Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Алаш қайраткерлерінің болашақ тәуелсіз мемлекет құрылымы туралы көзқарасы


Алаш қайраткерлерінің болашақ тәуелсіз мемлекет құрылымы туралы көзқарасы



бет2/8
Дата31.05.2024
өлшемі275.38 Kb.
#502141
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
дипломдық жұмыс арман

Алаш қайраткерлерінің болашақ тәуелсіз мемлекет құрылымы туралы көзқарасы
Қазақ қоғамының мәдениетінің төмендігі,адами әдеп пен ахлақтың жоқтығы,отаршылдыққа көнбістігі,сауатсыздығы Алаш қайраткерлерінің тәуелсіз мемлекет құру туралы көзқарастарына себеп болды. Халықтың жаппай сауатсыздығы болыстық билік пен ру аралық жікшілдік, байлар мен кедейлердің аяусыз таптық езгісі Алаш қайраткерлерінің назарына тыс қалған жоқ. Ұлт үшін бір білекпен ұйысуға шақырды. Қазақ деген халықтың жойылып кетпеуіне барынша күш жұмсады. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Қыр халқы ғылым білім жайып жатқан Һәм өздері ғылым білімге көңіл бөлген себебінен кешікпей ақ жақсылықты біліп, еңсесін көтеруге аяқ басар,өздерінің сүйектеріне берген ақылы санасы болған соң» деп жазды..Қазақтың бірлігі мен тәуелсіздігін сақтай алмауының басты себебін ол ел тізгінін ұстағандардың тіпті ең қатерлі кезеңде де ,яғни жоңғар шапқыншылығы кезінде де ел ішінде ауыз бірлік орната алмауынан көреді. Алаш жетекшісі отаршыл империяны саяси тұрғыдан реформалап, федеративтік демократиялы мемлекетке айналдыру арқылы ғана қазақтың әуелі өзін өзі билеп,кейін толық тәуелсіздікке қол жеткізуіне болады деп санады. Қазақ елінің тәуелсіздіккке қол жеткізу жолы ұзақ та азапты жол екенін ұлт қайраткерлері сезіне білді. Сондықтан қазақ ұлты үшін бастарын бәйгеге тікті.Әлихан Бөкейхан 1905 жылы «Халықбостандығы» демократиялықпартияның кадет партиясы\ Ақмола облыстық және Омбы қалалық комитеттерінің ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің бірі болды.Кадеттердің бағдарламасы қазақ халқының арман тілегіне сай болды. Бұл партия: «адамның жеке басына қол сұқпаушылықты,ұлтына,діни сеніміне тегі мен жынысына қарамастан азаматтардың теңдігі мен бостандығын қамтамасыз етуді,халық өкілдіктеріне де,жергілікті өзін өзі басқару органдарына да жалпыға бірдей,тең төте және құпия сайлау құқығын жүзеге асыруды,жер реформасын заңнамалық тұрғыдан шешуді,ұлттық талаптарды әділ орындауды талап етті. Тәуелсіздікті байырғы хандық басқару инститтары негізінде қалпына келтіруді Әлихан Бөкейхан дұрыс санамады. Сол себепті өзгеше стратегиялық бағыттарды ұстана білді. Бұған дәлел ретінде негізгі авторы Әлихан Бөкейхан болған
5

«Қазақтардың петициясы болды. Петицияның төртінші тармағында «қазақ отырған жерлердің қазақ меншігі болып саналатынын патша өкіметінің сойындауын талап еткен Әлихан Бөкейхан «жерсіз мемлекет болмайды» деген ұстанымды болған.Саяси көзқарасы тұрғысынан Әлихан Бөкейхан қазақтан шыққан тұңғыш шынайы демократ либерал болатын Шынайы саясатты бағамдай білетін ол қазақ елінің Ресей федеративті парламенттік республикасының құрамында болашағы болмайтынын аңғарды. О бастан ақ қазақты «қырғыз» деп қорлаған және алғашқы билік органдарына Қазақстанды мүлде білмейтін басқа ұлт өкілдерінен басшы тағайындаған большевиктердің іс әрекеттерінен отаршыл ,шовинистік пиғыл айқын аңғарылып тұрды.Демокартиялық қоғам құруды аңсаған және осы мақсатты жолдан таймаған патша үкіметіне қарсы күрес жүргізген саналы да сауатты Алаш зиялылары биліктен аулақтатылды. Алаш қайраткерлерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы «сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген қағидасын бұратана халықтың ұлт болып қалыптасуындағы ең өзекті мәселе деп қарайды. Оны «Орынбор әм 10 пеуірал» атты мақаласында талдап таратады: «Тарих жолына қарағанда келімсек жұрт күшті болса,келімсек жұрт сіңіп тұрған жұрттың түріне түсіп,бөтендігі жоғалмақшы. екеуі тең болса,бір бірінен кем болмай,бір біріне жем болмай,қатар тұрып күнелтіп, әр қайсысы өз алдына ұлт болмақ» деп ұлт күшінің қандай болу керектігін айтады. Қазақ елінің елдігіне негізіне тереңдеп,«Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып,Еділден Ертіске,Оралдан Ауғангға дейін тұтас тұрған халық еді. Арамызға әртүрлі жұрт кіріскенде солармен қатар,атымыз жоғалмай қазақ ұлты болып тұра аламыз ба» деп араласқан ұлттар арасындағы қатынас тілінде қазақтың жайы алдағы күні қандай болмақ деген мәселені көтерген. Қазіргі уақытта да мәселе боп отырған мемлекеттік тіл мәселесінде де кезінде кеңінен ойлап кеткен Ахмет Байтұрсыновтардың ізгі жолын қағидасын жанымызға ұстай алдық па деген ой туады. «Ұлттың сақталуына да жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын десеңдер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егер де қазақ деген ұлт болуды тілесек,қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек деген .


6

Десе де тіл мәселесі өте күрделі шешімін таппай келеді, Қаракөз қазақтарымыздың өзі тілін шұбарлап жүрсе басқа ұлттың қазаққа жаны аши қоймасы анық.Алаш қайраткерлерінің бірі Мағжан Жұмабаев «Жастарға» атты үндеу тастайды. «Жастар Алда жүрген,алаш жолында аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан өнеге алыңдар. Елідктен ерліктен айырылып,екі жүз жыл еңсесі түскен елді ойлаңдар Күнді күн жақыныңды-жат,пайданы-зиян деп жүрген саяси құқытарын іздеп алуға ер жетіп,есі кірген елді ойлаңдар» деген.Қазақ еліне деген жанашырлық патриоттық сезім жатқан осы үндеу сөзі жастарға әсерін берді. Ол тағы бір алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлы : Түбінде қазақтан каптиалистер шыққанда, фабрика-зауыт көбейгенде,тұрмыстың өзін де тап тапқа бөлер.оған шейін социализм күйін күйлемей тұра тұрайық .»Бүлінгеннен бүлдіргі алма деген аталарымыздың алтын мақалын естен шығарамайық деп туған халықан тоқтау айтып,азаматтық пікірін көсем сөзбен жеткізеді. Алаш рәміздік сөз.Алаш-ұлтты ұйыстырған ұран. Алаш –қазақ қоғамы тәжірбиесіндегі жаңару мен серпілудің,білім ғылым мен батыл ізденістің,адалдық пен тәуелкелшілдіктің жарқын беті. Сол себепті Алаш тақырыбын ғылыми тұрғыда зерделеу-жалпы Қазақстан үшін,елдің тәуелсіздік талаптары үшін әрқашан приоритет болып қалмақ.Сөз жоқ қай қоғамда болсын халық үшін киелі ұғымдар мен құбылыстар тиянақты зерттелуі қажет.Бұл тұрғыдан келгенде де мәселен Қазақстан қоғамы үшінАлаш құбылысының байыпты зерденеленуі тәуелсіздік пен қауіпсіздікке тікелей қатысты іс шара болып табылады. Бүгінгі қоғамның рухани дамуы сан салалы,сан қырлы құбылыс. Әлихан Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған. Алаш алыптарының бірі Міржақып Дулатов «Оян, қазақ» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Халел Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» депті. Уақытынан оза туған Алаш қайраткерлерінің идеялық мұрасын терең зерттеп, бүгінгі күннің қажетіне жаратып, олардың ісін жалғастырған абзал.


7

«Алаш» партиясының, Алашорда үкіметінің құрылуы мемлекет үшін қажетті саяси, әлеумет­тік, экономикалық және құқықтық атрибуттарды қалыптастыруды қажет етті. Алаш қайраткерлері бұл салада да өнімді еңбек етті. Олардың қазақ ұлтын ұйыстырудағы, оятудағы бірнеше жылдық пәрменді әрекеттерінде жоғарыда аталған қажеттіліктер көрініп жатты. Мемлекеттің іргесін қалау мәселелері жазған еңбектері мен атқарған істерінен айқын аңғарылып жатты. Алаш қайраткерлерінің облыстық, уездік съездер мен комитеттерді, жалпықазақ съездерін ұйымдастыруы, сол тұстағы Уақытша үкіметпен келіссөздері, бағдарлама дайындауы, қаулы-қарарлар қабылдауы – олардың қаншалықты дәрежеде саяси өте сауатты қайраткерлер болғандықтарын көрсетеді. Алаштықтар Қазақстанның сол тұстағы шаруашылық жайын саралай отырып, соған орай экономикалық дамудың бірқатар жолдарын да меңзеді. Алаш қайраткерлерінің қай қайсысының да істеген істері,ерен қызметі жазған құнды мұралары –ұлт азаттық күрестің өзіндей бағалануға тіиісті ғажап құбылысы.Олардың қазақ елінің дербестігін көксеген арман мақсаттары түп түбінде орындалды. Көптеген идеялар сол кезде бастау алған болатын. Бір қызығы, сол кезеңде олар Қазақ­станның астанасы жөнінде де орынды мәселе көтерді. Айталық, 1905 жылғы Мұхаметжан Тынышбаев пен Халел Досмұхамедовтер «Ақмо­ланы астана жасаймыз» деген идея көтерді. Сонымен қатар олар 1917 жылы Семейді «Алаш ас­танасы» деп жариялап, оған «Алаш» деген атау берді. «Алаш» партиясының бағдарламасында көрсетілген ел басқару жүйесі, жастардың білім алуы, ұрпақ тәрбиесі, ұлттар теңдігі, азаматтар­дың құқы мен бостандығы жөніндегі ұстанымдар тәуелсіз қазақ мемлекетінің саясатымен сабақтасып жатыр.Алаш қозғалысы сияқты ұлт тарихындағы аса ірі оқиғаға қатысы бар мәселелердің барлығына шынайы, толымды баға берілуі қажет. Осы ұлт-азаттық қозғалысының әлі де ғылыми тұрғыдан мейлінше нақтыланбаған негізгілерінің қатарынан орын алатын үш мәселеге тоқталмақпыз. Олар: қозғалыстың басталған уақыты және сол бастапқы кезеңге енетін оқиғалар, «Алаш қозғалысы» деген атауға ие боларлық дербес үдеріс ретіндегі сипаты және қозғалысқа қатысқандардың мүмкіндігінше толық тізімі.


8

Қозғалыстың бастауы туралы айтқанда, ең алдымен, Алаш қайраткерлерінің өз еңбектеріне үңілгеніміз жөн. Өйткені, олардың еңбектерінен қозғалыстың қайнар көздері жөнінде бізге тірек боларлық деректер табамыз. Айталық, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 1905 жыл туралы: «Бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді» десе, Міржақып Дулатұлы: «Жұртқа бірдей жақсылық таңы атқан 1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, солардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады» деп жазды .Осыларға ұқсас ойларды М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедұлы пікірлерінен де кездестіреміз.Алаш» партиясымен, Алашорда үкіметімен бір құбылыс ретінде қабылдап, жалпы қозғалыстың тарихын 1917 жылмен байланыстыратын көзқарастар да байқалып қалады. Енді осыларға тоқталайық. Профессор Ә.Қара «Алаш қозғалысының соңғы түйіні – Мұстафа Шоқай» мақаласында қозғалыстың бастауы жөнінде: «Алаш қозғалысы қай жылдарды қамтиды? Егер бұл сұраққа Мұстафа Шоқайды қоспай жауап қайтарар болсақ, ол 1913-1918 жылдарды қамтиды.Оның «Қазақ» газетімен тығыз байланысты екенін айтсақ қате болмас. Өйткені Алаш көсемдері сол журнал маңайында 1913 жылы жиналып, халықтың басын қосты. Кейін бұл басқосу Алаш Партиясы мен Алаш Орда үкіметін дүниеге келтірді. Ал большевиктердің қысымымен 1918 жылы партия, үкімет және газет тарқап кетеді. Демек Алаш қозғалысы Шоқайды қоспай айтсақ бес жылдық бір мерзімді ғана қамтиды» деп жазады. Алаш қозғалысының тарихына жіті үңілсек, онда шетелдік ғалыммен келісу қиын. 1913 жыл Алаш қозғалысының үні болған, қозғалысқа қарқын қосқан, қозғалыстың жалпыұлттық сипатқа ие болуына аса айрықша үлес қосқан «Қазақ» сынды тарихи басылымның шыға бастаған жылы. Оны қозғалыстың басталу мерзімімен тікелей байланыстыруға болмайды. Сондай-ақ, оның қозғалыс тарихын 1918 жыл деп осы жылы «партия, үкімет және газет тарқап кетеді» дегеніне де қосылмаймыз. Аталған жылы «Қазақ» газеті шығуын тоқтатқанымен Алашорда үкіметі тарқаған жоқ. Ал «Алаш» партиясына келсек, 1917 жылы Бірінші жалпықазақ сиезінде Құрылтайға депутаттар ұсынған бұл партия осы жылдың күзінде бағдарламасының жобасын дайындағанымен,


9

Екінші жалпықазақ сиезінен кейін Алаш қозғалысы тарихында партия емес, Алашорда үкіметі алдыңғы қатарға шықты. Семейдегі Алашорданың кіндік үкіметі 1919 жылы жұмысын тоқтатқанымен, Алашорданың Батыс бөлімшесі 1920 жылдың басына дейін өмір сүрді. Бұл – бір. Екіншіден, Алаш қозғалысын бір ғана Мұстафа Шоқайдың қайраткерлігімен байланыстыруға келмейді. Алаш қозғалысының бастауында саясатқа М.Шоқайдан бұрын араласқан Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, Б.Құлманов, М.Дулатов т.б. тұрғандығын ұмытпағанымыз жөн. Олар, біздің ойымызша, ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы аға буын өкілдері де, Мұстафа Шоқай осылардан кейінгі буынның көрнекті өкілі. Оның эмиграциядағы 20 жылға жуық күреске толы өмірі ұлтымыздың азаттық идеялары тарихындағы аса бір жарқын беттер. Дегенмен, ол жылдарды Алаш қозғалысы ауқымындағы уақыт деп бағалауға бола қоймас. Сонымен бірге, тұтас Түркістан идеясын насихаттаған М.Шоқай мен қазақтың ұлттық мемлекетін құру үшін күрескен Алаш қайраткерлері арасында өздеріне тән идеялық ерекшеліктер бар екендігін де ұмытпайық. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы - қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы - тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты - ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен

10

Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі - тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермекӘлбетте, Алаш қозғалысы кезеңі мен бүгінгі кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар екендігін жақсы түсінеміз. Айтпағымыз, Алаш қайраткерлері ту еткен ұлттық сананы көтеру, одан туындайтын қазақтың тілі мен тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ ұрпағының бойына сіңіру сияқты іргелі мәселеде Алаш зиялыларының сан-салалы мұрасынан, олардың ерен іс-қимылдарынан алар тағылым мол. Сондықтан да Алаш қозғалысына өткен дәуірдің тарихы ретінде ғана қарамай, оны бүгінгі заманымызбен үндес өміршең көзқарастар жиынтығы ретінде бағалап, яғни бүгінгі тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатқандығына мән беріп, одан өрісті өнеге, ғұмырлы ғибрат алғанымыз ләзім. Бұған мемлекеттік деңгейде де, зиялы қауым тарапынан да ерекше көңіл бөлінуі тиіс деп ойлаймыз. Сондай-ақ, Алаш қозғалысының қарқынды жүруіне ерекше еңбек сіңірген, тіпті оның дүниеге келуіне атсалысқан бірқатар тұлғалардың есімдері арагідік болмаса, өз деңгейінде айтылмай да, бағаланбай да келе жатқанына назар аударуымыз қажет. Өйткені, Алаш қозғалысы дегенде, көбінесе, біздің есімізге бірнеше белгілі қайраткерлер ғана түседі. Алаш қозғалысымен бірге, мәселен, оның көрнекті қайраткерлері Уәлитхан Танашевтың, Жанша Сейдалиннің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың, Асылбек Сейітовтің, Тел Жаманмұрыновтың, Аспандияр Кенжиннің, Базарбай Мәметовтің, Иман Әлімбековтің, Әлжан Байғориннің, Садық Аманжоловтың, Мұқыш Боштаевтың, Дәулетше Күсепқалиевтің, Ережеп Итбаевтың, Хамит Тоқтамышевтың, Сейілбек Жанайдаровтың, Нұрғали Ипмағамбетовтың, Әзімхан Кенесариннің, Сейдәзім Қадырбаевтардың да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет көрсету - біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ. Есімдері аталмаған қаншама азаматтар ХХ ғасыр басындағы отаршылдық қамытындағы халқы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олар сол ерен істеріне марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды.


11

Советтің зымиян саясаты бастапқыда ыдырату мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына тартқан болып, диктатурасы күшейгенде оларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі - олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттық санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ.Еліміздің тәуелсіздігі тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге кең мүмкіндік ашып отырған қазіргі кезеңде ұлт ретінде қалыптасу жолында бедерлене байқалған тарихи белестердің сыр-сипатын зерделеу барынша терең ғылыми ізденістерді қажет етуде. Әлбетте, бұл Алаш қозғалысын зерттеуге де тікелей қатысты. Айтулы қозғалысқа тек саяси-қоғамдық тұрғыдан ғана баға беру тарлық етеді. Қозғалыстың өз дәуіріндегі тарихи мәні айқындалып келеді дей отырып, оның рухани жаңғырығының дәйектей түсер тұстары мол. Мәселен, оны аса ірі рухани-мәдени құбылыс ретінде кешенді түрде қарастырып, осы құбылыстың әлеуметке, жеке тұлғаға ықпалын анықтаудың концептуальды жолдарын қарастырғанымыз абзал. Ең алдымен, Алаш қозғалысының қазақ баласына, адамға, тұлғаға, содан шығып, әлеуметке деген көзқарасын дәйектеуіміз керек. Алаш қайраткерлерінің, қаламгерлерінің еңбектерімен танысқанда, олардың ой-пікірлеріндегі гуманистік аңсарды аңғармау мүмкін емес. Әрбірден соң, қозғалыстың өзі - адамға, ұлтқа деген жанашырлықтан туған гуманистік әрекет. Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, оны құрайтын жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген қозғалыс - білімі кемел, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, адам мен қоғамның мәселелерін жетік білетін ұлтшыл ғана емес, гуманист азаматтардың белсенділігінен туғанына күмән келтірмесек, онда бұл тарихи-саяси құбылыстың діңгегі - елжандылық пен адамсүйгіштік екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн. Алаш қаламгерлері шығармашылығында қазақ әдебиетінде толымды түрде ана тақырыбы, әйел теңдігі мәселесі - басты тақырыптардың біріне айналды.


12

Ізгілік пен адамгершілікке құрылған осы туындыларда гуманистік идеал, гуманистік ой алдыңғы қатарға шығып, ұлттың адамсүйгіштік қасиеттері бейнеленді.Қандай да болмасын халықтың ұзына бойғы тарихында гуманизм идеялары бір кезеңде алдыңғы қатарға шығып, ұлттың жаңғыру дәуірін жасайды. Бұл - батыстық ғылымда әлдеқашан дәйектелген, мойындалған құбылыс. Оны Еуропада «Ренессанс» деп атап, азаматтық тарихта да, әдебиет, өнер, мәдениет тарихында да арнайы тарау ретінде зерттеудің тұрақты нысанына айналған. ХІҮ ғасырда Италияда, ХҮ-ХҮІ ғасырларда Испанияда, Францияда, Голландияда, Португалияда т.б. Еуропа елдерінде кең қанат жайған Ренессанс Батысты жарық пен шуаққа қарай тартты.Қазақ ғылымында «Ренессанс» мәселесі жүйелі түрде зерттелінген емес. Бұл Жаңғыру немесе Қайта өрлеу құбылысының қазақ топырағындағы болмысы жөніндегі пікірлерде, біздің пайымдауымызша, осы құбылыстың туу негіздері, өрістеу арналары, дәстүрлері мәселелерін жіліктеуден гөрі, ренессанстық сыбағаны жекелеген тұлғаларға сыйлау жағы басым болып отыр. Ренессанс жеке бір адам шығармашылығының жемісі емес, ол - тұтас шоғыр еңбегінің табысты нәтижесі. Қазақ Ренессансының басы Абай екендігі академик С.Қасқабасовтың «Абай поэзиясының ренессанстық сипаты» атты мақаласында ғылыми тереңдікпен дәлелденген. Ең данышпан қазақ бастауында тұрған ұлы гуманистік аңсарды дамытқан, нағыз ренессанстық деңгейге жеткізген - Алаш қайраткерлері. Қазақ баласына Абайды ең алғаш таныстырған да Алаш зиялылары, Алаштың Әлиханы, Ахметі, Міржақыбы. Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, қаламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге боладыӘлбетте, Алаш қозғалысы кезеңі мен бүгінгі кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар екендігін жақсы түсінеміз. Айтпағымыз, Алаш қайраткерлері ту еткен ұлттық сананы көтеру, одан туындайтын қазақтың тілі мен тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ ұрпағының бойына сіңіру сияқты іргелі мәселеде Алаш зиялыларының сан-салалы мұрасынан, олардың ерен іс-қимылдарынан алар тағылым мол. Ірі қоғамдық саяси ғылыми ағартушылық мәселелереден бастап қарапайым тұрмыстық танымдық мәселелерге дейін халықтың сұранымсы мен өресіне орай қорытып отырған


13

Алаш қайраткерлерінің орны әрқашан айқайндала көрінеді. Өйткені олардың көзқарастары елдік парасатпен біте қайнасқан еді.,Өз алдына дербес ел болу оңайлықпен келмейтінін білсе де,келешек ұрпақ үшін тәуекелге бел буған олар,ұлттығымызды ұйытатын мүмкіндіктердің барлығын пайдалана білді. «Бұратан жұрттың ұрпағымыз» деп бүгежектемеді. Өйткені ендігі жерде бүгежектеудің салдарынан жер бетінен ұлт ретінде жойылып кету қаупі тұрғандықтан,өмірлерін қатерге тіге жүріп,ұлы күреске кіріп кетті. Жазықсыз жапа шек се де қазақ елі үшін қолдан келгендерін аянбай қалды. Олардың осындай ел боламыз деген рухани көзқарастары жарқын келешекке жетеледі. Қазақ зиялыларының оқығандары арасында жеке басын күйттегендер орыс патшасының шенеуніктерімен жанасса,ұлт қамын ойлағандар Алаш қайраткерлерінің қатарынан табылды. Сондықтан да Алаш қайраткерлерінің мұраларын өткен дәуірдің тарихы ретінде ғана қарамай, оны бүгінгі заманымызбен үндес өміршең көзқарастар жиынтығы ретінде бағалап, яғни бүгінгі тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатқандығына мән беріп, одан өрісті өнеге, ғұмырлы ғибрат алғанымыз ләзім. Бұған мемлекеттік деңгейде де, зиялы қауым тарапынан да ерекше көңіл бөлінуі тиіс деп ойлаймыз. Сондай-ақ, Алаш қозғалысының қарқынды жүруіне ерекше еңбек сіңірген, тіпті оның дүниеге келуіне атсалысқан бірқатар тұлғалардың есімдері арагідік болмаса, өз деңгейінде айтылмай да, бағаланбай да келе жатқанына назар аударуымыз қажет. Уәлитхан Танашевтың, Жанша Сейдалиннің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың, Асылбек Сейітовтің, Тел Жаманмұрыновтың, Аспандияр Кенжиннің, Базарбай Мәметовтің, Иман Әлімбековтің, Әлжан Байғориннің, Садық Аманжоловтың, Мұқыш Боштаевтың, Дәулетше Күсепқалиевтің, Ережеп Итбаевтың, Хамит Тоқтамышевтың, Сейілбек Жанайдаровтың, Нұрғали Ипмағамбетовтың, Әзімхан Кенесариннің, Сейдәзім Қадырбаевтардың да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет көрсету - біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ. Есімдері аталмаған қаншама азаматтар ХХ ғасыр басындағы отаршылдық қамытындағы халқы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олар сол ерен істеріне марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды.


14
Үкі­меттің аграрлық саясаты нәтижесінде жарамды қазақ жерлерінің жаппай қоныс аударушылардың пайдасына өте бастауы, соның нәтижесінде кедейленген жатақтардың көбейе түсуі жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттық зиялылар тобын саясатпен кәсіби шұғылдануға, ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясын қалыптастыруға, ұлттық платформадағы саяси партияға бірігуге мәжбүр етті» Қазақ зиялыларының көзқарасы бойынша ұлт өзінің дәстүрін, тілі мен дінін, ата мекенді толығымен өзі иеленбейінше қоғамда даму болмайды, мұны ескермей, яғни, ұлттың төл құндылықтары мен тарихи өмір сүру құқын аяқасты етіп жүргізілген реформа ешқандай да нәтиже бермейді. Мемлекетті дамыту үшін жүргізілетін саясат ең біріншіден ұлттың болмысын, рухани құндылықтарын, елдің тұрмыс жағдайын ескеруі қажет. 1905 жылы Патша өкіметіне қазақ халқының атынан жолданған Петициядағы қазақ зиялыларының пікіріне сүйенсек, «Орыстандыру саясаты қазақ өлкесінің мәдени дамуына қанша зиян болса, қазақтарды жерсіздендірудің қазіргі тәртібі де олардың тұрмыс халіне соншама зиян. Қазақтардың даладағы экономикалық жағдайы әбден қалыптасқан: мұнда дала – малды, мал – қазақты асырайды… Қалмақтармен ұзақ та сұрапыл ұрыстардан кейін, әкелер қанының өтеуімен азат етілген ата мекенін өз меншігі деп есептеген қазақтар, орыстың қарамағына кіргенде, ол мемлекет халық меншігіне қол сұға қояды деп ойлаған жоқ еді» Қазақ зиялыларының қоғамдық сананы жаңғырту, ұлттық мүддені қалпына келтіру саясаты негізінде ұлттық сана, ұлттық бірегейлік, халықтың ауыз біршілігі, соны реттеу жолға қойылған. Ұлт сақталу үшін кейінгі ұрпақ ұлттық рухты иеленіп, ақылды, білікті және білімді, бәсекеге қабілетті болуы шарт. Мәдени өркендеуге рухани мүмкіндігі жоқ қоғам ел болашағына қайшы келетін нәрселерге қарсы тұрмақ түгіл, оның қоғамға қалай келіп, қалай кететінін шамалауға дәрменсіз келеді. Демек, ұлттық сана, ұлттық идея тарихтан берілетін ұлттың рухани қазынасы, ол ұлт болмысының бойындағы рухани иммунитеттің сақталуына немесе қайта қалпына келуіне мүмкіндік бермек. «Қазақ сайлауы – деген Әлихан Бөкейханов – жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады» Сырттан келетін нәрселер, яғни, жаңа саяси мәдениет мемлекеттің ұлттық мәдениеті мен қоғамдық құрылысына кері әсерін тигізбеуі керек.
15

Нағыз ұлттық дәстүрі сақталған, адам болмысында қалатын шынайылық бар, әділеттілік қалыптасқан әлеуметтік ортада, халықтың талғамы жоғары қоғамда ұлттың болмысын тірек ететін құндылықтар, әдеп үлгілері орнығады. Ақшаның күшіне емес, біліміне, адамгершілігіне, тәжірибесі мен біліміне жүгінетін адамдар қоғамға жасаған пайдалы ісімен халықтан өз бағасын алады.


Қазақ елі, оның біртуар перзенттері алаш зиялылары үшін ұлттық сана, халықтың мәдени болмысын, ой еркін­дігін негіздейтін ұлттық идеология ел мүддесіне адалдық, осы адалдықты аза­маттық, кісілік жолмен көрсету. Ол білімді, саяси сауаты терең, елдің мүддесін қорғауға қабілетті болу. Зиялылық жоғары дәрежедегі халықтың ой-өрісі мен ұлттық мәдениетінің қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Осы тұрғыдан қа­райтын болсақ, ұлт еркіндігі, ұлт ісіне деген құндылықтардың, табандылықтың рухани қасиет үлгілерімен келетіндігі ақиқат. Бұл тұрғыдан келгенде, заңнан бұрын ұлттық санамен берілетін адам­гершілік заңы қоғамның барлық саласына ықпал етіп отырады. «Бұрынғы әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатұғын жақсы дәрі еді, – деген А.Байтұрсынов – бұл күнгі арам билерің қолында дәрі болмақ у болып жұғып тұр… Қазақта білімді адам жоқ емес көп, бірақ солардың көбі, құты, бәрі білімін халалға емес, харамға жұмсап ғадеттенген» Ахмет Байтұрсыовтың сөзінен ұғынғанымыздай, қоғамның негізін құрайтын адамгершілік, халықтың басын біріктіретін адамгершілік қасиеттер. Адамгершілігі жоқ ортада немесе кісілік қасиеттерден алшақтайтын қоғам өзіне қажетті құндылықтарды қалып­тасыруға қашанда дәрменсіз. Адам­гершілік көп жағдайда жеке адамға қатысты айтылғанымен, оның тарихта қалатын, тегістей бір қоғамның мәніне айналатын бейнесі ұлттың жетістігімен өлшенбек. Қо­ғамдық сана түрлері, оның өз жолымен дамуы қашанда мемлекеттің, ұлттың жетістігі болып саналады. Ахмет Байтұрсынов жазғандай, «Қазақтың білімді адамдары жамандық істесе де, халық оған сүйінеді, келістіріп істеген себепті. Өзге жұрт білімді бұзықтыққа жұмсағанға күйінеді, біз оған сүйінеміз. Бұл адасқандық емес пе? Жаман іс әркімнің қолынан келеді, жақсы іс қолдан келу қиын» . Қашанда мемлекет иесі ұлт, халық, ұрпақ. Халықтың ұлтқа айналуы ұлттық сана өрісіне тәуелді.
16

Мемлекет иесі ұлт дейтін себебіміз, ел ішінен зиялыларды тәрбиелеп, қоғам алдына шығаратын ұлттың өзі, яғни, зиялылар халық ішінен шығады. Оны түзейтін, дұрыс немесе бұрыс тәрбиелейтін халықтың өзі. Сондықтан да, мемлекеттің ісіне баға беретін халық болуы керек. Қазақ зиялылары халықты қай жағынан болмасын, қоғамға баға беретін деңгейге жеткізуге ұмтылған.Мемлекет, тәуелсіздік, мемлекеттің дер­бестігін негіздейтін демократия, саяси мәдениет бірден қоғамда орнай қоятын нәрсе емес. Ең бастысы ұлттық сана, оның арғы жағында тарих, тарих білімі, тарихи сана, өнеге, тіл, дәстүр мен мәдениет сақталуы керек. Бұларсыз, яғни, ұлттық құндылықтарын ұрпақ тегістей иеленбей, ұлттың рухани болмысы қалпына келмейді. Міржақып Дулатов 2013 жылы «Қазақ» газетінде жазған «Земство не нәрсе?» деген мақаласында атап көрсеткендей, «Қазақ халқы орыс патшалығына қара­ғаннан бері неше түрлі заң шығып, әрқайсысы кезінде өзгеріліп тұрды. Олардың бәрі бірдей қазаққа пайдалы болған жоқ, пайдалы болатындары болса, да қазақ пайдаланбай, теріс түсініп, зиян көрді. Мәселен, сайлау низамы ілгері замандарда қазаққа аға сұлтан, тархан дестанишный, советник деген дәрежелер беріліп, олар көпке бармай жоғалып, жаңа низам бойынша осы күнгі сайлау шықты». Алаш тұлғаларының тағылымы арқылы ел тарихының ақтаңдақ беттерінен көрініп отырғандай, заң, саясат, экономика, білім мемлекет, оның иесі ұлттың, ұлт болашағы өскелең ұрпақтың өміріне, болашағына, мүддесіне қызмет етпесе, қоғамда ұзақ тұра алмайды. Бірақ, өкінішке орай, ұзақ тұрмаса да, өзінің қоғамның табиғи даму мүмкіндіктерін тежеп, ұрпақты рухани дүниелерінен қашықтатып жіберері сөзсіз. Мемлекеттің болашағына ең қауіпті нәрсе ұрпақтың рухани дүниелерінен қашықтап, қоз үзіп отыруы. Осыған байланысты, Міржақып Дулатов, «Большевиктер дәурені көпке бармас, бірақ болшевиктің ылаңының кесірі тез арыла қоймас. Большевиктер мемлекет ісінің басынан көшер, бірақ, көшкенше талайды болдырып, былғап кетер» – деп айтып кеткен


Мемлекеттің дербестігі оның құнды­лықтарының сақталып, ұрпақ тарапынан қорғалып отыруында, яғни, ұрпақтың ұлт­тық болмысынан қол үзбеуі тек қана оның тәрбиесіне, біліміне, рухына тәуелді.

17

Елін, жерін, мемлекетін қорғайтын жастар, зиялы адамдардың ой-өрісі, ұстанымы тарихи санасы, азаматтық ұстанымы, мәдениеттілігі арқылы халқына жақын көрінеді, ұрпаққа үлгі өнеге береді. Елдің демократиялық мәдениеті бұл ұлттың төл тарихының білімі, мәдени құндылықтары арқылы қалыптасқан, тарих пен өз заманының жетістіктерін қатар зерделеп, тәжірибелерін бойына біріктіре алған, уақыт өрісіндегі адамзат мәдениеті мен ұлтының рухани дүниесіндегі білім үлгілерін қатар зерделеп, қажетіне пайдалана білген халықтың, ұлттық мүдде жолындағы зиялылардың рухани деңгейінен шығады. Ұлттық мемлекеттің демократиялық мәдени сипат алуы бұнда ұлттық рух (ұлттық сана, ұлтжандылық, адамгершілік, біліктілік, білім, іскерлік, еңбекқорлық) қоғамның жетістігіне, ұрпақтың жасампаздық қасиеттерінің қозғаушы күшіне, ел болмысының негізгі тірегіне айналып отырады. Халықтың рухы күшті, болмысы терең болған сайын, жасанды нәрселер қоғамға кіре алмайды, кірсе де ұлт пен жеке адам болмысына ене алмай, қоғамнан қайта шығып жатады.Алаш зиялылары қазақ мемлекетінің, қазақ қоғамының негізімен мәдени өрісін сақтап, нығайтып отыратын жер, сон­дықтан, ұлт шаруашылығына тәуелді, ұлт шаруашылығын, оның тәжірибелерін негізге алатын экономиканы, тіл үстемдігін орнатып, дін және дәстүрге негізделген ғылымды қазақ қоғамында дамыту қа­жет деген көзқараста болған: «Қазақ жерінің қазыналық болғанына өкіну – білмегендік. …Қазақтың әлі күнгі жерден қол үзбей отырғаны – жер қазыналық болғандықтан. Бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытқан қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең тентіреп кетер» Қашанда қазақ елі үшін жер қасиетті, сондықтан, алаш зиялылары халыққа ата мекен жерден қол үзбеуге қа­шанда кеңес береді. Олардың жер мәселесі тұрғысындағы қызметтері үш бағытта жүрді. Бірінші, қазақтың құнарлы жерлерін алуға бағытталған патша саясатының мақсатын, ішкі жоспарларын зерттеу және оны халыққа жеткізу. Екінші, қазақтың тарихи құқын қорғау мақсатында қазақ жерлерін, ата мекен болмысымен бірге келе жатқан ұлт шаруашылығының тәжірибелерін зерттейтін ғылыми еңбектерді ұрпаққа жазып қалдыру. Үшінші бағыт, халықтың ата мекен жері туралы ұлттық санасын күшейту. Осы мақ­сатта ұлттың тарихи дүниелерін жарыққа шығару, тарихтың идеясын кейінгі ұрпаққа жеткізу олардың алға қойған мәселелерінің бірі болған.


18

Қанша ғылым дами берсін, ғылымның жаңа озық жетістіктері адамзат қоға­мында негізгі экономикалық даму күш­ке айналғанымен, мемлекеттің эконо­микасының негізгі ресурсы елдің шаруа­шылығына тәуелді. Алаш зиялылар дәлелдеп кеткендей, ұлттық экономика ұлттың табиғатына, оның ерекшелігіне, елдің болмысына (тұрмысына), жүргізіп отырған шаруашылығына байлаулы. Ұлттық экономика ұлттың ата мекен табиғатын, болмысын, байлығын, тұрмыс тәжірибесін негізге алатын және білім, жаңа технологиялар арқылы оны дамытатын шаруашылық түрі. Қазақ зиялылары қазақтың ұлттық экономикасының дамуы деп қазақтың мал шаруашылығын, оның ғылыми болашағын айтқан. Қазақтың ұлттық экономикасы даму үшін оның дәстүрлі өнімінің технологиясын зерттейтін ғылым қажет. Ұлт шаруашылығын негізге алған ұлттық экономика тұрақты дамиды. Адам баласының табиғаттан ажырамайтыны секілді, экономикада ұлт шаруашылығынан ажырамайды. Ұлт шаруашылығына жаңа технология түрлері енгізілген сайын, ұлттық табиғи өнімдердің сұранысы да арта түседі. Қазақ зиялыларының пайымдауынша, қазақ қоғамына ұлт шаруашылығының табиғи өнімін экспорттайтын өндіріс қажет.


Ұлт шаруашылығына негізделген ұлттық экономиканың қалыптасу жолдары жөнінде алаш зиялылары қарапайым тілмен түсіндірген: «Шаруа­шылық деп жиюды айтамыз. Дүниелік деп адам баласының тіршілігіне керек нәрселерді айтамыз. Дүниелікті табу, ұқсату, сақтау жүзіндегі адам баласының істейтін ісін шаруашылық дейміз» Ұлттық экономика өнімдері ұлттың пайда болуынан бастап, оның қалыптасу жолында пісіп-жетіліп отырады. Ғылым, жаңа технология түрлері пайда болған сайын, ұлттық экономика өнімдерінің ашылмаған қырлары ашылады. Ұлт шаруашылығы өнімдерінің жаңа қыр­лары ашылған сайын ұлттың табиғи азық-түлік өнімдерінің қажеттілігі, сұранысы арта түседі. Қажеттілік пен сұраныстың артуына ықпал ететін өнім құнарының ғылыми тұрғыда зерттелуі және соның нәтижесінде қазақтың табиғи өнімдерінің жаңа технология өніміне айналуында.
Ұлт шаруашылығының негізі ұлттың өмірлік тәжірибелерінде жатыр.
19

Табиғи өнімді игерудегі ұлттық тәжірибенің өзі технология. Қазіргі ғылыми технология ұлт болмысының (дәстүр) бойында жатқан ұлттық тәжірибеге айналған дәстүрлі технологияны негізге алады. Алаш зиялылары ұлт шаруашылығының заман талабына сай дамуын, оның дамуына ықпал ететін технологияны қалыптастыруды шаруашылық өзгеріс деп атаған. Қазақтың шаруашылығын зерделей отырып сол кездегі қоғамның рухани өмірін көз алдымызға елестете аламыз. Жері кең, малы көп, тарихы бай халықтың болашығы халықтың тұрмысы мен болмысы үйлескен өмірімен байланысты. Қазақтың малы тауарға да, ақшаға да айналды, ал, отырықшыға айналған халық өмірінде егін шаруашылығы оны өңдейтін, пайдаланатын өндіріс орындары болмаса егін тауарға да, ақшаға да айнала алмайды. Бұндай халдегі халықтың өмірі өзін өзі күшейтуге дәрменсіз болып шыға келеді. Осыны өз заманында алаш зиялылары айтып кетті.


Қазақ ұлтының рухани деңгейі зиялыларды қалыптастырды, алаш зиялыларының рухани деңгейі халықтың рухани деңгейін қорғайтын тарихты туғызды. Нағыз тарих, философия халықтың, халық ішінен шығатын зиялы ұрпақтың рухани қызметінің негізінде сақталады. Халық пен ұрпақтың интеллектуалдық өрісі сақталған қоғамда идея халықтың мүддесіне тікелей бағынатындығы анық, халық пен ұрпақты мемлекеттің мүддесіне, тәуелсіздігіне бастап отырады.
Елдің мүддесіне қызмет ететін идея зиялылардың интеллектуалдық қызметінің өрісімен жүреді, интеллектуалдық өріс халықтың саяси білімі мен көзқарасын қалыптастырып, халық санасын жаңа уақыттың міндеттеріне бағыттап отырады. Жаңа уақыттың міндеттеріне халықты бағыттаудың ерекшеліктері халық тұрмысының негізінде, оның болмысын сақтап, сол болмыстың жүйесінде ұлттың мүддесін қорғап, халық шаруашылығын дамытып отыратын білімді қалыптастыру, ғылымды дамыту.Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының идеялары, ұрпаққа жазып қалдырған рухани мұралары бүгінгі біздерге осы мәселені ұсынады.Қазақтың өмірі жермен, ата кәсіппен тығыз байланысты, рухы тарихтың рухани деңгейімен өсіп, өзінің қасиетін сақтап отырған.

20
Отаршылдық дәуір, одан кейінгі кеңес билігі қазақтың өміріне әлеуметтік тұрмыс жағынан да, рухы жағынан да кері әсерін молынан тигізді. Діннің қыспаққа алынуы, қоғамдық құрылыстың өзгеруіне ықпал етті. Халықтың руханиятына айналған ойшылдардың ілімдері, өнер иелерінің туын­дылары ел өмірінен алшақтап, ұмытыла бастады. Таланттардың еркіндігі шектелді, еркіндікті шектеудің әдісі жоғарыда айт­қанымыздай елдің тұрмысының өзге­руінен басталды. Осындай жағдайда ұлттың рухының болашағы жастардың бойындағы талант рухының тағдырын ойымызға алу қыйын емес. Мыңдаған жылдар бой елдің рухани өмірімен бірге келе жатқан ұлттың мүддесін құрайтын құндылықтар қашанда халық ішінен мемлекет билігін қорғайтын, сол арқылы елдің мүддесін, тұрмысын сақтап отыратын нағыз мамандарды шығарып отырады. Адамның ұлт ісіне мамандануы ұлттың рухани мәдениеті арқылы қалыптасқан. Қоғам өмірінде орын алған дағдарыстан жастардың рухын арашалап отыру зиялылар міндеті, осы себептен алаш зиялыларының ұлттық мүдде жолындағы қызметтері рухани, ғылыми, саяси, әлеуметтік-мәдени және тарихи негізде, қоғамның түрлі бағытын қамтиды.


Ұлттық идеяның тарихи феноменін зерттеу мәселесіне келгенде қазақ зия­лылары қазақ қоғамының рухани-әлеуметтік тұтастығын қамтитын тари­хи ұғымдарды, идеяларды жарыққа шығарды. Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақ тарихы туралы еңбектерінде, қазақ жүздерінің шығу тарихы, қазақ халқының ұлттық бірегейлік болмысының тарихи сипаты, Алаша хан тарихы, қазақ халқының ұлттық тұтастығының қалыптасу тарихындағы Майқы би тұлғасы, өзге де ел арасында халықтың рухани мәдениетінің қалыптасуына еңбек сіңірген қазақ билері жөнінде, қазақ халқының батырлық руханияты зерттелген.Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек», Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» сынды тарихи өмірдегі қазақ жастарының тағдыры мен рухын бейнелеген еңбектері жастардың өміріне қай жағынан болса да тарихта рухани қорған болып қалғандығы анық. Халықтың зиялылардың өмір шындығын негіз етіп жазған дүниелерімен сусындап, жастардың сол рухани дүниелердегі өмір шындығымен, ақыл күшімен тәрбиеленуі адам рухын нығайтып, сол арқылы елдің рухын қорғайтын нәрсе.

21

Алаш зиялыларының өмірі ұлтқа жанашырлықтың бір ғана бағытта, бір ғана деңгейде келмейтінін көрсетіп кетті. Ұлтқа жанашыр болу, ұлттың тіліне, дініне, діліне, өміріне жанашыр болу. Ұлттың өмірін сақтайтын, мүддесіне айналған дүниелерге жанашыр болу сегіз қырлы білімді, бір сырлы қабілетті, төзімді, ақылды талап етеді. Бұны айтып отырған себебіміз алаш зиялылары ұлт ісін қолға алуда ұйымдасқан деңгейде кейінгі ұрпаққа қолғабыс болатын мол тәжірибені қалыптастырды.


Ұлтқа қызмет етудің дара жолы тарих, себебі, тарихта идеялар, тәжірибелер, құндылықтар сақталады. Шәкәрім бас­таған тұлғаларымыз қазақтың тарихы тақырыбында өлеңдер жазды, ислам діні, шариғат туралы, ғылым мен өнердің қасиетін, құндылығын насихаттайтын мол мұралар қалдырған. Олардың еліне дамудың бағытын сілтеп, жаңа заман өркениетінің шуағын түсіретін еңбектер жазудағы ерлігі әлем ғалымдарының еңбектерін оқып, ғылым тарихын зерттеп ұрпаққа ұлтының рухымен ұштастыратын мұра қалдыруында.Ұлттық болмыс пен әлеуметтік тұрмыс ,ұлт мүддесін қорғау,халық шаруашылығын дамытып, ғылымды дамытуғ рухани ой сананы жетілдіру Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары жазып қалдырған рухани мұраларда бүгінгі біздерге осы мәслелерді ұсынады.Алаш зияларының өмірі ұлтқа деген сүйспеншілік пен жанашырлықтың бір ғана бағытта,бір ғана деңгейде келмейтінін түсінідірп кетті десек артық емес. Алаш тарихының ақтаңдақ беттерінің ашылмаған тұстары көп. Әкімшілдік әміршілдік Кеңес жүйесінің көбесі сөгілгелі ширек ғасыр өтсе де, әлі де болса шынайы тарихи бағасы берліп ғтың зерттеуді қажет ететін күрделі тарих ақтаңдақтары бар. Соынң бірі Алашорда үкіметі миен Алаш партиясының қоғамдық сасяи қызметі толық зерттелген деп айта алмаймыз. Алашорданың кейбір беймәлім қайртакелерінің қайда жерленгені де белгісіз күйде қалуы көп нәрсенің ашылмағанына хабардар етеді.Алаш-қазақ даласындағы алғашқы ұлттық партия деген тоқтам бар. Патша үкіметінің мекеме басшыларына қазақтарды қар жұмысқа емес,әскер қатарына алуды лайық екендігін айтып,өтініштер түскен. Осы тұста қазақ ұлттық демократиялық зиялы тобының көшбасышысы Ахмет Байтұрсынов: «Қазақ секілді іргеді жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару жарақ асынып мемлдекеттті қорғауға лайық еді,қатарда жоқ қара жұмысқа байлауын кемшілік санаймыз» деп ойын ашық айтқан.
22

Алайда патша үкіметі өзіне тәуелді халықтың мүдесімен көзқарасымен есептескісі келмеді. Бұратана жұрттың ер адамдарын қалаған мерзімде жұмысқа шақра бастайды. Мұндай басыну ұлт зиялыларын қатты толғандырды.1916 жылы «Алаш азаматтарына» атты үндеу жариялайджы. Мұнда келелі шешімдер мен қазақ елінің тәуелсіздікке ұмтылу жолындағы алғашқы ұстанымдары,оны іске асырудағы тиімді жолдары атап көрсетіледі. Қазақ тарихындағы «он алтының ойранын» академик Манаш Қозыбаев «Ахаңдар бастаған алыптар тобы отаршылдыққа қарсы жалпы ұлттық құтқару майданын ашты Бірақ.... Дала азаттығы көтерілсінде Ұлтты қансыратпай аман алып қалу жолын іздеген қажет деген амал тәсілдерді қолданған. Алаш зиялылар қазақ елінің тіліне жанашырлық танытқан. Тілді сақтап қалуға тырысқан.Өйткені тілсіз ел жоғалатынына күмән келтірмеген. Ахмет Байтұрсынов: «Өз тілімен сөйлескен,өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды «деген. Расында қазіргі таң да да мәселе болып келе жатқан осы ана тіліміз. Ұлттық құндылығымызды сақтап қалу үшін ана тіліміз мемлекеттік тіл болып саналу керек. Алаш қайраткерлері қару көтеріп қантөгіс жоылмен емес,саяси әлеуметтік экономикалық құқытар талаптар қою арқылы өркениетті жолмен Қазақ мемлекетін құрудың жолын іздестірді.Ол үшін алдымен орыс империясының құрамындағы жұрт ретінде қазақтар өздерінің заңды құқытарына кеплідік беруді сұрады. Зиялы қауым басшылары Ә Бөкейханов,А байтұрсынов,М дулатов,М Жұмабаев,Шәкірім мен Тойсарин Бейсенбай,Демесін Мейірманов, тғаы басқа көптеген халық қамын жеген қайраткерлеріміз қазақ елінің тәіелсіздігі үшін күрес бастаған боалтын.Бұл күрес тек сөз жүзінде емес қағазға түсіріліп, қалың қауымға кеңінен насихатталды.Ол еліміздің тарихында тұңғыш рет отаршыл империяның ең биік билік өкілдеріне жолданған саяси құжат «Қарқаралы петициясы» болды. Алдымен 26 маусымда Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақпаев бастаған азаматтар Қоянды жәрмеңкесінде, кейінірек тарихқа «Қарқаралы құзырхаты» деген атпен енген хат жолдады. Бұл хатқа қол қойғандардың саны бір деректерде - 12767 адам, енді бір деректерде 14500 адам делініп көрсетіледі. Осы сандардың қай-қайсысы да сол кезең үшін үлкен көрсеткіш.


23

Қазіргі кездің өзінде мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты ұйымдастырылатын митингілерге бірнеше мың адам ғана жиналып, бірнеше мың адам ғана әлгіндей хаттарға, үндеулерге қол қояды. Ол кездегі қазақтан қазіргі қазақтың саны екі еседен астам екендігі, бүкіл Қарқаралы округіндегі тұрғындардан Алматы мен Астананы айтпағанның өзінде бүгінгі Қазақстанның кез келген қаласының тұрғындары әлдеқайда көп екендігін ескерсек, Ә.Бөкейхан бастаған топтың елдік мүдде жолында бұқара халықты қалай жұмылдырғанына қайран қалуға болады.«Қарқаралы құзырхатынан» соң іле-шала шілде айында осындай талапхат 42 болыс өкілдерінің қол қоюымен Ресей үкіметіне жіберілді. Осы құжатты «Қарқаралы жеделхаты» немесе «Болыстар құзырхаты» деп атауға боларлық. Осы құзырхаттардан кейін Қазақстанның оңтүстігінде де, орталығында да, батысында да қазақ халқының теңсіздігін айтқан, құқығын талап еткен хаттар дайындалып, отаршылдық үкіметке жолдана бастады. Айталық, Лепсі уезі қазақтарының шағымы. Бұл құжатқа Жетісу облысы Лепсі уезі қазақтарынан 1000 адам қол қойған. Сонымен бірге, осы кезеңде Орал және Торғай облыстары қазақтарының да талапхаты жазылды. М.Тынышпаевтың Министрлер кеңесінің төрағасы атына жолданған хатын да аталған жылғы деректердің қатарына қосуға боларлық. Ұлт тағдырына алаңдаған 26 жасар студенттің бұл хатынан отаршылдық биліктің қазаққа жасап отырған басынушылық әрекеттерін аңғарамыз. Бес пункттен тұратын хатты М.Тынышпаев: «6 миллион қырғыз халқын ескерусіз қалдырмауды, оның өкілдері жалпы мемлекеттік құрылысқа қатысты мәселелерге де, соның ішінде, қырғыз халқын басқаруды қайта қарау мәселелеріне де өз пікірлерін білдіруге және қатысуға мүмкіндік алуын әділеттілік талап етеді» деп аяқтайды . Сонымен бірге, осы жылдың қараша айында Санкт-Петербургте өткізілген автономияшылар сиезінде М.Тынышпаев «Қырғыздар және азаттық қозғалысы» тақырыбында баяндама жасап, онда қазақ халқының құқығы өрескел бұзылып жатқанын ашына жеткізіп, соған байланысты қазақ даласының әртүрлі өңірлерінен Ресей үкіметінің саясатына қарсылық ретінде 25 мыңнан астам қазақтар қол қойған құзырхаттардың жолданғанын келтіреді.


24

Жалпы, М.Тынышпаевтың бұл баяндамасы – отаршылдық саясаттың қазаққа жасап жатқан қысымын жан-жақты көрсеткен және елдің осы саясатқа қарсылығын көрсеткен біз білетін тұңғыш баяндама болатын.Ұлт-азаттық қозғалыс тарихындағы 1905 жылдың айрықша маңызы тағы бір саяси оқиғадан көрінеді. Бұл осы жылдың желтоқсан айында Орал қаласында «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының» құрылуы және соған орай сиез өткізілуі. Әлбетте, бұл шағын құрамдағы сиезді қазіргі түсінікпен емес, сол кездегі жағдаймен бағаласақ, онда Оралдағы осы сиез қазақтың саяси тарихындағы алғашқы сиез болмақ. Бұл сиезде партияның бағдарламасы қабылданып, онда: азаматтардың негізгі еркіндіктері, патшалықтың қалпы, халықтың өзін-өзі билеуі, сот, дін, жер, алым-салық, жұмысшылар, мектептер, партия жұмысы сияқты мәселелер қамтылған. Бұл бағдарлама – қазақ тарихындағы ең алғашқы саяси бағдарлама болса керек. 1905 жыл Қазақстанның бірқатар жерлерінде болған саяси басқосулармен де есте қалды. Олар 1905 жылдың қазан айында патша үкіметінің Манифесті жарияланғаннан кейін қазақ зиялылары ұйымдастырған басқосулар еді. Мұндай саяси басқосулар қазанның соңында Омбы қаласында, 7 қарашада Павлодарда, 11 қарашада Баянауылда, 14 қарашада Қарқаралыда ұйымдастырылды. Саяси басқосулардың өтуіне Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақпаев сияқты азаматтар ұйымдастырушылық және қайраткерлік пәрмен танытты. Бұл саяси басқосулар Қарқаралы, Жетісу, Орал, Торғай өңірлерінен жолданған құзырхаттардың табиғи жалғасы болды. Қозғалыстың бастауы болған «Қарқаралы құзырхатының» Арқадағы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келу себебін айтсақ, оның тарихи әрі географиялық уәжі бар. Қоянды жәрмеңкесі бай мен бағланның жиналатын жері ғана емес, қазақтың ақыны, өнерпазы, елшіл азаматтары да шоғырланатын тұсы. Мұнда қаражат пен малдың ғана әңгімесі емес, елдік мәселелер де көтерілетін. Бұл – бір. Екіншіден, Қарқаралы түбіндегі Қоянды жәрмеңкесі – 1898 жылы Санкт-Петербургтің орман шаруашылығы институтының экономика факультетін бітірген Әлихан Бөкейханның, 1902 жылы Ресей астанасындағы бас университеттің заң факультетін үздік аяқтаған Жақып Ақпаевтың ауылдарына іргелес жатқан мекен.


25

Сондай-ақ, дәл осы кезде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда ұстаздық ететін. Сондай-ақ, Қарқаралы жалпы қазақ жеріндегі сол кездегі білім мен мәдениет ошақтарының бірінен саналатын. Міне, осы факторлардың барлығы «Қарқаралы құзырхатының» дүниеге келуінің алғышарты болды.1905 жылғы желтоқсан айында Б.Қаратаев, Н.Ипмағамбетов, Ғ.Бердиев Оралда «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құруға байланысты сиез өткізгенін ілгеріде жазған болатынбыз. Бұл сиезге болашақта Алаш қозғалысының қайраткерлеріне айналатын бірқатар азаматтар қатысты. Солардың бірі – Х.Досмұхамедұлы. Ол кейінірек өзінің саяси жолға түсуі жөнінде: «Мен Петербургке бірінші орыс революциясының қарсаңында келдім... Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімді жетілдіруге кірістім... 1905-1906 жылдары мен кейбір қазақ студенттерімен бірге Орал қаласында үгіт жұмыстарын жүргізіп, халыққа елде болып жатқан оқиғаларды түсіндірдім» дейді Дәл осы кезеңде Ж.Ақпаевтың, Р.Мәрсековтердің де ұлттық мүдде жолындағы күрестерін бастағандығын аңғарамыз. Мәселен, академик К.Нұрпейіс «Алаш һәм Алашорда» монографиясында Ж.Ақпаевтың 1905 жылы Павлодарда, Баянауылда, Қарқаралыда қазақ халқының теңдігі мен азаттығы жөнінде сөз сөйлегенін, Р.Мәрсековтің Семейде сайлауды қазақ пайдасына сай өткізу жөнінде ұсыныс білдіріп сөйлегенін келтіреді Әрбір құбылыстың туу, қалыптасу және даму фазалары болатындығы белгілі. Алаш қозғалысы да осындай міндетті фазалардан, табиғи кезеңдерден өтті.Қандай да болсын тарихи, саяси, қоғамдық құбылыстың тұтас бір құбылыс атануы үшін оны сипаттайтын ортақ белгілердің болуы шарт. Яғни, біз бүтін құбылысты қалыптастыратын, құрайтын бөлшек-белгілерді нақтылап, олардың шынында да бір-бірімен байланысты, сабақтас, құрамдас екендігін айқындап алғанымыз абзал.Тәуелсіздік жолындағы Алаш қайраткерлерінің айшықты көзқарастары тарихта айқындалып келеді. Ұлт тарихындағы қандай да бір оқиғаның орын алуы ұлттың өзінің тарихи эволюциясынан өрістемек. Алаш қайраткерлерінің қазақ мелекетін құрудағы айшықты қозғалысы- Алаш қозғалысы сияқты аса ірі саяси, рухани құбылыстың басталуы, әлбетте, ең алдымен қазақ халқының сол тұстағы тарихи қажеттілігі тудырған қисынды құбылыс.


26

Ресей отаршылдығының езгісі Алаш қозғалысына дейін қазақ даласында ғасырдан астам уақыт жүргізілген. Бірақ Алаш қозғалысы сипатындағы құбылыстың тууы тек ХХ ғасырдың басында ғана мүмкін болды. Себебі, дәл осы кезеңде ұлт тарихының қозғаушы күші боларлық жаңа типтегі тұлғалар шоғыры қалыптасты. Ал Алаш қозғалысы қай кезге дейін жалғасты десек, онда, әлбетте, 1920 жылдың наурызын атаймыз. Бұдан соң кеңестік Ресей құрамындағы кеңестік социалистік автономия құрылды. Алаш қайраткерлерінің басым көпшілігі кеңес жағына шықты, кеңестік қызметке араласты. 1920 жылдары Алаш зиялыларының шығармашылығы ұлттық мазмұнда болғанымен, олар негізінен, бұрынғыдай күрескерлік бағытында емес, таза көркем және ғылыми шығармашылық мазмұнында болды. Сондықтан біз Алаш қозғалысын 1905 жылғы қазақ даласындағы құзырхат, сиез, басқосулар сияқты отаршыл саясатқа қарсылықтағы саяси шаралардан бастаймыз.Алаш сынды ұлт тарихындағы ірі азаттық қозғалысының тарихын бірер жылға сыйғызудың жөні келмейді. Мұндай қозғалыстардың түптамыры тереңде болмақ. Жоғарыдағы пікірлерге аялдасақ, онда қозғалыс тарихын 1913 жылдан да, 1917 жылдан да бастау аса дәл пікірлер емес. Себебі, 1913 жыл Алаш қозғалысының үні болған «Қазақ» газетінің шыққан жылы. Егер газет шығару бастамасын қозғалыстың қайнар көзі ретінде қарастырсақ, онда Ахмет Байтұрсынұлы және оның серіктері газет шығаруды аталған жылдан әлдеқайда бұрын қолға алған, жоспарлаған. Дегенмен, отаршылдық саясат газет шығаруға 1913 жылы ғана мүмкіндік берді. Ал 1917 жылға келетін болсақ, бұл жылы облыстық қазақ сиездері ұйымдастырылды, Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне қазақ саяси партиясы мәселесі қойылып, Екінші жалпықазақ сиезінде Алаш автономиясы жарияланып, Алашорданың Халық Кеңесі құрылды. Алаш қозғалысының тарихындағы бұл маңызды саяси оқиғалар – осы жылы ғана пайда бола салған құбылыстар емес, белгілі бір уақыт дайындаған оқиғалар еді. Рас, осы оқиғалар көпжылдық ұлт-азаттық қозғалысына «Алаш» деген атау берді. Құбылыстың ертерек пайда болып, оған атаудың кейінірек беріле жататынына төл тарихымыздан да, әлемдік тарихтан да жеткілікті мысалдар келтіруге әбден боларлық.


27

1905 жыл – қазақ тарихы үшін аса айрықша жыл. Дәл осы жыл қазақ баласының өз құқы үшін саяси күреске шыға алатындығын байқатты. Қозғалыстың басында тұрған және оны өрістеткен тұлғалардың бірлігі мен тұрақтылығы. Қандай да бір тарихи үдеріс бір ортақ атауға ие болуы үшін оны қалыптастырған негізгі тұлғалардың шоғыры болуы тиіс.


Мақсаты бір, ниеті ортақ, мүдделес осындай тұлғалар сол саяси құбылыстың жолдары мен тәсілдерін айқындайды. Қозғалыстың басында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Б.Құлманов, Н.Ипмағамбетов, Ғ.Бердиев, М.Тынышпаев, М.Дулатов, Ж.Ақпаевтар болғанын сол кездегі тарихи оқиғалардан айқын аңғарамыз. Осы аталған тұлғалар және тағы да басқа қайраткерлер 1905 жылдан бастап белсенді саяси күреске шықты және олар 1917 жылдың көктемінде еліміздің әр түкпірінде облыстық қазақ сиездерін ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты, алдымен азаматтық, сосын қазақ комитеттерін, «Алаш» партиясының жергілікті ұйымдарын құруға атсалысты және оларды басқарды. Сонымен бірге, олар Бірінші және Екінші жалпықазақ сиездерін ұйымдастырып, «Алаш» партиясы атынан бүкілресейлік Құрылтай жиналысына ұсынылды, Алашорда үкіметінің құрамына сайланды. Яғни, 1905 жылы басталған Алаш қозғалысын қайраткерлердің белгілі бір шоғыры дайындап, олардың басым көпшілігі қозғалыстың соңына дейін бастамашылық, ұйытқылық, жетекшілік рөлде болды.
Қозғалыс қарқын алған сайын бұл қайраткерлердің де халық алдындағы беделі өсті, яғни бұқара халықтың оларға деген сенімі беки түсті. Қозғалыстың туу кезеңінен бастап, әсіресе, Әлихан Бөкейханның беделі күшті болғандығы байқалады. Оны Ахмет Байтұрсынұлының Әлиханға арнаған өлеңіндегі мына бір шумақтан айқын аңғарамыз.
Қырағы, қия жазбас, сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай! , Байтұрсынов А.
28

Сол күндердің және бір куәсі Қошке: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан» деп жазады Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ішінен Ә.Бөкейханды осылайша ерекше бөліп атаудың жөні бар. 1905 жылғы отаршыл үкіметке қарсы саяси қимылдардың көпшілігінің басында тұрған осы Әлихан. Ақпан төңкерісі нәтижесінде озбыр империяның патшасы тақтан құлатылғанда халқынан сүйінші сұрап, бірлік пен теңдікке үндеген де Әлекең болатын. Бірінші және Екінші жалпықазақ сиездерін ұйымдастырудың басында тұрған да осы тұлға. Сондықтан да сан жылдық күрес жолындағы саяси һәм рухани серіктері оны Алашорданың төрағасы етіп те сайлады. Қазақ жұрты ат құлағында ойнағанмен қару ұстап атты әскер болуға құқы жоқ болатын. Қаптаған қарашекпенді қазақты құнарлы жерінен қуып қана қоймай қақасын да алып қойды.Мұндай кері кеткен заманда халықтың қолдаушысы да қорғаушысы да Алаш қайраткерлері еді. Әлихан Бөкейхан бастаған алаш зиялылары қазақ еліне қақысынамалшарығменалыпберуге тырысты.Соның бірі қазақты әскер қатарына алдыру болатын.Слявян жұрттарымен қатар казактар менімен қатар атты әскер сапында алынар болса қазақ қазына меншігіне өз жеріне деген құқына ие болама деген көзқараста болып еді. Мемлекеттік дума мінберіне де мәселе етіп қойылса да патша шенеуніктері жауаптары біреу ғана болды «болмайды деген. Халықтың қорғаны иболып жүрген сол кездегі Алаш қайраткерлеріне бастаған тегеурінді саяси күш қалыптасқанда тарих дауылы мүлде басқа жақтан соқты. Алаш қайраткерлерінің бойында ұлттық демократиялық көзқарастар мен идеялар қалыптасты. Олар демократиялық идеяларды абстрактілі түсіне отырып, отаршылдық езгідегі қазақ халқының тұрмыс жағдайын жақсы жақтарға бостандыққа бейімдеуге талпындыКез келген мемлекеттің тарихы сол елдің, халықтың тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен өзектес келеді. Ал саяси күрестің нәтижелі болып, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруы оны басқарған қайтаркерлердің еңбегі мен басшылыққа алған саяси және құқықтық ілімдерінің өміршеңдігіне байланысты.

29

Осы тұрғыдан келгенде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы ұлы мақсаттарын жүзеге асыруға кіріскен Қазақтан Республикасының тұтас тарихын жасау үшін оның мемлекеттілігінің қайнар бастауына, әр дәуір, кезең сайын өсіп-өркендеп, қалың бұқараның басым көпшілігін өз соңына ерте білген, елдегі саяси күштерді, қозағлыстарды біртұтас Алаш қозғалысына ұластырып, ұлттық-демократиялық бағыттағы Алаш партиясын ұйымдастырған, европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құрып, соның нәтижесінде Алаш автономиясын жариялаған Алаш қайраткерлерінің өмірін және олардың саяси, құқықтық көзқарастарын зерттеудің маңызы ерекше болмақ Алаш қозғалысы қайраткерлері өздерінің идеяларын жүзеге асыру үшін сол дәуірдің қажет еткен және мүмкіндік берген ауқымы шегінде ұлт азаттығы үшін қажетті саяси, рухани, ағартушылық амалдар мен тәсілдерді жүзеге асырды. Алаштықтардың келешекте жүзеге асырылатын идеяларының басым көпшілігі «Қарқаралы құзырхатынан» көрініс тапты десек боларлық. Осы құзырхатта жазылған талаптар және саяси күрестің дәуірлік қажеттіліктері Алаш қозғалысының басты мұраттарын негіздеп, соған орай күрестің амалдары мен тәсілдерін де қалыптастырды. 1905 жылғы бірінші орыс төңкерісінен кейін империялық биліктің тәртіпті күшейтуі, Алаш қайраткерлерінің саяси күрестен де, рухани-ағартушылық қадамдарға баруына ықпал етіп, енді олар халықты ағарту, халыққа өз құқықтарын білдіру шараларын қарастырып, оларды жүзеге асыруға бағыттады. Атап айтқанда, Әлихан Бөкейханның мақалалары мен аудармалары, Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашу құралдары мен «Қырық мысал», «Маса» жинақтары, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы!», Ғұмар Қараштың «Бала тұлпары» мен «Аға тұлпары», М.Тынышпаевтың, М.Шоқайдың публицистикасы тағы да қаншама қайраткерлер мен қаламгерлердің күресшіл рухтағы туындылары алаштықтардың сол кездегі саяси һәм ағартушылық амалдары мен рухани тәсілдерін байқатады. Алғашқыда Ресейдің кіндік үкіметіне құзырхат жазудан бастаған Алаш зиялылары империялық саясаттың 1905-1907 жылдардағы төңкерістерден кейін қатаң тәртіп орнатуынан ендігі жерде ағартушылық жұмыстармен шұғылдана бастады.



30

Бұл ағартушылық жұмыстардың басында Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы тұрғаны, оның қазақ баласының сан ұрпағы сауат ашқан еңбектер жазғаны тарихтан баршамызға да белгілі. Алаш зиялылары халықты насихаттауда баспасөздің мәнін терең түсініп, шамамен 1907 жылдардан бастап қазақ баспасөзін шығаруды мақсат етеді. Бастапқыда «Серке», «Тіршілік», «Қазақстан» сияқты газеттер шығарып, сәл кейінірек «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы» сияқты ұлт басылымдарының жарыққа шығуына қол жеткізеді. «Қазақ» газетінің алғашқы редакциялық мақаласында: «Әуелі, газет – халықтың сөзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды» дей келе, өздерінің мақсаттарын «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың әруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі осы» деп дәуірдің ең зор мақсатын айқындады .Қандай да болсын ұлттың азаттық алуы үшін оның серкелерінің саяси сауаты терең, күрестері баянды да тұрлаулы болмағы қажет. Алаш зиялылары ХХ ғасыр басында ілгеріде айтқанымыздай «Қазақ демократиялық-конституциялық партиясын» құрғаны белгілі. Ал Әлихан Бөкейхан сияқты Алаш көсемі сол кездегі Ресейдегі әртүрлі партиялардың жұмысын көріп, өзі кадет партиясына мүше болғаны да тарихтан мәлім. Сол шақта Әлекеңдер, әрине, орыс саясаткерлерінің тәжірибесін бағамдап өз елінде де осындай саяси күшті жасауды мақсат етуі күмәнсіз десек, онда олардың бұл идеясы тарих сәтін салған кезеңде жүзеге асып, «Алаш» партиясын құрғаны да аян.Қозғалыстың тарихында қазақ қайраткерлерінің мұсылман бауырлармен жақын араласуы да оның қанатын бекітті. I, II Мемлекеттік Думаға енген қазақ депутаттарының мұсылман фракцияларына мүше болуы, Петерборда, Мәскеуде, Қазанда, Уфада, Самарада мұсылмандар ұйымдастырған әртүрлі шараларға қатысуы да қазақ қайраткерлерінің қозғалысты өрістетуіне, қажетті саяси болсын, рухани болсын тәжірибе жинақтауларына оң ықпал еткені күмәнсіз

31
.
Осыған қарамастан алаш зиялылары сол кездегі Алашорда үкіметінің астанасы Семей қаласына келіп,белсенді жұмыс жасай бастайды. Қазақ халқының әл ауқатын ,тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында өзге қалалардан оқу орындарын ашу,медициналық пункттер ашу, тағы басқа халыққа тиімді шаруаларды қолға ала бастайды. Алғаш реті Алашорда туын тіккен үкімет Семей астана болған кезде олардың қазынасында сол кездегі орыс ақшамен 12 млн сом болды. Осы ақшамен мемлекет құрды. Алашорда үкіметінің ішкі құрылымын нығайту үшін небәрі 300 әскері болды. Халқымызда «азамат» деген сөз бар. Адамға берілетін үлкен баға. Міне біздің Әлихан,Халел,Міржақып,Ахмет сияқты азаматтарымыз қараңғы қазаққа сәуле шашып, бодандық қамытына құтқаруға тырысты. Ел басына күн туғанда қасынан табылған тұлғаларымызға қазақ араша бола алмады. Сол кездегі қасақана бұрмаушылықтар Алаш зиялыларының қудалауына әкеліп соқты. 20-шы жылдардың басынан Алаш қозғалысының тарихына және бұрын Алашорда қозғалысына қатысқан кейін партия совет органдарында қызмет атқарып жүрген қайраткерлерге қарсы шабуыл кездейсоқ жүргізілген жоқ. Алаш қозғалысына қазақ арасынан көкірегі ояу азаматтардан қатыспай қалғаны жоқ. Барлығы да қуғын сүргін көрді. Солардың бірі есімі аталмай келе жатқан адамның бірі ол Махкелдинов Қажыкелді. Қажыгелді атамыз 1880 жылы туған Әкесі Қойгелді болыс болған екен. Алаш қозғалысының белсенді бір мүшесі Қажығали Махкелдинов 1932 жылы қуғынға ұшырап, жер аударылып,Қостанайға жіберілмек болған. Бірақ бір себептермен Таңсықта қалған екен. 1937 жылдары Қажығали Тойсарин Бейсенбаймен бірігіп үкіметке қарсы шықты деп және сол кездегі көпе көрнеу айып «Жапония шпионы» атанып екеуін қамауға алынып, ату жазасына кесілген. 1932 жылы ашаршылықта Шұбартау өңірінде 28 мыңнан астам ірі қара малы болған,одан қалғаны 2500 бас екен ал ұсақ мал 400 мың бас болса,одан қалғаны 5000 бас қана екен. Шұбартау өңірі сол кездері ашаршылыққа қатты ұшыраған. Рысқұловтың Сталинге жазған хатында да осы Шұбартау өңірі аштыққа қатты ұшыраған» деп көрсетілген

32


Махкелдинов Қажығали атамыздың жанұясы әйелі де қудалауға түсіп. Алжир лагеріне тартылған. Міне бұл да біздің тарих Осындай қазақ зиялыларының есімін біреу білсе біреу білмейді.

Бейсенбай Тойсарин 1868 жылы Семей облысы Шұбартау өңірінде дүниеге келген. Сталиндік репрессия құрбаны. Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов ,Міржақып Дулатов қуғынға ұшырап жүріп, Шұбартау өңіріне келіп осы Бейсенбай Тойсариннің үйін паналаған. 1937 жылы Алматы облысында қамауға алынып, үштіктің үкімімен жазықсыз сотталған. Әр жылдарда Бейсенбай Тойсарин туралы қалам тартқан зерттеушілер мен бірлі-жарым зерттеу еңбектер болғанымен оның саяси қызметі мен тарихи көзқарастары, әсіресе қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде ролі түбегейлі түрде, жан-жақты зерттелген емес. Тарихшы-ғалым, академик М. Қозыбаевтың: “Алаш партиясына топтасқан зиялылардың көзқарасы, идеологиясы, өмірлерінің әр сәті диалектикалық тұрғыдан әділдік таразысына салынғаны дұрыс” деген. Иә айтылмай келе жатқан әлі де ақтаңдақ сыры көп қазақ зиялыларының ғұмырнамасы кейінгі ұрпаққа толығымен жетсе екен. Бейсенбай Тойсариннің бойында ұлттық демократиялық көзқарастар мен идеялар қалыптасты. Ол демократиялық идеяларды абстрактілі түсінген жоқ, қайта оларды отаршылдық езгідегі қазақ халқының тұрмыс жағдайына бейімдеуге талпынды Кез келген мемлекеттің тарихы сол елдің, халықтың тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен өзектес келеді.


33


Алаш қайраткерлерінің ел тәуелсіздігі үшін іс әрекетінің тағы бір қадамы болашқа елдің елтаңбасы мен мөрі ,әнұраны болды.Жалпы тарихи деректерде Алашорданың ақ және жасыл түсті тулары болғаны туралы айтылған.Тарихи даму үдерісіне сай кеңестңк жүйенің ықпалына түскен Алаш қайраткерлері автономиялы болса да қазақ мемлекетін құрып.оның территолриялық межесін қалпына келтіру,халықтың сауатын ашу сынды жұмыстардың алғашқы сапынан көруге тырысты. Халел Досмұхамедов „Біздің мақсатымыз-ел билігін өз қолына беру,қазақ халқы автонмияға ие болып,алдағы уақытта өз тағдырын өз қолына лауы тиіс. біз тапқа жікке бөлінбейміз. біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз. Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттармен достық одақ құрып,олардың өзрара араздасуына жол бермеуіміз қажет. өйткені бұл заман тудырған біздің тағдырымыз.Қазір желбіреп тұрған жасыл туы-бірімізді бірлікке,бауырмалдыққа ,бауырластыққа шақырады. Қазақтың қара шаңырағы бәріне пана болады.Сондықтан саяи арандатушылардың жолын бөгейік.Елдің берекесінің кетуіне түпкілікті себеп қазақтарды жік жікке бөліп қан қақсатқан саясат. Қазақты елдің тұрмысын,әдеп ғұрпын білетін қайраткер ғана басқарады. Сол себептен біз Ресейден автономия алуға тиіспіз“ деген терең ойлы көзқарасты пікір тастайды. Бұл ұлт үшін ұлы тариз үшін тарихи нысана сөз еді. Бұл қазақ елінің империядан ірге бөлуінің мүмкінідігіне сендірген,санаға бостандықтың сәулесін түсірген киелі хабар болатын. Сол кезде қойылған төрдегі аятты жасыл түсті Ту –түпкілікті қасиетті орынын тапқан азаттықтың алғашқы туы еді. Тәуелсіздік Туы-Алаш Туы еді. Десе де Сталин қазақтың жауапты қызметкерлерін бір біріне қарсы қойып,қидаластыру арқылы бұл халықты зиялылардан айырды“ дегенге саятын Троцкийдің сол кездегі пікірі де ақиқат тақау еді. Сол кездегі Ахмет Байтұрсыновтың:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет