Дипломдық ЖҰмыс білім беру бағдарламасы: 6В01707 Қазақ тілі мен әдебиеті



бет5/10
Дата01.10.2024
өлшемі218.56 Kb.
#504214
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ернар Қызырбек диплом түзетілген нұсқа

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: Зерттеу нәтижесі бойынша төмендегідей тұжырымдар қорғауға ұсынылады:

  • Пейзаж бен портрет Б.Момышұлының жеке жазу стилінің доминантты ерекшелігі болып табылады. Ол суреттемелер жазушының прозалық мұрасының көркемдік тұтастығын құрайды;

  • Б.Момышұлы өз прозасында қазақ әдебиетінің ауыз әдебиетінен бері сақталып келе жатқан көркемдік дәстүрлерін және қазақ классиктерінің жазу әдіс-тәсілдерін еркін пайдаланғандығы дәлелденеді;

  • Зерттеу нәтижесінде Б.Момышұлының жауынгер жазушы ретінде қазақ прозасында алғаш рет қазақ жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұлттық және топтық портретін жасағаны анықталды;

  • Жазушының соғыс тақырыбына жазылған шығармаларындағы пейзаждың ерекшеліктері мен олардың ұлттық таным тұрғысында бейнеленгені салыстырмалы түрде зерделенеді;

  • Жазушы мен туындыларына қатысты жазылған шығармаларда кейіпкерді даралау мен мінездеу поэтикасына байланысты мәселелер сараланады;

  • Бауыржан Момышұлы шығармаларында кейіпкерлердің кескін-келбет, мінез-құлық даралықтарымен, тіршілік-жаратылыс суреттерімен тұтастықта алып бейнелеуіндегі оның адам мен қоғам, адам мен табиғат байланыстары өзара сабақтастықта қарастырылады.

Зерттеудің құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, іштей жіктелген екі тараудан, төрт тараушадан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттерге сілтеме көрсетіліп, пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.








1 Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ ПОРТРЕТТЕРІ МЕН ТАБИҒАТ СУРЕТТЕРІН БЕЙНЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Бауыржан момышұлы туындыларының фольклорлық негізі мен әлем әдебиетімен байланысы және дәстүр жалғастығы




Рухани әлемнің құндылықтар қазынасы – әлем әдебиеті. Ғасырлар бойы дамып қалыптасқан халықтық қазына уақыт өткен сайын адамзатқа көркемдік-эстетикалық дүниетанымын дамыту, тереңдету, адамгершілік-имандылық қасиеттерді, ұлттық және жалпы адамзаттық гуманизм принципін бойға сіңіру керектігін көркем әдебиет туындылары арқылы дәлелдеумен келеді. Бұның өзі адамзат ақыл-ой қуаттылығының көрсеткіші.
Әлем әдебиеті жауһарларының ұдайы дамып жетілуінен сөз өнері тектерін (эпос, лирика, драма) құрайтын саналуан жанр үлгілері кейінгі әдебиеттің дамуына алғы шарт болды. Әдеби дәстүр – ауызша және жазбаша шығармалардың тыңдаушылар мен оқырмандардың қабылдау ықыласын иеленуі бойынша қалыптасатын шығармашылық болмыстың көрсеткіші. Бұл ретте адамзат ғұмырын қозғалыс заңдылығы тұрғысынан түсінуге бағыт-бағдар ретінде ой алыбы Әбунәсір әл-Фарабидің (870–950) ғылыми тұжырымын шам ретінде ұстанамыз: «Дүниеде әлденендей бір алғашқы бастама бар, мұның соңынан рет- ретімен басқа бастамалар келе береді. Ал олардан өмірдегі заттар келіп шығады, кейін басқа заттар рет-ретімен келе береді де, болмыс ретімен алғанда өмірдегі ең соңғы заттарға дейін осылай жалғасып отырады» [1]. Мына әлемде ешқандай зат сыртқы күштің әсерінсіз пайда бола қалмайды. Алғашқы зат кейінгі затқа әсер ету арқылы үшінші зат пайда болады. Үшінші затта алғашқы заттың ерекшеліктері немесе белгілері болуы мүмкін. Демек алғашқы зат кейінгілерге үлгі деген сөз. Осы сияқты әдебиеттегі алғашқы дәстүр соңғыларына үлгі, негіз ретінде қалып отырады. Бұдан алғашқы негіз өз пішінін, мазмұнын өзгертпей қатып қалады деген қате тұжырым жасамауымыз керек. Үлгі ретінде алынған алғашқы негіз дамып, жетіліп, мазмұны мен пішінің түрлі күйге ауысытырып отыруы әбден мүмкін. Осы орайда М.Мақатаевтың: «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын» дегенінің астарында да сол ескі дәстүрді дамыту, жаңарту жатыр.
Адамзаттың қарым-қатынасы конфликтісіз болған емес. Әлем тарихына көз жүгіртер болсақ қарапайым халыққа зардабы тиген, қырғынға ұшыратқан ақтандақ болған соғыстар қаншама. Шектен шыққан эгоистік көзқарастың кесірінен мықтының әлсізді жәбірлеуі, ызаға булыққан әлсіздің кек қайтаруы, материалдық құндылықтарды иеленуі, бір-біріне өктемдік жүргізуі қаншама қайғы-қасірет ала келді. Соның өзінде адамзат әділ немесе әділетсіз деп баға беріп, айдар тағып жатады. Соғыстың аты соғыс, қайғы, қасірет, зардаб әкелетін апат екенің басты назарда ұстау қажет.
Соғыс адамзат тарихының басты қозғаушы күшінің бірі іспетті. Кез- келген халықтың тарихы оның басынан өткізген қиянкескі соғыстарыме бағаланып, өлшенетін секілді. Осы факторлардың әсерінен халықтың мәдениетінде де, әдебиетінде де, өнерінде де соғыс тақырыбы таңбамен бедерленіп, ойып тұрып орын алмақ.
Қазақ тарихына да көз жүгіртсек, көретініміз соғыс. Қиян-кескі текетірес, қырғын әкелген апат. Халықтың ащы зары, өкпе-реніші, қарғыс сөзі осының бәрі әдебиетімізде түрлі жанрда көрініс тапқан. Жүз томдық «Бабалар сөзіне» көз жүгіртер болсаңыз да оның жартысы соғыс тақырыбына арналғанын аңғарар едіңіз. Яки адам баласы қанша жерден тырысқанымен де соғыстан қашып құтыла алмайтын секілді. Осындай үлкен шайқастардың барлығы да халық жадында сақталып, жырға айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.
Бүгінгі қазақ халқының ұлттық болмысы, ұлттық дүниетанымы, ұлттық салт-дәстүрі бірнеше жылдың немесе 40-50 жылдың жемісі емес. Тіпті тереңдей қазып тамырына үнілсек ғасырлардан аттап, бабаларымыз жүріп өткен дәуірге иек артуға тура келеді. Ұлтымыздың фольклорлық қазынасы осыған жетелейтіндей. Жекелеген аңыз, ертегі, мифті алсақ та осыны көреміз. Қазіргі фольклористика ғылымы біздің халықтың көне мұраларын сараптай келе ежелгі ата- бабаларымыздың бүгінгі ұрпақтарының солардан басы бүтін ат құйрығын кесісіп кетпегенін дәлелдеуде. Мысалы, қазақтың белгілі фольклортанушысы Ә.Қоңыратбаевтың зерттеу еңбектерін оқи отырып осынау ойдың дұрыс екеніне көз жеткізгендей боламыз. «Мифтік ұғымдар қазақ фольклорында баршылық. Оған «Еділ –Жайық», «Құла мерген», «Ер Төстік» сияқты ертегі сюжеттері айғақ. Онда адам етін жейтін жалмауыз кемпір, дәулер образы көп айтылады. Ертедегі сақ заманынан қалған ұғым-түсініктердің бір көрінісі осылар. Сақ, массагет, үйсін тайпаларында Кушан заманында ит, бөрі, өгіз, жылқы, айдаһар тотемдері пайда болады.
Айтқымыз келген ой: сақ, массагет, үйсін заманынан қалған тотемдік, мифтік, әдет-ғұрып, салт-дәстүр табиғатына байланысты туған ұғымдарды анықтамай, орта Азия, Қазақстан тайпаларының фольклорын, әсіресе архайкалық ертегі, аңыз эпостарын түсіну қиын», - деген болатын [2, 416]. Соңғы уақыттары жүргізілген мәтінтану және археологиялық ғылымның зерттеулерінің нәтижелері осыдан мындаған жыл бұрын қазақ даласында өмір сүрген ата-бабаларымыздың дүниетанымы, ұстанған салты, алдыға қойған құндылықтары, шығармашылық ойлау көзқарастары араны мыңдаған жылдар бөліп тұрғанына қарамай үлкен ұқсастықтардың бар екенін күн сайын дәлелдеуде.
Ұлтымыздың эпостық туындыларын оқи отырып, батыр бабаларымыздың қаншама күнді, қаншама түнді мазасыз, ұйқысыз өткізгенің аңғарамыз. Құла мерген, Жоямерген, Алпамыс, Қобыланды, Ер Сайын, Ер Қосай, Қамбар батыр, Ер тарғын, Ер Едіге, Ер Науан т.б. батырлардың бәрі де елі мен жерін жаудан қорғап ерлік істеген, қиянкескі шайқаста көзге түскен, халық сүйген ардагер ұландар. Ерліктерін баяндау кезінде бірер сәтке болсын сом тұлғасы бедерленіп, бет әлпеті жарқырап, көз алдымызда суретшінің салған суретіндей сөзбен бейнесі кескінделеді. Халқымыз көшпелі тұрмысты бек ұстанғаннан кейін олар мекен еткен кеңістік табиғат көріністерімен әшекейленіп, пейзаждық суреттермен беріледі. Бұндай көріністерді әр эпостық жырдан жиі кездестіре аламыз. Мысалы, академик Ә.Марғұлан «Ежелгі жырлардағы ерлік бейнелер, кісі, ел аттары, олардың тарихи негізі» деген еңбегінде: «Халыққа қамқор болатын елін, отанын қоғайтын алып ерді арман еткен жұртшылық олардың туысын да жай кісінің туысынан өзгеше етіп бейнелейді. Соның бірі – алып ерді арман еткен ата-аналар «Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып», бала іздеп, құба жонды кезіп кетеді, ата-бабаның қабіріне түнеп, олардан бала бер деп тілейді. Бір жағынан жер-суға, кереметті тау-тасқа табынады, жер-суға арнап су шашады, «от ана, Ұмай ана» деп сиынады», - дейді [3, 82]. Табиғат анадан ажырай қоймаған бабаларымыздың дүниетанымы басқа халықтарға қарағанда осындай аталмыш мұраларда пейзаждық бейнелеулердің көптеп кездесетінің аңғарамыз.
Әлемдік әдеби дәстүр негізінде соғыс тақырыбын халықтың тұрмыстық-әлеуметтік өмірімен сабақтастыра немесе автордың өз өмірімен байланыстыра жазған қаламгерлер осынау әдеби көште өз іздерін қалдыра түсіп, әлемдік классиканың қатарына қосылды. Бұл орайда, Л. Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік», Проспер Мерименің (1803–1870) «Қиямет түні», Виктор Гюгоның (1802–1885) «Тоқсан үшінші жыл», Александр Дюманың (1802–1870) «Үш ноян», Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық», Эрих Мария Ремарктің (1898–1970) «Батыс майданда өзгеріс жоқ» романдары әдеби дәстүр желісіндегі классикалық туындылар.
Пейзаж бен портреттің әдебиеттану ғылымындағы атқаратын рөлі мен қызметі, сипаттамасы, құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктері жайлы тұшымды ой-пікірлер сонау грек заманынан бері айтылып, қаламмен қағазға жазылып келеді. Көркем әдебиет өзінің өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, жеткен жетістігін саралап-салыстырмай, замандастар бейнесіне бажайлап қарамай, жан дүниесіне үңіліп, өткен өмірін зерттемей тұрып ілгері жетіле алмайды. Осы тұрғыдан қарастырсақ мемуарлық-биографиялық әдебиеттің алар орны өзгеше. Бұны әдебиет түрінің негізгі обьектісі ретінде тарихта болған тұлғаның жасаған қызметінің шежіресі мен биографиясын алып қарастыра аламыз. 19 ғасырдың алға жылжып дамуы ретінде мемуарлықты: «Автобиография мен өткен күн жайлы сыр шертетін әдебиет тікелей адамға қатысты болады»,- деп ғалымдар ой топшылаған [4, 137]. Кеңес дәуірінде тұлға өмірін арқау еткен бұл бағыт сол кезеңдері әжәптәуір ілгері дамыған болатын. Дегенмен тарихи тұлғалар жайлы басылып шыққан туындыларды осынау жанрға жатқызамыз ба, жоқ па бұл жағын нақты айта алмаймыз. Ғалым С. Розанова бұл мәселеге байланысты өз пікірін ұсынған: « биографиялық және тарихи- әдеби оқиғалардың қайнар бұлағы бола алатын кейбір мәліметтер қазіргі таңда ауызекі сөйлеу өнерінің жеке жанры болып, әдебиеттің өзінің қарқынды дамуына тікелей әсер ете алады»,- дейді [5, 249].
Қазіргі кезде біз жаңа заман әдебиетінің тарихи тұлғаның образын жасауға қызығатынын байқаймыз. Бұл жағдайда адамның рухани байлығы, мінез-құлқы, тұлға ретіндегі ерекшелігі, оның қоршаған ортадағы орны негізге алынып қарастырылады. Қазір автобиографиялық шығармалармен қатар ғұмырнамалық шығармалар да кең қанат жайып, даму үстінде. Өмірбаяндық және ғұмырнамалық деген сөздердің мағыналары бір бірімен синонимдес болғанымен әдебиеттанушы ғалымдар олардың арасында елеулі айырмашылықтардың да бар екендігін саралап,дәлелдеуде. Бірақ қазіргі уақыт пен өткен уақыттың қарастыратын мәселелерінде едәуір өзгешеліктер байқалады. Реалистік тұлғаға деген қызығушылық қай жанрда болсын өзінің оқырмандар арасында сұранысқа ие екендігін дәлелдеп келеді. Қазіргі білімдар оқырман қиялдан туған оқиғалар желісі мен ойдан шығарылған образдардан жалыға бастаған секілді. Сондықтан да өздері білетін, тарихи тұлғалар жайлы нақты деректерге сүйенген шығармалар олардың жандарына жақын. С. Керімбайдың журналист Бейсен Құрамбек жайлы жазған «Бейсен және Болмыс» туындысы осынау үрдістің басы. Оқырман қауым тарапынан кеңінен сұранысқа ие болып келеді.
Тұлғаның портретін құруда маңыздысы ол туралы ақпарат беру емес, оның образын құрастыру бәрінен де маңызды. Өмірде болған кейіпкерді көркем шығармада эстетикалық тұрғыда таныту, кейіпкер образын жасауда қарастыратын басты мәселелер қатарына жатады. Осы тұста ресей әдебиеттанушысы А. А. Сидоровтың да ой-пікірі бір жерден шығады.
Өнерді танып-білу процесінде Л. С. Зингер портреттің ерекшелігі хақында: «портрет бұрынғы заманнан ерекше, мұнымен қоса кейбір мәнде өнердің жоғары формасы деп айтуға лайық жанр»,- деп түйген [6, 5]. Сөз өнері болған әдебиет пен бейнелеу өнерінен орын алған портрет жайында айтылған тұжырымдарға келісуге болады. Ол жерде барлық қасиеттер әуелгі түпнұсқа күйінде орын алады. Суреткердің өнер әлеміндегі шеберлігінің шексіздігін осы тұстан көре аламыз. Портрет жасау процессінде тұлғаның сырт көрінісі мен қоса ішкі жан әлемі де қылан беріп алға шығуы тиіс.
Әр жазушы портрет құрарда оған тән қасиеттерді өзі өмір сүрген ортадан алатыны белгілі. Сол сияқты Б. Момышұлыда өз кейіпкерлерінің портретін құруда соларға тән ерекшеліктерді өзі туып-өскен ортада тіршілік еткен жандардың бойынан алады, салыстырмалы түрде пайдаланғанын көруге болады. Бұл тұста батыр жазушы салған кейіпкерлер бойында Б. Момышұлының ғана пайым-түсінігі жатыр десек қателескен боламыз. Онда туған-туыстарының, айғайынның, дос-жаранның, құрбы-құрдастың сонымен қоса ең маңыздысы әже мен әкенің пайым-түсініктері жатыр. Адам баласының сыртқы тұрпаты, оның ішкі әлемінің шағылысы. Б. Момышұлы оқыған орыс әдебиетіндегі орыс мұжығының және әр алуан сословиеге жататын адамдардың кескін-келбеттерінің әсем бедерленуі белгілі деңгейде қаламгердің көркемдік шеберлігіне әсер еткен дей аламыз.
Әдебиеттегі портрет өнерінің басты ерекшелігі суреткердің эстетикалық идеясы жағынан бейнелеу өнерімен де ұшырасады. Әлем әдебиетінде ой алыбы ретінде танылған Аристотель «Портрет» атты шығармасында«портретті жасау кезінде оларды тек қана ұқсас етіп қоймай, мұнымен қоса суреткер оларды әсерлі әрі әдемі етуге тырысады»,-деген тоқтамға келген [7, 89].
Лессинг Аристотелдің пікіріне қосыла отырып, «Портрет жалпы адамдардың идеалы емес, белгілі бір ғана адамның идеялы болуы керек. Әрине портреттің идеализациясы бар, бірақ ол образбен байланысты болуы тиіс», -деген. Мұнымен қоса Лессингтің айтуы бойынша «ертедегі гректердің бейнелеу өнеріндегі ең басты нәрсе – сұлулық болса, поэзияда маңыздысы - ақиқат шындық болып есептелген»,- деген өзіндік тұжырымын ұсынған [8, 82].
Қазіргі таңда қалыптасқан көркем шығармадағы әдеби портрет жайлы пайымдаулар мен тұжырымдардың беделі бірден көрініп, ескеріле қалды десек артықтау айтқан боламыз. Өз кезегінде сөзбен салынған әдеби портрет жайлы пікірлер әр дәуірде әртүрлі болып, сан алауандығымен ерекшеленді.
Француз романтиктері өнер жайлы өз пікірлерін 18 ғасырда білдіре келіп, «портрет өнердің төменгі бөлігі бола отырып, тарихи оқиғаларды терең суреттей алмайды»,- деген ойға тоқталады. Осы пікірге байланысты Б. Г. Реизова, Лабрюйер, Мольер, Лесаж және Бальзак сияқты адамдар персонаждарды жасау кезінде көпшілікке өздерінің «портретті» емес, «тип» пен «мінезді» жасағанын айтқан.
19 ғасырға дейінгі кезеңде сурет өнеріндегі портрет, әдебиеттегі портретке қарағанда әлемдік бейнелеу өнерінде жоғары бағаланған. «Жұлдызды түн» картинасымен танымал болған суретші Винсент Ван Гог «Портрет жасау кезінде шек болмайды»,- дей келе, портрет жасау бағытында революцияның орын алуын қатты қалап, соны көруге ынтық болған деседі.
18 ғасырға жататын В. Н. Лазарев франция әдебиетіндегі жаңашылдықты айта келіп, мынандай пікірге тоқталады: «әдеби портрет өзінің биік шыңына францияның салондарынан елуінші жылдарында жеткен. Сол дәуірде өмір сүрген француздар өздерінің және де достарының портретін жасау кезінде әдеби формада жасауға тырысқан. Сол кезеңнің портреттері адамның моральдық жағдайын қарастыруға тырысқан, яғни адамның психологиясына ерекше мән берген.
Әлемдік эстетиканың дамуына орыс әдебиетінің өкілдері де айтарлықтай үлес қосқан. Бейнелеу өнері мен әдебиеттегі маңызды қақтығыстарды шеше алатын адамдар да болған. Олардың пікірі бойынша
«көркем образ – көшірме емес, ол адамның ішкі жан дүниесінің санадағы суреті».
1847 жылы «Взгляд на русскую литературу» атты журналда Белинский былай деп жазған: «портретті мінсіз жасау – талант. Қарапайым суреткер танысыңыздың портретін мінсіз жасады делік. Дегенмен портретке қарай отырып сіз бәрібір бір кілтипанның барын сезесіз. Бұл тек портрет қана емес, көркем шығарманың өзі болып саналады» [9, 303].
Сыншылығымен танылған Белинский: «нағыз талант деп портрет арқылы тек сыртқы сұлбаны ғана емес, адамның ішкі жан дүниесін де түсініп, таныта алған адамды айтамыз». Белинскийдің бұл пікіріне Н.Чернышевский де қосылған. Өзінің «Өнердің ақиқат шындыққа эстетикалық қатынасы» атты трактатында ол:
«Түпнұсқаның бар қыр-сырын танып барып қана біз көшірмені жасай аламыз», - деп жазған болатын [10, 86].
«Портретке назар ерекше аударылады. Адамның сыртқы бейнесін жасау отызыншы жылдарында кең етек жайған. Францияда суреттеудің шебері Бальзак болса, Англияда – Диккенс, Ресейде – Гоголь еді»,- деп белгілі орыс зерттеушісі А.Г. Цейтлин өзіндік пікірін білдірген болатын [11, с.202].
Портертке қарағанда әдебиеттегі пейзаж ұғымы аз зерттелген. Бірақ түбегейлі зерттеу еңбектер жоқ дей алмаймыз. Зерттеушілердің осы тақырып төңірегіндегі зерттеу еңбектері сирек те болса бар. 20 ғасырдың басында европалық және америкалық филология ғылымында әдебиеттегі пейзажға қатысты еңбектер пайда бола бастады.
Ресей әдебиеттануында (кандидаттық диссертация деңгейінде) пейзажды зерттеу шетел әдебиеттануы (батыс еуропа) мәліметтерінің негізінде жасалған. Орыс әдебиеттануында ХХІ ғасырдың басына дейін арнайы жазылған интерьер жайлы диссертациялық және монографиялық жұмыстар болмаған еді.
Ал бүгінгі таңда әдебиеттегі портрет, пейзаж және интерьер ұғымдарына деген ғылыми қызығушылық арта түсуде. Осы ұғымдар төңірегінде бірнеше мәселе туындап отыр:

  • Көркем әдебиеттегі портрет, портрет, интерьер деген элементтердің мәнін ашу;

  • Пейзаж, портрет және интерьерді жалпылама талдауды бір жұмыс көлемінде қарастыру;

  • Пейзаж, портрет және интерьердің жеке-авторлық стиль мен дәуірдің мәдени стиліндегі қызметін анықтау;

Пейзаж бен портрет өзара жанр мен бейнелеу өнеріндегі аналогиялық жанрлар бойынша бір-біріне жақын. Сондықтан да олардың арқасында өнердің тоғысуы жүзеге асады. Осы байланыс қазіргі танда тілге тиек етіліп отыр.
Аталған үш ұғым жайында орыс әдебиетінде болсын, әлем әдебиетінде болсын ауыз толтырып айтарлық еңбектер бар. Әсіресе осы тақырып төңірегінде орыс әдебиетнің шығармалары кеңінен алынып , жан-жақты қарастырылған.
Ал қазақ әдебиетіндегі «пейзаж» және «портретке» қатысты қазақ тілді ғылыми әдебиеттерді З.Қабдоловтың, З.Ахметовтің, Қ.Мәшһүржүсіповтің, Б.Майтанов пен А.Қалиевалардың зерттеу еңбектерінен ғана көре аламыз. Бірақ аталған ғалымдардың зерттеген бағыт-бағдары басқа болғандықтан, арнайы «пейзаж», «портерт», «интерьер» ұғымдарына жазған толыққанды ғылыми туынды деп айта алмаймыз. Себебі бағыт басқа болғандықтан, жоғарыда аталған үш ұғым сөз арасында ғана аракідік сөз етіледі.
Прозалық шығармадағы портрет образдың сыртқы келбетін жасаудың бір амалы. Осы образ жасау арқылы жазушының жеке тұлғалық мінез- құлқын тануға болады.
Прозадағы пейзаж – табиғаттың көп функциялы көркем образы. Ол автордың жеке стилін және сонымен қатар сол дәуірге тән стилді танытады.
Бейнелеу өнеріндегі интерьер портрет пен пейзаж іспетті өзі жеке қалыптасқан жанр. Заманауи әдебиетте интерьерге деген қызығушылыққа қарамастан, қазақ әдебиеттану сөздіктерінде әлі күнге шейін нақты анықтама берілмеген. Оған қарамастан көркем әдебиетте соңғы екі жүз жылдықта интерьердің ғажайып түрлері қалыптасты. Филология ғылымында үйдің образын жасауға арналған диссертация, монография, мақалалар өте көп. Бірақ бұл құнды зерттеулер әр алуан тілдерде жазылғандықтан қазақ оқырмандарына әлі күнге шейін жете алмай келеді.
Әдебиеттану сөздіктерінде «интерьер» деген термин жоқ. Ал «пейзаж» және «портрет» деген терминдер кездеседі. Интерьердің олардан басты айырмашылығы тек суреттеу объектісінде ғана. Портрет адамның сыртқы сұлбасын суреттеп, қаһарманның бейнесін жасайды. Пейзаж болса табиғатты суреттеп, оның образын, әлемнің образын жасайды. Интерьер өз кезегінде кеңістіктің ішкі суреттемесін суреттеп, үй ішінің образын жасайды. Интерьер – көркем шығармада кейіпкермен тығыз байланыс орната отырып, оның образын толықтырып, тереңінен ашуға атсалыса түседі.
Әдебиеттегі интерьер сан алуан түрлі қызметтерді атқарады. Айтар болсақ, кейіпкердің образы, дәуір образы, әлемнің көркем образын жасауға көмектеседі. Оның функцияларын атай отырып, әдебиеттанудағы интерьерге түсніктеме беруге болады:
Интерьердің өзі портрет пен пейзаждағы сияқты алғашқысы – табиғат көрінісі, екіншісі – адамның образы сынды түсініктен тұрмайды.Интерьер бірнеше образды бір мезетте жасай алады. Пейзаж бен портрет бір ұғым болмаса да, олар да дәуірдің, адамның, жаһанның жай-күйінен мағлұмат береді. Дегенмен олардын басты функциясы – адамның, табиғаттың образын жасау.
Әлемдік әдеби дәстүрге қатысты туындылар қатарына қазақ әдебиентінен Ұлы Отан соғысынан кейін жарыққа шыққан шығармаларды (әңгімелер, повестер, романдар) жатқыза аламыз. Аталмыш туындыларға Ғабит Мүсіреповтің (Қазақ солдаты», Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Күткен күн», Александр Бектің «Арпалыс», Мәлік Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз» , Әди Шәріповтің «Партизан қызы», «Арбасу», Қасым Қайсеновтің «Жау тылында»,Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», «Әскери күнделік» және т.б. Сонымен қатар бұл қатарды толықтыратын Жекен Жұмахановтың «Солдат жолы», «Әлия Молдағұлқызы» және т.б. қаламгерлердің прозалық шығармаларын айта аламыз.
Тарихи тұлғаларға қатысты мәліметтерде жазушының ойшылдық-суреткерлік танымының жинақталуына кейіпкердің кескін-келбеттері мен киіну, сөйлеу дағдыларына қатысты деректер әсер етпей қоймайды.
Б. Момышұлының прозалық туындыларында портреттік бейнелеулер мен пейзаждық суреттеулер өмір шындығының көркемдік-әсемдік әсер ету жағынын күшеюі бойынша ерекшеленеді. Сонымен бірге, жазушы стилінен әлем әдебиетінің сөз арқауына алынған классикалық үлгілеріндегі портрет пен пейзажға қатысты қолданыстар мен де поэтикалық үндестіктер сипатын да молынан кездестіруге болады.
Көркем туындының өзіндік атқаратын қызыметімен ерекшеленетін элементтер қатарына портрет пен пейзаж жатады. Адам баласы алғаш рет өз ойын, сезімін, танымын сөзбен көркемдеп, әсемдеп жеткізе бастаған кездегі миф аңыздарынан, халық ауыз әдебиетінің үлгілерінен портрет пен пейзаждың ойып тұрып орын алғанын жоққа шығара алмаспыз.
Халық ауыз әдебиеті арқылы ерте заманда пейзаждан бөлек табиғат образдарының басымдыққа ие болғанын аңғарамыз. Олардың күштері мифологияланған, жанды кейіпке түсірілген, нақтыланған және адамдар өмірімен тығыз байланыста суреттелген. Сол бір көне заманның өкілдерінің өздері адам қимылын, әрекетін жансыз табиғатпен бірлікте суреттеуге күш жұмсағанын байқаймыз. Мысал ретінде «Ер төстік» ертегісіндегі адам мен жылан, адам мен самұрық, адам мен жүйрік жылқы арасындағы байланыс, жер асты патшалығы, жер бетіндегі әр түрлі жерлердің жамандық пен жақсылыққа қатысы барын пайымдайтын (Сорқұдық) т.б. сюжеттік желілерді көне дәуір адамдарының табиғатпен болған қарым-қатынасы мен қоршаған ортасы жайлы таным-түсініктері туралы ақпарат беретін мысал ретінде алып қарастырсақ болады.
Батырлар жырында пейзаждық суреттеулер кеңінен толғана бермейді. Бұлар батырдың іс-әрекеті барысында динамикалық формада пейзаждық көріністер суреттеліп отырады. Мына құбылысты «Қобыланды батыр» жырындағы мына үзіндідегі:
Ойға келсе орғыған,
Қырға келсе, қарғыған,
Атқан оқтай зырлаған,
Жерді басып тұрмаған,
Түлкі жүрмес түлейден,
Түнде желіп өтеді.
Қарсақ жүрмес қалыңнан
Қақап өтіп кетеді, - деген жыр жолдарынан нақты жер атауларын кездестірмесек те табиғат сипатын анығынан көруге болады [12, 81]. Көз алдымызға ойлы-қырлы өлкелер мен түлей тоғай, қалың жынысты жер бедерін толығымен елестете аламыз. Дегенмен нақтылықтың жоқ екендігін мойындағанымыз жөн. Жырда нақты қай аймақ, атауы қандай, өсімдіктің қандай түрі өсіп тұрғаны жайлы дерек келтірілмейді.
Батырлар жырында пейзаждық көрініс аз көрініс тапқанмен, кейіпкердің портретіне қатысты сыртқы көріністері, оның әр алуан құбылыстары қылан беріп жиі көрініс тауып отырады. Көбіне батырдың қас жауымен бетпе-бет кездескен тұсында жиірек баяндалады. Бала күнімізден бәрімізге «Қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз тоңып» деп келетін адамның ашуланған сәтін бейнелейтін дәстүрлі портреттер таныс. Ал дұшпанның аузымен батырдың бітімінің ерекшелігі көрініс табатын сәттерді жиі кездеседі деп айта алмаймыз. Мысалы, Алпамыстың келе жатқанын түсінде көрген Тайшық хан оны былайша сипаттайды:
Ауызына қарасам,
Сұлуды таңдап сүйгендей,
Келбетіне қарасам,
Қамқапты таңдап кигендей,
Бір түгіне қарасам,
Қырмызы қызыл жібектей,
Ақылына қарасам,
Сарттар соққан түнектей.
Қабағы қалың сол бала,
Қайрат күші мол бала,
Досқа - бақ, жауға – сор бала
Тіпті шұнақ қу бала,
Шұбар ат мініп келеді [13, 43].
Байқап отырғанымыздай үзіндіде батырдың кескін келбеті жалаң түрде емес, бойындағы ақыл-парасаты мен күш-қайраты қатар суреттеледі. Қазақ әдебиеті тарихын парақтап, қазақ жазушыларының үйренген мектептері туралы сөз бола қалса, олардың барлығының дерлік бірінші тәлім алған мектебі ол- қазақ фольклоры екеніне көз жеткіземіз. Бұл тек қазақ қаламгерлеріне ғана тән құбылыс десек артық айтқан болып шығар едік. Кезінде кеңес әдебиетінің негізін қалаған М.Горькийдің өзі күллі пролетариат жазушыларын фольклордан үйренігенін аға ұрпақ әл күнге дейін ұмыта қойған жоқ. Олай болса, Бауыржан Момышұлының да жазушы болып қалыптасуына әсер еткен, оның сөз өнерін жете меңгеруіне ықпал еткен – қазақ фольклоры болғанын теріске шығара алмаймыз. Қаламгердің фолбклордың нәрінен тәрбие-тәлім алып, оны жүріп өткен өмір жолында жадынан бір сәтке де шығармағаны жайлы деректер де кездеседі. Жазушының «Ұшқан ұя» повесіндегі әжесінің әрдайым айтып отыратын халық ауыз әдебиетінің асыл мұраларынан да көреміз. «Ұмытылмас кездесулер» кітабының авторы М. Қалдыбаевтың «Әке» деген бөлімінде Б. Момышұлының мынадай сөздері берілген: «Біреудің сөзін байқау, оған мән беру, адам тану жағынан әжемді алғашқы ұстазым деп білемін. Кейінгі ұстаздарымды да жоққа шығармаймын. Олар – әжемнің тәрбиесін жалғастырушылар. Анамның үш жасымда қайтыс болғанын «Ұшқан ұядан» білерсіңдер. Ұзын бойлы, қызы шырайлы, сұлу кісі екен».
«... Білім құмарлыққа тәрбиелеген ұстаздарымның бірі – әкем. – Ей, сен мынаны біл, мынаны тыңда, – деп бағыт-бағдар беретін. Қонақ келсе, қумайтын. Жалғыз ұлы болғандықтан ба мені қасына ертіп жүретін. Үйде
«Мұхтасар», «Сұрмерген», тағы басқа қисса кітаптары болатын.
«Сұрмергенді» жатқа білетін. Оны Момынқұл көкем де, мен де жатқа білетінбіз [14, 176].
Сондықтан да Баукеңнің соғыс суретін бейнелейтін образды ойларының, сөзбен салынған суреттерінің мазмұнынан жас күнінен санасына сіңген халықтық теңеулердің, метафоралық астарлы бейнелеулердің, метонимиялық салыстырулардың топ-тобымен ұшырасатынын аңғармау мүмкін емес. Табиғат суреті мен адам ойын қатар алып суреттеген мына бір үзіндіге назар аударып көрелік: «Қол тиіп, мойын бұрып, тыныс алар кез бола қойса, ой шіркін, көңіл алып қаша, жиһанда кезеді.
Аспанды қаптаған атанның шудасындай қою қара бұлт, жер жүзін өркештене будақ-будақ жайлаған сарғылт қалың тұман, көңіл көшін аударыстырып, кедергі бола алмайды. Құрыш тасты қорғасындай балқытып, үн еркесі бұлбұл құстай сайрайды. Күн еркесі түрлі түсті жүйрік сәуле боп, барам десе, ол қайда бармайды – ой жетпейтін жер болмайды... Жазғытұрым жадыраған күн солғын ойды гүлдендірмек түгіл, жіпсітуге де дәрменсіз...». [15, 86-87]. Жазушы «жадыраған күн» мен «солғын ойды» қарама қарсы екі ұғым ретінде ала отырып, адам көңіліндегі мұңның, уайым мен қайғының терең қатпарын, оның жүрекке шемен болып қатқан сипатын әдемі бейнелей алған. Дәл осы ойын жеткізу барысында автор Абай өлеңін де сәтті пайдаланған. Жалпы Б.Момышұлы ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақ ақын жазушыларының шығармаларынан үзіділерді прозасында тиімді пайдалана білетіндігімен де ерекше көзге түседі. Жоғарыдағы шағын үзіндіде де адамның психологиялық көңіл-күйі мен пейзажды бір-біріне шендестіре отырып оқырман ойына қонымды әсем де айшықты сурет сала білген.
Б. Момышұлы қазақтың әскери прозасының негізін қалаушы деген пікір ге ешкім дау айта алмас. Себебі соғысқа тікелей араласып, оның ыстығы мен суығына төзіп, айналасында болып жатқан құбылысқа жай солдаттың көзімен емес, қол бастаған қолбасы ретінде әскери ғылым негізінде тереңірек түсінген адамның бірі – Бауыржан Момышұлы. Сондықтан жиырмасыншы ғасырда болған терең тактика мен саналуан техникаға негізделген екінші дүниежүзілік соғыстың қиындықтары мен сипатын тап басу жазу кезкелген , соғысқа қатысып көрмеген қаламгердің қолынан келетін іс деп айталмас едік. Әрине қолына қалам ұстап, қолы жаттыққан жазушылар соғыс тақырыбында жазбады емес жазды. Бірақ олардың өздері араласпаған, өз бастарынан өткізбеген құбылыстарды суреттеп жеткізулері сәтсіздікке ұшырап жатты. Олар жазған туындылар шынайылық келбетінен айырылып, санмындаған оқырмандарын еліктіре, қызықтыра алмады. Адам нанғысыз қиял соңынан кеткендерін өздеріде мойындап жатты. 1943 жылы елге оралған Бауыржан Момышұлы олар жіберген елеулі қателіктерді атап айтып көрсетіп берген болатын [16, 65].
Қазақ әдебиетінің қатарынан Бауыржан Момышұлы шығармалары көктен келіп қосыла қойған дүние емес. Жазушының оқиғаны шиеленістіріп өрбіту, баяндау, сюжеттік сатыларды дамыту әдіс-тәсілдерінен ұлттық дәстүрден, дүниетанымнан алшақ кетпегенін байқаймыз. Орыс тілінде жазылған «Москва үшін шайқас» романынан ұлттық әңгімелеу жүйесін, қазақы таным-түсінікті молынан ұшыратамыз. Бауыржантанушы ғалым ф.ғ.к., доцент Қ.М.Оразбаевтың «Бауыржан Момышұлы шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы» деген мақаласында: «Батыр, жазушы Б.Момышұлы шығармаларындағы дәстүр жалғастығын оның прозалық туындыларынан да, поэзиялық жазбаларынан да іздеуге болады. Дегенмен, жазушының прозалық шығармалары ұлт әдебиетіндегі әскери жанрдың іргетасы болғандықтан, дәстүр жалғастығы оның өлеңдерінен көбірек менмұндалайды», - деген көзқарасты білдіреді [17, 5]. Біз қаламгердің прозлық туындыларына толыққанды көз жүгірте отырып айталған пікірдің дұрыс екендігіне көз жеткіздік.
Жазушы прозасындағы тақырыптардың басым көпшілігі соғыс туралы. «Тақырып категориясы өте қарапайым ұғым секілді көрінгенімен, байыптап қараған кез келген адам оның өнертануда орнықты орнын әлі де дұрыс таба алмағандығын аңғармауы мүмкін емес» – деп Академик И.А.Виноградов айтқан болатын [18]. Содан бері жарты ғасырдан көп уақыт өтсе де жағдай айтарлықтай өзгеріске түсе қоймады. Тақырып жайлы пікіріміз көбіне «шығарманың негізінде жатқан шындық арқауы» деген сөзбен мазмұндас болып келеді.
Ал негізінде тақырып қаламгерге «философиялық, әлеуметтік, идеологиялық проблемаларды» анықтау үшін қажет секілді [19, 65]. Тақырыптың өте күрделі процесс екендігін, оның тек қоғамдық санаға әсері туралы ғана айтып қоймай, керісінше, авторға қатыстылығы туралы өте аз жазып, аз айтамыз [20].
Суреткер жазушы Мұхтар Әуезовтің 1958 жылы 15-25 желтоқсан күндері қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігің 3-күніндегі жазушылар мен сыншылары қатысқан қазақ жазушыларының шығармалары талқыланатын жиында сөйлеген сөзінде Бауыржан Момышұлының әдебиетке тың тақырыппен жаңа көркемдік шеберлік мәнерімен келгеніне жоғары баға береді: «В отношении наших молодых авторов, молодых не по летам, а молодых по выступлению в художественную литературу, хочется сказать вот что: многие из них правильно делают, что они от жизненного опыта пришли в литературу. Они пришли в литературу, имея готовый ответ на многие вопросы жизни, на художественные творческие проблемы и задачи. Бауржан пришел к этому своими дневниками давно составленными, писавшимися на казахском языке, а также через хороший жизненный опыт. Вчера ему правильно кто-то из товарищей советовал не оставлять военную тему. Военная тема – это тема, о которой я мечтал, но никогда ее так, как Бауржан, не получу, даже если бы мне каким-то чудом была возвращена вторая юность. А Бауржан имеет, он нашел большую золотоносную жилу и он этой жилой должен питаться и обогащать литературу. Он свою книгу пишет о себе и о войне» [21, 194].
«Б.Момышулы характеризует человека прежде всего как воина, но все же пытаеться охватить все многообразие человеческих связей, и портреты у него служат социальной характеристике личности,выявлению сложности человеческого характера.Портрет каждого героя воспринимается как авторский знак, свидетельствует о своебразии художественных установок автора .Внутри большого повествования вырабатываются приемы воспроизведения конкретной личности во всем ее индивидуальном своебразии,с установкой на воссоздании образа индивидуализированного, психологически конкретного» [21, 215].
Әскери қаламгердің Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов жоғары баға берген әскери тақырыпқа жазылған шығармаларының жанама және басты кейіпкерлері – шығарма авторымен бірге дидарлас, істес болған майдандас жолдастары.
Жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы әскери тақырыпта қалам тартып, соғыс тақырыбын кеңінен жазған, қазақ әскери ғылымының негізін қалаушылардың алғашқыларынан деп айта аламыз. Кеңес одағының батыры академик Мәлік Ғабдуллиннің пайымдауынша: «Ең алдымен, Бауыржан – ақыл мен ойдың иесі, барлық қасиеті бойына жиналған, адамгершілігі, ерлігі, жігітшілігі күшті, шын мағынасындағы қолбасшы, командир. Егер М. Горький «Адам деген – ардақты ат» деп шын мәнісіндегі тұлғалы адамды айтса, сол адамның бірі осы Бауыржан. Бұл – ең бастысы. Екіншіден, ол өжет пен өткірліктің, қайраттың иесі, өте батыл адам».
Қортындай келе қаламгердің батыр, намысқой болып жас күнінен тәлім мен тәрбиені бойына сіңіріп ержетуіне халық әдебиетінің тигізер әсері мол болды. Сонау дәуірден-дәуірге қазына болып жеткен бабалар сөзі мінезінің ғана емес, жеке шығармашылығының сол дәстүрде жетілуіне негізгі факторлардың бірден-бір бірегейі дегеніміз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет