Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» «5В011000 -физика»



бет7/14
Дата14.09.2022
өлшемі0.99 Mb.
#460714
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
«ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

Эксперименттік есептерді шығару үшін, арнаулы құрал-жабдықтардың көмегімен тәжірибе жасап, нәтижесінде алынған шамалар арқылы есеп шығарылады. Эксперименттік есептерді шығару үрдісінде оқушылардың қызығушылығы артып, бақылағыштығы дамып, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары мен икемділіктері жетіледі. Оқушылар физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тереңірек танып біледі.
Графиктік есептер деп график бойынша берілген есепке керекті шамаларды анықтап шығаруға болатын есептерді айтады. Графиктік есептерді шығару үрдісінде графиктерді салу, графиктерден қажетті шамаларды тауып, есептеулерде қолдана білуге дағдыланады. Графиктерді салу, тұрғызу кезінде оқушылар физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділігін түсінуге, ұқыптылыққа уйренеді, яғни олардың танымдық және политехникалық мәні өте зор.
Оқушылардың өзінше ойлана алу және алған білімді пайдалана білу икемділігін қалыптастыруда физика есептерін шығарудағы өзіңдік жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру маңызды роль атқарады.
Физика есептерін өзінше шығара алмау, оқушылардың пән бойынша жақсы нәтижелер көрсетпеуінің негізгі себептсрінің бірі болып табылады. Арнайы өткізілген зерттеулер көрсеткендей есеп шығара алмайтьш оқушьшардың пайызы сыиыптан-сыныпқа көіикен сайын өседі екен.
Өздігінен есеп шығару икемділігін қалыптастыру мұғалімнің үнемі көңіл аударып отыруын қажет ететін күрделі мәселелердің бірі. Оқушыларды өздігінен есеп шығаруға үйретуді біртіндеп бастау керек. Алдымен жеңіл жаттығу есептерін, онан кейін күрделірек есептерге көшіп, тек сонан кейін өздеріне есеп шығартқан жөн.
Есеп шығару барысында өзіндік жүмыс элементтерін қиындығының өсуі бойынша біртіндеп қосады. Арнайы жүргізілген зертгеулер негізінде бұл жұмыстың мынадай деңгейлерін келтіруге болады:

  1. Алдымен оқушыларды есеп мазмүнын жеке талқылауға үйретілуі, оларды есептің мазмұнын қысқаша жазу және оны шешу әдістерімен таныстыру қажет. Ол үшін оқушыларды есеп шартын жазуға жиі тақта алдына шығарып, содан кейін бірігіп талқылау арқылы оны жазудың тиімді тәсілдерін табады.

Есеп шығару бойынша өзіндік жұмыстың дағдыларын қалыптастырудың келесі деңгейі — шешуді жалпы түрде орындау икемдіктерін қалыптастару және оның дұрыстығын физикалық шамалардың өлшем бірліктерімен жаттығулар орындай отырып тексеру.

  1. Физика есептерін шығарудағы өзіндік жұмыстарды дайындаудың негізгі элементі — оқушылардың жуықтап есептей алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мұндай дағдыны оқушылар алдымен математика сабақтарында алады, бірақ оны физика сабақтарында да бекіту қажет. Осы мақсатта 7 сыныпта алғаш физика есептерін шығарғанда, оқушылар бірігіп талқылаған есептің шығару әдісі мен шығару жоспарын тақтаға жазғаннан кейін, есептеулерін жеке орындауды ұсынған жөн.

  2. Оқушылар есеп шартын қысқаша жазу тәсілдерін, сонымен қатар физикалық шамалардың өлшем бірліктерін түрлеңдіру тәсілдерін игергеннен кейін, өзіндік жұмысқа есепті шығару тәсілдерін табуды қосу керек.

  3. Есепті шығарудың ең ыңғайлы тәсілін табу оқушылардың көп ізденуін қалыптастырады. Сондықтан есеп шығарудың жаңа тәсілін таба алуы үшін, оларға жүйелі түрде бір есептің әр түрлі шешілу жолдарын көрсеткен пайдалы. Мұны әсіресе, қиын есептер шығарғанда қолданады. Сонымен қатар бір есепті әр түрлі жолмен шығару, есептің дұрыстығын тексеру тәсілінің бірі болатындығын ескеру қажет. Бұл әдісті оқушылардың пайдалана білуі өте маңызды.

Оқушылар физика есептерін шығаруға байланысты әдіс-тәсілдерін толық игергеннен кейін, оларға есептерді өздеріне толық шығаруды, сонымен қатар алынған нәтижелерді тексеруді және талдауды тапсыруға болады.
Есеп шығаруға арналған әрбір сабақта өзіндік жұмыс орындалуы қажет. Мысалға, «Қысым» тақырыбы бойынша есеп шығару кезіндегі өзіндік жұмыс элементерін енгізуді қарастырайық.
1-есеп. Ауданы 155м2 плитаға массасы 1150т экскаваторы тірелген кездегі оның топыраққа түсіретін қысымын анықтаңыздар?
2-есеп. Массасы 25000кг экскаватордыц шынжыр табандарының ұзындығы 4м, ал әрбір шынжыр табанының ені 800мм екендігі белгілі, оның топыраққа түсіретін қысымын есептеңдср.
3-есеп. Егер гранит тұғырдың ұзындығы 4м, табанының ауданы 1,5м2 екендігі белгілі болса, оның топыраққа түсіретін қысымын табыңдар.
4-есеп. Масштабты сызғышты пайдаланып, үстелдің үстіне кіші бетімен тірелген білеушінің түсірген қысымын анықтаңдар.
Бірінші есепті тақтаға бір оқушыны шақырып шығартқан жөн. Есептің мазмұнын талдай отырып, оқушылар қысымды есептеу формуласын еске түісреді және оны жазып алады, формулаға кіретін шамалардың физикалық мағынасын және есеп шығару үлшін қысым күшін (Ғ) табу керектігін байқайды. Талқылауды жалғастыра отырып, олар қысым күшінің экскаватор салмағына тең екендігін, оны масса арқылы табуға болатынын анықтайды. Мұндай талқылаудан бүкіл сынып есептеудің шешу жолын талдауға қатысып, есептеудің дұрыс жүргізілгендігін тексереді.
Бірінші есепті осылай шығарған соң, екінші есепті оқушылардың өздеріне шығартуға болады. Ол алғашқы есепке ұқсас, бірақ біраз күрделірек, себебі мұнда оқушылар ауданды өздері есептеп, онан кейін жалпы тірек ауданын табады.
Үшінші есеп одан да күрделірек. Мұнда тұғырдың массасы және ол дайындалған граниттің тығыздығы көрсетілмеген. Сондықтан есепті шығарудың жолын бірігіп талқылау керек, сонда есепті оқушылар өздері шығара алады. Егер сыныпта есеп шығара алатын күшті оқушылар тобы болса, онда өздері шығаруы мүмкін.
Төртінші есеп — эксперименттік. Оны әрбір оқушыға білеуше мен масштабты сызғыш таратып беріп, өздеріне шығарту қажет. Оқушылар сыртқы өлшемдері дайындалған затты анықтап, оның тығыздығын кестеден алады. Білеушенің сызықтық өлшемдерін есептеу арқылы тірек ауданын және көлемі мен салмағын есептейді, сонан кейін барып, қысымды табады.
Бұл жұмысты «Қысым» тақырыбы бойынша бақылау тапсырмасы деп қарастыруға болады. Оны орындау қысым формуласын білуді; білеушенің сызықтық өлшемдерін есептеп, олар арқылы аудан мен көлемді есептеуді; кестеден заттың тығыздығын табуды; кесектің массасын анықтауды және қысымды есептеуді талап етеді. Осы есептерді шығару арқылы оқушылардың тек алған білімдерін ғана емес, бұрын өткен материалдарды оқу барысында алған икемділікгері мен дағдыларын тексеруге болады.
Жұмыс барысында әр оқушы жеке орындауы үшін қатар отырған екі оқушыға әр түрлі заттан жасалған және әр түрлі өлшемді
білеушелер берілуі тиіс. Білеушелерді нөмірлеп, оны дәптерлерінде көрсетуін ұсыну керек. Бұл мүғалімге оқушылардың шығарған есептерін тексеруге жеңілдік әкеледі.
Үй тапсырмасының маңызды бөлігін есеп шығару жұмыстары алады. Есеп шығару арқылы орындайтын тапсырмаларды үнемі тексерген дұрыс. Мұғалім жиі-жиі, айына екі рет дәптерлерді жинап, үйге берілген есептерді бағалап, оны журналға тіркеп отыруы қажет.
Оқушылардың есеп шығара алу икемдіктері мен дағдылары артқан сайын, оларға өзіндік жұмыс үшін күрделі есептер берген жөн. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс істеуі керек.
Экспериментттік тапсырмада – тек тапсырма көрсетіліп, ал эксперименттің жүргізілуі мен жолын оқушылар өздігінен анықтайды. Бұл оқушыларлан тек теориялық білімнің белсенділігін ғана емес, сонымен қоса эксперименттің технологиялық біліктілігін де талап етеді.
Экспериментальды тапсырманың негізгі мақсаты- практикда алынған біліммен байланысты жүйелі жаттығуларды орындау, түрлі зерттеулерге қажетті экспериментальды білікітлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сарамандық жұмыс пен зертханалық жұмыстан айырмашылығы эспериментальды тапсырманы бүкіл оқу жылы бойы, кез келген сабақтарда, бақылауларда да жүргізуге болады. Экспериментальды тапсырма жеке, топпен немесе сыныппен орындалуы мүмкін. Бұл тапсырманы орындау теориялық шешімді өздігімен ізденуге баулыйды.
Танымдық жағынан есептермен салыстырғанда экспериментальды тапсырма құндырақ. Себебі, мұндай тапсырманы орындауда тек есеп шығарылып қана қоймай, сол есептерге сәйкес тәжірибелер жасалынады.
Экспериментальды тапсырмаларды орындату кезінде мұғалім оқушылардың өтілген материал бойынша білімдерінің қаншалықты қалыптасқандығын, және ол білімді практикада қалай қолдана алу мүмкіншіліктерінің қаншалықты дәрежеде екендігін бақылай алады. Нәтижелерді талқылау қателерді тауып түсіндіруге, кемшіліктерді жөндеуге, олардың себептерін талқылауға мүмкіндік береді.
Эспериментальды тапсырмаларды сапалық және есептік эксперимент деп бөліп қарастырады. Сапалық эксперимент тәжірибелік жолмен шешіледі онда сандық бейнелер берілмеген.
Ал, есептік эксперименттік тапсырмаларды шешу үшін тәжірибе орындаумен қатар белгілі экспериментте берілген мәндерді өңдек керек. Есептік және эксперименттік тапсырмалардың жоғары формасы екі тапсырманың да ең жақсы қасиеті шоғырланған – есептік эксперимент болып табылады.
Түлектік жұмыста 9 сынып үшін экспериментальдық тапсырмалар келтіріліген. Біріншіден, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған, екіншіден, бұл түлектік жұмысты физиканы тереңдетіп оқытатын сыныптардағы физика пәнінің мұғалімдері, физикаға қызығушылығы жоғары оқушылар өзіндік экспериментальдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады.
Өте қарапайым құралдар мен аспаптарды пайдалана отырып, физикалық эксперимент сабақтарын физика кабинетінде жеке өткізуге немесе үйде орындауға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет