамын артыру жұмысы сыныптан тыс уақыттарда “Әдеби- драма” үйірмесі арқылы сабақ процестерімен байланыстыра отырып жүргізілді. Негізінен алғанда оқушыарға сынптан тыс уақыттарда эстетикалық тәрбие берудің бірнеше түрі бар. Ондай жұмыстарға :
-
Өнер сүюшілер клубы
-
Өнер туралы мектептік кештер
-
Эстетикалық мақсаттағы саяхаттар
-
Өнерқайраткерлерімен кездесулер
-
Пікірталас кештері
-
КВН
-
Әдеби-музыкалық кештер т.б.
Өнер сүюшілер клубын өнер сүюшілер үйірмесі деп те айтуға болады. Бұл клубқа мүше болған мектеп оқушыларынң бәрінде бірдей өнер қабілеті бар деп айту қиын. Алғашқы үйірменің алдына қойған мақсаты- оқушыларға өнердің әр түрі туралы элементарлық түсінік беруден басталады.
Әдемілікті сүйсіне сезініп, ұнату бағалай білу қабілеті оқушының бойына бірден бітпейтінін тек дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің, алған білімнің нәтижесінде, ең алдымен жоғары идеялы, шын мәніндегі көркем шығармаларды оқып үйрен, өнер , техника туындыларын меңгеру, табиғаттың тамаша көрінстерінің адам мақсатына лайық әсер етуі арқылы дамитыныдығын естен шығармау қажет.
Оқушылардың эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын дамытып, тәрбиелеу сыныптан тыс уақыттар мен сабақ оқыту процесінде іске асырып отырады. Әсіресе әдебиет, ән – күй, музыка сабақтары оқушылардың эстетикалық талғамын арттыра түседі және бұларға деген олардың сүйіспеншілігін шыңдай түседі. Оқушылардың сыныптан тыс уақыттарда жүргізетін өнер сүюшілер клубы жұмыстарының түрлері көп. Бұларға : хор, оркестр, балалар театры, бейнелеу студиясы, мәнерлеп оқу жатады.Эстетикалық тәрбие беру ісінің ең негізі- оқушылардың өмір мен өнегеге деген ынтасын арттыру. Сондай- ақ өмір мен өнердегі озаттық пен жарасымдылыққа ынтық та құштар болып, шын өнерді боямадан айыр білу, сонымен қатар саяси қозқарасын қалыптастыру, өмір мен өнердегі тартымдылықты тартымсыздықтан айыр білетін етіп тәрбиелеу- басты роль атқарады. Содан кейін үйірме мүшелерінің әрқайсысы өздері сүйетін өнер түріне бейімділігін анықтап, олардың өз тілектеріне қарай шағын топтарға бөліп, музыка, мүсін өнерлері мен әдебиет сүюшілер тобына жазады.
“Музыкалық өнер сүюшілер клубы” арқылы эстетикалық тәрбие беру. Музыка өнері туралы түсінік алғаннан кейін қазақ халқының композиторлары Құрмағазы,Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина туралы қысқаша таризхи түсініктер алады және олардың күйлерін тыңдап көреді.Музыканың әуені мен мазмұны оқушылар жүрегінде жаңа жақсы сезім туғызып, оның эмоциялық әсер алу қабілетін ілгері дамытады, олардың бойында ұнамсыз әдеттердің, мәдениетсіздіктің болмауына жәрдемдеседі. Сонымен қатар музыканы тыңдап - өсуіне , түсінуіне оқушыларды жарқын сезімге, өмір қуанышына бөлейді.
Көрнекті композитор Д.Шостакович үлкен музыканың ролін зор бағалай келіп : “Адамдарға қарапайым сыбызғыдан бастап симфониялық үлкен оркестрдің дауысынашейін, екінің бірі айтатын жәй әннан бастап,Бетховеннің сонаталарына шейін- музыканың барлық түрі қажет. Алайда өзге жанрларға қарағанда симфониялық үлкен музыканың орны бөлек. Анағұрлым терең мазмұнмен қаныққан ол –музыка патшалығының тәңірі іспетті “,- деп жазды.
Күрделі музыкаларды тыңдап- үйренуге біздің мектептерімізде жағдай жасалса- радиодан берілетін концертер,музыка жайлы лекциялар, музыкалық тәрбие сағаттары, кездесулер өткізілсе жақсы болар еді.
Балалар күрделі музыканы жүйелі түрде түсіну үшін ,әуелі таныс қазақтың күйлері туралы аңыз- әңгімелерден бастаған жөн.Себері әрбір халықтың музыкасының өзіндік тарихы бар, қазақ халқы музыкаға ерекше орывн беріп бағалағаны сонша, олар табиғаттың адам күші жетпейтін сұрапыл күштеріне қарсы музыканы пайдаланып отырған. Мысалы, орта ғасырдың алғашқы дәрігерлер жоқ кезінде ауруларды емдеу құралына дейін ( тістің құртын шақыратындар, тамыршылар, бақсылар ) пайдалану туралы әңігмелерден бастау оқушыларды қывзықтырады. Осындай мақсатты көздеген “Музыка әлеміне саяхат! туралы музыка пәні мұғалімі, ең алдымен музыка дыбыс өнері екендігі, қазақтың музыка аспабының бірі- сыбызғы, домбыра жайында түсінік беріліп болған соң құдіретті күші жайындағы аңыздарға оқталады. Оған дәлел ретінде “Ақсақ құлан”, “Жошы хан” аңыздарын айта келіп, артынан осы күйлерді тыңдатады немесе домбырадан тартып береді.
Мектептегі кеш өткізу жұмыстарын жоспарлауға, оның программасын жасауға, өлең, тақпақ, би инсценировкаларын және костюмдерді іріктеп алуға жәрдемдесу музыка мұғалімдеріне міндеті. Ол- сынып жетекшілерімен және музыка пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушылардың қайсысы көркемөнердің қай саласына бейім екенін анықтайды,сөйтіп әнді жеке айтушы хормен айтушы, тақпақ айтушы және биелуші оқушыларды саралап беріп отырады.
Әр музыка пәні мұғалімі өзінің педагогтік қабілетін көрсете білуге тиіс. Сондықтан бір тәрбиешінің өзі басқарған кездегі тәрбие жоспарындағы көрсетілген жұмыс түрінен гөрі осы педагогикалық практиканың кезіндегі оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс уақыттардағы тәрбие жұмыстары түрлері күрделніп кетеді. Мұндай жүргізілетін жұмыстар оқушылардың ой- өрісіне сай болып, оларды қызықтыратын түрлері болса, онда 7-8 сынып оқушыларын пайдалы істерге жұмсауға болады.
Соңғы жылдары көптеген композиторлардың өмірі мен творчествосы жайында оқушылар жиі- жиі лекциялар тыңдап , едәуір мағлұматтар алып отырады. Соынмен қатар мектепте жеке композиторлардың шығармасына байланысты кештер, әңгіме, лекция,музыка сағатын өткізіп отыруға әбден болады. Эстетикалық тәрбиенің талаптарын музыка арқылы жүзеге асыру жұмыстарының мақсаттарына арнап әр алуан тақрыптары, әр түрлі композиторлардың творчествосын қамтитын дискілерді, бейнетаспа және үнтаспаларды жинаған да қолайлы.
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс және жүйелі ұйымдастырылған музыкалық кештер оқушылардың өнер туралы, музыка туралы түсінігін молайтып, тереңдетіп қана қоймай, сонымен қатар көркемдік туралы белгілі бір ой тудырып, көркемдік туралы оқушының ой- өрісі әрі қарай дамып, оны игерідің шеңбері , сондай-ақ музыканың мәнін терң түсінудің сипаты да өзгеріп отыратындығы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |