Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Тақырыбы : «Петропавл қаласында орналасқан «Уралнефтепродукт»



бет1/5
Дата22.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#152919
түріДиплом
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті

Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті.



Өрттің алдын алу кафедрасы

Қорғауға әзірленді:

Кафедра бастығы _______ Карменов К.К.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Тақырыбы: «Петропавл қаласында орналасқан «Уралнефтепродукт» мұнай базасында мұнай өнімдерін сақтау технологиясының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша инженерлік-техникалық шешімдерді өңдеу».


Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»


Диплом қорғаушы:__________ Асқаров Р.С.

Жетекші: ______________ Бейсенгазинов Р.А.



Көкшетау 2015 ж.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдай комитеті

Көкшетау техникалық институты
Күндізгі оқу факультеті

Өрттің алдын алу кафедрасы

ТАПСЫРМА

дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша мамандығы


5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
1. Тақырыбы «Петропавл қаласында орналасқан «Уралнефтепродукт» мұнай базасында мұнай өнімдерін сақтау технологиясының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша инженерлік-техникалық шешімдерді өңдеу».

Институт бұйрығымен бекітілді № « » 2014ж.

2. Аяқталған жұмысты (жобаны) тапсыру « » ________2015 ж.

3. Жұмыс (жоба) бойынша қолданылған мәліметтер Мұнай базасы

4. Бөлімдердің орындалу уақыты, сұрақтарды қарастыру, қысқаша мазмұны:




р/с

Бөлімнің атауы

Орындалу уақыты

1

Кіріспе

09.11.14 ж.

2

Жалпы мінездемесі

13.01.15 ж.

3

Технологиялық процестің сипаттамасы

27.01.15 ж.

4

Мұнай базасындағы өрт жарылыс қауіпті зонаға анализ жасау

10.02.15 ж.

5

Қондырғылар мен құбырлардың істен шығу себебін анықтау

24.02.15 ж.

6

Тұтану көздерінің технологиялық мінездемелеріне сараптама жасау

10.03.15 ж.

7

Мұнай базасы териториясында мұнай төгілуінің зияндығына сараптама жасау

24.03.15 ж.

8

Алдын ала қорғау шараларын өңдеу

07.04.15 ж.

9

Мұнай базасының өртқауіпті және өртжарылыс қауіпті категориясын анықтау

21.04.15 ж.

10

Инженерлік және техникалық іс шаралардың экономикалық әсері

05.05.15 ж.

11

Графикалық бөлігі

01.06.15 ж.

12

Алдын ала қорғау

19.05.15 ж.

13

Қорғау

08.06.15 ж.

5. Тапсырманың берілген уақыты

6. Бекітемін (каф.бастығы) ө.қ.қ подполковнигі Карменов К.К.

7. Жетекші ө.қ.қ подполковнигі Бейсенгазинов Р.А.

(лауазымы; аты-жөні; қолы; күні)

8. Тапсырманы қабылдап, орындаған Асқаров Р.С.

9. Кеңесшілер:

Экономика бөлімі бойынша ө.қ.қ майоры Салпыков А.Д.

Графика бөлімі бойынша ө.қ.қ подполковнигі Карденов С.А.

Мазмұны


Кіріспе.....................................................................................................................4

1бөлім.«Уралнефтепродукт» мұнай сақтау терминалының мінездемесі............................................................................................................6

1.1.Мұнай базасындағы технологиялық процесстердің сипаттамасы мен қысқаша мінездемесі.............................................................................................6

1.2. Физико-химиялық және өрттік жарылыс қауіпі бар мұнай өнімдері.............8

1.3. Мұнай базасының негізгі технологиялық параметрлерінің мінездемесі.....10

2 бөлім. Мұнай базасындағы өртжарылғыштық аймақтардың пайда болуының сарапталуы..........................................................................................................13

2.1. Аппараттардың ішіндегі қалыпты жұмыс жағдайдағы жарылысқа қауіпті ортаның бағалануы...............................................................................................13

2.2. Көлденең құрышты сұйық қоймалар.Тік құрыштан жасалған сұйық қоймалар................................................................................................................16

2.3.Эксплуатация кезінде жанғыш заттардың еш бұзылусыз сыртқа шығуындағы өртқауіпсіздігінің бағалауы мен алдын алу шараларын жоспарлау..............................................................................................................18

2.3.1. Мұнай өнімдерінің сұйық қоймалардан шығу кезіндегі мұнай базасындағы дайындықтың бағалануы...............................................................18

2.3.2.Мұнай базасының құймалы-төкпелі эстакада кезіндегі аумақтың газдылық эстакада бағалануы........................................................................................................21

3 бөлім. Аппараттардың және құбырлардың бұзылуының себебін сараптау...........................................................................................................23

3.2. Төгу –құю эстакадаларының зақымдалуының себептерінің сарапталуы және жергілікті апат жағдайларындағы аймақтың газданылуының бағалануы...............................................................................................................25

3.3.Құбырларының бұзылу ерекшеліктерін талдау және олардың қысымға қарсы тұруын бағалау...........................................................................................28

3.4. Сору станциясындағы технологиялық құрылымдардың мұнай өнімдерін айдау кезіндегі бұзылу себептерін анықтау........................................................30

4 бөлім. Технологиялық өрт қауіпсіздігінің пайда болу себептерін саралау.............................................................................................................32

4.1. Атмосфералық тоқтың бірінші және екінші көрінуінің сарапталуы.......................................................................................................34

4.2. Статистикалық тоқтын қауіпін болдырмауды бағалау............................................................................................................35

4.3. Механикалық ұшқындардың болдырмауын бағалаулар........................................................................................................37

4.4. Пирофлық қосындылардың жасалуының қауіптілігінің бағалануы.......................................................................................................37

4.5. Тоқ құралдарындағы ұшқынның пайда болу қауіпін бағалау............................................................................................................38

5 бөлім. Мұнай базасының аймағындағы мұнай өнімдерінің жайылу қауіпінің сарапталуы............................................................................................................39

6 бөлім. Мұнай базасындағы жабдықтар мен өрт пен жарылысқа қарсы құрылғыларды орнатудағы өрт қауіпсіздігіне арналған профилактикалық іс шаралардың жоспары..........................................................................................41

6.1.1. Бірінші және екінші атмосфералық тоқтың пайда болуынан сұйық қоймалардағы қорғаныс шараларының бағалануы..........................................................................................................41

6.1.2. Мұнай өнімдерін қайта ауыстырып құятын №1 сорғыш станциясындағы жасалынған найзағайдан қорғайтын құралдың тәжірибесі..........................................................................................................46

6.1.3.Теміржол эстакадасындағы найзағай қорғаныш пен автоцистерналарға құятын цистерналардың найзағай қорғанышының сараптамасы....................................................................................................48

6.2. Жанғыш ортаны жою.........................................................................................................................49

6.3. Үлкен және кіші дем кезінде туындайтын жағдайларды азайту...............................................................................................................50

6.4. Аппараттар мен құрылғыларды бұзылудан сақтап қалу...................................................................................................................51

6.5. Өртену көздері және мүмкіндіктері.........................................................................................................52

6.6.Өрттің болмауының алдын алу үшін жасалатын профилактикалық іс шаралар.................................................................................................................54

7 бөлім. Өртке және өрт жарылысына қарсы мұнай базасының құрылғыларының қамтылуын анықтау...............................................................58

8 бөлім.Қабылданған шешімдердің экономикалық тиімділігі.........................................................................................................65

Қорытынды............................................................................................................68

Қолданылған әдебиеттер..............................................................................................................69

Кіріспе

Қазіргі қоғам ауыл өндірістік саласындағы шаруашылық салаларына жоспарлы және келісімді жетілдірулер жасап отыр. Солардың ішінде ең көп таралғаны және жетілдірілгені техникалық сала. Технологиялық өндірістер аумағында көптеген өзегістер болып жатыр, осыған орай өрт қауіпсіздік шаралары көптеп орын алуда. Механизациялау, автоматизациялау, электрофикациялаулардың технологиялық процестері электрокабельді шаруашыылқтың дамуымен сипатталады. Және бұндай жерлер өрт шығу қауіпі аса жоғары аймақ болып есептеледі.

Республикамыздың экономикалық шарықтауына ең маңыздысы бұл көмірсутектік шекізаттың қорлары болып отыр. Дегенмен қазақстанның мұнай қоры өте көп,себебі оның негізгі бөлігін Каспий теңізінің қайраны құрайды.

Мұнай өндіретін салаларда технологиялық орнатулар кезінде көптеген қиындықтар көптеп кездесіп отырады және бұл қиындықтар осы салалардың өртқауіпсіздігін арттырады. Алатын өнімнің көбеюі, көліктер, мұнайды сақтау және өңдеу үздіксіз сұйық қоймалардың аумағын кеңейтеді. Соған орай өрт қауіпсіздігіне байланысты сұрақтарда туындайды.

Мұнай мен мұнай өнімдеріне сұйық қоймалар өнеркәсіп құрылысындағы жоғарғы өрт қауіпсіздік аймағы болып есептеледі. Практикалық жұмыстар мен өртке қарсы іс шараларда кез келген жағдайда өрттің ала білу жағдайлары үйретіледі. Мұнай мен мұнай өнімдерінің өртенуі сұйық қоймаларда үлкен қиындықпен тоқтатылады және бұндай жағдайлар көп шығынға әкеледі. Өрттің алдын ала білу, тоқтату шараларын өткізу маңызды болып есептеледі.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек көптеген тәжірибелерден көргендей сұйық қоймаларда мұнай мен мұнай өнімдерінің туындауы сақтық шараларын жүргізбегеннен туындайтынын байқадық. Сол жүргізілген тәжірибелер мен зерттеулер мұнай базаларында және мұнай сақтау аймақтарында өнімдері өрттен сақтау мәселесіндегі сұрақтарды толығымен шешуге болатынын көрсетті.

Жобада мұнай сақтау және өңдеуге арналған мұнай базасының өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында көптеген маңызды идеялар көрсетілген. Қазіргі уақытта заман талабына сай мұнай сақтау және мұнайды өңдеу базалары өте жоғары қарқынмен дамуда. Базадағы барлық мұнай өңдейтін қондырғыларды механизациялау қолға алынған. Мұнай базасында орналастырылатын мұнай сақтау резервуарлары өрт қауіптілігі жоғары обьектілер болып есептеледі. Өрт қауіптілігі жоғарылаған сайын өрттің алдын алу мақсатында жаңадан әдіс тәсілдер ойлап табылуда. Қазіргі таңда әрбір резервуарға автоматты түрде өрт болған жағдайда көбік беретін өрт сөндіру қондырғылары орналастырылған. Понтонды әдіспен де өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету республика көлемінде кеңінен таралуда.

Дипломдық жобада мұнай өңдеу базаларындағы өндірістік аймақтар мен көлемі үлкен резервуарлардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету техникалық регламентке және резервуарларды эксплуатациялау нормативтерінің талабына сай талданып жасалды.



1бөлім. Петропавл қаласында орналасқан «Уралнефтепродукт» мұнай сақтау терминалының мінездемесі

1.1.Мұнай құю терминалындағы технологиялық процесстердің сипаттамасы мен қысқаша мінездемесі

«Уралнефтепродукт» мұнай сақтау терминалы Петропавл қаласындағы мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Мұнай өнімдерінің жеткізілуі теміржол арқылы орындалады.

Проект бойынша екі ағызбалы теміржол фронты қарастырылады: ашық түсті мұнай өнімдері мен қоңыр түсті мұнай өнімдері үшін.

Ашық түсті мұнай өнімдерін қабылдау үшін екі жақтық КС-2 эстакадасы қарастырылған,оның ұзындығы 72 метр. Вагон-цистерналарына төменнен құю үшін әрбір бағанада жалғастық орналастырылған. Эстакададағы құрылым қадамы -6 метр.

Майларды төгу процесстері әрбір бесінші құрылым бойынша орындалады. Олар төкпелі фронтта бочкаларға қойып орналасқан. Ол үшін жәшіктер қоймасында арнайы орын бөліп берілген. Оларға таратпалы крандарда бөлінген, олар сұйық қоймадағы бочкаларды тазарту үшін арналған. Оларды қайта толтырып отыру үшін тіреуіші бар крандар орнатылған.

Құю-төгу операциялары арнайы эстакадалар арқылы жүргізіледі.

Екі тартып алуға арналған сорғы ветиляциясы орнатылған. Сорғыларда: екі поршен сорғысы П-75 пен П-80, алты орталық сорғы-5НДВБ мен 6НДВБ, екі вакуумдық сорғы РМК-3 орнатылған.

Ашық түсті мұнай өнімдерін сақтау үшін тік сызықты сұйық заттар сақтайтын сыйымдылығы 15800 мың куб.м ден 7 ыдыс қолданылады. Соның ішінде :

3000 куб.м -5 түйір

4000 куб.м -2 түйір.

Қоңыр түсті мұнай өнімдерін сақтау үшін екі жерасты шығырлары қолданылады. Онда тік сызықты сұйық заттар сақтайтын сыйымдлығы 75 куб.м ден болатын 4 түйірі орналасқан. Оның шектеулі сыйымдылығы – 300куб.м.

Автоцистерналарға ашық түсті мұнай өнімдерін құю үшін тиеу жұмыстарына арналған 4 орындық автоқұйғыш пайдаланылады,ал қоңыр түсті мұнай өнімдеріне 1 орындық берілген.

Технологиялық құбырлардың сызбанұсқалары келесі шарттар бойынша орындалады:


  1. Ашық түсті мұнай өнімдерін теміржолдарға қабылдау бірден 4 вагоноцистерналармен және 2 қоңыр түсті вагоноцистерналардың мұнай өнімдері мен майларға.

  2. Ашық түсті мұнай өнімдерін сорғылар арқылы құймалы және автоқұймалы крандармен станцияларға жіберу.

  3. Автоматтық және өлшеп орайтын машинаға сорғыштың көмегімен кіші ыдыстарға бөлшектеп өлшеу және құю.

  4. Құбырларды тазарту.

  5. База ішілік ыдыстарға кұю.

Теміржолдан ашық түсті мұнай өнімдерін қабылдап алу үшін 7 түрлі сору жүйелі құбырлар қолданылады: олардың 10219 х 5 және 159 х 5 және үш құбырлар  159 х 5 майлар және қоңыр түсті мұнай өнімдері үшін.

Қабылданғанғанға тоғытпалы құбарларының ағызып жіберу майдандарының сорғы үйірлерінен сұйық қойма паркіне дейін:

а) ашық түсті мұнай өнімдері үшін 9 құбыр- 80159 х 5 және 10219 х 1

б) қоңыр түсті мұнай өнімдері және майлар үшін 30159 х 5

Автоцистерналарға ашық түсті мұнай өнімдерін құю 7 құбыр бойынша орындалады: олардың 20159х6 этилденген жанармай және дизельдік жанармай және 50108х4 тармақтың 3057х3,5 құймалысы.

Қоңыр түсті мұнай өнімдері мен майларды құю үшін автоцистерндерге 10 0108х4 жинақталған. Ашық түсті мұнай өнімдерін құбырлар арқылы қабылдау және жіберу қатты жерлерде орналастырылған. Қоңыр түсті мұнай өнімдері мен майларды қабылдау және жіберу нағыз жылытылған және отқа төзімді лакпен боялған жерде орналастырылған. Барлық құбырлар сорып шығарылуға бейімделіп орналастырылған.

Мұнай базасының аумағында химиялық зертхана орнатылған. Онда мұнай өнімдерін ылғи қатаң бақылауда ұстап отырады.

Мұнай базасының аумағында шағын бекет ТП400-10/0,4 орналасқан . авариялық электрожабдығы дизельдік шағын 100 квт бекетте орналасқан.

Қосымша механикалық цех, электрліцех, жәшіктер алаңы, жәшіктер қоймасы, материялдық қойма, гараж, әкімшілік ғимарат бар.


1.2. Физико-химиялық және өрттік жарылыс қауіпі бар мұнай өнімдері

Жанаржағармай - түссіз тез жанатын сұйықтық,олар жеңіл көмірсутектердің араласы. Олар жану барысында төменге қызып түседі. Қыздырылған қабаттардың өсім жылдамдығы 0,7 м/с; қыздырылған қабат қысымы 80-100 0С; оттың кызымы 1200 0С. А-76 жанаржағармайы спирттің қоспасы және түссіз тез жанатын сұйықтықтан тұрады. Қоспаның құрамы %(масс): жанаржағармай А-76-8; изобутан-6-9; метанол-14,5-15; су-0,08-0,15; тұтану қызуы -35 0С; өздігінен тұтану қызуы 375 0С;оттың шектеулі таралу қызуы: төменгіде -35 0С, жоғарыда 17 0С.

Авияциялық жанармай тығыздығы 732 кг/м ; тұтану қызуы -37 0С; өздігінен тұтану қызуы 440 0С; оттың шектеулі таралу қызуы: төменгіде -35 0С,жоғарғыда-917 0С.

tнпв – Δt ≤ tр < tвпв + Δt (1)


1.2.1 Кестесі. Әртүрлі маркадағы дизельді жанармайдың өртке және жарылысқа қарсы көрсеткіштері





АВТ

ДА

ДЗ

ДЛ

ДС

ДТ-1

ДТ-2

3

Молекулалық қысым

-

-

-

-

-

-

-

172,3

Тығыздық

866

847

815

841

832

916,8

921

804

Қайнау қызуы

-

-

185-348

198-356

-

-

-

209

Жанғыш тобы

ГЖ

ГЖ

ЛВЖ

ГЖ

ГЖ

ГЖ

ГЖ

ЛВЖ

Тұтану қызуы,0С

75

64

59

65

92

110

110

48

Жанудың қызуы,0С

-

-

-

-

112

-

-

-

Өздігімен жанудың қызуы,0С

260

330

237

225

231

370

350

225

НКПВ,%(об)

-

-

-

-

-

-

-

0,6

НТПВ/ВТПВ,0С

-

571/105

54/98

64/116

76/146

90/13

7


91/15

5


43/92

Керосин –тез жанатын сұйықтық 2 кестеде көрсетілген.

1.2.2 Кестесі. Әртүрлі маркадағы өтке қауіпті көрсетілім көрсеткіші.


Керосин

Тығыздық

кг/м 3


Қызу, 0С

Жалынның жайылу қызулық шектеуі.

,%

Н

К



П

В


қайнау

жалындау

жану

өздігінен жану

Төменгі

жоғарғы

Ағартқыш

729

-

57

63

238

35

75

-


Сульфиттелген

810

-

51

-

235

43

75

-


Тракторлық

823

-

4-28

-

290

4-27

35-69

1

Мазут-жанғыш сұйықтық. Өз алдына мұнай отындарынан қалған қалдық өнімдерді құрайды. Қрамы,% : көмірсутек-83,5-88,5; сутегі 10,5-12,5; тығыздық 890-995 кг/м ; тұтану қызуы 85 0С; өздігінен жану 2500С; оттың шектеулі таралу қызуы: төменгі - 350С,жоғарғы - 170С. Мазуттар жану барысында төменде жанады. Күйіп кету жылдамдығы 0,015 кг/ (м2с); қызудың қыздыру қабаты 230-3000С, жалынның қызуы 10000С.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет