Дипломдық ЖҰмыс шымкент 2009 ж ф-об-001/033 мазмұны кіріспе


Қазақ-түрік рухани байланыстары



бет4/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#149606
түріДиплом
1   2   3   4   5

2.2. Қазақ-түрік рухани байланыстары

Қазақ-түрік мәдени байланыстары жүйесінде рухани ынтымақтастық, адами және діни-мұсылмандық дәстүрлерді калпына келтіру де ерекше орын алады. Кеңестік дәуірде Қазақстанның діни қауымы да бүкіл КСРО құрамындағы республикалар сияқты әсіре атеистік саясаттың қыспағында болғаны аян. Осы-ның салдарынан халықтың рухаңи жан-дүниесше, діни салаға байланысты мәде-ни құндылықтарын бағалауда, пайдалануда үлкен зансыздықтарға, кемшіліктерге жол берілді. Бұл, әрине, бірыңғай діни көзқарас, кері тартпалық ұғымында айтылып отырған жоқ. Керісінше, діни наным-сенімді ұстану адамды руханият аясында тәрбиелеуге септігін тигізед;. Белгілі бір мөлшерде зайырлы қоғамнын өркениеті аясында сол аркылы әр адамға имандылық қасиетін дарыту жанында тәрбие берілсе онан ешқандай мемлекет ұтылмайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атап өткеніндей: "Елдігімізді нығайтудағы басты міндет, ортақ заңдылықтар мені құндылықтар негізінде барлық халықтар мен қоғамның мәдени әрі рухани бірлігін сақтай білу болып табылады".

Мәдениетте идеология мен руханияттың белгілі бір элементі әрдайым орын алатындықтан, руханият мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Егер олай болмаса, зерттеуші Е.Ертісбаев айтқандай: "Өзге жол жоқ, өйткені жалпы адамзаттық, әлеуметтік қағидалардың жеңілісі, ақыр аяғында, ұлттық мемлекеттің жеңілісі болып табылады.". Осы тұрғыдан уақыт талабы - ұлтымыз бен рухани мәдениетімізді қайта жандандыру.

Қазақ халқының көшпенді түрік мәдениетінің жалғастырушы-мұрагері бола отырып, көбіне мұсылман мәдениетінің тізгінін ұстанған ұрпаққа айналғанды-ғына тақырып барысында тоқтала кетеміз. Осы орайда, түрік халыктарының

Ф-ОБ-001/033

басым көпшілігінің ислам дінін қатаң ұстанбаса да, ұлттық сәйкестілігіне байланысты өздерін мұсылман ретінде санайтындықтарын айта кетейік. Мысалға, Қазақстан халқының 65%-ын мұсылмандар құрайтындықтан, ислам діні көпшіліктің діні ретінде қарастырылады.

Мұсылман діні ғасырлар бойы қазақ халқының ділі (менталитеті) мен мәдениетінің дамуына маңызды үлес қосып келді. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Ә. Дербісалиевтің айтуынша: "... Ислам - қоғам мәнінің, тарихы мен табиғатының бірте-бірте дамуына сай келетін жалпы адамзаттық демократиялық құндылықтарды уағыздайтын дін болғандықтан, оның жарқын болашағына еш күмән жоқ".

Жалпы мұсылман өркениетінің бір мүшесі бола тұра, қазақ халқы, негізінен, діни руханият жағынан басқалардаң кейінірек тұрғанын мойындау керек. Бұл мүмкін біздін коғамымыз үшін қазіргі жағдайда жағымды сипат ала ма, жоқ па, оны келешек көрсетеді. Бірақ халқымыз түрік әлемінің өкілі екендігін ұмытқан жоқ. Қазіргі таңда, көптеген ғылым және мәдениет саласының қайраткерлері XXI ғасырдың түрік мәдениеті мен өркениетінің ғасыры болатындығын тілге дәйек етіп жүр.

Егер тарихи тұрғыдан келсек, ұлттық мәдениетімізде жалпы мұсылман және түрік мәдениеттерінің ерекшеліктері үйлесімді түрде біріккендігін байқауға бо-лады. Сол себептен, ортақ мәдениет, тарих, тіл және дін тұрғысынан бауырлас болып келетін Түркия Республикасы Қазақстанның дін саласындағы рухани жандану және ағарту жұмыстарының іске асуына белсене ат салысып жүрген серіктес елдердің бірі болып табылады. Түркия тәуелсіздігімізді бірінші болып мойындай отырып, көптеген салаларда, онын ішінде дін алаңында да достық пен ыптымақтастық жасасуға ниет біддірді. Осының негізінде -1990 жылдардың бас кезінде ресми мемлекеттік қатынастармен қатар екі елдің діни қайраткерлерінің де қолдауымен ынтымақтастық негізі қаланды.

Ф-ОБ-001/033

Дін мен мәдениетті тарату жолында ағарту ісінің маңызды орын алатындығы баршаға мәлім. Сондықтан да, діни білім беру, діндерді ғылыми тұрғыдан үйрену, меңгеру және үйрету мәселесі кіші қалған Қазақстан жағдайында бұл мәселекі қолға алу қажет болды. "Аңқау елге -Врамза молда" деген халық мақалы тегін айтылмаса керек. 1980 жылдардын соңы - 1990 жылдардың бас кезінде бұрынғы "атеистік" мәнінен тайып, молда бола қалған қаншама шенеу-ніктерді, ел арасынан шыққан арамза молдаларды халық жақсы біледі.

Қазіргі таңдағы мәдени, ғылыми және рухани байланыстардың сабақтас-тығына нұсқай отырып, осы байланыстарды нығайту және дамытуда қасиетті Түркістан мен артында өшпес із қалдырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың шығармаларының маңызды орын алатындығын баса айта кеткен жөн.

Түркі әлемінін ұлы ойшылы әрі ислам дінінің сопылық ілімі негізін қалаушы - Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында жерленген. Түркі халықтары арасында ислам діні Қожа Ахмет Ясауи арқылы кеңінен тарағандықтан, түріктер Түркістанды "екінші Мекке" деп те атайды.

1993 жылы Түркияда "Қожа Ахмет Ясауи жылы" аталып өтті. Түркияның Эржиес университетінде өткізілген Қожа Ахмет Ясауидің 900 жылдығына арналған халықаралық симпозиум жұмысына қазақстандық ғалымдар және қай-раткерлер де қатысты. 1991 жылы ашылған Түркістан мемлекеттік университеті 1993 жылы ҚР Президентіңің Қаулысы бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралык қазақ-түрік университеті болып қайта құрылды. Оның құрамында дінтану саласы бойынша да мамандар даярланады. Бұл да қазақ-түрік қатынас-тарындағы дәстүрлі рухани жағдаятты қалпына келтіруге бағытталған шара.

Түріктердің рухани астанасы болып табылатын Түркістан қаласы бүгінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ арқылы түркі әлемінің ғылыми, мәдени және діни іс-шаралары өткізілетін бас орталыққа айналып келе жатыр. Онда Қожа Ахмет кесенесінен 500 метр жерде жана мешіт салу жоспарланып отыр.

Ф-ОБ-001/033

Бұл іс Қазақстан мен Түркия Президенттерінің келісімі бойынша жасалады. Оның жобасы қазір даяр. Құрылысы 2002 жылы күзде басталады деп күтілуде. Құрылыс шығынын түрік жағы өзіне алған.

Діни ғимараттарды қайта қалпына келтіру және жөндеу-құрылыс жұмыс-тарымен айналысатын түрік мемлекеттік "Вакыф Иншаат" компаниясы тарапы-нан толық жөндеуден өткізіліп, 2000 жылы күзде болған Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында қайта жанданған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - бауырлас екі ел арасындағы мызғымас достық пен ынтымақтастықтын жарқын мысалдарының бірі.

Түркия елі дінтану саласы бойынша жергілікті мамандарды дайындауда да өз еңбегін, қаражатын аянбауда. Мысалға, жоғарыда айтылғандай, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ құрылғаннан бері осы оқу ордасында "дінтану" мамандығы ашылып, онда қазақстандық және түркиялық оқытушы-профессорлар дәріс беріп, әртүрлі тақырыптарда зерпеулер жүргізіліп, семинарлар мен конферен-диялар ұйымдастырылуда.

ЮНЕСКО басшылығымен 2000 жылы Түркістанның 1500 жылдық мерейто-йы аталып өтіліп, осы тойға ТР Президенті Ахмет Неждет Сезер ресми сапармен арнайы келіп, қатысты. Осы мерекенің бағдарламасы төңірегінде "Қазақстанның және түркі әлемінің руханияты мен тарихында Қ.А.Ясауидің және Түркістанның релі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Аталмыш конференцияға түркиялық ғалымдар мен мәдениет және дін қайраткерлері белсене қатысты.

Сонымен, Қазақстан және Түркия Республикалары арасындағы дін саласы бойынша ынтымақтастықтың күрделілігіне қарамастан, бұл жұмыс жемісті, әрі үздіксіз жүргізіліп, үнемі дамып, күй өткен сайын кең ауқымды қамтып бара жатқандығын айқын көріп отырмыз. Шынында да - адам еркіндігін қамтамасыз ету және әлем бірлігін нығайтудағы бірден-бір құрал екендігі сөзсіз.

Ф-ОБ-001/033

Дін саласындағы ынтымақтастық-екі жақты қарым-қатынастың тұрақты злементте-рінің пірі деп қарастырған жөн. Өйткені, дінде шек те, ұлт та жоқ. Ол - халықтар арасында өзара түсіністік пен сенімді қалыптастыратын жолдардың бірі. Осы орайда айта кетейік, Қазақстан Түркия Республикасынан басқа түрік тілдес елдерімен дін саласында мұншалықты тығыз байланыстарды байқатқан жоқ.

Қазақстанның Түркиямен дін саласындағы байланыстарына Республикадағы ресми орган ретінде Үкімет жанындағы дін істері Басқармасы, Қазақстан мұсылмандары қауымдастығының басқармасы (Муфтияты) жауап береді. Осы органдар арқылы ресми байланыстар мазмұны реттеліп, іске асырылады. Сонымен қатар Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы" да бұл тұрғыда едәуір жұмыс асыруда. Түркия тарапынан ондағы діни қауымдастық Қазақстанмен байланыстарын Түркия Республикасының осындағы Елшілігі жанындағы сыртқы істер бойынша кеңестігі арқылы іске асырады.

Екі елдің дін және дәстүр секілді көрінбес дәнекерлер арқылы байланысқандығын айта кеткен жөн. Мысалға, бәріміз сопылықтың ізбасарлары ретінде есептелетіндігімізден, Қожа Ахмет Ясауи қазақтың да, түріктін де рухани әрі қасиет тұтатын бабасы болып саналады. Түркістан -көптеген елдерден, оның ішінде Түркиядан да келетін мінәжатшылардың қастерлеп-бағатын, рухани тазару орталығы болып табылады. Мұнымен қоса, Анкара қаласында бас мекемесі орналасқан, халықты Ясауидің шығармашылығы, өмірі және түрік мәдениетін дамыту мен мен түрік бірлігін нығайтудағы орасан зор еңбегімен таныстыру мақсатында құрылған Ахмет Ясауи қоғамы жұмыс істейді.

"Дианет Вакф" Ақтау қаласында салынған мешіт жұмыстарына жәрдем берді. Қазақстанның көптеген қалаларындағы әдемі мешіт ғимараттарын салуға түріктер көмек берді. Мысалы, Қарағанды, Павлодар мешіттерінің іске қосылуында түріктердің де үлесі бар.

Ф-ОБ-001/033

Қазақ-түрік рухани байланыстары екі ел дінбасыларының қарым-қатынасы-нан, оларды сырт елдерде танудан да байқалады. 2000 жылдың күзінде Сараево қаласында 4-ші халықаралық еуразиялық ислам конференциясы болып өтті. Конференцияда қабылданған шешім бойынша ТР Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Нұри Йылмаз Еуразиялық Ислам кеңсесінің төрағасы, ал ҚР Дін істері басқармасының төрағасы профессор А.Дербісалиев оның орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Біз — ислам өркениетінің ұлан-байтақ мәдени құрлығының ажырамас бөлігіміз" дейді. Қазіргі кезде Қазақстан өткен ғасырда таптық идеология салдарынан жоғалтып алған құндылықтарын қалпына кешіруде. Сонын құрамдас бөлігі - халықтың дін бостандығы. Бұл жағынан Түркия мемлекетінің Қазақстанға мұсылман діні арқылы рухани мәдениетін, ділін жаңғыртуға жәрдем беруі құптарлық іс.

Осы орайда мына жағдайды да ескерген жөн. Қазақстан өз Ата заңы -Конституциясы бойынша зайырлы демократиялық мемлекет. Дін мемлекеттен ажыратылған. Қай дінді мінәжат ету - әркімнің жеке басының еркіндігінде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жаппай дінге бас ию нышаны байқалып, мұны кейбір тұрлаусыз элементтердің пайдаланғысы келгенін де жасыра алмаймыз. Сонымен бірге діни оқу орындарында бір жақты ғана білім беріп, халқымызды прогрестен кері тартуға төндіретін қауіптен де сактануға тиіспіз. Қазіргі кезде шетелдермен діни байланыстарды іске асыруда қоғам мұндай кемдгіліктерден біртіндеп арылып келеді. Түркия мемлекетінің имандылықты қалпына келтіруде қазақ еліне жасап жатқан көмегі жан-жақты, әрі көзге көрінетіні халық тарапынан қолдау табуда. Сонымен қатар діни білім берудің зайырлы біліммен ұштастырынуы да бүгінгі қоғам дамуының талаптарына сай. Сондықтан Қазақстан мен Түркияның бұл саладағы байланыстары келешекте де терең дами беретіні даусыз.

Ф-ОБ-001/033

2.3. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсятетінің қызметі

Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы байланыстарды нығайту жолында жеке, арнайы жоғары оқу орнын ашу мәселесі өте маңызды еді. Алғашқы кезде Түркістан мемлекеттік университет ретінде құрылған жоғары оқу орны түркі халықтары үшін Қасиетті орынға ерекше назар аударуға септігін тигізіп, түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен рухани дүниесін жаңғыртуды көздейтін болса, сәті түскенде оны халықаралық деңгейге көтеру, оған осындай статус берудің реті келді. Ең алдымен бұл осы университеттің тұңғыш ректоры, көрнекті қазақ ғалымы академик М.Жұрыновтың ұйымдасты-рушылық қабілетінің жемісі еді. Себебі, 1990 жылдардың бас кезіндегі өтпелі дәуірдің экономикалық қиындықтары университеттің қаз тұрып, дамып кетуіне кедергі болғаны мәлім. Осындай жағдайда оған ең алдымен мықты экономикалық тірек қажет еді.

1992 жылы күзде Түркия Республикасының Президенті Т.Озалдың Қазақстанға кезекті сапарында халықаралық қазақ-түрік университетін ашу туралы мәселе бойынша келісімге келудің сәті түсті.

Қазақстан және Түркия Республикалары Үкіметтерінің 1992 жылғы 31 қазанда жасалған "Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін ашу туралы" келісімі бойынша бұл оұу орны жаңаша статусқа ие болды. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру жөніндегі ынтымақтастық келісім-шарты негізінде құрылған, түркі әлемінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнына айналу мақсатын ұстанып отырған және қазақ-түрік ынтымақтастығының жарқын жемісі бола білген бұл оқу орны сонан бері қыруар жұмыстарды атқарып келе жатқанын атап өткен жөн. Түркия Республикасының 9-шы Президенті Сүлеймен Демирелдің айтқанындай, "Халықаралық қазақ-түрік университеті - ғылым, мәдениет және

Ф-ОБ-001/033

білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып табылады".

Жалпы Түркістан мемлекеттік университеті туралы айтар болсақ, ол өз тәуелсіздігін баянды етіп, егеменді ел ретінде даму жолына түскен жас Қазақстанның келешек ұрпағы - жастарды бүгінгі күн талабына сай білім
беріп, әртүрлі-мамандықтарға даярлау және патриоттық сезім негізінде
дұрыс тәрбиелеу мақсатында ҚР Президентінің 1991 жылғы 6 маусымдағы
N 329-ші қаулысы бойынша ашылды. Сөйтіп, 1592 жылы, 1 мамырда
ғылым, мәдениет, спорт және білім беру салалары бойынша қарым-
қатынасты дамыту туралы Түркия мен Қазақстан арасында жасалған келісім, ҚР Білім министрлігі мен ТР Ұлттық Білім министрлігі арасындағы 1992 жылғы 19 маусымдағы ынтымақтастық хаттамасы және Қазақстан мен Түрция Респуб-ликалары Үкіметтері арасында 1992 жылы 31 қазанда қабылданып, қол қойылған "Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы" келісім шарт негізінде 1993 жылы Түркістан мемлекеттік университеті базасында Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық казақ-түрік университеті құрылды.

Жарты жылдан астам уақыт ішінде әзірленген жоба бойынша екі елдін Үкіметтері арасында 1993 жылы 30 маусымда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру жөніндегі ыитымақтастық келісіміне қол қойылып, университетке ерекше статус берілді. Сондай-ақ университеттің Жарғысы қабылданып, осыған сәйкес университетті ҚР мен ТР Үкіметтері тарапынан тағайындалатын 10 адамнан құрылған Өкілетті Қеңес басқарады деп ұйғарылды. Өкілетті Кенес құрамына ҚР мен ТР Премьер-министилерінің, ҚР мен ТР Сырткы Істер министрліктерінің. ҚР м/н ТР Білім министрліктерінін, ҚР-ның Түркиядағы және ТР-ның Қазакстандағы Елшілік-терінің және ТР Жоғары білім жөніңдегі Кеңестің өкілдері мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Хажеттепе универси-

Ф-ОБ-001/033

тетінің ректорлары кірді. Өкілетті Кенестің шешімі бойынша жыл сайын Қазақстанда немесе Түркияда университет жұмысы туралы жиналыс өткізіледі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы жағынан бұл Өкілетті Кеңеске А. Құрманғалиева, Н.Әжіметов және С.Пірәлиев мүше. Ал Түркия Республикасы жағынан -Н.Зейбек, О.Кабасакал, М.Исен, Р.Айхан және Ф.Будактар Өкілетті Кеңестің мүшесі болып табылады. Өкілетті Кеңес Басқармасы Анкара қаласында орналасқан және оның қызметін Түркияның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Намык Кемал Зейбек мырза атқарып келеді.

Түркістан университетінің жаңа халықаралық статус алуы, оған Түркия мемлекетінің тікелей экономикалык көмегі бұл оқу орынының материалдық-техникалық базасын күрт нығайтуға, жана оқу корпустарын салуға мүмкіндік берді. 1993-2000 жылдар аралығында Түркия тарапы университетке 90 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы аударды.

Университетгің Жарғысы бойынша оқу процесі 4 тілде - қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп, студенттер университеттің құрамындағы Тіл үйрету орталығында тілдік дайындық курстарынан өтеді. Университет түлектері міндетті түрде қазақ және түрік тілдерін меңгеріп шығады. Сондай-ақ, оқу процесіне Қазақстан тарихы, Түркия тарихы, Ясауитану және Дінтану секілді дәріс берілуі міндетті пәндер енгізілген.

Қазір университетте түркі әлемінің 29 мемлекеті мен автономиялық респуб-ликаларынан келген 23 мыңнан астам студент (қазақстандықтарды да қоса есептегенде) білім алуда. Сонымен қатар, университетте 8 елден келген 100-ден астам ғылым докторы, профессор, 300-дей ғылым кандидаты, доцент, жалпы саны 1000-нан аса оқытушы жұмыс істейді. Университеттегі 18 факультетте 105 мамандық бойынша студенттерге білім беріледі.

Талантты жастардың жоғары білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында университет бюджетінен 2001-2002 оқу жылына 1000 студентті тегін оқытуға Ф-ОБ-001/033

қаржы белінсе, 2002-2003 оқу жылында 1328 студент тегін оқуға қабылданды. Университет талантты жастардың білім нәрімен сусындауы үшін тегін оқуға мүмкіндік берген бірден-бір жоғары оқу орны.

Дарынды жастарды дайындап университетке тарту мақсатымен "Түркістан" және "Түркібасы" лицейлері ашылды. Екі лицейде оқитындар ақысыз математика және ағылшын тілін тереңдетіп оқиды. Лицейді үздік бітірген оқушылар университетте әрі қарай білімін жалғастыра алады.

Университет түлектеріне Қазақстанда да, Түркияда, да жарамды болып танылатын дипломдар беріледі.

Университетте сапалы, мәнді білім берудің тұтқасы білікті де білімді оқытушы-профессорлар құрамы болғандықтан ғылыми зерттеулер мен ізденістерді жүйелі жүргізу мақсатында университет құрамында Ғылым


орталығы құрылды. Оның құрамындағы екі ғылыми-зерттеу институты: Түркология ғылыми-зерттеу институты, Экология ғылыми-зерттеу институты мен екі орталық археология ғылыми-зерттеу орталығы, ақпарат орталығы жүйелі түрде жұмыс жасап, алғашқы нәтижелерін халыққа ұсынуда. Түркология ғылыми-зерттеу институты 2002 ж. 9-12 қазан аралығында Түркістанда "Қазіргі заманғы түркология ғылымының өзекті мәселелері және алдағы міндеттері" атты I Халыкаралық Түркология конгресін ұйымдастыр-ды. Конгресс жұмысына Алтай, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қытай, Татарстан, Тува, Түркия, Ресей, Чуваш секілді әлемнің 12 мемлекетінен келген 130-ға жуық түркология саласының ғалымдары, оның ішінде 70 ғылым докторы қатысты. 2004 ж.күзінде Түркістанда II Түркология конгресі өтті. Түркология ғылымының жана заманға лайық мазмұны мен мақсаты, міндеттері анықталды. Нәтижесінде Түркістан қаласында дүниежүзілік Түркология орталығының құрылуы, электронды кітапхана қорының жасалуы, көне тарих, әдебиет, тіл тарихы бойынша білгір мамандардың Түркістанға

Ф-ОБ-001/033

шақырылып, ғылыми-теориялык, практикалық семинар, кеңестер өткізу туралы шешім қабылданды. Экология ғылыми-зерттеу институты 2002 ж. 6-9 қараша аралығында "Түркістан аймағының экологиялық проблемалары" атты Халықаралық Экология конференциясын өткізді. Университетте 1996 жылдан бастап "Университет хабаршысы" атты ғылыми журнал шығарыла бастады.

Түркология ғылыми-зерттеу институты 2002 ж. қыркүйек айынан бастап


халықаралық "Түркология" журналын шығара бастады. Бұл журнал бүкіл
түркі дүниесі ғалымдарының ізденістерін, еңбектерін, мақалаларын, жаңалық-тарды жариялауда. Университетте студенттер мен оқытушыларға ақысыз интернет қызметін пайдалану мүмкіншілігі жасалған.

Осы орайда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бүгінгі нарық заманында оқу ғимараттары мен университеті қалашығының құрылысын жүргізіп жатқан санаулы оқу ордаларынын бірі екендігін айта кеткеніміз жөн. Бүгінде университетте республикада теңдесі жоқ, қазіргі заман талабына сай салынған мәдениет орталығы, студенттер асханасы мен жатақханалары бар. Сондай-ақ, кездесулер, ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізуге мүмкіншілік беретін сәулетті кең мәжіліс залдары, жер серігі байланысы арқылы жұмыс істейтін телекөпір де студенттер мен оқытушыларға тиісті қызмет көрсетеді. Мысалға 1999 жылдың көктемінде осы телекөпір арқылы Түркістан қаласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ТР Президенті С.Демирел арасында кездесу өткізілді.

Түркиядағы қазақстандық студенттер секілді түркиялық студенттер де университет қабырғасында өз мамандықтары бойынша білім ала жүріп, тіл үйренуге, тарихымызды, менталитетіміз бен тұрмыстық мәдениетімізді де меңгеруге мүмкіндік алады. Осылайша бауырлас халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықтын белгісі білім саласында нақты көрініс тауып, Түркістандағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлектері келешекте

Ф-ОБ-001/033

білім шыңына көтеріліп, екі елдің даңқын арттырады деген үмітті ақтауы сөзсіз. Оған соңғы жылдары университетті үздік бітіріп, аспирайтурада окып жүрген жас ғалымдардың жемісті еңбегі куә. Соңғы жылдары бір қатар ХҚТУ түлектері математика, химия, экономика, тарих, тіл білімі және ғылымнын басқа салаларынан кандидаттық диссертация қорғады. Олардың көпшілігі қазақ ұлтының өкілдері.

Ф-ОБ-001/033



ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ-түрік мәдени, білім және ғылым саласында қарым-қатынастар екі ел арасындағы ресми мемлекетаралық байланыстардың құрамдас бөлігі ретінде тәуелсіздік жылдары жан-жақты сипатқа ие болып, еліміздің илемдік қауымдастық аясында өз орнын алуға септігін тигізуде.

Түркі елдері ішіндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы мейлінше дамыған екі жақты қарым-қатынастар аса ауқымды және тарихи тамырларға негізделген. Жоғарыда айтылғандардың бәрі де екі елдің арасындағы жемісті де нәтижелі ынтымақтастықтың қомақты көріністері болып табылатындығын, сондай-ақ екі жақты қарым-қатынастарды барынша нығайту шаралары үздіксіз дамытытын, жетілдіріліп, кеңейіп әрі тереңдеп келе жатқандығын атап өткеніміз жөн. Халықтар арасындағы сенім мен өзара түсінушілікті орнықтыруда және халықаралық ахуалдысауықтыруда мәдени байланыстардың маңызды орын алатыны анық. Бұл өзара қарым-қатынастар динамикалық және жоспарлы түрде іске асырылып, сонымен бірге мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық аяқалысының ойдағыдай дамуының маңызды факторы болып саналады. Бұған 2002 ж. қарашада Түркістан қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының II құрылтайы да назар аударды. Делегаттар құрамында болған Түркиядағы қазақ қауымдастығының өкілдері де бұған кәміл сенетінін білдірді.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастар бір-бірінің ішкі істеріне араласуды, үстемдігін жүргізуді қуаттамайды. Бұл байланыстар демократиялық, туысқандық қарым-қатынастарға негізделген. Демек, ғылыми және мәдени байланыстар ынтымақтастықтың жалпы принциптері негізінде өз еркімен, егемендік пен ұлттық мүдделерді құрметтеу, толық тең құқықты, өзара тиімділік пен өзара жауапкершілік жағдайында дамып отыр. "Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары динамикалы түрде дамуда, және қай жерде бірлескен жобалар жүзеге асырылмасын, қазір экономика, мәдениет, білім беру

Ф-ОБ-001/033

салаларын атау қиын. Біздің халықтарымыз жәй тең құқықты серіктес қана емес, рухани жағынан да, этникалық түбірі жағынан да етене жақындай түсуде. Олардың арқасында қазақстандықтар қадірлейтін және мақтана алатын үлкен достық .

Қазіргі жағдайдағы Қазакстан мен Түркия Респубдикасының мәдени және ғылыми қарым-қатынастары мәселелері, сондай-ақ, оның алдағы даму мүмкіндіктері мен тенденциялары, оның деңгейі мен сапасын арттыру, мәдени және ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөніндегі екі ел үкімет басшылары деңгейінде жаңа келісімдер жасау және қол қою, ортақ ғылыми-мәдени потенциал мен қор кұру, бүгінгі күн талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл тұжырым біздің егемендігімізді қалыптастыру және шынайы тәуелсіздігімізді нығайту кезеңіңде тұрған жас мемлекетіміздің міндеттеріне сай келеді. Екі ел арасындағы байланыстардың көкейкестілігі, сонымен бірге, географиялық және мәдени-тарихи сабақтастықтан да туындайды. Жалпы мемлекетаралық ғылыми-мәдени байланыс жүйесін жасау мен оны жүзеге асыру Үкімет тарапынан және мекемелер арасында жасалған келісімдермен шарттастырылған.

Жыл өткен сайын толлыққанды сипатка иеленіп келе жатқан шығармашы-лық қарым-қатынас мәдениетіміздегі өзара әсер ету, өзара байыту процестеріне маңызды үлес қосуда, бауырлас халықтар арасындағы достықты нығайта түсуде.

Қазіргі кезде кең өpic алған қазақ-түрік мәдени байланыстарын одан әрі жетілдіру бүгінгі күннің және келешектін де міндеті. Бұл тәуелсіз еліміздің халықаралық және сонымен бірге түркі әлемі қауымдастығындағы орнын, рөлін нығайта түсер еді. Сондықтан бұл қарым-қатынастарды одан әрі дамытып, екі жақты мәдени-рухани байланыстарды нығайту үшін төмендегі іс-шаралар аса қажетті:

Ф-ОБ-001/033

-қазақстандық жастарды бастауыш сыныптардан бастап түркілік ғылым мен мәдениеттің аса көрнекті қайраткерлерімен, ұлы қолбасшыларымен, жетекші-лерімен таныстыру;


  • орта сыныптарда оқушыларға түркі мәдениетінің басқа ел мәдениеттерінен ерекшеліктерін жан-жақты жеткізу және түркі елдердін тарихи, мәдени түп-тамырларының ортақ екенін көрсету;

  • тиісті тақырыптар бойынша оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарын бірлесіп дайындау;

-Түркиялық жоғары оқу орындарында студенттермен, мамандармен, оқыту-шылармен алмасуды жүйелі жолға қою;

  • тәжірибе, мерзімдік басылымдар материалдарымен, ғылыми ізденістер жолында жаңалықтармен алмасу;

  • бірлесіп конференциялар, конгрестер ұйымдастыру, ғылыми жобаларды бірлееіп жүзеге асыру жұмыстарын тұрақты ету.

Келісімдерді жүзеге асыру барысын қорытындылай келе, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдениет, ғылым мен білім саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі терендету және кеңейту маңыздылығы, қол жеткізген келісімшарттарды іс жүзінде жүзеге асыру механизмдерін дайындау үшін Үкімет пен Елшіліктер қасында белгілі бір жұмысшы тобын құру қажеттілігі де бар сияқты, Қазақстан мен Түркияның мәдени ынтымақтастық саласындағы екі жақты қарым-қатынастар ж:ағдайың сараптау келісімдердің жоғары деңгейде болғанына, делегациялардың, көркемдік ұжымдардың кең ауқымда алмастырылғанына қарамастан, мәдени байланыстар күтілген нәтижелерді бере алмағанын және екі елдегі бар мүмкіндіктерге толық жауап бермейтіндігін көрсетті. Сондықтан жүзеге асырылу мерзімінің келіп жеткенді-гіне байланысты үкіметтік деңгейдегі жаңа келісімдерді дайындау және оларға қол қойдыру қажеттілігі де бар.

Ф-ОБ-001/033

Бұл шаралар осыған дейін қалыптасқан қарым-қатынастардың заңды жалғасы болып табылады. Әрине, сапалық және сандық прогрестерге қарамастан, екі жақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін кеңейту жеткіліксіз деңгейде пайдаланып отырғанын ескеріп, бұл кемшіліктерге жол бермеу жағын қарайыру қажет.

Бұл тұрғыда, ең алдымен, келісімдер мен межеленген келісімшарттарды жүзеге асыру барысында бюрократиялық кедергілер мен ведомствоаралық келіспеушіліктерді, сондай-ақ жекелеген ведомстволардың салғырттығын жеңуге тура келеді. Екі елдің министрліктері мен ведомстволары арасындағы тікелей байланыстың төмендігі екі жақты іскер байланыстардың дамуына да тосқауыл қоятынын басқару органдары ескеруі қажет. Осы мәселелер тиімді шешімін тапса, қазақ-түрік мәдени байланыстарының ауқымы көлемінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар әлеуметтік-экономикалық проблемаларға да, ресми мемлекеттік саясатқа да өзінің оң ықпалын тигізетіні даусыз.



Ф-ОБ-001/033


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет