33
3 Зepттeу нәтижeлepі жәнe oлаpды талдау
3.1
Гетероцисталы цианобактерия штамдарының сутек бөлуін
зерттеу
Зерттеулердің көп бөлігі сутегіні гетероцисталы цианобактериялардың
нитрогеназа ферменттерімен өндірілуіне бағытталған. Сутекті белсенді түрде
өндіретін фототрофты микроорганизмдердің өнімді штамдарын табу үшін
биотехнология зертханасынан цианобактериялардың гетероцисталы үш
штамдары зерттелді: Nostoc calsicola RI-3, Anabaena variabilis RI-5 және
Anabaeba sp. Z-1. Бұл жұмыста жоғары өнімділікпен сипатталатын
цианобактериялардың таза дақылдарын зерттеп, оқшауланған микробалдыр
штамдарының сутегі өндіруші белсенділігін анықтадық. Төменде олардың
микрофотографтары және олардың мәдени, морфологиялық, физиологиялық
және биохимиялық қасиеттерін зерттеу негізінде алынған қысқаша сипаттама
келтірілген (сурет 5).
A
Ә
Б
Сурет 5 – Коллекциялық цианобактериялардың микросуреттері (100х)
Белгілеулер:
A – Nostoc calsicola RI-3; Ә – Anabaena variabilis R-I-5; Б –
Anabaeba sp. Z-1
Достарыңызбен бөлісу: