Мұғалімнің оқушының білімін тексеруге арналған сұрақтары қандай болуы керек?
Кім? Не? Қайда? Қашан?
Түсіндіру мағынасындағы сұрақтар: Өз сөзіңізбен айтыңыз. Түсіндіріңіз, Анықтаңыз. Дәлелдеңіз.
Қолданылатын сұрақтар әдетте сөлеу жағдаяттық естігені мен оқығаны бойынша ақпаратты пайдалану. Көрсетіңіз. Пайдаланыңыз. Сипаттаңыз. Қорытындылаңыз.
Түйіндеуге қатысты сұрақтар: Қалай? Не? Қандай қорытындыға келдіңіз?
Анализ жасауға құрылған сұрақтар: жоспар жасаңыз. Бөліңз. Салыстырыңыз. Классификациялаңыз. Қандай функция атқарады? Негізгі идеясы не? Қандай байланыс бар?
Синтез жасауға құрылған сұрақтар: жаңадан біріктіріліп, қосу, құрастырыңыз. Бағалаңыз.Тыңдаңыз. Жорамал жасаңыз. Егер... бұл мәселені сөйлеу жағдаятын......
Бағалау сұрақтары: жақсы, жаман жақтарын анықтау. Бағалау, қорғау, талқылау.
Сонымен, оқыту үрдісіне интерактив әдістерін қолданудың негізгі көздейтін мақсаты – оқытудың жүйелі түрде сөйлесуге (диалогке), әңгімелесуге құрылуы, оқушының білімді меңгеруде белсенді түрде жұмыс жасауы, басқалармен пікір таласуы, қарым – қатынаста болуы, алға қойған мақсатты жеке оқушы емес, ұжым болып шешуі. Мұндай сабақты ұйымдастыру мұғалімнен, оқушыдан үлкен белсенділік пен шығармашылықты талап етеді.
Дидактика ілімінде оқытудың интерактив әдістіріне мыналарды жатқызып жүр:
пікірсайыс (дискуссия, дебат) әдісі;
ми шабулы ( «мозговой штурм»);
эвристикалық немесе «Сократ» әдісі;
«дөңгелек үстел» әдісі;
іскерлік, рөлдік ойындар (симоляция);
ТОҚ, мультимедия жүйесін қолдану.
Енді, осыларға жеке – жеке тоқталайық.
Пікірсайыс (дискуссия, дебат) – соңғы кезде жиі қолданыла бастаған интеракив әдістерінің бір түрі. Оқу бағдарламасына сәйкес жоспарланған теориялық материалды оқушының өз бетімен, еркін түрде талдауы.
Пікірсайыс өтілген материалды есте жақсы сақтауы үшін ғана емес, сонымен қатар оны өзіне жақындата түсінуіне көмектеседі. Пікірталасушы сұрақ қоя отырып, оны өз сөзімен құрастырады, ол үшін пікірталасушы қарсыласы мен жүргізушінің ойлау процесіне тереңірек бойлайды. Мәселені былайша меңгеру пікірталасушы қарсыласын, енжарлықты тастап өтілген материалды өзінше талқылай бастағанда туады. Өз түсінгенін, жинағанын, түзеткенін растайтын мүмкіндік пайда болады. Ал бұл деген жеке өзіндік жұмыс. Жақсы пікірсайыс енжар қабылданған информацияны іс - әрекетке келтіреді, яғни білім алудың аса тиімді әдісі болып табылады.
Жақсы пікірсайыс жеке оқушыға ғана емес, оқытылып отырған оқушылар тобының барлығына да пайдалы. Ойлау бәріне ортақ болады. Пікірсайыстың арқасында мұғалімнің не айтпақ болғанын ғана емес, сонымен қатар, оны оқушылардың қаншалықты қабылдағанын және олардың жаңа материалды түсінуі мен меңгеруі арасында қандай айырмашылықтар бар екенін білеміз.
Бірақ, пікірсайыстың барлығы жақсы нәтиже бере бермейді. Сондықтан пікірсайыс өткізбе бұрын оның мақсатын белгілеп, қандай формада өткізілетінін анықтап алу қажет.
Сонымен,пікірсайыс оқушыны өткен материалды толық меңгеруге, мәселелерді дұрыс шешу жолында ізденуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытуға, пәнге қызығушылығын арттыруға түрткі болады. Сұрақ қою, оны өзі құрастыру, фактілергет сүйене отырып жауап беру, өз сөзімен еркін жеткізуі тақырыпты еркін меңгеруіне көмектеседі. Бұл элемент батыс елдерінің оқу орындарында жиі қолданылады.Оқушының белсенді жұмыс жасауына мүмкіндік береді.Әр оқушыға сөйлеуге 1,5 минут беруге болады.
Ең негізгі шарты алынған тақырып әртүрлі көзқараста, пікірталас туғызатындай болуы керек. Егер оқушыларда білім қоры болмаса, жүргізудің ешқандай дидактикалық мәні болмайды. Эмоциональды атмосфералық фон жасайды. Білімді бекіту кезінде қолданған тиімді.
Бұл әдісті «Ой толғақ» ретінде де жүргізуге болады. Бұл әдістің мәні мынада: топ алдымен екі шағын топқа бөлінеді. Сосын бірінші топ берілген тапсырманы орындау жолдарын, осы тақырып бойынша өз ойларын айтады. Сосын келесі топ олардың ұсынған ұсыныстарын талдап, сынайды, баға береді және сол ұсыныстардың қайсысы ұтымды соны соңы талдап алады. Осылай ауызша орындалған тапсырма, жазбаша бекітумен аяқталады. Бұл әдістің мақсаты – оқушыларды неғұрлым қазақша көп сөйлету, қазақша өз ойларын қысылмай ортаға салуға үйрету. Аталған әдістің негізін салушы Я.Шушанский бұл әдісті жүзеге асырудың мынадай өрнегін ұсынады: алдымен әрбір оқушы тапсырманы орындаудың үш негізгі идеясын қағазға жазып, келесі оқушыға ұсынады. Ол тағы үш идея жазып, келесіге береді. Сөйтіп ақырында қағаз бетінде біраз идеялар жазылады. Жұмыстың бұл кезеңі аяқталғаннан кейін, келесі кезең сынаушы «эксперт» топқа беріледі. Бұл топтың жұмысы алдында айтылғандай орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |