Дипломдық жұмыс Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану Дайындаған: Жетекшісі: жоспар



бет17/18
Дата18.11.2023
өлшемі0.52 Mb.
#483628
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Дип.-Кәсіпорынның-негізгі-капиталын-пайдалану

ҚОРЫТЫНДЫ
Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет – бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек.[2]
Қазақстанда құрылыс өнеркәсібі экономикалық дамуындағы маңызды сала болып табылады. Құрылыс өнеркәібінің дамуында «Жамбылгипс» АҚ алатын арны ерекше. Ол Тараз қаласында гипс өндіруші алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Гипс өнімдерінің өте жоғары сұранысқа ие болуы кәсіпорында өндіру көлемінің жыл сайын қарқынды өсуіне әкеп отыр. Бұл өнімнің өзіндікқұнының төмендетілуі, өндіріске жаңадан цехтардың енгізілуі, сондай-ақ өндірісті автоматтандыру, жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату, өндірістік техникаларды үнемі жаңарту нәтижесінен болса керек. Қазіргі таңда өндіріске салынған инвестициялардың көп бөлігінің шикізаттық салаға тартылуы құрылыс саласының артықшылықты даму жағдайымен ерекшеленеді.
Шикізаттық бағыттан арылу бүгінгі экономиканың басты мақсаты. Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі капиталдың моральдық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық пайдаланылмайды 1.
Қазіргі кезде кәсіпорын өндірісінде қолданылатын техниканың ішінде моралдық және табиғи тозығы жеткен құрал-жабдықтардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған құрал-жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру әлеуеті төмен болып отыр. Жалпы моральды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым. Өндірістегі құрал-жабдықтардың орташа жасының жоғарылығы байқалады.
Бұндай капиталды ұзақ уақыт сақтау еліміздің өндірістік аппаратының әрі қарай ескіруіне әкеп соқтырады, экономиканың жоғарғы қарқынмен ішкі дамуына және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті жоғары өнім өндіруге мүмкіндік бермейді. Еліміздің техникалық артта қалуы күшейе түседі және ол жыл өткен сайын жинақталған ғылыми техникалық әлеуеттің толық жойылуына әкеледі.
Өндірісті дамытудың негізі кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі негізгі капиталдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізіледі.
«Жамбылгипс» АҚ негізгі капитал кәсіпорынның маңызды активері болып табылатындықтан негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу кәсіпорынның негізгі міндеті. Кәсіпорында өндірістік қорларды тиімді пайдалану үшін капталды жөндеу жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде жүргізіп отыру, бұрғылау ұңғымаларының толық өндіріске қатысуын, өндірістік қуаттарын толық пайдалануын қамтамасыз ету, негізгі қорладың тозу ысырабын азайту, не өндірісті және еңбекті жетілдіру негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әртүрлі бос тұрып қалуын қысқарту арқылы олардың тиімділігіне қол жеткізіледі.
Сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, табысы азаяды, бұл кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқартады. Амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорларды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы төмендеп, кәсіпорының нарықтағы жайғасымы ысырап болады.
Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму үлгісін қалыптастыру экономика дамуындағы басты бағыт болып отыр. Өнім сапасының халықаралық сандарттарға сәйкестендіру, техникалық, амортизациялық саясатты жетілдіру және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамсыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру қазіргі заман талабы 26.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет