Дипломдық ЖҰмыс 5В020800 «Археология және этнология» Шымкент, 2022 ж



бет10/12
Дата14.07.2022
өлшемі1.52 Mb.
#459693
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
4 Абдраев Нұрлан ТП 18-6к (2) (2)

ҚОРЫТЫНДЫ

Отандық археология ғылымы тәуелсіздік жылдары жаңа ғылыми сатыға көтерілді, бұл салада сан алуан мәліметтер жинақталды. Жоғарғы кәсіби деңгейде жазылған бірнеше еңбектер жарық көрді. Көптеген ескерткіштер материалдарына нақты сараптамалар мен болжамдар жасалынды. Осы кезеңге тән нәрселердің бірі – халықаралық археологиялық экспедициялардың құрылуы. Бірнеше мамандар біріге отырып, тас дәуірінің ескерткіштерінің коллекцияларына жоғары дәрежедегі ғылыми талдаулар жүргізді. Жаңадан объектілер ашылып, тас дәуіріне қатысты мәліметтер саны артты. Археологтардың ізденістері па­леонтолог, палинолог, палеопедолог, гидролог, т.б. мамандардың ғылыми пайымдауларымен кеңірек ұштаса түсті. Бұл өз кезегінде біршама «ақтандақтардың» орнын толықтырғанымен, әлі де зерттелетін бірқатар мәселелердің бар екендігін аңғартып отыр.


Қазіргі таңда археологиялық ізденістердің кең қанат жаюы және соның нәтижесінде тың материалдардың көбеюі тас ғасырының көптеген мәселелерін, тақырыптық, хронологиялық, концепциялық қырларын жаңа теориялық-методологиялық тұрғыдан пайымдауға, зерттеу әдіс-тәсілдерін нақтылауға сұранысты арттырып отыр. Бұл жағдай мамандардың ғылыми ізденістеріне, қол жеткізген нәтижелеріне тарихнамалық зерттеуді, тас ғасыры тарихындағы өзекті мәселелерді анықтауды қажет етеді.
Көп жағдайда зерттеушілердің ғылыми жұмыстарында жаратылыстанудың тас ғасырын зерттеуге аса қажетті, әсіресе, оның абсолюттік мерзім, мәдени қабаттағы фауна анықтамасы, кесіндідегі палинология сипаттамасы жөніндегі мәліметтер жеткіліксіз болып, кей кездерде археологиялық материалдардың да ондаған жылдардан кейін жариялануы тән.
Жер шарының түкпір-түкпірінде адамның пайда болуы, қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары бар. Оңтүстік, батыс және орталық бөліктерінде алғашқы адамның палеолиттік тұрақтары көптеп ұшырасқан Қазақстан территориясы алғашқы адамдардың пайда болуы мен қалыптасуы аймағына жатады. Оны нақты анықтауға археологиялық ізденістер көп мүмкіндік береді. Шаруашылық құрал-саймандарының ұқсастығы, байырғы адамдар тұрмысы мен діни наным-сенімдері, тас құралдарының дамуындагы ерекшеліктер мен ортақ белгілер тас дәуірі мәдениеттері бір бастаудан басталатындығын, әрі оның терең тамыры бар екендігін дәлелдейді.
Қорыта айтатын болсақ, Қазақстан жерін адам баласы бұдан 1,5-1 млн жылдар шамасында мекен етті деу археологиялық мағлұматтармен сай келеді. Зерттеушілердің көбі республика аумағын осыдан 1 млн жыл бұрын ежелгі адамдар қоныстанды деген тұжырыммен толық келіседі. Мұны соңғы онжылдықтар аралығында алынған археологиялық деректер де қуаттайды. Сонымен қатар археологиялық материалдар, негізінен, Қазақстан жері ойкуменге кіретіндігін аңғартады. Республиканың барлық тарихи-мәдени өңірлері болмаса да, оған міндетті түрде Қаратау жотасы кірген секілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет