Дипломдық жұмыс Гректің классикалық дәуірінің мәдениеті Ғылыми жетекші тарих ғылымының кандидаты



бет3/4
Дата29.02.2016
өлшемі265 Kb.
#29548
түріДиплом
1   2   3   4

Сократтан қалған сөз
Өзінді өзін таны.

Пайдалы мен зияндыны оқымай – ақ ажыратудан дәмелілер – ақылсыздар. Бағы заман ғұламаларының өз енбеқтерінде қалдырған даналық қазыналарын кәдемізге жарата алсақ – олжаның ен үлкені осы.

Қүрессіз жеңістің данқы олқы, нәпсінің қүлына айналғандар тәнің де, жаңың да ластайды.

Асылы, аса дарындылар қажетті тәлім – тәрбие алса, дүниедегі бір ғажап, ен бір пайдалы кісіге айналды, бірақ олар тәлім – тәрбиеден, білім – ғылымнан қалса, барып тұрған ақымақтар мен зиянкестер, міне солардан шығады. Өйткені олар ісін көзін білмегендіктен көбіне ақылға қонімсіз нәрсені қолға алады. Әдетте, мұндайлар тәкаппар да қыныр келетіндіктен бұларды тоқтату да, алған бетінен қайтару да қиын.


Әдебиет
Грецияның үшінші ұлы трагик ақыны – Еврипид / б.з. бұрынғы 480-406 ж.ж./ Ал адамдарды бақытсыздыққа үшыратын және мерт ететін сезімдерді талдауға арналған трагедиялар жазды. Оның пьесаларында адамдар өздерінің өмірін өздері жасайды. Сол дәуірдің үлкен тұлғасы Еврипидтің « Медея», « Иппомет», «Геракл» т.б. шығармаларында адамды іс - әрекетімен, куініші – сүинішімен көрсету басым болды. Осылардың ішіндегі ен атақтысы – «Медея». Ол зәбір шеккен әйелдің бастан кешкен азабы мен кек алуына арналған.

«Авлидтегі Ифигения» трагедиясының бас кейіпкері Троян соғысында гректердің жеңіске жетуі үшін өзін құрбан дыққа шалып, өлімге барады.

Еврипид өз трагедияларында б.з.д. У – ғасырдың 2-ші жартысындағы жеке адам мұдделері мен полистегі ескі дәстүрлер арасындағы тартысты бейнелейді.

Өзінің күші, мазмұнының айқындығы, идеяларының жоғарлығы және образдарының кеектігі жөнінен грек трагедиялары ен тандаулы драматургия үлгілеріне бірінен саналады.


Театр
Гректің ұлы ақындары – Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофанның драматургиялары грек халқының қоғамдық – саяси және рухани өмірін жаң – жақты көрсетті. Театр ойндары ашық далада өткізілді. Театр үйі оркестрден /дөнгелек алан/, театрыннаң / бастапқыда актерлердің қиініп, сахнаға шығуына арналған жай палатка: Эсхтл тұсында оқиға орнын белгілейтің ағаш қоршау құралды. Театрларда әйел рольдерін ерлер орындады. Актерлердің бәрі де маска киіп ойнады. Эсхил өзінің қаһармандық – патриоттық трагедияларында екінші актерді / дефтерагонист/ енгізді. Бұл қайғылы қақтығыстар теренірек ашып, театр ойының әсерлі болуына жол ашты. Софоклдың азаматтық, эстетикалық идеяларды жырлаған трагедиялрында 3-ші актер / тритагонист/ пайда болып, хордың ролі төмендеді, творчествосында қаһармандық тақырып әуелі бәсендейді, бірақ адам психологиясына айналадағы өмір шындығына назар аудару күшейді. Ал Аристофанның комедиялары Афинадағы қоғамдық – саяси өмір диалогтармен әшкерледі. Грецияның театр мәдениеті дүние жүзілік театрдың дамуына зор әсер етті.

Кейінгі классика
Элладанның саяси тарихындағы жаңа кезен жарқын да, жасампаз да болған жоқ. Егер б.з. Бұрынғы У – ғасырда грек полистерінің гүлденуімен айтулы болса, ІУ – ғасырда грек демократиялық мемлекеті деген идеяның өзінің әлсірей бастауы мен бірге олар біртіндеп ыдырай берді.

Осының алдындағы ғасырда Афины жетеқшілігімен гректер быт – шытын шығарған Персия гректің мемлекет – қалаларың Персия әлсіреткен өзара қақтығыстарды пайдаланып 386 жылы гректерге кіші азиялық жағалаудың барлық қалаларың парсы патшасына бағындыратын бітімді зорлап танды. Сөйтіп Персия державасы грек әлеміндегі бас төрешеге айналды, ол гректің ұлттық бірігуіне жол бермеді.

Өзара соғыстар грек мемлекеттерінің өз қүштерімен бірігуге кәбілетсіз екенің көрсетті.

Ал бірігу грек халқы үшін экономика жағынан қажет еді. Бұл тарихи міндетті орындауға көрші Балқан державасының осы кезде едәуір нығайған Македонияның – ғана шамасы жетті. Македония патшасы ІІ Филипп 338 жылы Хероней манында гректерді талқандап жеңді. Бұл шайқас Элладаның тағдырын шешті: ол бірікті, бірақ, шетел билігімен бірікті. Ал ІІ Филипптің баласы, ұлы қолбасшы Александр Македонский гректерді бастап өздерінің ежелгі жауы – парсыларға қарсы жеңімпаз жорыққа аттанды.

Бұл грек мәдениеттінің ақырғы классикалық кезені болды. ІУ ғасырдың аяғында антика дүниесі бұрынғыдай эллиндік дәуірге қадам басты.

Біз кейінгі классика өнеріндегі жаңа лепті айқын ажыратамыз ұлы гүлдену дәуірінде мінсіз адам бейнесі мемлекет – қаланың айбынды да тамаша азаматы кейпінен өз көрінісін тапты. Полистін ыдырауы бұл түсініктің негізін шайқалтты. Бұл кезде адамның барлық нәрсені бас идіретін күш – құатына деген оз сенім әлі толық жойыла қойған жоқ, бірақ көбіне – көп бұркемеленген сияқты болады. Аландаушылық, яғни өмірден ойсыз – қамсыз ләззат ала беруге бейімдікті тұдыратын ойлар пайда болады. Адамның ішкі дүниесіне назар арта түседі, сайып келгенде бұл бұрынғы уақыттардағы кұдіретті жинақтаудан бас тарту болып шығады.

Акропльдың мүсіндеріненде бейнеленген дүние жайлы түйсіқтің орасан аумақтылығы біртіндеп үсақтай береді, оның есесіне өмірмен сұлулықты жалпы қабылдау арта түседі. Фидий бейнеленген құдайлар мен қаһармандардың сабырлы да асқақ ізгілікті өнерде құрделі сезімдерді құштарлықтар мен үмтылыстарды айқындауға орын береді.

У – ғасырдағы грек қайрат – қүшті, саламат, батыл бастаудың өмірліқ қүш – құаттын негізгі ретінде бағалады. Сондықтан да атлетін, жарыстар жеңімпазының статуясы грек үшін адамның қүш – қуаты мен сұлулығын орнықтыру үлгісі болды. ІУ ғасырдың сүретшілерінің тұнғыш рет балалықтың сүйкімділігі, қарттықтың даналығы, әйел нәзіктілігін мәнгілік тартымдылығы қызықтырды.

Грек өнері У ғасырда жеткен ұлы шеберлік ІУ ғасырда да өмір сүреді, соңдықтан да кейінгі классиканың неғұрлым шабытты көркем ескерткіштері әлі де сол жоғары мінсіздіқ белгілерімен көзге түседі. Гегель айтқандай, тіпті өлген Афины рухыныны өзі тамаша.

Сәулетті
ІУ ғасыр өз құрылысы арқылы да жаңа ағымды бейнеледі. Кейінгі классикалық грек сәулетісі белгілі бір сән – салтанатқа, тіпті зөр аумақтылыққа жеңілдіқ пен сәндік әсемдікке деген талпынысымен көзге түседі. Таза гректік көркемдік дәстүр грек қалалары, парсы билігіне бағынған кіші Азиядан тарайтын шығыстық әсерлерімен астасады. Негізгі дорийліқ және ионийліқ архитектуралық ордерлермен қатар үшінші, кейінірек пайда болған коринф ордері барған сайын жиі қолданылады.

Коринф колоннасы – ен бай және сәндік колонна. Онда реалистік тенденция капительдің байырғы абстрактылы геометриялық схемасынан басым түседі, бұл схема коринф ордерінде табиғаттың қос қатарымен көркерілген.

Полистер оқшаулығының күні өтті. Антикалық дүние үшін, берік болмағаны мен, қуатты қүл иеленушілік деспотия заманы орнай бастады. Перикл ғасырында өзге міндеттер қойылды.

Кейінгі классикалық грек архитектурасының ен ғаламат зор ескерткіштерінің бірі – парсы провинциясының билеушісі Кария Мавсолдың Галикарнасс қаласындағы /Қіші Азияда/ бізге дейін жетпеген мазары еді, « мавзолей» сөзі де соның атынан келіп шықты.

Кіші Азия парсылардың шеткері аймағы ІХ ғасырға дейін аты сирек естілетін шағын ған Галикарнасс қаласы. 351 жылы осы елдің әкімі патша Карий Мавсол өз ажалынан дүние салды, Карий Мавсол өз ажалынан дүние салды. Алайда, бұл елеулі бір оқиға да емес еді.

Мавсол патшаның мұрагерлері оның зиратың тұрғызу үшін жер – жерлерден мамандар, көлөнершілер шақырды. Олардың ішінде аттары грек еліне көптен белгілі – Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей т.б. мүсіншілер еді.

Галикарнасс мавзолейінде барлық үш ордер тоғысқан. Ол қөс қабаттан тұрады. Біріншісінде – мазар камерасы, екіншісінде мазар храмы орналасқан. Қабаттардан жоғары 4 аттақ қүймемен

/ квадрагамен/ мемлекетің биік пирамида болды. Грек сәулет өнерінің сызықтық сымбатын өзінің салтанаттылығы жағынан ертедегі шығыс әміршісінің мазар құрылыстарын еске түсіретің осы аса зәулім / оның биіктігі, шамасы, 40-50 метрге жетеді/ ескерткіштен табұға болушы еді. Осы ғибадатхана ұрпақтан ұрпаққа үлгі болды, кейіннен « мавзолей» дап атала бастады.

Сәулет өнеріне тоқталсақ; аса әйгілі сәулетшілер қатарына Иктин, Калликрат, Мнесиклді жатқызуға болады.

Иктин – гректің ұлы сәулетшісі және сәулет өнерінің теоретигі, б.з. бұрынғы 5 ғасырдың 2-ші жартысында жұмыс істеді. Б.з.б. 447-438 ж.ж. Иктин сәулетінің ен кемел түындысы Парфенонды салды.

Калликрат б.з.б. 5 ғасыр 2-ші жартысы Афинада жұмыс істеді. Калликрат құрылысы мен Афины Пирей айлағымен жалғастыратын қос көрған дуалды салуға қатысты.

Мнесикл де б.з.б. 5 ғасыр 2-ші жартысы Афинада жұмыс істеді. Ол грек сәулет классикасын жасаушылардың бірі. Ол Афины акрополіндегі момументтік қақпа Пропилейді тұрғызды.



Мүсіндеу өнері

Скопас, Пракситель және Лисип – кейінгі классиканың ен ұлы грек мүсіншілері еді. Антика өнерінің өздерінен кейінгі бүкіл дамуына жасаған ықпалы жағынан бұл үш данышпанның творчествосын Парфенон мүсіндерімен ғана салыстыруға болады. Бұлардың әрқайсысы өзінің дүние жайлы жарқын да, дара түйсігін, өзінің сұлулық мұратын, өзінің мінездік жөніндегі ұғымын бейнелейді, сөйтіп олар жеке, өздері ғана ашқан жаналық арқылы мәнгілік – жалпы адамзаттық асқар биікке жетті. Сонымен бірге, олардың әрқайсысының творчествосындағы бұл замандастарының өздерінің жеке сезімдерінен ансаған армандарымен сай келетін жай қүйін бейнеледі.

Скопастын творчествосының қүштарлық пен арынның мазасыздықтың, әлдене дұшпан қүштерімен қүрестің, зор қүдіқ пен қайғылы қүйініштің лебі еседі. Мұның бәрі сірә, оның жаратылысынан тін болса керек, сонымен бірге ол өзі өмір сүрген заманның белгілі көніл қүйлерің жарқын бейнелеген. Темпераменті жөнінен Скопас Еврипидке жақын, Элладаның қайғылы тағдырын өздерінің қабылдауы жағынан олар қандай жақын десенші.

Мәрмәрге бай Парос аралында түған Скопас /б.з. бұрынғы 420-355 жж. шамасы/ Аттикада да, Пелопоннес қалаларында да, Кіші Азияда да жұмыс істеген, оның жұмыстарының саны жағынан да, сондай – ақ тақырыбы жағынан да ерекше мол көлемді творчествосынан ештене дерлік қалмай жойылып кеткен.

Оның өзі немесе оның тікелей басшылығымен жасалған Тегейдегі Афина храмының мүсіндікк әшекейлерінен / тек мүсінші ғана емес, сонымен бірге сәулетші ретінде де данқы шыққан Скопас осы храмның құрылысшысы да болған/ бірнеше сынықтар ғана қалған. Бірақ оның данышпандығының ұлы қүшін сезіну үшін жаралы сарбаздың бүлінген басынан көз жугіртудің өзі жетіп жатыр / Афина, ұлттық музейі/. Өйткені имек қасты, көздері аспанға қадалған және ауызы сәл ашынкы бұл баста бәрі де – қайғы да, қасірет – те бар бұл қайшылықтардың тоз – тозы шыққан және шетел жаулап алушыларынның табаны астында тапталған ІУК ғасырдағы Грецияның ғана емес, сонымен бірге бүкіл адам ұрпағының жеңісінің соны бәрі бір өлімге уласып жатқан үздіксіз күресіндегі байырғы трагедиясын да бейнелеп тұрғандай. Сөйтіп бізге бір кезде эллиндік сананы нұрландырған, тіршіліктің нұрлы қуанышынан ештене де қалмағандай болып көрінеді.

Гректердің амазонкалармен шайқасың бейнелейтің Мавзол мазары фризінің сынықтары / Лондон, Британ музейі/. Бұл Скопастың немесе оның шеберханасының тұындысы.

Осы сынықтарды Парфенон фризінің сынықтарымен салыстыратың болсақ, оның да, мұнан да қимыл – көзғалыстың емін – еркіндігің көруге болады. Бірақ онда көзғалыс еркіндігі асқақ ырғақтылыққа сайса, мұнда нағыз дауылға айнлады: әсерлігі, жайлы желпілдеген киімдер көрмеген ғаламат серпінділікті тұғызады. Онда композиция бөліктердің біртіндеп жасалатын үйлесіміне мұнда – ен айқын қайшылықтарға құрылады. Дегенмен Фидий данышпандығы мен Скопас данышпандығы өте манызды, басты нәрседе тектес. Екі фриздің де композициясы сымбатты, үйлесімді әрі олардың бейнелері де бірдей нақты. Гераклит қайшылықтардан ен тамаша үйлесім туады деп тегін айтпаған, Скопас тұтастығы мен айқындылығы Фидийдің композициясы сияқты соншалық мінесіз композиция жасады. Оның үстіне онда бірде – бір кескін композицияда құтылып кетпейді, өзінің дербес пластиқалық мәнің жөғалтпайды.

Скопастың өзінен немесе оның шәкірттерінен қалған нәрсе осы ғана.

Ен алдымен реалистік өнердің дамуына тән өте маңызды жаңалықты айта кетелік: У – ғасыр мүсіндерінен айырмасы – бұл мүсін барлық жағынан қарауға толық арналып жасалған, соңдықтан сүреткер жасаған бейненің барлық қырларың қабылдау үшің оны айналып шығу керек.

Осылай классиканың сонғы ғасырында буырқаған күштарлық пен жегідей жеген наразылық сезімнен тұған парықтау арқылы да құатты эллиндіқ рухы өзінің байырғы занғар ұлылығын сақтай білді.

... Прокситель / байырғы афиналық, б.з. бұрынғы 370-340 жылдары жұмыс істеген өз творчествосында мұлде басқа бастауды бейнелейді. Бұл мүсінші жайында оның өнерпаз әріптестеріне қарағанда мәліметтер көбірек.

Скопас сияқты, Прокситель де қаланы елемей, өзінің аса ұлы туындыларын мәрмәрден жасаған. Пракситель өте бай адам болған. Сондай – ақ оның атақты зинақор, құнапар деп кінә тағылып, бірақ оның сұлулығына тан – тамаша қалған афины судьялары ақтап, қана қоймай бүкіл халық болып бас июге лайық деп тапқан., Фринаны сүйгенің білеміз. Фрина оған махабат құдайы Афродитаның / Венеранның/ мүсіндерін жасау үшін модель қызметін атқарды. Бұл мүсіндердің жасалуы және оларға табыну жөнінде римдіқ ғалым Плиний жазып, Пракситель дәуіріндегі ахуалды айқын елестетті: « Теқ Проксительдің ғана емес, сонымен қатар дүниеде бар барлық түындыларын еп асқақ шоқтығы ол жасаған Венера болып табылды. Оны бір көру үшін талайлар Книдке жүзіп баратын...».

Пракситель ІУ ғасыр гректері соңшалық қадір тұтатың әйелдің сұлулықтың шабытты жыршысы. Бұл кезге дейін әлі әшқашан болып көрмеген жарық пен көленкенің мамыражай ойыны арқылы оның қашауы астынды әйел денесінің сұлулығы құлпарып шықты.

Пракситель мәрмәрден жай ғана әелді емес, жаланаш әйел тәнірін жасады, ал мұның өзі танырқай айыпталды.

Афродитаны бұлай бейнелеудің әдеттен тысқарылығы белгісіз ақынның өленімен анғарылады:

Книдте көріп Киприданы Киприда тіл қатты:

Жаланаш мені көріп ен қайдан, Пракситель, жаңыма менің мұн батты.

Тағы бір белгісіз грек ағыны былай деген:

Мәрмәрге кім жаң бітірген

Киприданың өксігенің кім көрген

Қара тас айналып тұр қалай ғана ақ арман

Мұны істеген Пракситель ме, әлде құдай – ана ма, Олимпті жетім

етіп, Книдке өзі жөғалған

Пракситель творчествосының бәрі ұлы сүреткердің махаббат ансарын өз өнерінің қозғауышы күштерінің бірі деп білгенің көрсетеді.

Книдтік Афродита бізге тек қана көшірмелері мен елуктеулер арқылы ғана белгілі. Римдіқ екі мәрмәр көшірме арқылы /* Рмде және Мюнхен Глипототекасында/ ол бізге тұтас жетті, демек жалпы келбетің білеміз. Бірақ бұл тұтас көшірмелер ен үздік үлгілер емес. Қайта жүрнақ болса да кейбір басқа көшірмелер: Париж Луврындағы соншалық сүйкімді де жаңды Афродита басы: Лувр мен Неаполь музейінде сақталған тұпнүсқаның әйелге тән нәзіктіғің анғара алатың оның денесінің жұрнақтары, тіпті тұпнусқадан да емес, Пракситель данышпандығының лебі есетің эллинистік мүсіннен көшірілген римдік көшірме «Хвощинский Венерасы»

/ оны сатып алған орыс жинаушысының есімі бойынша аталған/ бұл ұлы тұында жөнінде анағұрлым жарқын түсінік берді.

Әйел құдайлардың ішіндегі ен сұлуы, киімдерін сыпырып тастап сұға шалп ете тұсуге әзір тұрған бұл бейнеде замандастарын тан – тамаша еткен нәрсе не. Жоғалған тұпнұсқаның қайсі бір белгі – бедеулерің ғана беретін көшірме жұрнақтарының өзінде дізді таң – тамаша ететің нәрсе не.

өте нәзік модельдеу арқылы, бұл жөнінен барлық із ашарларынан асып түсіп, мәрмәрга жылтындаған сәуле үшқындарымен жаң бітіру және жылтыр тасқа өзіне ғана тән асқақ шеберлікпен нәзік жұмсақтық беру арқылы Пракситель әйел – құдай денесінің жұмырлығы мен мінсіз пропорцияларында, оның тұрған тойының жаң тебірентер табиғилығында оның, ежелгілер айтқан дерек бойынша « әрі дымқыл, әлі жалтылдаған» жаңарында грек мифологиясында Афродита бейнеленген ұлы негіздерді, адам баласының санасы мен қиалындағы мәнгілік негіздерді – бүлылық пен махаббатты сомдап берді.

Сұлулық болғанда – мейірбан әйелдіқ, құлдырып тұрған және шат – шадыман сұлулықты: махаббат болғанда тағы да мейірбан және бақытты мензеп, сыйлайтың махаббатты бейнелейді.

Праксительді кейде антика өнеріндегі ләззатты /ал қандай ләззат болса да/ жоғары игілік пен бүкіл адамзат талпыныстарының табиғи мақсаты деп білген философиялық бағыттың яғни гедонизмнің ен жарқын бейнелеушісі деп санайды.

Праксительді азаматтық әуендердің қызықтырмағаны сияқты атлет бейнесі де, сірә қызықтырмаған болса керек. Ол мәрмәрде дене жағынан үлгі болатын, Поликлеттегідей соңша бұлшық етті емес, өте сымбатты және келісті, патшадыман, алайда сәл қуақылана күлімсіреп тұрған, ешкімнен пәлендей имене қоймайтың, бірақ ешқімнің зәресін де алмайтың, жайбарақат бақытты және өзінің бүкіл тіршілік болмысының үйлесімді сезіміне бөленген жастын бейнесіне көрсетуге тырысты.

Мұндай бейне, тегінде, оның дүние жайлы түйсігіне сай келген, сондықтан да оған айрықша қымбат болған.

Өзі мүсіншінің баласы болған Праксительдің ісін оның екі ұлы мен бір немересі жалғастырады. Бірақ бұл тума сабақтастықтың оның творчествосының басталатын жалпы сүретшілік сабақтастыққа қарағанда, әрине, түкке тұрмады.

Праксительдің аса көрнекті түындыларына « Гермес пен Дионис»,

« Демалып тұрған Сатир» т.б. жатқызуға болады.

Праксительдің өз қолынан шыққандардың бәрі бірдей құрып кетті ме.

Ежелгі заман авторының сөзінен Праксительдің « Гермес пен Дионис» статуясы Олимпиядағы храмда болғаны мәлім еді. 1877 жылы қызу кезінде ол жерден бұл екі құдайдың біршама аз зақымдалған, мәрмәр мүсіні табылды. Дегеннен – ақ мүсінді Праксительдің толтумасы дегенге ешқімнің құдігі болған жоқ, Қазірде оның авторы Пракситель дегенді көптеген білгірлер мойындады. Алайда мәрмәрді өндеу техникасының өзін мұхият зерттеу кейбір ғалымдарды Олимпиядан табылған мүсін, шамасы римдіктер алып кеткен түпнусқаның орнына қойылған ен тамаша эллинистік көшірме дегенге иландырды.

Пракситель мүсіндерінің жалпы келбетінде, түр – түс үлкен роль атқарады. Олардың кейбіреурің сол кездің әйгілі сүретшісі Никий дін өзі бояп отырғаның / мәрмәрдің әппақ түсіне жұмсақ леп беретің ертілген балауыз бояуды сініру арқылы/ білуге болады. Праксительдің аса шебер өнері бояу арқасында бұрынғыданда әсерлі, эмациялы бола тумті. Екі ұлы өнерді үйлесімді үштастыру, тегінде оның туындыларында жүзеге асырылған.

... Лисипп ІУ – ғасырдың соңғы үштен бірінде, Александр Македонскийдің түсінда жұмыс істеді. Оның творчествосы кейнгі классика өнерің аяқтайтың сияқты.

Бұл мүсіншінің ен жақсы көретін материалы қала болды. Оның толтумалары белгісіз. Оның творчествосы тұралы тек мәрмәр көшірмелер бойынша ған пікір айтуға болады.

Лисипп өз кезенің ен өнімді шеберлерінің бірі саналған. Ол әрбір орындалған заказы үшін берілген сыйлық ақшадан бір тенгеден бөлек қойып отырыпты: ол өлгеннен кейін санаса тенгелер саны дәл бір жарым мын болған. Сонымен бірге оның жұмыстарының ішінде жиырмаға жуық кескіннен тұратын мүсіндік топтар болған, мұның үстіне оның кейбір мүсіндерінің биіктігі 20 метрден асады. Адам, апат және уақыт осының бәрін аяусыз қүртып тынған. Бірақ ешбір қүш Лисипп өнерінің рухын жойып, оның қалдырған ізін өшіріп тастай алмаған.

Плинийдің айтуынша Лисипп: « Адамдарды олар қандай болса, сондай етіп бейнеленген өзімнің ізбасарларымнан өзгешеленген мен адамдарды олар қалай болып көрінсе, солай етіп бейнелеуге тырысамын дейді екен. Бұл арқылы ол грек өнерінде сонау баяғыда ақ салтанат құрған реализм принципін баянды етті.

Лисипптің жаңашылдығы мынада болды: ол мүсіндеу өнерінда аса зор, өзіне дейін әлі қолданылмаған реалистік мүмкіндіктерді ашты. Адам кескінің Лисипп жаңаша Миронның немесе Поликлеттің мүсіндеріндегіндей кескіннің пластикалық синтезіне емес, әлдене қас қағым аспектіге сүретшіге ол осы сәтте, мұның алдында ондай болмаған және бұдан кейін енді ондай болмайтын түрде қалай көрінісе, сондай аспектіге құрды.

Кескіндердің ғажап икемділігі, көзғалыстың кұрделілігіның, тіпті қайшылығының өзі, осының бәрі үйлесімді тәртіпке кетірілген. Ен алдымен көру әсерін бере отырып, ол бұл әсерді белгілі бір, өзінің өнері рухына сәйкес бір жолата қалыптасқан құрылымға бағындырады. Кез келген ішкі қимылсыздықты, кез келген ауырлықты жаратпайтын өзінің серпінді өнеріне неғұрлым үйлесетін жаңа, едәуір жеңілдетілген өз кононын жасау үшін, адам кескінінің көне, поликлеттік канонын тасталқан еткен де нақ сол Лисипп. Бұл жаңа канонда бас енді бұрынғыдай бүкіл бойдын – 1/7 –йн емес, тек – 1/8 –йн құрайды.

Оның жұмыстарының бізге дейін жеткен мәрмәр көшірмелері жалпы алғанда Лисипптің реалистік жетістіктерінің айқын сүретін берді.

Әйгелі « Апоксимен», жас атлет, Лисипп оның жарыстан кейінгі денесін металл қырғышпен майдан, шан –төзаннан қушырлана тазартып жатқан атлетті көрсетті. Қолдың тіпті де шоит емес, қайта әсері шамалы сияқты қозғалысы бүкіл кескінге жайылып, оған төтенше өміршендер дарытады. Ол сырттай сабырлы, келбеттнен де аса қатты қүш сынаудан тұған шаршағандық байқалып тұр. Мәнгі өзгерістегі болмыстан тап басып қағып алынған тәрізді бұл бейне өзінің толық емін – еркіндігі арқылы, соншалық жаңды, мейлінше инабатты.

« Геракл мен арыстан» / Ленинград, Эрмитаж/. Бұл тағы да сүретші сырттай шалып қалғандай болып көрінетін, оліспей беріспейтің күрестің ғаламат пафосы. Бүкіл мүсін буырқанған қажырлы қимылымен тыныстап тұрғындай, оның өзі бір – бірімен үстасып қатып қалған адам мен жыртқыш анның орасан қүшті кәскіндерімен тамаша үйлесімді түтастық жасап, іркімссіз қуйлысып тұрады. Лисипптің әйелі туындыларына « Арыстанмен айқасқан Геракл», «Гераклдың той думаны», « Апоксимен» т.б. жатқызады.

...» Аполлонның статуясы – ежелгі заманның барлық туындыларының ішіндегі өнердің ен биік мұраты». Мұны Винкельман жазған болатың.

Винкельман Аполлоны – бұл әйгілі «Бельведер Аполлоны», Лесхардың қола тұпнусқасынан / б.з. бұрынғы ІУ – ғасырдың сонғы үштен бірі/ көшірілген римдік мәрмәр көшірме, бұл көшірме үзақ уақыт көрмеге қойлып келген галереясына байланысты солай аталып кеткен / Рим, Ватикан/. өз кезінде бұл мүсін де көп таныржатқан болатын.

Антика заманың зерттеуге бүкіл өмірін арнаған Винкельманның енбегі орасан зор. Бірден болмаса да, оның бұл енбегі танылып, ол Рим мен оның төнірегіндегі ежелгі заман ескерткіштерінің бас сақтаушысы қызметіне ие болды /1763 жылы/.

Винкельмон тұралы осы ғасырдың басындағы орыстың өнер зерттеушісі П.П. Муратовтың « Италия бейнелері» деген белгілі кітабында жақсы айтылған: « Винкельман мен гетенің тұсында қалыптасқан классикалық статуялардың атақ – данқы әдебиетте орнықты... Винкельманның бүкіл өмірі ерлік болды оның ежелгі өнерді қастерлеуге бүкіл өмірі жұмсалды. Оның тағдырынды кереметтік элементі бар бұл керемет Бранденбург құмдарының арасында өскен етікші баласын соншама танырқарлық түрде билеп алған және оны барлық қиындықтар арасымен Римге алып келген антика дүниесіне деген алынды сүйіспеншілік еді...».

Философия
Платон /б.з.б. 427-347 ж.ж./ өмір сүрген. Платон Сократтың шәкірті болатың және өз ұстазының әнгімелерін қағазға тұсырді.

Платон объективті идеалист болатын, басқаша айтқанда, ол объективті дүниенің барлығын мойындады, бірақ ол оны шын мәнінде реалды, идеалар дүниесінің тұдырған елесі ғана деп санады. Сөйтіп, ол мысалға о дүниелік әлемде жылқы идеясы бар, сол идея біздің өмір сүретің әлемде реальды жылқы бейнесінде көрініс береді деп есптеді. Платонның пікірінше, жеке заттар жануарлар ақиқат емес, солардың жалпы жиынтығы ақиқат. Платонша идея дегеніміз – заттардың барынша жиынтық түрі, идеяда заттың принципі, оның құрылымының моделі мен оны танудың әдісі жинақталған.

Платон философиясы объективті антик идеализмнің қағидаларың әсіресе анық тұжырымдады.

Платонның ойы бойынша, онды мемлекеттін барлық азаматтары 3 тпқа бөлінеді. Бірінші топ – жауынгерлерге сүйене отырып мемлекетті басқаруымен, ғылымды және өнерді зерттеумен айналысатын философтар. Екінші топ - әскери іспен және мемлекетті қөрғаумен айналасатын жауынгерлер. Платонның онды полисінде философтар мен жауынгерлерге ерекше артықшылықтармен пайдаланалатын топтар болды. Олар мемлекетті басқару және өз пашсін қорғау жөніндегі тікелей міндеттерінен аландап, басқаға мойын бұрмау үшін қауым болып өмір сүрді, отбасылары және жеке меншіктері болмады.

Үшінші топ – бұл «қолөнершілер», яғни дене енбегімен айналысатындар еді. Олардың міндеті – ауыл шаруашылық өнімдері мен қолөнер бүйымдарын мүмкіндігінше көбірек шығару болу тиіс. « Қолөнершілер» мемлекетті басқаруімен де, философиямен де, ғылыммен де, өнермен де тек шаруашылық қызметі және дене енбегі, Платон иерархиясының ен төменгі сатысындағылар ен ауыр дене енбегімен айналысатын құлдар болды. Әйелдерді Платон ақылы жөнінен еркектермен бірдей деп санады, сондықтан олар праволары және міндеттері жөнінен еркектермен толық тен болды.

Платонның онды мемлекет жөніндегі утопиялық теориясының реакциялық мәні бар, өйткені ол қоғамның тек ерекше жоғары тобы ғана барлық мәдениет жемістерімен пайдалана алатын қасталық құрылымын мәнгі өзгермейді деп санады. Қоғамның өзге мүшелері правосыз және езілген күйде қала бермек. Платон теориясының барлық уақытта да реакционерлерден қолдау тауып келгенінде тандауға болмайды.

Алайда дерексіз ойлаудың дамыту саласында еркек пен әйелді тендігі жөніндегі мәселеде Платон ежелгі грек мәдениетіне жақсы үлес қосты. Платон талантты сөз шебері еді. Оның стилі толысқан грек классикасының барлық табыстарын бойына жинақтады. Өзінің философиялық шығармаларың ол әдетте драмаға айналдыратың, өз ілімін диалог формасында баяндайтын.

Ежелгі Грецияның ұлы философы және ғалымы атақты Аристотель еді / б.з. дейнгі 384-322 ж.ж./. Аристотель Македон патшалары сарайында өмір сүрген дәрігердің баласы болатын.

Аристотель өз философиясында материалистікте, идеалистік те көзқарасы біріктірді. Ол реалды мойын да және құбылыстың мәні белгілі ажырата отырып, форма мен мазмұн жөніндегі ілімін шығарды. Аристотель мазмұн мен форма арасындағы қатынасты диалектикалық тұрғыдан түсінді.

Аристотель жаң – жақты жетілген терен ғалым еді. Ол өз қабілетің танытпаған білім саласы жоқ дәуге болады. Аристотель табиғат танудың, тарих салаларында жемісті енбек етті, социологияның, әдебиет теориясының негізін салды, формальды логика жүйесің жасады және басқа да көп енбектер қалдырды.

Аристотель де Платон сияқты, мемлекет жөніндегі өз ілімін шығарды. Аристотель онды мемлекет жөнінде сөз көзғамас бұрын реальды түрде өмір сүретің мемлекеттерді зерттеу қажет деп санады. Соңдықтан ол өз шәкіртерімен бірге Грециядағы және олардың заңдарың сүреттеу жөнінде аса үлкен жұмысты жүзеге асырды. Ол өзі « Афина паштиясын» - Афинаның мемлекеттік құрылымы жөніндегі енбегін жазды. Осыдан сон ол жинақталған және жүйеге келтірілген материальды қорытүға кірісті. Аристотельдің үлкен тарихи социологиялық енбегі « Саясат» мемлекеттік құрылым және қоғамдық қатынастар жөніндегі пайымдаулардың қорытындысы ретінде жазылды.

Аристотель мемлекеттік 3 типі бар деген қорытындыға келді, олар: монархия / бір адамнің билігі/, аристократия / шағын топтың билігі/ және демократия / билікке барлық адамдардың қатысуы/. Ол егер монарх та, шағын топ өкілдері де, демократия да тек қана халықигілігін ойласа мемлекеттің осы барлық түрлері де жақсы деп санады. Сонымен бірге, оның пікірінше, мемлекеттің осы айтылған әр формасы зиянды бола алады және билеудің ен нашар формасына айнала алады деп санады. Мысалы, монархия азғындап тиранияға, яғни бір адамның ен бақылаусыз билігіне, аристократия – алигархияға, яғни бір игілікті өзі ғана иемденетің шағын топтың билігіне, демократия азғындап охлократияға, яғни қара бухараның билігіне айналуы мүмкін. Аристотельдің өзі афины демократиясын дәл осы охлократия деп санап, оны жақтырмады.

Өзі өмір сүрген заманның перзенті болған, өз енбектерінде солдәуірдің жақсы сипаттарың да шектеуші туйық жақтарын да бейнеленген Аристотель құлдықтың және құл иеленуші құрылыстың идеологы болды. Ол құлдықты қажет және мұның өзі әділетті деп санады, өйткені құлдар өздерінің сырт келбекті жағынан алғанда да, рухани бейнесі жөнінен де өзгеге бағынышты болу үшін жаратылған. Ол адам қоғамында түғаннанан үстемдік құруға қабілетті билеушілер мен бағыну үшін жаралған құлдар болады деп үйретті. Құл енбегін Аристотель қажеттіліқ деп санады, өйткені оны машиналар ауыстыра алады деп ойламаған еді.

Аристотель енбектерінде сол кездегі мәдениеттің жетістіктері көрініс тапты. Аристотель философиясының негізгі проблемаларына диалектикалық тұрғыдан келді, бірқатар ғылымдардың негізін салушы болды.

Аристотель сондай – ақ ежелгі Грецияның аса ірі эстетигі болды. Ол өнердің мәні мен салаларға және түрлерге бөлінуі жөніндегі атақты « Поэтика» қітабің жазды. Аристотельдің « Поэтикасы» өзінен кейінгі уақытта тұған өнердің табиғаты жөніндегі ілімдердің бәріне негіз болды.

Аристотель кейбір деректер бойынша 400 дан 1000 ға жуық ғылыми енбектердің авторы болып есептелінеді. Оның

« Метафизика», «Аналитика», Жаң тұралы», « Категориялар» т.б. енбектерінде өзіне дейнгі ғылыми жетістіктер қорытылып, белгілі бір жүйеге келтіріліп философиялық көзқарасы кенінен ашылды.

Ристотельдің басқалармен салыстырғанда болмыстын жекелеген мәселерін зерттеуді місе түтпай, философиялық бастаманың кен түрдегі табиғатымен шүгылдануы өте манызды. Оның философия жөнінде: « Шыңдығында даналық бутіндей үстем құрушы және жетеқші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Соңдықтан да мақсат пен игілікті зерттейтің ғылым бірінші орыңға қойлды « - дәуі сөз жоқ, аса құнды пікір жалпы Аристотель болмыс тұралы ілімде, дүниегі зат атаулының негізі – материя жөнінде және қасындағы ойларда жетілдірілген, терен зерттелген өз мәні мен манызың осы күнге дейін жоғалта қоймаған небір ой – пікірді дүниеге келтірілген . Мәселен, оның « Метафизикадағы» және заттардың табиғаты тұрасындағы ойларын алып қарастырғанда, бұл енбектерінде Аристотель заттардың табиғатын түсіндірудің 4 себебі жөнінде әнгіме қозғайды: материалды, формальды, өндіргіш және мақсатты себептер...

Аристотельдің мемлекет жөнінде ой – талғаулары өзінің ұстазы Платонға қарама – қайшы. Платонның бұл мәселеде тіптен, меммлекетті жоюға дейін алып келетің радикалды ойлары болғаны мәлім. Ал Аристотель болса, әнгіме мемлекетте емес, адамдардың қанағатсыздығы мен дүние қоныздылығында» дейді.

Аристотельдің саясат жөніндегі көзқарасы да ерекше. Аристотельше саясаттын мәні оның алдына қойған мақсатына қарай айқындалады. Дұрыс олдағы саясаттын негізі – тәрбиелікте.

Адамдар тәрбиенің арқасында тәуір қасиеттерді бойына түзе отырып саясат мақсаты – ігілікке, ал одан әділікке жетеді. Олай болса әділдіқтің салтанат құруы әмбебап игілік деген сөз.

Ал Аристотельдің этикалық көзқарасына келер болсақ, ол Платонның адамның сезімнен тыс, о дүниеге тәуелдігі жөніндегі пайымдауларына қарсы шыға отырып, адамға табиғатынан белсенділіктан дейді. « Политика» атты енбегінде, ол «мейірбандық» пен зулымдық, әділеттілік пен әділетсіздік т.б. жаңуя мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдағы сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді – деп атап өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет