Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Дүйсебекова А. М. Жұмыс­­­­­­­­­­­ жіберілді



жүктеу 0.56 Mb.
бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


Факультеті: Жаратылыстану

Кафедрасы: биология

Мамандық: 050113-биология

Курс: V


ЖАДЫРА

Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары


Дипломдық жұмыс
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Дүйсебекова А.М.
Жұмыс­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ________________ жіберілді:

Кафедра меңгерушісі:­­­­­­­­ ________________б.ғ.к., доцент З.С.Ажибаева

Жіберілген күні: ________________

Қорғау күні: ________________

Бағасы: _______________

Кентау – 2009



Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары

Мазмұны


КІРІСПЕ.................................................................................................................

I. Әдебиеттік шолу.................................................................................................



    1. Мал шаруашылығының зерттелу проблемалары.........................................

    2. Гельминтология ғылымының қысқаша тарихы...........................................

    3. Нематодтардың таралуы..................................................................................

    4. Нематодтардың морфо-анатомиялық құрылысы жєне кіп тірлілігі....................................................................................................................

    5. Нематод жұқтырған малдардағы белгілер және оларды емдеу жолдары......................................................................................................

    6. Мал ағзасы жєне қоршаған орта.............................................................

II. Эксперименттік білім....................................................................................

2.1 Зерттеу орны жєне жағдайы........................................................................

2.2 Зерттеу әдістері............................................................................................

IІІ. Зерттеу нәтижелерінің сараптама талдауы.................................................

3.1 Нематодтардың ірі қара малдарындағы кездесу жиілігі............................

3.2 Нематодтарға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру...............................

ІV.Ұсыныстар мен қорытынды..........................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................



КІРІСПЕ
Таќырыптыњ µзектілігі. Елімізде адамдарды паразиттеуші 60-қа жуық гельминтоздар кездеседі. Жұмыр құрттар (нематодтар) туғызатын ең кең тараған гельминтоздарға аскаридоз, трихоцефалез, энтребиоз, анкилостомидоз, тениаринхоз, тениоз, мониозиоз, нематодироз, буностомоз, телязиоз т.б. жатады. Гельминттер организмде аллергиялық тітіркендіру, зиянды заттармен улау, тінді жарақаттау жєне жұкпалы ауру микроорганизмдерін енгізу нәтижелерінде патологиялық өзгерістер жасап, ауру тудырады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: мал ағзасында тіршілік ететін нематодтардың түрлері анықталды. Олдардың мал ағзаға тигізетін зиянды әсерін және ауыл шаруашылығына келтіретін нұқсан дєрежесі айқындалды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Ірі қара малдардың нематодтарын анықтау

Мақсатқа жету үшін шешілген міндеттер:

- Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау, Түркістан аймақтарының санитарлық эпидемиялогиялық жағдайына баға беру.

- Нематодтардың таралу жолдарын, олардың зиянды әсерін зерттеу

- Нематодтардың анықталу техникасы мен әдістерін меңгеру.



Жұмыстың практикалык маңызы: Азық-түліктің негізгі көздерінің бірі ірі қара мал – ағзасының нематодтарды жұқтыру жолдарына бақылау жүргізіп улану деңгейі анықталды. Нематодтардың мал ағзасында жинақталуын төмендететін іс шаралар ұйымдастыруға қажетті мәліметтер жинақталды. Мал өнімдері адамның әл ауқатын арттырудың негізі - сондықтан мал шаруашылығы проблемасы қазіргі заманның маңызды мәселелерінің бірі.


ІI. Єдебиеттік шолу
2.1. Мал шаруашылығының зерттелу проблемалары

Бүгінгі күні жұқпалы аурулар эпидемиялогиясында паразитарлы ауруларға айрыкша назар аударуға мәжбүр болып отырмыз. Ауыр паразитарлы ауруларға адамға тєн емес жануарлар гельминттерінің

Дернәсілдері тудыратын ларвальдық гельминтоздар жатады.

Елімізде адамдарды паразиттеуші 60-қа жуық гельминтоздар кездеседі. Жұмыр құрттар (нематодтар) туғызатын ең кең тараған гельминтоздарға аскаридоз, трихоцефалез, энтребиоз, анкилостомидоз, тениаринхоз, тениоз, мониозиоз, нематодироз, буностомоз, телязиоз т.б. жатады.

Гельминтоздың организмде дамуы құрттардың түріне, санына, организмнің иммундық кабілетіне тікелей байланысты. Гельминттер организмде аллергиялық тітіркендіру, зиянды заттармен улау, тінді жарақаттау жєне жұкпалы ауру микроорганизмдерін енгізу нєтижелерінде патологиялық өзгерістер жасап, ауру тудырады.

2.2. Гельминтология ѓылымыныњ ќыскаша тарихы.

Гельминтология (грек. helmins- құрт жєне logos-ілім)- паразит құрттар және олар тудыратын адам, жануар, өсімдік аурулары туралы ғылым паразитологияның бір саласы. Гельминтология 18 ғасырдың 2 жартысында қалыптаса бастады. Оның негізін салушы неміс ғалымы К.А.Рудольфи (1771-1832) болды. Гельминттер фаунасы, жүйеленуі, даму сатылары туралы алғашкы деректер Дания зоологі И.Стенструп, неміс ғалымдары Р.Лецкарт, Г.Кюхенмейстер, француз А.Райе, тағы басқа еңбектерінде (19-20 ғ-лар)

баяндалған.

Қазақстанда гельминтологияны дамыту ісіне К.И.Скрябин (КСРО-дағы гельмитологияның негізін салушы), Е.Н.Павловский, В.А.Догель, Б.Е.Быховский, Р.С.Шульц үлкен үлес қосты. Республикада гельминтология саласындағы жүйелі зерттеулер Қазақ өлкелік мал дєрігерлік-бактериологиялык институтында, П.Г.Панова мен Н.В.Баданиннің ғылыми жұмыстарынан басталады. Қазір Зоология институтында, Тараз каласындағы К.И.Скрябин атындағы гельминтология лабораториясында жүргізіледі. Мал гельминттердің фаунасы зерттеліп, мал гельминтоздарының эпизоотологиясы, патогенезі, диагностикасы және олардың емдеу жолдары анықталды (С.Н.Боев, Шульц, Г.И.Диков, Н.Т.Кадыров, В.Т.Рамазанов, т.б.). қазір Зоология институтында гельминттердін жүйеленуі тіршілігі, таралуы, экологиясы зертеліп, гельминтоз ауруларыныњ табиғи ошақтары анықталып, күрес шаралары белгіленді (Боев, Е.В.Гвоздев, В.И.Бондарева, В.Я.Панин, Э.И.Прядко, Х.Егізбаева, Ж.Жатканбаева, Б.Шайкенов, т.б.). Сондай-ақгельминтологиялық зерттеулер адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразит құрттарымен адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразит құрттарымен закымдануы, олардын патологиялык әсері, олардан емделу және корғану тәсілдерін жасау бағытында жүргізілуде. Қазакстанда жиі кездесетін гельминтоз ауруларына карсы ұсынылған препараттардың көпшілігі паразит құрттар мен организм арасындағы биохимиялык өзгерістерді аныктау негізінде жасалған .

Гельминтоз аурулары адамдар, жануарлар, өсімдіктер үшін өте қауіпті. Сондытан елімізде гельминтозға қарсы күрес шараларын жүргізу адына-алынған.

Бұл салада атакты ғалым академик К.И.Скрябин жєне оның шәкірттері ғылымда және іс жүзінде пайланануға болатын өте маңызды нәтижелерге ие болды, гельминтоз ауруларына карсы күрес жүргізудің көптеген шараларын ұсынып, аурудын алдын алу тәсілдерін белгілеп берген. К.И.Скрябиннің бастауымен жүргізіліп жүрген денсаулықты жақсартатын жоспарлы шаралар дұрыс жолға қойыла бастады.

К.И.Скрябин 1905 жылы Юрьев каласындағы мал дәрігерлік институтын бітірген соң еңбек жолын Шымкентпен Әулие атада бастады (1905-1911 жж.). жамбыл каласында К.И.Скрябин атындағы Қазақстанныњ алғаш өлкелік гельминтологиялык лаборатория мен музей ашылған және мемориал тактасы орнатылған. К.И.Скрябиннің трематодтар, цестодалар, нематодтар туралы бірнеше томдық ғылыми еңбектері гельминтологияның дамуында маңызды роль аткарды.



2.3. Нематодтардың таралуы

Гельминттер түгелімен жер шарынын тропикалык жєне субтропикалық белдеулеріне таралған. Грузия, Азербайжан, Түркменстан, Өзбекстан және Қазақстанда анкилостомидоздар кездеседі. Тропикалык елдерде жұмыс кезеінде паразиттермен ластанған суда шомылғанда, антилостомалар жұмыртқасы тері арқылы енегенде тері анкилостомасы байкалады. Аскаридалар жұмыр құрттардың кең таралғаны. Кейбір елдердің тұрғындарының тұрмыстык жағдайына тікелей байланысты. Олар өте жиі кездеседі. Мысалы, Жапония тұрғындарының аскаридозбен 100% зақымданғаны белгілі, себебі сол елде адам нәжісі егіндікке тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Зоология ғылымының паразитті кұрттарды зерттейтін саласы гельминтология деп аталады. Паразитті кұрттар аркылы адам, жануарлар мен өсімдіктер организмде пайда аурулар болатын ішқұрт немесе гельминтоз ауруы деп аталады.

Паразитизм табиғатта өздігінен туа пайда болатын процесс емес. Тірі организмдердің бірімен-бірі тығыз байланысты тіршілік етуінен немесе селбесіп өзара карым-катынастык жасауынан, әволюциялык даму барысында өздері мекендейтін ортаның сан алуан әсерлеріне бейімделуден болатын процесс. Мысалы, судың ішіндегі (немесе теңіздің) өз бетінше тіршілік етіп жүрген балық пен майда құрттарды алатын болсақ, кандай бір жаѓдайлармен жаңағы қүрт балық денесіне жабысты. Бұл жерде ол өзінің әдетте қоректенуі бойынша, майда жәндіктерді кармап қоректене береді. Бір мезгілде ол балы денесіндегі сілекейдің дәмін татып, енді сол сілекеймен қоректенеді. Сілекей - бұл нағыз дайын органикалык зат. Сондай-ақбалық денесі кандай да бір әрекеттермен жараланып, ол жерден шыккан кан құрттың аузына құйылады. Бұл қанмен қоректенген құрт оған да бейімделе бастайды. Енді, кұрт осылай қоректенуге бейімделгенде, балық денесі жазылып, кұрт өзінің әдеттенген қорегін іздеп, жорғалап балықтың желбезегіне келеді, оны жаракаттап, канымен қоректенеді. Одан кейін құрт жұтқыншаққа, өңешке және тағы бір кезеңде ішекке өтеді. Міне осылай, құрт еркін тіршілік етуден, дайын қоректік затпен қоректеніп, өзінін иесін пайдаланып паразиттік тіршілік етуге көшеді. Паразитизмге өтуге көптеген баска жолдар да бар.

Паразиттер өздерінің тіршілік ету циклында екі иені пайдаланады: негізгі және аралық. Денесінде паразит ересек түрінде дамитын (жыныстық жетілген кезеңінде) болса, онда жануарлар паразиттердің негізгі (тұрақты) иесі, ал личинкасы дамитын болса, ол аралык иесі. Бұлардан баска екінші (қосымша) және резервуарлық иелері де болады. Мысалы, жалпақ таспа құрттың негізгі иесі адам, аралығы - циклон (шаян-тәрізділер), екінші (қосымша) аралығы - балық.

Паразиттер факультативті (жалған) және облигатты (нағыз) болып бөлінеді. Мысалы, Аlimpets туысына жататын құрттың кейбір түрлері бір себеппен жануардын ішегіне түскенде, онда өсіп, паразиттік тіршілікке көшеді, ал ішекке төспеген жағдайда олар топырақта еркін тіршілік ете алады. Сонымен бұл жерде паразитизм тек факультативті түрде болады.

Жоғарыда көрсетілген паразиттердің барлығы облигатты паразиттер. Солардың ішінде толык даму үшін аралык иені кажет ететін паразит құрттар - биогельминттер, ал топырақты қажет ететін -геогельминтте деп аталады.


2.4. Нематодтардың морфо-анатомиялыќ кұрылысы және көптерлілігі

Өзінің құрылысы жағынан, сол сиякты көбею және даму ерекшеліктері жағынан құрттар: жалпақ немесе паренхималы құрттар, жұмыр немесе тұңғыш іші куысты құрттар, буылтык немесе екінші ретті іші куысты құрттар болып 3 типке бөлінеді.



Жұмыр құрттар немесе алғашкы куысты құрттар типі Nemathtlmintes немесе Аshelmintes.

Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жок. Сондыктан бұлар космополиттік топ болып табылады.

Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, ішкі мөшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандыктан оны алғашкы куыс немесе схизоцель деп атайды. Сондыктан кейде жұмыр құрттарды алқашқы қуыстылар деп атайды. Денесініњ ішкі ќуысындаѓы с‰йык заттыњ біркелкі кысымда болуы оныњ дене ж‰мырлыѓын т‰ракты етеді. ќ±рттардыњ денесі ж‰мыр болып келетіндіктен типтіњ аталуы да солай. Типтіњ негізгі сипаты: денесі бµлшектенбеген (сегменттелмеген); зєр шыѓару ж‰йесі дамымаѓан, зєрді денеден тері бездері шыѓарады, немесе протонефридияльды; кан айналу жєне тыныс алу ж‰йесі дамымаѓан; ас ќорыту ж‰йесінде арткы ішегі жєне аналь тесігі дамыѓан; ж‰йке ж‰йесі ортогонды, сезім м‰шелері нашар дамыѓан; дара жыныстылар, жыныс ж‰йесініњ ќ±рылысы µте карапайым.

Нематодтар т‰р саны жаѓынан (27000-нан астам), кењістікке таралуы сипаты жаѓынан да ењ жоѓары т±рѓан топ. Б±лардыњ б‰кіл єлемде кездеспейтін ортасы жок. М‰хиттар мен тењіздер т‰бінде, т‰щы суларда, топыраќ арасында еркін козѓалып тіршілік етсе, паразиттік т‰рлері µсімдіктер мен жануарлардын барлыќ м‰шелерінде кездеседі. ќ±стар мен насекомдардыњ паразиті ретінде олар ауа кабатын да мењгерген деп айтуѓа болады. Айналамызда ж‰ріп жаткан шіру процесініњ барлыѓы осы нематодтардыњ катысуы аркылы ж‰реді. Кењістікке таралуы т‰рѓыдан оларды бактериялар мен бірклеткалы организмдермен салыстыруѓа болады.

Нематодтардыњ тіршілік ету орталарыныњ алуан т‰рлі болып келуіне ќарамастан ќ±рылыстары бірдей.

ќ±рылысы мен физиологиясы. Нематодтардыњ дене мµлшері мен формасы (пішіні) эволюция барысында т‰рлі тіршілік орталарына бейімделу нєтижесінде (бентос ќабатында сырѓуѓа, суда ж‰зуге, топыраќ арасына енуге) ќалыптасќан.

Нематодтардыњ денесі сыртынан ќалыњ кутикула ќабатымен ќапталѓан. Кутикула (латынша "cuticula" - ќабыќша) клеткалык ќ±рылысы жоќ, эпителий клеткаларынан бµлінетін тыѓыз ќабыкша. ќ±рамындаѓы белок пен минералды заттар жєне саќиналы єрі ‰зынша келген таралымдары оѓан механикалык беріктік береді де, оны созылѓыш етеді. Кутикула сомалыќ (дене) б±лшыкеттерге тірек бола т‰рып нематоданыњ µзіндік сыртќы кањќасын ќ±райды да, денені механикалыќ жараќаттанудан, улы заттардыњ єсерінен саќтап, корѓайды.

Кутикуланыњ астында орналасќан гиподерма ќабаты клеткалы не синцитиялы (клеткалардыњ косылуынан туѓан плазмалыќ ќатар) ќ±рылысты болып келеді. Денесінен µтетін тµрт таралымына (сызыѓына) байланысты гиподерма ішке ќарай тµрт ойыќ (білеу) ќ±райды.

Гиподерманыњ астында бір кабаттан т±ратын ±зына бойы б±лшыќеттері жатады. Олар т‰тас кабат ќ±рмай гиподерманыњ тµрт ойыѓына сєйкес тµрт таспа (лента) тєрізді жіктеліп, бµлініп жатады: екеуі б‰йір, екеуі арќа ќ±рсаќ бµлімінде.

Нематодтардыњ денесі арка ќ±рсаќ б±лшыкеттерініњ ќарама-ќарсы кезектесе жиырылып серпілуініњ нєтижесінде дорзо-вентральды баѓытта ѓана иіле алады жєне ќ±рт оњ немесе сол жак б‰йірімен ќозѓалады.

Тері-б±лшыќет ќапшыѓы мен ішектіњ арасында протоцель немесе схизоцель деп аталатын денесініњ алѓашкы реттік ќуысы орналасады. Б±л ќуыстыњ µзіндік ќабырѓасы жоќ жєне іші с‰йык затќа толы. С‰йык зат денені кернеп, оныњ ж‰мырлыѓын т‰раќты т‰рде саќтайды. Алѓашќы реттік ќуыс дененіњ тірегі бола т‰рып, зат алмасу процесіне де катысады. Дене ќуысы аркылы ќорытылѓан заттар ішектен б±лшыќеттерге, ішкі м‰шелерге, ал зат алмасудыњ ќалдык µнімдері зєр шыѓару м‰шесіне ауысады. Осылайша дене ќуысы организмніњ ішкі ортасы болып келеді. Паразитті нематодтардыњ дене ќуысында т‰ссіз с‰йыкка толы клеткалар топтасып жатады, жалпаќ ќ±рттардыњ паренхимасына ±ќсас. Ќуыстыњ с‰йыќ затында валериан, капрон кышќылдары бар, сондыктан да олар улы .

Ас ќорыту ж‰йесі ±зына бойы созылѓан тік т‰тік тєрізді, алдыњѓы, ортањѓы жєне артќы ішектеп т±рады. Ауыз тесігі дененіњ алдыњѓы ‰шында орналасып, кµпшілік жаѓдайда ерекше µсінділер - еріндермен ќоршалѓан: арќа жєне екі б‰йірлік. Ауыз тесігі ауыз ќуысымен (стома) жалѓасады. Ауыз ќуысыныњ ќ±рылысы єр т‰рлі. Нематодтардыњ жануарлар паразиті болып келетін (зоопаразит) µкілдерініњ ауыз ќуысында кутикулярлы тіс µсінділері болады, ал µсімдік паразиттерініњ (фитопаразит) ауыз ќуысы сорѓыш м‰шеге - стилетке айналѓан. Стилет ауыз ќуысында арнайы б±лшыкет -протракторлар арќылы ќозѓала алады. Топыраќта жєне суда тіршілік ететін жыртќыш нематодтарда стомалыќ ќуыс найзамен немесе ќозѓалмайтын µсінділер - онхамен каруланѓан .

Ќан айналу жєне тыныс алу ж‰йесі нематодтарда болмайды. Еркін тіршілік ететін т‰рлері б‰кіл денесі (терісі) арќылы тыныс алады, ал эндопаразиттік нематодтарда тыныс алу процесі анаэробты, яѓни оттегі жоќ жерде гликогенніњ ашуы аркылы іске асады. Гликоген коры ж‰мыр ќ±рттарда белгілі бір жолмен гиподермада жиналады. Гликогенніњ анаэробты ыдырауы нєтижесінде т‰зілген соњѓы µнімдері - органикалыќ ќышќылдар, соныњ ішінде май жєне валериап ќышкылдары куыс с‰йыќтыѓында жиналып, улы, ќ±йдіргіш затќа айналады. Сондыќтан ќ±ртты сойѓанда µте м‰кият жєне абай болу керек. Топыраќта жєне паразиттік тіршілік етуіне, тесу, ќазу козѓалысына байланысты нематодтардыњ сезім м‰шелері µте нашар дамыѓан. Тітіркенуді ќабылдайтын ‰ш т‰рлі рецепторлары бар: тері сезу (тангорецепторлар), химиялык заттарды сезетін (хеморецепторлар) жєне жарык сезетін (фоторецепторлар). Бірінші топ - кылтаншалар, папиллалар, бурсальды ќанаттар, екінші - амфидалар, фазмидалар, гиподермальды поралар (сањылау), ‰шінші - жарыќ сезгіш клеткалар. Рецепторлы м‰шелер дененіњ бас, ќ±йрыќ (каудальды) жєне жыныс м‰шелерініњ (гениталий) бµлімдерінде шоѓырланады.

2.5. Нематод жұқтырған малдардағы белгілер жєне оларды емдеу жолдары

Мониезиоз — малдың бүкіл денесінде күрделі өзгерістер тудырып, оны жаппай өлімге ұшырататын, Моnіеzіа ехраnsа және Моnіеzа bеnеdеnі құрттарынын ларазиттік тіршілігіпен болатын ішқұрт ауруы.

Қоздырғышы. Жай көзбен қарағанда жап-жалпақ болып, шұбатылып жататып, ұзындыры 4-10 метрге жететін ақ құрт. Жоғарыда аталғандай оның екі түрі бар. Моnіеzіа ехраnsа құрты бірнеше жүз бунақтан тұрады, оның ұзындығы 6-10 метр, жалпақтыры 1,0-1,5 см. Әрбір бунақтың ені ұзындығынан артық, басында төрт сорғыш органы бар, бірақ фитинделген ілмешектері болмайды. Мониезия құртыныңі, жыныс тесіктері бунақтың екі бүйірінен, ал басқа құрттарда бір-ақ бүйірінен ашылады. Ересек-құрттың жатыры ирек-ирек болып бунақты көлденең алып жатады. Моnіеzа bеnеdеnі жоғарыда аталған құртқа ұқсас, бірақ одан қысқалау - 4 метр. Оның жатыры тор секілді. Құрт жұмыртқалары төрт бұрышты, бес бұрышты, сопақ немесе сақина сияқты болып келеді. Жұмыртқаның ішінде сапталған балғаға ұқсас онкосфера бар. Ішінде хитинделген алты ілмешегі болады.

Дамуы. Ересек құрт ірі қаранын, қой-ешкінің ішегінде күнелтеді. Құрт личинкасы – цистиценркоид жер қыртысында күнелтетін, мпкроскоп арқылы ғана көрінетін ұсақ орибатей кенелерінің денесінде өседі. Мұндай кененің 60 шақты түрі (SсһеІоrіbаtеs, SіgоrіbаtuІа, kеrаtоsеtеs) бар. Күн сайын сыртқа малдың нәжісімен ондаған моинезия бунақтары шығып тұрады. Әр бунақта 20 мыңнан аса жұмыртқа болады. Бір мониозия құрты өз өмірінің ішінде 80 миллионға жуық жұмыртқа шашады. Нәжіске аралысып сыртқа шыққан бунақтар жайылып шабындыққа, шөп пен суға барып түседі де, жарылады, мұның нәтижесінде олардың ішіндегі быжынап жатқан жұмыртқалар босап шығады. Кейде бунақ малдың тік ішегінде жарылып кетіп, сыртқа жалаңаш жұмыртқалар, шашылады. Жайылымдары орибатей кенелері жұтып қояды. Кене денесінде жұмыртқа одан әрі жетіле түседі. Шымкент облысында 45-50 күн, кейде үш ай өтісімен жас личинка цистицеркоидқа айналады. Кейбір деректерге қарағанда, кене денесінде цистицеркоид қалыптасуы үшін 111 күн (28° С), тіпті 180-206 күн (16-18° С) керек. Жайылымда жүрген мал осындай іші цистицоркондқа толған орибатей кенелерін шөппен бірге жұтып жіберсе, мониезиозға шалдығады. Малдың асқазанына келіп түскен кене түрлі ферменттердің әсерімен қорытылады да цистицеркоид босап шығады. Ол өзінің алты ілмешегімен ішектің кілегей қабығына қадалып ішек сөлімен қоректенеді. Сөйтіп, орта есеппен бір жарым айдың ішінде ересек құртқа айналады.

Эпизоотологиясы. Малға мониезиоз жайылымда қаптап жүрген орибатей кенелері арқылы көктем айларында жұға бастайды. Кенелер саңырауқұлақ сабағымен, өсімдік түбірімен, шіріген органикалық заттармен қоректеніп, жайылымда екі жылдай тіршілік етеді. Олар әсіресе батпақты жерде, орманды жердің шөбі мен топырағында көп кездессді. СССР-да орибатей кенесінің 400-ге жуық түрі бар. Тың жерлер мен ашық даланың әрбір шаршы метрінде 20-25 мыңға жуық кене болады. Жыртылған жерде орибатей кенелері керісінше өте аз кездеседі. Көбінесе орибатей кенелері топырақ бетінде жорғалап жүреді, ал жауынды күндері өрмелеп шөп басына шығып кетеді. Күн ысыған мезгілде шөптен түсіп, топырақтың астына кіріп жасырынады. Күн батысымен олар қайтадан шөптің басына шығады. Кенелер шөп басында, әсіресе жауынды күндері ұзақ болады. Сондықтан малдың көпшілігі мониезиозға жауынды күндері шалдығады. Мониезия жұмыртқалары қолайсыз жағдайға төзімді келеді. Мәселен, нәжістегі құрт жұмыртқалары, ылғал мол болса, 12-14°С жылылықта төрт ай бойы өлмейді, бірақ 500С ыстықта бір минутке жетпей қырылып қалады. Жазды күні ашық далаға келіп түскен мониезия жұмыртқаларының екі тәуліктен кейін 36 проценті ғана, ал бесінші, алтыншы күндері 13 проценті ғана тірі қалады.

Патогенезі. Ұзындығы 4-10 м болып быжынап жүрген ересек құрт малдың денсаулығына орасан зиян тигізеді. Ащы ішекті бітеп тастап денедегі қалыпты ас қорыту сарынын бұзады. Азығы бойына сіңбей мал арықтайды. Құрт айналасына уытын таратып мал денесін улайды, Мониезия құрттары жыбырлап жүріп ішектің кілегейлі қабырын зақымдайды, қабындырады. Кейде құжынаған құрттар ішекті бітеп тастап азық одан әрі жүрмей қалады. Мұның салдарынан малдың іші кебеді. Жиырылып созылған ішек кейде бұратылып, шырмалады, оның алдыңғы кесінділері артқы кесінділеріне мінгесіп шек түйіледі.

Ауру белгілері. Ауырған малдың тәбеті қашады. Ол жабығады, күйзеледі. Малдың аузы кеуіп, біресе іші өтеді, біресе іші кебеді. Іші өткен малдың нәжісіне қан мен кілегей араласады, оның жамбасы, құйрығы, екі бұты, сирақтары нәжіске былғанады. Нәжіс бетінде жыбырлап жүрген, үлкендігі күріш дәніндей аппақ мониезия бунақтарын көруге болады. Ауру меңзеген мал әбден арықтап, меңіреу болады. Оның қаны азаяды, бауырының асты ісіп кетеді. Нерв жүйесі бұзылып, мал құрысып тыпыршиды, аузынан ақ көбік шұбырып жер тепсінеді, кейде дүрс етіп құлайды. Мал тесіліп бүйіріне қарай береді.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық болып көрінеді. Ауыздық, көз бен танаудың ішкі беті бозарған. Еттерінің арасы ісінген, талағы ұлғайған. Ащы ішек қабырғасын тіліп жібергенде оның ішінен жылан сияқты ирелеңдеген, шұбатылған ақ сары мониезия құрттары табылады. Ішектің кілегей қабығы жуандап қабынған, қайталаған. Шажырқайдағы қан және сөл тамырлары кеңейген, быттиып жуандаған. Ми қабығы қанталаған. Ішекті мониезиялар бітеп тастаған.

Диагнозы. Ауруды анықтау мақсатымен, оның эпизоотологиясы мен клиникасы ескеріледі. Мониезнозбен көбінесе жас мал ауырады. Ауру жаз айында шығады да, күзге қарай өршиді. Малдың жамбасы, екі бұтының арасы, құйрығы, артқы сирақтары нәжіспен былғанған болса, таңертең мал өріске шыққан соң, оның жатқан жерінен күріш дәніндей аппақ құрт таспалары табылса, аурудың мониезиоз болғаны. Лабораториялық жағдайында ауру Дарлинг және Фюллеборн әдістерімен анықталады. Қанықкан тұз ерітіндісі мен глицеринге салынған нәжістен бөлініп құрт жұмыртқалары ерітіндінің бетіне қалқып шықса аурудың мониезиоз екеніне ешқандай күдік қалмайды. Я.Д.Никольский өз әдісін қолданды. Оның мәні мынада: стаканға 5-10 г нәжіс салады да үстіне су құйып шайқап араластырады. Бактериологиялық пробиркаға стакандағы сол судан аздап құйып алады да, екі сағаттай тұндырады. Содан кейін тұнбаны төсеніш шыныға жағып, микроскоп арқылы эерттеп, құрт құмырсқаларын іздейді.

Емі. Ауру мал тотияйын, күшалалы қола қышқылы, марганецтің қола қышқылы, кальцийдің қола қышқылы сияқты дәрілермен емделеді.

Тотияйынның судағы бір проценттік ерітіндісін шлангімен малдың аузына құяды (үш - алты айлық бұзауға – 120-150 мл). Жыл сайыи мониезиоз шығатын шаруашылықта дегельминтизация екі рет; бірінші рет мал өріске шыққан сон 1-1,5 ай өтісімен, яғни көктемде, ал екінші рет бұдан 15 күн өткен соң жасалады. Тотияйын ерітіндісін шыныдан немесе ағаштан жасалған ыдыста әзірлейді. Осы мақсатпен жаңбыр, қар суы немесе дистилденген су, ал олар болмаса, өзен, көл, құдық суы пайдаланылады.

Сақтық шаралары. Ұдайы мониезиоз шығып тұратын шаруашылықта бұзау, тана, торлақтар ересек малдан бөлек, екі жыл бойы пайдаланылмаған таза жайылымда бағылады. Мұндай жайылым болмаса егілген жерде от татады. Мониезиядан арылту үшін төлді жазғытұрым, яғни мал жайылымға шыққан соң бір ай өтісімен тотияйын ерітіндісінде үшінші рет дәрілейді. Сазды, батпақты жерлерге мал жаюға болмайды. Жас малды мониезиоздан аман сақтау үшін көктемде қораның айналасын жыртып тастайды: орибатей кенелері қопарылған топырақтың астында тұншығып қырылып қалады.


  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет