Эксперименттің мақсаты:
- электродинамика курсын оқыту үдерісінде қолданбалы бағытты арттыру шарттарын анықтау және олардың оқушылардың білімін қалыптастыруға тигізетін әсерін сапалы және сандық жағынан бағалау;
- ұсынылып отырған әдістемені эксперимент жүзінде тексеру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- қарастырылып отырған мәселелердің нақты жағдайларына сәйкес келетін эксперименттік тексеру әдістемесін таңдау;
- электродинамика курсын оқыту үдерісінде оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға арналған бақылау тапсырмаларының жүйесін жасақтау;
-эксперименттік сынып оқушыларын қажетті дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |