2.2.Негізгі технологиялық жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің анализі және ұсынылған қорғаныс шаралары
2.2.1. Сорғылар
Мұнай базасының сорғылау станциясы теміржол цистерналарынан мұнай өнімдерін тиеу-түсіру, автоцистерналарға құю, сондай-ақ база ішіндегі ауыстырып құю үшін арналған.
Мұнай өнімдерін ауыстырып құю сорғылары өртке төзімділігі ІІ дәрежелі сорғылау станциясы ғимаратында орналасқан.
Сорғылардың едәуір мөлшерде өрт қаупі бар. Оған сорғыларда жоғары қысымдағы мұнай өнімдерінің болуы, тығыздамалар арқылы ағып кету мүмкіндігі себепкер.
Сорғы станциясында өрт пен жарылыстар негізінен сорғылар мен сорғылау жабдықтарын пайдалану кезінде өрттен сақтану ережелерін сақтамаудан (мысалы, мойынтіректер мен сорғы корпусының қызып кетуі, ақаулы сорғыларды пайдалану, сорғылардағы қысымның артып кетуі және т.б.), майланған материалдар мен арнайы киімдердің өздігінен тұтануынан немесе статикалық электр тоғы разрядынан ұшқындаудан, жерге тұйықтау құрылғысында ақау болғанда, сондай-ақ ашық от көздерін қолдану нәтижесінде пайда болады.
Осылайша, сорғылар мен сорғы станцияларының өрт қаупі:
— вибрациядан сорғылардың герметизациясының жойылуы;
— тығыздамалар мен нығыздауыштардың жұқаланған жерінен мұнай өнімдерінің ағып кетуі;
— гидросоққыдан сорғылардың герметизациясының жойылуы нәтижесінде жарылу қаупі бар шоғырланудың пайда болуынан тұрады.
Тығыздамалардың абсолютті саңылаусыздығын жасау өте қиын: олардың тозуы мен иілгіштігін жоғалтудан сұйықтықтың өтіп кетуі артады. Сондықтан дұрыс пайдаланғанда да және сорғылардың қалыпты жұмыс жасауы кезінде де сорғылау станциясының бос кеңістігіне жарылу қаупі бар шоғырлану түзе отырып жанғыш сұйықтықтың ағып кетуі мен буының шығып кетуі мүмкін.
Сыртқа тебуші сорғының тығыздамасы арқылы ағып кету мөлшерін мына формуламен анықтауға болады:
Gc=0,005
мұнда,Gc – 1 сағатта сорғы тығыздамасы арқылы ағып кететін сұйықтық мөлшері,кг/сағ;
- сұйықтық тығыздығы;
d=30мм сорғы білігінің диаметрі;
k – сұйықтық булануының коэфиценті, k=2-ге тең;
Н – сорғы қысымы, H=40м су бағ. тең
Ағып кету нәтижесінде сорғылау станциясында жарылыс қаупі бар концентрация түзіледі. Мұнай өнімдерін ауыстырып құю үшін сорғы орнатылған.
Сорғы тығыздамалары арқылы ағып кету мөлшерін анықтайық:
Cж = n Gc Gж = 7,134
Мұнда,n – мұнай өнімдерін ауыстырып құю үшін орнатылған сорғылар саны.
Сорғылау ғимаратындағы жарылыс қаупі бар концентрацияның көлемін анықтайық:
Достарыңызбен бөлісу: |