Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Тақырыбы: «Ірімшік зауыты» апат кезінде өртті сөндіру тактикасы



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#124676
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Өрт сөндіру мақсатында диаметрі 200 мм сақиналы өртке қарсы су құбыры бар, біріншісі 20 метр ара қашықтықта, екіншісі 45 метрде, ал ушиншісі 60 метрде орналасқан. Ғимаратта диаметрі 51 мм өртке қарсы су құбыры бар, 24 өрт краны орнатылған. Өрт сөндірудің алғашқы құралдары 47 дана ОП-5.


Технологиялық процесстердің өрт қауіпсіздігі (заттар мен материалдардың).

Ғимаратты пайдалану процесінде өрт себебі болуы мүмкін:

  • отты абайсыз пайдалану;

  • электр жабдықтарын пайдаланудың ережесін бұзу;

  • электр сымдарының қысқа тұйықталуы;

  • құрылыс-жөндеу жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу;

  • өртеу.

1.4. Өрт сөндіру құралдарын таңдау.


Өрт сөндірудің нормативті параметрлері болып табылады:

  • берілген жанғыш заттар мен материалдарды сөндіруге әртүрлі өрт сөндіру заттарының жарамдығы;

  • берілген әдіспен берілген заттар мен матреиалдарды сөндіру үшін қажетті өрт сөндіру заттарының үдемелі мөлшері;

  • сөндіру уақыты;

  • өрт сөндіру заттарын берудің интенсивтілігі.

  • Ірімшік зауытында сақталатын қоймасында жанғыш материалдарға төмендегілер жатады:

  • стеллаждардың ағаш төсенділері;

  • тауарлардың жанғыш орамасы;

  • тігін және жеңіл тамақ өнеркәсібінің өнімдері.

Өртті сөндіру үшін әртүрлі өрт сөндіру құралдарды пайдаланады. Суды және ылғалдандыру сулы ерітінділерін шатырды, көрші бөлмелерді қорғауға және т.б. өрттерді сөндіру үшін пайдаланады.

Қойманың аз ғана ауданында көп мөлшерде жанғыш материалдардың сақталуы, өрттің тез тараулына алып келеді. Статистика бойынша тауарлар сақталатын қоймаларда өрттің сызықтық таралу жылдамдығы 0,5-1,2 м/мин аралығында.

Өртті сөндіру үшін жанып жатқан материалдар мен заттарды суыту әдісі тиімдірек. Суыту жылдамдығы өрт сөндіргіш заттың түріне, жылу қабылдау коэфициентіне және температура айырмашылығына байланысты. Сыйымдылығы өте үлкен сұйықтықтарды қолданған ыңғайлы. Осындай өрт сөндіргіш зат түріне су жатады. Су өртке қарсы қызметінде қолданылатын ең көп тараған өрт сөндіргіш б.т. су өзінің арзандығы мен жеткіліктігіне қоса жылу сыйымдылығы өте жоғары, жоғары булану жылуы, қолдануға ыңғайлылығы, суды шашыранды, жинақы және өте жінішке шашыранды ағын қылып шашуына көмектеседі. Негізгі өрт сөндіргіш қасиетіне судың жанып жатқан затты жану температурасынын төмен температураға дейін суыта алуы жатады. Су жылуды бойына сіңгірген соң, жылуды булануға жібереді. Судың жылу сыйымдылығы 4,19 Дж/кггард. Өрт сөндіру кезінде су буға айнала отырып (1 литр судан 1700 литр бу шығады), су байланысқа түсетін заттарды айырады.

Судың төмен жылуы жанып жатқан материал бетінде сенімді жылу изоляциясын жасайды. Судың өте жоғары термиялық тұрақтылығы оны (1700 Со-та бөліне бастайды) көптеген қатты заттарды өшіруге қолдануға мүмкіндік береді, аз тұтқырлықты және сығылуы да аз ғана, бу мен газдардың концентрациясын баса алады, аэрозольдарды жұтады. Өрт сөндіру мақсатында қолдануға жеткілікті, көптеген заттар мен материалдар инертті келеді.

Судың негізгі кемшіліктеріне электр өткізгіштігі, жоғары беттік тартылуы (0,07275 Дж/м2) жатады және соңғы кемшілігіне байланысты жанып жатқан материалдарды нашар сулайды. Беттік тартылуын сіңдіргіш заттарды қосу арқылы төмендетуге болады. Сіңдіргіштерді судың беттік тартылуын сіңдіргіштерді қосу арқылы 0,0364 Дж/м2 дейін төмендетуге болады. Осы түренде су жақсы сіңгіш қасиетке ие болады. Сіңдіргіш заттар араласқан су қоспалары, судың шығындалуын 30-50 %-ға төмендетеді.

Ең көп тараған сіңдіргіш ретінде КТ-1 көбіктендіргіші есептеледі, оның суға қатысты тиімді мөлшері 3,5-4 %.

Өрттің сәтті өшіруіне әсер ететін маңызды факторға судың берілу интенсивтілігі жатады. Өрт сөндіргіш заттардың берілу интенсивтілігін 0,2 л/см2 тең деп аламыз.

Қорытынды: «Ірімшік зауыты» өртті сөндіруге өрт сөндіргіш зат ретінде сіңдіргіш қосылған суды аламыз.



2.Өрт сөндіру тактикасы.

2.1.Өрт статистикасы және олардың себептері.

«Ірімшік зауыты» өрт жиі болып тұрады және өртке қарсы қызметінің қызметкерлері адамдардың шығынына байланысты оның пайда болу себептеріне көп уақыт бөліп толық меңгеруде. Бұл өрттердің себептері негізінен мыналар болып табылады:

  • отты дұрыс қолданбау;

  • электр қондырғыларымен қолдану ережелерін бұзу;

  • электр қондырғыларда және сымдарда қысқаша тұйықталу;

  • құрылыс жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;

өртеу.

Осы кезде көбінесе өртті сөндіруді ұйымдастыру қиындықтарынан ерекше қорытындыларға әкеп соғады.

Зауыт мекемелеріндегі өртті сәтті сөндіруге өрттің еркін даму уақыты көп әсер етеді. Бұл уақытта оны табу уақытынан басқа өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабар жету уақыты кіреді, ол кезекші персоналының барына байланысты, өртке қарсы қызмет бөлімдерімен тікелей байланыс 7-ден 20 мин-қа дейін (орташа мағынасы 12 мин).

Ғимараттарының өрт төзімділік дәрежесі I және II болғанда өрттің сызықтық даму жылдамдығы 0,5-тен 1,2 м/мин дейін, ал өрт төзімділік дәрежесі III және IV ғимараттарда 2-ден 3 м/мин дейін, бұған жанғыш материалдардың көп мөлшерде бары әсер етеді, сауда кешендерінде

100 кг/м2,ал сауда кешендерінің қоймаларында және жер асты қабатында 200-300 кг/м2 құрайтын өрт ауыртпалығы куәландырады.

Бұның бәрі өрттің ауданының үлкен жылдамдықта өсуіне әсер етеді, ол келтірілген өрттерде 3-тен 45 м2/мин-қа дейін өзгереді.

Өрт ең алдымен адамдарға қауіп төндіреді.

ӨСБ өртке келісімен әкімшілікпен және қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады, адамдарды көшіру бойынша, көшіруге жататын адамдардын санын, олардың жағдайын, көшіру орынын анықтайды, сонымен қатар қай қызмет көрсету персоналын құтқаруға қатыстыруға болатынын анықтайды. ӨСБ тез адамдарды құтқаруға күштің жеткілікті екенін бағалайды және қосымша күштер мен құралдардың өртке қажеттігін анықтайды.

Зауыт өрттердің анализін қорытындылай келе, өрт пайда болғанда жалын тауар қораптарының және бөлмелердегі қосымша әсемдеу материалдарының бойымен тез тарайды, бөлмелер түтінге лезде толып өрт сөндірушілерге адамдарды құтқаруға және сөндіру жұмыстарымен айналысуға кедергі келтіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет