Дипломдық ЖҰмыс 5В010800- мамандығы Дене шынықтыру және спорт мазмұны кіріспе 7



бет11/22
Дата29.04.2023
өлшемі2.01 Mb.
#473008
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
dip -zhas-futbolshylardyn-tozimdilikke-tarbieleu-dayyndygynyn-adistemesi-2015-53

1.4 Зерттеу нәтижелері

12 және 13 жасар жас футболшылардағы төзімділік деңгейін алыстыру


Төзімділікке күш түсірулер кезіндегі организмнің жұмысқа қабілеттілігі адамның жасымен тығыз байланысты. 3 кестеде 12 және 13 жасар балалардағы төзімділіктің педагогикалық (1000 метрге және 6 минутқа жүгіру) және физиологиялық (PWC170, ОМТ) көрсеткіштерінің орташа мәліметтері келтіріліп отыр.
3 кесте
Жас футболшылардың педагогикалық және бірқатар физиологиялық төзімділік көрсеткіштері және бой-салмақ мәліметтері





Көрсеткіштер

I топ – 1970 жылы туылған n = 15

II топ – 1971 жылы туылған n = 15

%-бен көрсетілген айырма-шылық

1

Жасы (жас)

13,0+0,4

11,7+0,3

11

2

Салмағы (кг)

42,8+8,4

38,9+3,0

10

3

Бойы (см)

154+9

147+4

5

4

1000 м нәтижесі (c)

227+15

237+26

4

5

6 мин жүгіру (м)

1475+350

1392+132

6

6

PWC170 кг/мин (велоэргометр)

717+84

583+56

23

7

PWC170 кг/мин кг (велоэргометр)

17+2

15+1

14

8

PWC170 м/с жүгіру х

3,87+0,22

3,70+0,3

5

9

ОМТ мл/мин

2,69+0,51

2,31+0,25

16

10

ОМТ мл/кг мин

63,5+3,5

60,5+4,4

5

11

ЖҚЖмакс, соққы/мин

204+5

199+9

3

12

О2 пульс мл/соққы

13,2+2,5

11,6+1,2

14

Х) ЖҚЖ өлшеудің аускультаторлық әдісі
Осы топтарда төзімділікте айтарлықтай айырмашылықтар бар екенін көруімізге болады, бұл ретте ересектер тобының ұл балалары іс жүзінде барлық параметрлер бойынша кіші топтағы ұлдардан басым болып отыр. Алайда бұл айырмашылық сан жағынан бірдей емес. Соңғы жағдай әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Мысалы, 1000 м жүгіру нәтижесі орташа алғанда 4%-ға ерекшеленеді, ал 6 минутта жүгіріп өтілетін қашықтық – 6%-ға ерекшеленеді. Салыстырмалы (дене салмағының 1 килограмына) оттегін максималды тұтынуүшін де дәл осындай сандық айырмашылық тән (5%). Дәл сол кезде оттегін абсолютті максималды тұтыну көрсеткіштері айтарлықтай (16%) ерекшеленеді, бұл бой-салмақ ерекшеліктерімен анықталады – 13 жасар ұл балалар көбірек бой мен салмаққа, демек, үлкен бұлшық ет салмағына ие болып келеді. Шамамен алғанда осындай айырмашылық бұлшық еттер оттегін максималды тұтыну деңгейінде жұмыс істеген кезде 1 жүрек циклына келетін оттегінің мөлшерін сипаттайтын, максималды оттегі пульсі көрсеткіштерінде де байқалады (14%).
Жүрек қысқарулары жиілігі 170 соққы/мин тең деңгейде болған кездегі дененің жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері (егер жұмыс велоэргометрде орындалған болса, қуаттылық; егер жүгіру жаттығулары берілген болса, жүгіру жылдамдығы) 12 жасар балаларға қарағанда 13 жасар ұлдарда көбірек болды. Велоэргометрде анықталған абсолютті PWC170 23%-ға, ал салыстырмалы (дене салмағының 1 килограмына) PWC170 14%-ға көбірек болды. Осы бір салыстырмалы айырмашылықтар 1000 м және 6 м жүгірудегі айырмашылыққа, сонымен қатар оттегін салыстырмалы максималды тұтынуға қарағанда анағұрлым көп болып шықты. Дәл сол уақытта жүгіру кезінде анықталған PWC170 көрсеткіштеріндегі айырмашылық жоғарыда атап тізілген көрсеткіштердің (1000 м жүгірудегі, 6 мин ішінде өткен жолдағы және салыстырмалы оттегін максималды тұтынудағы) салыстырмалы айырмашылықтарының шамасына сәйкес келеді. Бұл факт дене қасиеттерінің даярлығын (төзімділікті) жүгіру жаттығуларын орындаған кезде PWC170 шамасын анықтау арқылы бағалауға болатындығын ішінара растап отыр.
12 жасар ұл балаларда оттегін салыстырмалы максималды пайдалану, дербес ауытқулар 55-тен 65 мл/кг мин бола отырып, орташа алғанда 60,5+4,4 мл/кг-ға тең болды. Абсолютті ОМТ 2,05-2,72 л/мин шегінде дербес ауытқи отырып, 2,31+0,25 л/мин құрады. 13 жасар жас футболшыларда салыстырмалы ОМТ орташа алғанда 63,5+3,5(56-71) мл/кг мин, ал абсолютті ОМТ – 2,69+ 0,5 л/мин болды. Алынған нәтижелер біз зерттеген жас футболшылар I.Astrand-тың /97/ жіктемесі бойынша аэробтық мүмкіндіктер дамуының жоғары деңгейіне ие болады деп болжауымызға мүмкіндік береді (салыстырмалы ОМТ 57 мл/ кг мин көбірек).
Жүрек қысқаруларының максималды жиілігі (ЖҚЖмакс) деп жүрек қысқаруы жиілігінің оттегін максималды тұтынуды анықтауға ұқсас рәсімде шегіне жеткенше бұлшық еттердің жұмыс істеуі кезінде алынған ең көп сандық мәні түсініледі. ЖҚЖмакс шамасын жаттығулардың пульс жиілігі бойынша физиологиялық күш түсіруін анықтаған кезде білген маңызды болады.
12 жасар футболшыларда дербес шамалары 185-210 соққы/мин бола отырып, максималды ЖҚЖ 199+9 соққы/мин тең болды. 13 жасар ұл балаларда ЖҚЖмакс біршама жоғары болып, орташа алғанда 204+5 соққы/мин құрады. Осы жастағы футболшыларда дербес көрсеткіштер 195-тен 212 соққы/мин дейін болды. Эксперименттік түрде алынған ЖҚЖмакс орташа мәні 13 жасар балаларда осыны (220 - жас) формуласы бойынша анықтау 207 соққы/мин шамасын (220-13=207) беретін ЖҚЖмакс – тің есепті шамасына шамалы ғана сәйкес келмейді. 12 жасар балаларда ЖҚЖмакс – тің есепті шамасы (220-12=208 соққы/мин) мен эксперименттік ЖҚЖмакс (/199 соққы/мин) шамасы арасындағы айырмашылық одан да көп. Алынған нәтижелер ЖҚЖмакс – ті формула (220-жас) бойынша есепті анықтаудың шектеулі мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Сондықтан ЖҚЖмакс – ті ескере отырып, ЖҚЖ бойынша физиологиялық күш түсіруді бағалаған кезде ЖҚЖмакс – ті, біздің ойымызша, тек эксперименттік, тікелей өлшеуден кейін пайдаланған мақсатқа лайықты болып табылады.
12 және 13 жасар жас футболшылардың төзімділігін салыстыру осы топтар арасындағы айтарлықтай айырмашылықты көрсетіп берді. Алынған нәтижелер тіпті өте шамалы жас айырмашылықтары (мысалға, 1 жыл) шегінде де жас футболшылардың төзімділігін бағалаған кезде дифференциалданған амалды қолданудың маңыздылығын көрсетіп отыр.

Жүрек қысқарулары жиілігін өлшеудің әртүрлі тәсілдері кезіндегі (жүгіру және велоэргометрлік варианттар) PWC170 көрсеткіштерін салыстыру


Практикалық мақсаттар үшін PWC170 көрсеткіштерін анықтаудың әртүрлі тәсілдерінің, оның ішінде велоэргометрде педаль басуға қарағанда, орындалатын жұмыс түрі бойынша футболға жақынырақ келетін жүгіруді орындағаннан кейін бірден анықтаудың нәтижелерінің өзара қалай байланысқанын анықтаған маңызды болып келеді. Онымен қоймай, сонымен бірге PWC170 көрсеткішін есепті анықтау үшін ЖҚЖ өлшеудің әртүрлі тәсілдерінің (мысалы, аускультаторлық және сейсмографиялық) қаншама ақпаратты екендігін білу де маңызды болып келеді.
4 кестеде келтіріліп отырған мәліметтерден көрініп тұрғанындай, ЖҚЖ аускультаторлық және сейсмографиялық өлшеудің көмегімен анықталған PWC170 көрсеткіштерінің арасында белгілі бір айырмашылықтар бар. Мысалы, ЖҚЖ-ін аускультаторлық тәсілмен өлшеген кезде PWC170 көрсеткіштері орташа алғанда ЖҚЖ сейсмографиялық әдіспен анықтаған кездегіге қарағанда орташа алғанда жоғарырақ болып шықты (оның үстіне жас футболшылардың зерттеліп отырған екі тобында да). Аускультаторлық және сейсмографиялық тәсілдермен өлшенген ЖҚЖ бойынша анықталған PWC170 көрсеткіштерінің арасындағы корреляция коэффициенті (4 кесте) 0,54-ке тең болып шықты (орташа статистикалық өзара байланыс).
5 кесте
Велоэргометрде жұмыс істеген кезде және жүгіргеннен кейін (ЖҚЖ-ін аускультаторлық және сейсмографиялық анықтау) тіркелген PWC170 көрсеткіштерінің (абсолютті және салыстырмалы) арасындағы корреляция коэффициенттері

№ р/с

Корреляцияланатын көрсеткіштер

ЖСШЭМ мен «Спартак» футболшылары

1

ЖҚЖ-ін аускультаторлық және сейсмографиялық анықтаған кездегі PWC170 көрсеткіштері

0,54x

2

Велоэргометрде жұмыстан кейінгі және жүгіргеннен кейінгі PWC170 көрсеткіштері (ЖҚЖ аускультаторлық анықтау)

0,474x

3

Велоэргометрде жұмыстан кейінгі және жүгіргеннен кейінгі PWC170 көрсеткіштері (ЖҚЖ сейсмографиялық анықтау)

0,450



x) P<0,01маңыздылық деңгейі кезінде рас
Велоэргометрде жұмыс істеген кезде және аускультаторлық тәсілмен анықталған PWC170 көрсеткіштері арасындағы корреляция коэффициенті 0,47 құрады. Бұл велоэргометрде жұмыс істеген кездегі PWC170 көрсеткіші мен жүгіргеннен кейінгі PWC170 көрсеткіші арасындағы (ЖҚЖ-ін сейсмографиялық тәсілмен өлшеген кезде) өзара байланыс коэффициентіне қарағанда тек шамалы ғана жоғарырақ. Осы көрсеткіштер арасында анықталған әлсіз статистикалық байланыс жүгіргеннен кейінгі ЖҚЖ бойынша әртүрлі тәсілдермен анықталатын PWC170 көрсеткіштерінің, шектеулі диагностикалық мүмкіндіктерін көрсетеді, бұл ретте осы шектеулі мүмкіншілік аускультаторлық әдіспен де, сейсмографиялық әдіспен де анықтағанда да болады.
Алынған нәтижелер, сірә, бұлшық ет жұмысынан кейін бірден жүргізілген ЖҚЖ пальпаторлық өлшеу әдіс ретінде елеусіз қалмайды-ау деп болжауға мүмкіндік береді, өйткені күш түскеннен кейін пульстің жиілігін аускультаторлық және сейсмографиялық анықтау секілді құралдық әдістемелер сандық тұрғыдан қарағанда кемшіліктерсіз бола қоймайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет