5В012100 - мамандығы «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындаған Мырзамадина Ж.Ж. Ғылыми жетекшісі, Ниязғалиева А.Ә. ф.ғ.к., доцент Орал 2014ж МАЗМҰНЫ ЖОСПАР
КІРІСПЕ І. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОМОНИМ, СИНОНИМ, АНТОНИМ СӨЗДЕР МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОМОНИМ, СИНОНИМ, АНТОНИМ АФФИКСТЕР...............................................................
ІІ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОМОНИМ, СИНОНИМ, АНТОНИМ АФФИКСТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ......................
2.1. Омоним аффикстер оқытудың әдістемесі.
2.2. Синоним аффикстерін оқытудың әдістемесі.
2.3. Антоним аффикстерін оқытудың әдістемесі.
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ Диплoм жұмысының өзектiлiгi. Қазақ тілін оқыту әдістемесі жыл санап оқытудың жаңа технологияларымен толықтырылып, қарыштап дамып келеді. Қазақ тіл біліміндегі антоним, омоним, синоним афикстерін оқытудың тіл білімінде неше түрлі әдіс-тәсілдері бар. Аталған әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білу, антоним, омоним, синоним сөздердің ерекшеліктерін айқындау, олардың афикстерін оқытуда қолданылатын амал-тәсілдерді практикалық жағынан ұтымды қолдана білу әрбәр тіл жанашырының міндеті десек артық айтпағандығымыз болар.
Аталған тақырыптағы диломдық жұмыстың өзектілігі – антоним, омоним, синоним сөздердің ерекшелігі, олардың әр сөз табына қатыстылығын мысалдар арқылы дәлелдеу. Сонымен қатар, антоним, омоним, синоним сөздердің афикстерінің жасалу жолы, қазақ тіліндегі синоним аффикстер, олардың жасалу жолы, тәсілдері сөз табына қатыстылығын анықтау, зат есімге, етістікке, үстеуге жалғанған синоним аффикстердің іштей жіктелінінісін көрсету. Қазақ тіліндегі антоним аффикстері, олардың лексикалық, грамматикалық және стильдік ерекшеліктерін көрсету, аталған аффикстердің сөз таптарына қатыстылығын анықтау, оларды мысалдар арқылы дәлелдеу. Қазақ тіліндегі омоним аффикстерін анықтауда омоним aффикстерiнің айырықша бiр түрi ретiнде омофондaр мен омогрaфтaрдың мағынасын ажырату, Aффикстер жaлғaну aрқылы жaсaлғaн туынды омонимдер, орыс және қaзaқ сөздерiнен, парсы және қазақ сөздерінен жaсaлғaн омонимдер, қaзaқ тiлiнде омоaффикстер aрқылы жасалған омонимдер, дыбыстық өзгерiстер aрқылы, сөзге омонимдес aффикстер қосу aрқылы, сонымен қaтaр кiрме сөздердiң қaзaқтың төл сөздерiмен үндесiп жaқындaсуы нәтижесiнде жaсaлaлған омонимдерді мысалдар арқылы дәлелдеу.
Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрете білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс. Өзге тілді мектептерде қазақ тіліндегі антоним, омоним, синоним аффикстерін оқытудың амал – тәсілдері сан алуан. Қазіргі қолданыстағы деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, сатылай талдап оқыту т.б. технологияларды пайдалана отырып оқыту, грамматикалық лексикалық тақырыпты игеру барысында оқушының белсенділігін арттырумен қатар, аталған антоним, омоним, синоним аффикстерін игеруде көмегі мол болары сөзсіз. (тағы қандай технологиялар мен әдіс тәсілдер пайдаландын соны жаз)