ДипломДЫҚ ЖҰмыс 5В010500-Дефектология мамандығы



бет13/17
Дата01.06.2023
өлшемі450.19 Kb.
#474584
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Құрамашева М. 105-48,

Жазу жұмысының гигиенасы. Жазу сабағында ми ғана емес, сондай – ақ көптеген бұлшықеттер де жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай бірқатар талаптар қойылады: партада дұрыс отыру (бұл бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді), жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама – қарсы түсті сияны пайдалану, жазц құраларының баланың жасына сәйкестігі, жетілдірілген жазу техникасы ( әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні).
Жазу жұмысы, әсіресе үздіксіз жазу жұмысы (диктант) барынша шаршатады жұмыс деп есептелінеді. Қолдың басын бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттердің жұмысы білек, желке және бастың ауырлығын көтеріп, дұрыс отыруы қамтамасыз ететін арқа бұлшық еттерінің жұмысымен ұштасады. Демек, басқа да сабақтағыдай, жазба сабағы үстінде дұрыс отыруы талап етіледі, ұзақ уақыт жазу үстінде бұлшық еттердің қажуы салдарынан оқушының отыруы бұзылады. Мұнда организм рефлекторлы жолмен қосымша тірек нүктесін іздеп, кеуде қуысын партаның жиегіне тірейді, бұл тыныс алу мен қан айналымын бұзады.
Жазу жұмыс барысында көзге көп салмақ түседі, себебі әріптерді дәптер парағындағы сызықтардың арасына тура келтіріп жазу талап етіледі: зейінді жұмылдыру қажеттігі мен қол басы бұлшық еттерінің дәл жұмыс істеуі қызметттегі орталықтарды ғана емес, сонымен қатар тұтас алғанда бүкіл организмді шаршатады. Жазу жұмысы тез шаршатпауы үшін қалам мен оның ұшын тисінше тандай білу керек. Сонымен қатар, қолдың, қол басы мен саусақтардың дұрыс қалпын сақтау дағдыларын қалыптастыруы керек.
Парта оқушының бойы тура келмейінше, оның бетінің керекті көлбеулігі ( 12 – 150 ) сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін болмайды.
Қиғаш жазу кезінде дәптер денеге қарама-қарсы, оның парта қақпағының жиегіне көлбеулік бұрышы 30-400 болып орналасуы қажет. Сонда қиғаш сызықтар мен штрихтар үстел жиегімен тік бұрыш түзеді. Бала әріп сызықтарын бір-біріне қарама-қарсы түсіреді немесе қағаздың қиғаш сызықтарының үстінен жүргізеді. Бала денесінің екі иық буынын байланыстыратын көлденең осі және көздің негізгі сызығы өзара, сондай-ақ партаның оқушы жақ жиегіне параллель болуы тиіс. Бұл талапты сақтамау дұрыс отыру қалпын, біртіндеп мүсінді бұзып, омыртқа жотасынның бір жағына қарай қисаюы – сколиозға және алыстан көрмеушілікке соқтырады.
Кейбір мектеп гигиенашылары қиғаш жазуға қарағанда түзу жазуды ыңғайлы деп есептейді; себебі балаға түзу отыру жеңіл, өйткені дәптер дәл дененің алдында жатады және әр жолды жазған сайын жоғары қарай жылжып отырады; жазу үлгісі ммен көшіріп алатын материал дәптерден жоғарырақ орналасады: әріп штрихтарының негізгі сызығы көздің негізгі сызығы мен партаның жиегіне перпендикуляр болады; дәптер оқушы көзінен 35 – 40см қашықтықта жатады. Оның үстіне І–ІІ сынып оқушылары жақсы жазу дағдысын әлі меңгермегендіктен, мұндай мүсіннің бұзылуы туады [37,175 б.]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет