2 БӨЛІМ. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ КЕҢІСТІКТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Батыс Қазақстан облысы халқының саны
Батыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бір бөлігі. Жер аумағы 151,3 мың км2 құрайды, бұл ҚР жер аумағының шамамен 6% құрайды. Халық саны - 603,9 мың адам. Ақтөбе, Атырау облыстарымен, Ресейдің Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен шектеседі.
Сурет 1. Батыс Қазақстан облысы бойынша әкімшілік аудандар.
Батыс Қазақстан облысын 12 әкімшілік аудандар(155 ауылдық округ) және облыстық маңызы бар 1 қала құрайды:
Аудандар
|
Орталығы
|
Ақжайық
|
Чапай ауылы
|
Бөкейорда
|
Сайхын ауылы
|
Бөрлі
|
Ақсай қаласы
|
Жаңғала
|
Жаңғала ауылы (Жаңақала)
|
Жәнібек
|
Жәнібек ауылы
|
Бәйтерек
|
Переметный ауылы
|
Казталов
|
Қазталов ауылы
|
Қаратөбек
|
Қаратөбе ауылы
|
Сырым
|
Жымпиты ауылы
|
Тасқала
|
Тасқала ауылы
|
Теректі
|
Федоровка(Теректі) ауылы
|
Шыңғырлау
|
Шыңғырлау
|
Облыстың қазіргі аумағы 151,3 мың км2 құрайды, бұл Қазақстан Республикасының бүкіл аумағының 5,9% құрайды. Халқы - 603,9 мың адам. [16.5-10б.]
Сурет 2. Батыс Қазақстан облысының 1970-2021жж аралығындағы халық саны.
Жылдар
|
Халық саны
|
1970
|
513 077
|
1979
|
581 499
|
1989
|
630 887
|
1999
|
616 800
|
2003
|
602 133
|
2004
|
603 832
|
2005
|
606 534
|
2006
|
609 291
|
2007
|
612 479
|
2008
|
615 310
|
2009
|
598 341
|
|
|
2010
|
603 828
|
2011
|
608 280
|
2012
|
612 498
|
2013
|
617 640
|
2014
|
623 977
|
2015
|
629 932
|
2016
|
636 852
|
2017
|
641 513
|
2018
|
646 927
|
2019
|
653 775
|
2020
|
656 844
|
2021
|
661 172
|
Батыс Қазақстан облысы - бұл ауылдық елді мекендер басым болатын Қазақстанның аймақтарының бірі. Ауылдық елді мекендерді зерттеудегі тарихи-географиялық тәсіл оның аймақ ішіндегі қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Елді мекендер желісінің тығыздығы аумақтың жүз шаршы шақырымына шаққанда айтарлықтай төмендеді. Сонымен қатар, халықтың саны, ауыл халқының тығыздығы өзгерді. Заманауи қоныстандыру жүйесінде біз облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығыс бөлігіндегі ауылдардың үлкен кластерін - ауыл шаруашылығын дамыған аймағын көреміз. Онда өзен аңғарларындағы қоныстану түрі және қоныстанудың сызықтық түрі басым. Барлық ауылдардың жартысы дала аймағында орналасқан. Мұнда елді мекендердің тығыздығы жоғары. 100-500 тұрғыны бар елді мекендер басым. Ауылдардың ең аз саны шөл зонасында байқалады. [5.18-23б.]
Сурет 3. Батыс Қазақстан облысының халық саны.
Сурет 4. Батыс Қазақстан облысының халқының құрамы.
Ауылдық елді мекендерді зерттеудегі тарихи-географиялық тәсіл оның аймақ ішіндегі қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Елді мекендер желісінің тығыздығы аумақтың жүз шаршы шақырымына шаққанда айтарлықтай төмендеді. Сонымен қатар, халықтың саны, ауыл халқының тығыздығы өзгерді. Заманауи қоныстандыру жүйесінде біз облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығыс бөлігіндегі ауылдардың үлкен кластерін - ауыл шаруашылығын дамыған аймағын көреміз. Онда өзен аңғарларындағы қоныстану түрі және қоныстанудың сызықтық түрі басым. Барлық ауылдардың жартысы дала аймағында орналасқан. Мұнда елді мекендердің тығыздығы жоғары. 100-500 тұрғыны бар елді мекендер басым. Ауылдардың ең аз саны шөл зонасында байқалады. (5-сурет).
Сурет 5. Батыс Қазақстан облыс халқының санының өзгерісі
Оңтүстік, батыс және оңтүстік-батыста орналасқан аудандардың аумақтарында (Ақжайық, Жаңғала, Казталов, Бөкейорда) 1999 жылы халықтың табиғи өсуінің салыстырмалы түрде жоғары қарқыны байқалды. 2009 жылы сол аудандарда басқаларға қарағанда, Жәнібек және Қаратөбе аудандарында табиғи өсім сақталса да, халыө санын өсу қарқыны төмендеді.
Облыс бойынша жоғары табиғи өсім 1999 жылы облыстың шығысында (Шыңғырлау, Сырым, Қаратөбе), батыста (Жәнібек) және солтүстікте (Тасқала) орналасқан аймақтарға тән болды. 2009 жылы Шыңғырлау және Тасқала аудандарында халықтың көбеюіндегі жағдай нашарлап барады, олардың аумағында табиғи өсім 8,6%-дан төмен. Сырым өңірінде халықтың көбею деңгейі орташа аймақтық мәннен асып түседі.
Сонымен, 1999-2009 жылдар кезеңіндегі халықтың табиғи қозғалысының тенденцияларын аумақтық талдау көрсеткендей, Орал қалалық әкімшілігі аумағынан басқа облыстың барлық аудандары үшін халықтың көбею жылдамдығының төмендеуі тән.
Батыс Қазақстан облысының аймағында халықтың қоныстануының орташа тығыздығы 1 км2 жерге 4 адамнан келеді. Халықтың тығыздығы бойынша елімізде 7 орында. Облыстың ішкі 12 әкімшілік аудандарының ішінде халықтың тығыздығы біркелкі емес. Бөрлі және Бәйтерек аудандарында 1 км2 жерге 7-9 адамнан келеді. Шыңғырлау, Тасқала және Теректі аудандарында 4-7 адамнан болса, Қаратөбе, Жаңақала, Казталовка, Жәнібек, Ақжайық және Сырым аудандарында 1-3 адамнан, ал Бөкейорда ауданында 1 адамнан келеді. [2.33-45б.]
Достарыңызбен бөлісу: |