3.7 Инженерлік құрылғылардың шешімі.
Жылыту және желдету жүйесін жобалау ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 «Жылыту, желдету»; ҚР ҚНжЕ 2.04 - 21 -2004 «Азаматтық ғимараттардың жылулық қорғанысы және қуат көзін пайдалану» талаптарына сай.
Жылыту жүйесі
Жылу көзі ішкі: жалпы қалалық су жылытқыш қазандық.
Жылумен қамтамасыз ету сызбасы – екі құбырлы: екі құбыр жылыту және желдету үшін.
Жылумен қамтамасыз ету торабының ішкі жылу тасымалдағыштары – су 150-70 С параметрлерімен.
Жылыту мен желдетуге жылу шығыны су өлшегішпен және жылу түйінінің термотрлерімен ескеріледі.
Жылу жүйесінен құбырөткізгіштерді енгізу орталық жылу түйініне берілген.
Жоба сыртқы есептік температураға байланысты өңделген -35 0 С.
Жылыту жүйесінің жылу тасымалдағышы – су 95-70 0 С параметрлерімен.
Бөлмелердегі ауаның ішкі есептік температуралары ҚНжЕ II-79-77 сәйкес қабылданған.
Ғимарат орталық су жылытқышымен жабдықталған, мұнда үш өздігінен жылыту жүйелері жобаланған.
Магистральді құбыр өткізгіштердің өткізілуі негізінен техникалық қабатта жобаланған, және бөлшекті каналдарда.
Жертөле арқылы өткізілетін калорифермен келтіру және жылыту жүйесінің беруші магистральді құбыр өткізгіштері алдағы лакошыныталшықпен жабылуған минералды мақта өнімдерімен оқшауланады. Оқшаулағыш қалыңдығы 40 мм. Қыздырғыш құралдар ретінде "М-90", "РСГ2 " типті радиаторлар орнатылған, ал холлдарда – "Комфорт" типті конвекторлар.
Желдету.
Бөлмеде механикалық қоздырғышымен приточно-вытяжной вентиляция жобаланған. Ауа алмасу қысқалығы бойынша анықталған.
Ауа приточный жүйедегі фильтрда өңделеді. Қыста калириферде жылытылады.
Қалған бөлмелерде вытяжка В1-В3 механикалық жүйелерімен, қалған бөлмелерде кәдімгі.
Сумен қамтамасыз етілуі
Ғимараттың сумен жабдықталуы сыртқы сақиналы құбыр өткізгіш жүйесінен жүзеге асырылады.
Ғимаратта 100 мм құбыр өткізгіштің енгізілуі жобаланған, ол корпус жертөлесінде орналастырылған. Енгізуде су өлшегіш орнатылады.
Ғимарат ішінде біріктірілген шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы сақиналы құбырөткізгіш жүйесі жобаланған.
Магистральді құбырөткізгіштер техникалық қабатта және конденсаттан оқшауланып корпус жертөлесінде салынады. Су құбырының тіректері ыстық су тіректерімен және канализациямен біріктіріліп шахталарда монтаждалады. Келтірулер ашық салынады.
Оқу корпусы үшін суық судың есептік секундтық шығыны 2,97 л/сек тең. Корпустың ішкі өрт сөндіруіне су шығыны 2 ағыс 2,5 л = 5 л/сек бойынша қабылданады.
Кешеннің шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне жалпы су шығыны 8,05 , шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы қажеттіліктерге шығындар қосындысы 8,05 л/сек. +5,0 л/сек. =13,05 л/сек.
Жалпы су шығыны мына формула бойынша анықталады:
g= 5 g0 L= 8,05 л/сек.
Ыстық сумен қамтамазыс ету
Ыстық сумен қамтамасыз ету электржылытқыш "Аристон" V=50л құралымен қамтамасыз етіледі.
Канализация
Шаруашылық және ауыз суның қалдығы жоба бойынша сыртқы канализация желісімен кетеді. Канализация жүйесі ГОСТ 22689-89 бойынша диамерті ∅50-110мм пластикалық құбырлар арқылы жүреді.
Жарықтандыру жүйесі
Ғимараттың жарықтандыру жүйесі ҚР ҚН 2.04-05-2002 «Табиғи және қоланбалы жарықтандыру» негізінде жүргізілген.
Жоба трансформатордың нейтралі бар 380/220 кернеуге есептелген.
Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша Колледж ғимараты 2-ші категорияға жатады. Электрмен тұтыну өзара резервтелген кабельдермен жүзеге асырылады, олардың маркасы мен қималары жобаны жобалау кезінде анықталады. Барлық электр жүйелері, жобада белгіленгендерден басқа, АНВ- 660 маркалы сымымен жобаланған және былайша орындалады:
а) винилопластты құбырлардағы қоректендіруші таратқыш электр күштік жүйелер берілген қабаттың еденінде және құрылыс конструкцияларында;
б) жарықтандырудың топтық электр жүйелері - винилопластты құбырларда жоғары ораласқан қабатта және штепсельді розеткаларға берілген қабаттың еденінде;
в) аспалы төбесі бар топтық электр жүйелері – болатты жұқа қабырғалы құбырларда.
Жоспардағы топ нөмірлері щиттегі автоматты қосқыштар нөмірлеріне сәйкес келеді.
Электр жабдықтардың барлық тоқ апармайтын металл бөліктері жерленуге жатқызылады. Жерлендіру үшін болат құбырларды және электр жүйесінің нөлдік сымдарын қолдануға болады.
Барлық электр жабдықтар электрқондырғылардың ережелеріне және ҚНжЕ III-33-76 сәйкес монтаждалады.
Найзағайдың тура соққыларынан ғимараттың найзағайдан қорғалу қондырғысы құрылыс сызбаларында қарастыралады және ҚН-36577 сәйкес орындалады.
Жобадағы шартты белгілер мемлекеттік стандарт 2754-72 (әрі карай МЕСТ) бойынша қабылданған.
Найзағай қорғағыш
Найзағайдан қорғау жүйесі 2.04-29-2005“Құрылыс ғимараттары мен имараттарын назағайдан қорғау” ҚР ҚН сай жүргізілген.
Шатыр бойынша найзағай қорғағыш 8А1 арматуралы стерженьдерден тор түрінде жасалады. Найзағайдан қорғау жүйесінің барлық қосылыстары дәнекерленген.
Достарыңызбен бөлісу: |