Дипломдық ЖҰмыс 050301- мамандығы -«Құқықтану»


Әлеуметтік қорғаудың әлеуеті қандай? Деген сұрақ әйел құқығына тікелей қатысты деп айтар едім



бет12/16
Дата02.04.2022
өлшемі0.55 Mb.
#456571
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дип әйел құқ

Әлеуметтік қорғаудың әлеуеті қандай? Деген сұрақ әйел құқығына тікелей қатысты деп айтар едім.


Қазақстанның тәуелсіздік алуымен тарихи қысқа мерзім ішінде нарықтық қоғамдық қатынастарға тең болатын өз өмірінің жағдайын қалыптастыруға деген әр бір адамның жауапкершілік деңгейінің артуына септігін тигізетін халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесі қалыптасуда.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достағы (ТМД) елдері ішінде құрамына жаңа туған баладан бастап жасы ұлғайған адамға дейін қамтитын еліміздегі халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бірінші болып бастаған елдердің бірі. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейтін халықтың, қарттардың, аз қамтылған отбасылардың, мүгедектердің алдында жауаптылықты сезінетін ынтымақтастық жүйесінің элементтерін құрайды. Еліміздегі жұмыспен қамтылған халық өздеріне лайықты кәрілікті қамтамасыз ететін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне де қатысады. Еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу қатерлерінен, бала тууына байланысты және ол бір жасқа толғанға дейін уақытша табысынан айрылу жағдайын сақтандыру «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) қаржысынан жүргізіледі.
Бүгінгі күні әлеуметтік сақтандыру әлемдегі әлеуметтік қорғаудың маңызды түрлерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда (өйткені олар мемлекеттік бюджеттен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алады), қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар жатады.
Осылайша барлық жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап есепті айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей қызметкердің ай сайынғы табысынан 10 % міндетті зейнетақы жарнасын шегергеннен кейінгі соманың 4% мөлшерінде Қорға әлеуметтік аударымдар аударады. Бұл айтылған қаражатты жұмыс берушілер әлеуметтік салықты қайта бөлу арқылы төлейді, яғни әлеуметтік салық әлеуметтік аударым сомасына азаяды. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдарды есептеу обьектісінің ең кіші және ең төмен мөлшері анықталған. Міндетті әлеуметтік сақтандыру және еңбек заңнамаларына сәйкес ай сайынғы әлеуметтік аударымдар қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төменгі бір айлық еңбек ақы (ТАЕ) мөлшерінен кем емес және он еселенген ТАЕ мөлшерінен көп емес мөлшерден аударылуы қажет.
Жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарды уақытында және толықтай төлеуі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік қатер туған жағдайда Қордан сәйкесінше әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік қатер туғанға дейінгі 2 жылдағы орташа табыстан айқындалады. Бұл ретте орташа айлық табыс әлеуметтік жеке код (ӘЖК) бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің (МӘСЖ) қатысушысына Қорға түскен әлеуметтік аударымдар сомасы негізінде анықталады. Осы орташа айлық табысқа әлеуметтік қатерге байланысты әр түрлі коэффициенттер қолданылады.
Ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша мән бере отырып 2007 жылы Ел Президенті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды Қор қаржысы есебінен жүргізуді тапсырды.
Осылайша, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүктілігі және босануына, сонымен қатар бір жасқа толғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайына Қордан әлеуметтік төлемдер төлеу жүргізілуде. Мұндай төлемдерді алуға ол үшін жұмыс беруші ай сайын әлеуметтік аударымдар жүргізген, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған, өзі үшін әлеуметтік аударымдар төлеген (жеке кәсіпкерлер) жұмыс істейтін әйелдер құқылы.
Жүктілігі және босануы жағдайына әлеуметтік төлем Қордан әлеуметтік төлем алу құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген тәртіп бойынша жүктілігі және босануы бойынша демалысқа шыққан күннен бастап, еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыстың барлық күнтізбелік күніне тағайындалады. Осылайша 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүктілігі және босануы бойынша жұмыс беруші төлейтін демалыстың орнына Қордан әлеуметтік төлем тағайындалады.
Жүктілігі және босануы жағдайына төленетін бір реттік әлеуметтік төлем жұмыс істейтін әйелдің ай сайын әлеуметтік аударымдар жүргізген соңғы 12 күнтізбелік айдағы орташа айлық еңбек ақысы мөлшерінде тағайындалады.
Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындалады. Осылайша жұмыс істейтін әйел бала күтімі үшін берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орнына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алады.
Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін төленетін әлеуметтік төлем әлеуметтік қатер туғанға дейінгі әлеуметтік аударымдар жүргізілген соңғы 24 айдағы табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің 40% аспау керек, ал әлеуметтік төлемнің ең кіші мөлшері бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақының ай сайынғы мөлшерінен төмен болмауы қажет.
Сонымен қатар, егер бұрын декреттік демалыста жүрген әйелдерге зейнетақы аударымдары жүргізілмесе, енді жүктілігін, босануын және аналық кезін міндетті сақтандырудың енгізілуіне байланысты әйелдің бір жасқа толғанға дейінгі нәресте күтімі үшін демалыста болған кезінде әлеуметтік төлемдерден зейнетақылық жарналары жүргізіледі және алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
Әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу жұмыс берушінің қаржысынан емес, міндетті әлеуметтік сақтандыру органдары қаржысынан аналық кезінде демалыста болған әйелдерге қаржылай жәрдемақы беруді ұсынатын ана мен баланы қорғауға қатысты № 103 Еңбекті Ұйымдастырудың Халықаралық Конвенциясына сәйкес келеді.
Сондай-ақ «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық әйелдерге (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін) мемлекеттік бюджет есебінен 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде бала тууына жәрдемақы төленеді.
Мемлекеттің ана мен баланы қорғауға бағытталған әлеуметтік саясаты халықтың өмір сүру сапасын, мәдениетін, білімін, экономикалық жағдайының қарқынды дамуының болашағын айқындайды. Сондықтан жүктілікті, босануы және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу ана мен бала өмірі маңызды орын алатын қоғам құру болып табылады.
Бүгінгі күнгі әлеуметтік саясаттың стратегиялық мақсаты азаматтың, мемлекеттің және жеке бизнестің өз ара жауапкершілігі арқылы өмірдің алдыңғы қатарлы стандарттарына өту болып табылады. Қоғамның барлық мүшелерінің жеке жауапкершілігі мен ынтымақтастығына негізделген, мемлекет Басшысының алға қойған міндеттерін нақты жүзеге асыру тек мемлекеттің ғана міндеті емес, сонымен бірге мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың бірігіп жүзеге асыруы арқылы ғана мүмкін болатынын түсіну қажет.
Салауатты өмір сүру қызметінің әрекетінде ең маңызды бағыттардың бірі: репродуктивті деңсаулықты сақтау бойынша әртүрлі топтармен жұмыс істеу болып табылады, бұл Республика Президентімен қазіргі қоғамның маңызды есебіекендігі анықталған. Құқықтық негіз Азаматтардың репродуктивті құқықтары нормативті – құқықтық құжаттармен қорғалады, олардың ішінде негізгісі Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 18 қыркүйегінде шыққан «Халықтың деңсаулығы және деңсаулық сақтау жүйесі» атты Кодексі болып табылады [38]. «Адамның репродуктивті құқықтарын қорғау» жайлы 17 бөліміне сәкес, азаматтар ерікті репродуктивті таңдауды, репродуктивті деңсаулық және жанұяны жоспарлауды қорғау жайлы көмек алуды, сонымен қатар, өз репродуктивті деңсаулығының жағдайы туралы толық мәліметті алуға құқықтары бар. Қазақстанда әйелдердің қалауы бойынша 12 жұмаға дейінгі уақытта жасанды түрде, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша – жүктіліктің 22 жұмасына дейін, ал жүкті әйелдің немесе ұрықтың өміріне қауіпті медициналық көрсеткіштер болғанда – жүктіліктің уақытына байланыссыз жүктілікті үзуге рұқсат етіледі. Жанұяны жоспарлау жайлы және жүктіліктің жасанды үзбеу жайлы ұғындыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі Кодекспен анықталған.
Қазақстан азаматтарында контрацепция заттары мен әдістерін таңдау құқықтары бар. Салауаутты өмір сүру бағдарламасын жүзеге асыру
21.12.07 жылғы №1260 Үкімет қаулысымен бекітілген «Салауатты өмір сүру» бағдарламасын өткізу шеңберінде, нормативті – құқықтық негізді ескеріп, репродуктивті құқықтар мен деңсаулықты қорғау жайлы тұрғындармен жұмыстың мақсаты анықталған [39].
Бұл – жанұяны жоспарлау, жасанды түсіктер, жынысты жолдармен берілетін инфекциялар, әйелдер мен ерлердің бала тудыратын қызметтерді сақтау сұрақтары бойынша әртүрлі топ тұрғындарының білім деңгейін және медициналық салауаттылықтарын жоғарлатады.
Арнаулы топ: жасөспірімдер, жастар, фертильді жастағы әйелдер.
Алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін әлеуметтік мәртебені, дәстүрлерді және әрбір аймақтың мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыстың әр түрлі формалары қолданылады. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін, салауатты өмір сүру қызметімен, жергілікті басшылық құрылымдарының қолдауымен, халықаралық 8 наурыз күніне, бүкіл дүниежүзілік отбасы күніне және халықаралық балаларды қорғау күніне, халықаралық омыраумен тамақтандыру жұмасына Республикалық кең масштабты акциялар ұйымдастырылады және жүргізіледі, олар миллионнан астам тұрғындарды қамтиды. Бұл күндері семинарлар, тренингтер, форумдар, конференциялар, пресс- конференциялар, конкурстар, ашық есік және дөңгелек үстел күндері, дебаттар, лекциялар, әңгімелер жүргізіледі. Арнаулы топтың өзін процесске құмарлатуға мүмкіндік беретін интерактивті әдістер кең қолданылады, бұл өткізілген шаралардың нәтижелігін жоғарлатады.Сектор аралық ынтымақтастығымен Министрлік және мекемелердің, халықаралық және үкіметті емес ұжымдардың қызығушылықтарынсыз, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қолдауынсыз осындай үлкен жұмысты жүргізуге мүмкін емес.
Біріккен әрекет мысалына, мамандандырылған ғылыми орталықтары мен институттардың бірігіп жұмыс істеуі жатады, олармен информациялық – білікті мағлұматтар қамтамасыз етіледі, конференциялар, тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және басқа да шаралар жүзеге асырылады.
Салауатты өмір сүруді қостау және ұйымдастыру орталығымен мамандандырылған институттарының мамандарымен сырқаттанушылықтың дәрежесін және ауырлық процессін бақылау үшін әртүрлі жастағы балалар мен әйелдердің профилактикалық қараулар көрсеткіштерінің талдауы жүргізіліп жүр, бұл алдағы мониторингпен нақты бір тұрғындар тобына профилактикалық жұмысты бағыттауға мүмкіндік береді. Профилактикалық қарауларды жүргізу бойынша бұйрықтың жобасы бірлескен күшпен денсаулық сақтау Министрлігіне жіберілді.
Репродуктивті деңсаулықты қорғау жайлы сұрақтар біріншілік медико-санитарлы көмек және салауатты өмір сүру мамандарына арналған жоспарлы аймақты көшпелі семинарларда талқыланған, бұл семинарлар 2009 жылы Ақтау, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Алматы қалаларында өткізілген, 200-ге жуық тыңдаушыларды қамтыған. Мекемеаралық қатынас
оқушылардың деңсаулығын сақтау және күшейтуіне ерекше көңіл бөлінген, бұл Білім және ғылым министрлігінің бірлескен әрекетіндегі маңызды бағыт болып табылады. Білім жүйесінің мамандарына (тәрбие жұмысының меңгерушілеріне) жасөспірім қыздардың репродуктивті деңсаулығын қорғау сұрақтары бойынша республикалық семинар өткізілді.
Салауатты өмір сүрудің мамандары Тамыздық аймақты конференцияларында әр деңгейдегі мұғалімдерге жыл сайын жалпы білім беретін мектептерде оқитын балалардың деңсаулығын сақтаудың әртүрлі мәселелері жайлы мәліметтер беріледі, бұл конференциялардың тақырыбы алдын ала Білім және ғылым министрлігі деңгейінде шешіледі.Тәуекелді мінез-құлық факторларын алдын алу, салауатты өмір сүруді қалыптастыруды ынталандыру, оқушылардың репродуктивті деңсаулығы мен өнегелі - жыныстық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Мұғалімдерге көмек ретінде «Валеология» және «Ашық мектеп» журналдарында арнайы мақалалар дайындалып шығарылады, онда оқушылардың деңсаулығын күшейту жайлы әртүрлі аспектілер беріледі, олар қазіргі уақытқа дейін факультативті болып табылатын және мектептерде сирек берілетін валеология сабағында қолданылуы мүмкін, сонымен қатар оқушылар мен олардың ата-анасын еліктіріп, салауатты өмір сүруді насихаттайтын әртүрлі шараларды өткізген кезде де қолдануға болады.
Тәуекелді мінез-құлық (шылым шегу, арақ-шарап қабылдау, нашақорлық) факторларын алдын алу, репродуктивті деңсаулықты қорғау және инфекциялық ауруларды алдын алу бойынша мұғалімдерге оқу модулі дайындалуда.
Ақпараттық – білікті жұмыс үкіметті емес ұжымдардың тығыс қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеу бойынша медико-педагогикалық ассоциациясымен бірге жанұяны жоспарлауды негіз етіп, репродуктивті деңсаулықты қорғау стратегиясы құрылған. Қазіргі уақыттағы интерактивті әдістерді қолданумен семинар-тренинг өткізілді. БҰҰ ЮНИСЕФ балалар фондының қолдауымен журналисттерге арналған «Барлықтарына арналған репродуктивті деңсаулық» атты ақпараттық бюллетеньдердің 4 нөмері шығарылды, бұл қазіргі уақытта жанұяны қорғау әдістемелерінің және тәуекелді мінез-құлық факторларының дұрыстығын, жынысты жолмен берілетін инфекцияларды алдын алуды қамтамасыз етеді. Басты орын жастармен жұмыс істеу ерекшеліктеріне бөлінеді, бұл маңызды топтардың бірі болып табылады. Бірлесіп жұмыс істеу аралығында бюллетеньдердің 20 нөмірі шығарылды.
Жастарға арналған деңсаулық орталықтары,
Қазақстан Республикасы Деңсаулық Министрлігінің 2006 жылдың 19 қазан айындағы №491 «Жастарға бағытталған қызметтерді еңгізу жайлы» атты бұйрығына сәйкес Қазақстанда ЮНИСЕФ және ЮНФПА арасындағы Меморандумын өткізу шеңберінде, Дүниежүзілік Деңсаулық сақтау Ұйымымен бірлесіп, жасөспірімдер мен жастардың деңсаулығын күшейту мақсатында, жастарға арналған деңсаулық орталықтары құрылып жатыр[40]. Қазіргі уақытта жастарға арналған 13 деңсаулық орталықтары ашылды: Астанада, Алматыда, Шымкентте, Таразда, Оралда, Семейде, Талдықорғанда. Бұл арнаулы топ талаптарына дағдыланған, жасөспірімдер мен жастарға профилактикалық, емдік-диагностикалық және психо-әлеуметтік көмек түрінде қызмет кешендерін атқаруға мүмкіндік беретін, жастармен жұмыс істеудің жаңартылған түрі болып табылады.
Қорытындылар «Репродуктивті деңсаулықты қорғау» атты бағдарламаны өткізудің негізгі бағыты – арнаулы топ арасында жаңартылған технологияларды қолдана отырып, медициналық сауаттылықты, мәліметтермен қамтамасыз ету деңгейін жоғарлату.
Негізгі арнаулы топ – жасөспірімдер, жастар, фертильді жастағы әйелдер болып табылады. Мекеме аралық және сектор аралық әдістемелері арқылы, сонымен қатар халықаралық және үкіметтік емес ұжымдардың белсенді қатысуымен және бұқаралық ақпарат құралдарының үнемді қолдауымен ғана нәтиже болуы мүмкін [39].
Негізгі әріптес – Білім және ғылым министрлігі болып табылады, барлық оқулық заттары, мұғалімдерге және оқушыларға өткізілген семинарлар арқылы 3 млн-ға жуық оқушыларды қамту мүмкіндігін есепке алғанда.
Жастарға арналған деңсаулық орталықтары қазіргі уақытта жастармен жұмыс істеудің қол жетерлік және жаңа түрлерінің бірі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет