Дипломдық жұмыс Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану Дайындаған: Жетекшісі: жоспар



бет14/18
Дата18.11.2023
өлшемі0.52 Mb.
#483628
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Дип.-Кәсіпорынның-негізгі-капиталын-пайдалану

Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері бойынша есептелінді

Жоғарыда көрсетілген кестедегі мәліметтерді мына формулалардың көмегімен анықтадық;


Негізгі қордың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер;

  1. Ққ= ; тг/тг (13)

  2. Қс= ; тг/тг (14)

  3. Кқарул= ; тг/Адам (15)

“Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі қорлардың жылжуы туралы есеп беруіне сүйене отырып, негізгі қордың тиімділік көрсеткіштері қор қайтарымы, қор сыйымдылығы және жұмысшылардың қор қарулануы анықталды. Анықталған мәліметтерге сай, кәсіпорын жыл сайын жаңа құралдарды өндіріске еңгізгені нәтижесінде қор қайтарымы есепті жылы базистік жылға қарағанда біршама жоғарылаған.
Екі жыл көрсеткіштерін салыстыра келгенде "Жамбылгипс" АҚ-ның кәсіпорынының негізгі құралдарының жағдайы, яғни орташа жылдық құны төмендегенін байқаймыз.Есепті жылы 2004 жылмен салыстырғанда 54405,5 мың тенгеге көбейіп отыр. Менің ойымша кәсіпорындағы негізгі құрал –жабдықтың моральдік тұрғыдан шектен тыс тозуы сапалы өнім өндіруге, өндірістің толық қуатта жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеуіне байланысты есептен шығарылып отыр.
2004 жылы "Жамбылгипс" АҚ-ның қор қайтарымдылығы 2,12 тенге, ал 2005 жылы 0,62 тенгеге төмендеп отыр. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші басшыларға бекітілген қорлардан қаншалықты табыс алатынын көрсетеді.
Келесі қарастыратын көрсеткішіміз ол қор сыйымдылығы, яғни 1 теңге өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін көрсетеді. Қор сыйымдылығы – бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланысты. Қарастырылып отырған кезең уақытында 2004 жылы қор сыйымдылығы 0,47 тенге, ал 2005 жылы 0,62 тенгені құрады. Қор сыйымдылығы төмендеген кезде негізгі өндірістік қорлардың жақсы қолдануы байқалады.
Сонымен бірге 1 жұмысшының қормен қарулануы 2005 жылы 437,5 мың тенгені көрсетті, ол 2004 жылға қарағанда 16 пайызға артты.
Кәсіпорынның табысты қызметінде мүлкінің қоғалысы да маңызды роль ойнайды. Сондықтан кәсіпорын тозығы жеткен құрал-жабдықтарды есептен шығарып, оның орнын жаңасымен толықтыруға тырысып жатады. Тозығы жеткен құралдар есептен шығарылып, оның орнына басқа жаңа құралдармен ауыстырылып жатады.
Негізгі қорлардың толық барын көп жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй; б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған; в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны - бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.
Негізгі қорлардың ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге болады.
Фс = Фн + Фв · Тв/12 – Фл · Тл/12 (16) мұндағы, Фн – негізгі қорлардың жыл басындағы құны;
Фв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны;
Фл – жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны;
Тв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлардың
функционирлену уақыты;
Тл – жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі
өтіп кеткен уақыт.
Негізгі қорлардың тозушылық дәрежесін тозу коэффициенті арқылы есептейді, ол негізгі қорларды тозу сомасының, оның толық құнына қатынасымен анықталады немесе жарамдылық коэффициентінің 1 (100%) толығуын айтамыз.

Ктозу =


Тозу сомасы

Негізгі қорлардың толық бастапқы құны (17)


немесе Ктозу = 1 – Кжарамд.
Негізгі қорлардың жарамдылық дәрежесін анықтау үшін жарамдылық коэффициенті пайдаланылады, ол негізгі қорлардың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Жарамдылық коэффициенті шығарылатын өнімге әлі ауыстырылмаған негізгі қорлар көлемін сипаттайды. Ол тозу коэффициентіне кері пропорционалды.

Кжарамд. =


Негізгі қорлардың қалдық құны


Толық бастапқы құн (18)

немесе Кжарамд. = 1 - Ктозу


Тозу және жарамдылық коэффициенттерін жағдайына қарай жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Олар негізгі қордың жағдайын оның техникалық деңгейін сипаттайды.
Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері период ішінде негізгі қорлардың түскенде және шыққанда оның көлемін және құрылымын сипаттайды. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті есептік кезең аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды, негізгі қорлардың қайта өндіріс көрсеткіші болып табылады, есептік жылы қозғалысқа түскен жаңа негізгі қорлар құнының жыл аяғындағы негізгі қорлар құнына қатынасымен анықталады:

Кжаңарту =


Жаңа негізгі қорлар құны
Жыл аяғындағы негізгі қорлар құны (19)

Ол қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың қатынастық сипатын көрсетеді.Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады:

Ктүсім =
Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны
Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны (20)
Негізгі қорлардың қайта өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың интенсивті коэффициенті пайдаланылады:

Кинт. =


Жойылған негізгі қорлар құны
Қайта енгізілген негізгі қорлар құны (21)

Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.


Негізгі қорлардың тек қана тозуы және өте ескіргендігінен пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын жою коэффициенті:

Кжою =


Жойылған негізгі қорлар құны
Негізгі қорлардың жыл басындағы құны (22)

8 кесте -"Жамбылгипс" АҚ-ның негізгі құралдардың қозғалысын және техникалық жағдайын бағалау көрсеткіштері





Негізгі көрсеткіштер

2004 жыл

2005
жыл

+;-


%


1

Тозу коэффициенті

0,27

0,21

-0,06

-0,8

2

Негізгі қор жарамдылық коэффициенті.

0,73

0,79

0,06

108,2

3

Негізгі құралдардың істен шығу коэффициенті

0,28

0,23

-0,05

82,1

4

Негізгі құралдар жаңару коэффициенті.

0,45

0,21

-0,24

0,5

Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері бойынша есептелінді
Жоғарыдағы кесте мәліметтері "Жамбылгипс" АҚ-ның негізгі құралдарының техникалық жағдайын сипаттайды. Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай негізгі құралдардың есепті жылы 21% тозғанын байқаймыз. Соған сәйкес 79% өндірісте жарамды болып есептеледі. 2004 жылы кәсіпорында негізгі құралддардың 28% істен шыққан, кәсіпорында тозған негізгі құралдардың есепті жылы тек қана 21% ғана жаңартылған, ал алдыңғы жылы негізгі құралдардың 45% қызметінің соңғы нәтижесіне әсер етті. Есепті жылы өндіріс тиімділігі күрт төмендеп кетті, өйткені кәсіпорын шығынмен жұмыс атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет