Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БіЛіМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Қылмыс құрамы
|
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ
-
Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы..................................................4
-
Қылмыс құрамының түрлері........................................................................9
-
Қылмыс құрамы және қылмыстық дәрежелеу...........................................12
II-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІСІ және қылмыстың объективтік жағы
-
Қылмыс обьектісі туралы түсінік және оның мәні...................................15
-
Қылмыс обьектісінің түрлері......................................................................19
-
Қылмыстың заты..........................................................................................22
-
Қылмыстың объективтік жағына байланысты түсінік және оның
маңызы.....................................................................................................................24
IІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТІСІ және қылмыстың субъективтік жағы
3.1. Қылмыс субьектісі туралы түсінік..................................................................28
3.2. Қылмыс субьектісінің жасына қарай белгілері.............................................33
3.3. Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауаптылыққа қабілетсіздік ұғымы.....................................................................36
3.4. Қылмыстың арнайы субьектісі.......................................................................43
3.5. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................45
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ.........................................................................51
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................53
КІРІСПЕ
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он жылдан аса уақыт болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап занды күшіне енді.
Қазақ ССР - інің 1959 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа кодекстің қабылдауына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан әрі қарай қолданылмады. 1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік таптық идеология түрғысында, әкімшілдік - әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптеріне нсгізделгсн еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық - құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жүрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
1 – ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҮРАМЫ
1.1. Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы
Қылмыстың анықтамасы кез - келген қылмысқа тән құқықтық және әлеуметтік белгілерін көрсетеді. Бұл белгілер (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік және жазалық) басқа қылмыс болып табылмайтын құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерді бір-бірінен ажыратуға көмектеседі. Бірақ көрсетілген белгілер бойынша бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратуға болмайды. Мысалы, ұрлықты тонаудан, я болмаса кісі өлтіруден. Себебі аталған қылмыстар қылмыс түсінігін құрайтын белгілерге ие.
Көптеген қылмыстардың ішінен нақты бір қылмыстарды бір - бірінен ажырату үшін (мысалы, кісі өлтіру мен зорлауды немесе қорқытып алушылық пен алаяқтықты) қылмыс құрамы деген түсінікті пайдаланамыз.
Қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамын ғылыми негізді зерттеуде А.Н. Трайнин үлкен үлес қосқан1.
Қылмыстық құқықтық теориясында қылмыс құрамы деп, қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Қылмыс құрамының түсінігі, теорияға қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады. Қылмыс объектісі - қылмыстық қол сұғушылықтың нәтижесінде зиян тигізілетін немесе тигізілуі мүмкін және осы қол сұғушылықтан қылмыстық кодекстің 2 - бабының 1 - ші бөлігінде көрсетілген: адам мен азаматтың қүқықтары, бостандықтары мсн заңды мүдделері, меншіктің, үйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастағы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат мүдделері.
Қылмыстың объективті жағы - қылмыс объектісіне зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін туғызатын, сонымен қатар белгілі шартты жағдайларда осы зиянды тигізетін қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің сыртқы сипаттамасы. Сонымен қатар қылмыстың объективті жағының белгілеріне қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктен және қоғамға қауіпті зардаптың басқа қоғамға қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себептік байланыстар, қылмыс жасаудың әдісі, құралдары мен қарулары, орны, уақыты және жағдайлары жатады.
Қылмыс субъектісі болып, дені сау, қылмыс жасаған және жасаған әрекеті бойынша қылмыстың жауаптылыққа тартылуға қабілеттілігі бар жеке түлға. Мұндай қабілеттілік қылмыстың жауаптылық басталатын жас шамасымен (ҚР ҚК-нің 15-бабы) және тұлғаның ақыл-есінің дұрыстығының, яғни өзінің істеген іс-әрекетіне жауап беретін және оны басқара алатындығымен анықталады. Мүндай қабілеттілікті жоққа шығаратын ақыл-есінің дүрыс еместігі жөнінде ҚР ҚК-нің 16-бабында көрсетілген. Кейбір шет ел мемлекеттерінің қылмыстық заңдарында жеке тұлғалардың жауаптылығымен бірге заңды тұлгалардың қылмыстық жауаптылығы бар екендігі жөнінде айта кету керек. Айталық, Нью-Йорк штатының ҚК-де кейбір қылмыстардың субъектісі болып корпорациялар табылады. Яғни оларға арнайы айып, өндірісті тоқтату тағы басқа сол сияқты санкциялар қолданылады. Заңды тұлғаларға қылмыстық - қүқықтық санкцияларын қолдану (мысалы, экологиялық зиянды өндіріс орындарына) ондай өндіріс орындарының иесіне немесе басшысына "тисін" деген мақсатпен емес, сол өндіріс орнының барлық қызметкерлеріне бірдей экологиялық зиянды өндіріспен айналысу экономикалық пайдасыз екенін көрсету.
Еуропа кеңесінің жанындағы қылмыс мәселелері жөніндегі комитет 1978 жылы еуропалық мемлекеттің заңгерлеріне заңды түлғаларды экологиялық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтың субъектісі деп тану жолына тұру керек дегенді үсынған. Мүндай үсыныс қазіргі кезеңде Англияның қылмыстық заңдарында және Францияның жаңа қылмыстық кодексінде жүзеге асырылған. Әрине, заңды тәжірибеде жеке түлғаның жауаптылығымен бірге занды тұлғаның жауаптылығын көрсету, бүл прогресс пен демократияның салмақты жетістігі болып табылады. Сондықтан да ол жалғыз ғана мүмкіндік болып табылатын жерлерде, ол мүлтіксіз болу керек. Ал, өмірдің өзі осы қағиданы пайдалануды яғни заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуды ұсынса, онда ол алғашқысымен бірге өмір сүре алады және ол оны толықтыра түседі. Қылмыс қүрамының субъективтік жағы қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекетіне немесе әрекетсіздігіне олардан туатын қоғамға қауіпті зардаптарына байланысты психикалық қатынасын сипаттайтын жағдайлар болып табылады. Бұған кінә және оның нысандары, қылмыстың жасау мақсаты мен себептері жатады (ҚК-тің 19,20, 21-баптары).
Қылмыс құрамы - бұл көрсетілген объективті және субьективті белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілердің тұтастығы арқылы болады. Сонымен қатар әрбір құрамның белгісі басқа белгілермен тығыз байланыста болады және олардың қылмыс құрамынан тысқары өз алдында болуы мүмкін емес.
Қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңмен реттеледі, соның ішінде ең алдымен ҚК-тің ерекше бөлімімен құрастырылады. Бірақ қылмыс құрамының белгілерін көрсететін белгілер ҚК-тің жалпы бөлімінде де бар. Көбіне олар қылмыс құрамының көпшілігіне немесе барлығына тән ортақ белгілеріне арналған. Мысалы, ҚК-тің 2-бабының 1-ші бөлігінде қылмыс объектісінің түрлері туралы 19-22-баптарда қылмыстың субъективті жағының белгілері туралы 14-16-баптарда қылмыстың субъектісі туралы, 27-31-баптарда алдын - ала және бірлесіп жасаған қылмыстың әрекеттері туралы айтылады.
Қылмыс құрамының белгілері екі топқа бөлінеді: қажетті және факультативті. Ешқандай құрамның сол белгілерсіз сипаты болмайтын белгілер қажетті деп аталады. Сондықтан олар кез - келген қылмыс құрамының белгісі болып табылады. Мұндай белгілердің жоқтығы кез-келген қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Мұндай белгілер мысалы, кінә және қылмыстың заңмен рұқсат етілмеген әрекет еткен адамның ақыл - есінің дұрыстығы.
Факультативті белгілер деп қылмыс құрамы үшін міндетті, ал екінші бір қылмыс құрамы үшін міндетті емес белгілерді айтамыз. Мысалы, ауырлататын мән - жайлар арқылы қасақана кісі өлтіруге, пайдақорлық немесе бұзақылық сияқты себеп ең керектісі болып табылады және ол ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-ші бөлігі "3" және "И" тармақтары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, ал қасақана ұрып соққаны үшін (ҚК-тің 106-бабы) себеп қылмыс құрамына ықпал етпейді, сондықтан да ол факультативті болып табылады. Бірақ қылмыс құрамының бар ма, жоқ па екеніне әсер етпесе де факультативті белгілер қылмыстық жауаптылықтан тысқары қала алмайды. Олар жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдете немесе ауырлата алады.
Айтып өткендей қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңда қаралады. Бұл барлық белгілер ҚК-тің арнайы баптарының дизпозициясында міндетті түрде аталады деген сөз емес, бірақ қылмыс құрамының көпшілігіне байланысты бұл жағдайлар ҚК-тің диспозициясында көрсетілген. Бұл бойынша В.Н.Кудрявцев былай дейді, "заң шығарушы шын мәнінде құрамды емес, қылмыстық - қүқықтық нормаларды құрайды, ал оларда қылмыс құрамының белгілері аз мөлшерде немесе көп мөлшерде болсын толығымен айтылады. Бұл белгілер адамның санасынан тысқары объективті өмір сүреді, сонымен қатар олар әрбір нақты қылмысқа тән, заң шығарушының міндеті, бұл жерде, заңда осы белгілерді дәл және тереңірек тауып анықтау болып табылады. Сондықтан да заңның баптарының дизпозициясы, қылмыс құрамының элементтерін ғана көрсетеді, оның өзі толығымен емес"1. Сонымен, қылмыс құрамының қажетті немесе факультативті белгілерін анықтау қылмыстық заңға түсінік беру барысында пайда болады.
ҚР ҚК-нің 3-бабында, қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден - бір негізі болып табылады, - деп атап өткен. Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі екендігі туралы қылмыстық іс жүргізу заңдарында да нақты айтылған. Сондықтан да оның нормаларына сәйкес, егер жасалынған әрекетте қылмыс құрамы болмаса қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан өндірістен қысқартылуға жатады. Сонымен қатар сот үкім шығарған кездегі ең басты міндеті сол істелінген әрекетте қылмыс құрамы бар ма, жоқ па соны анықтау деп көрсетілген. Егер жасалынған іс - әрекетте қылмыс құрамының жоқтығы анықталса, онда сот ақтау үкімін шығарады. Ал қылмыс құрамының жоқтығы деп біз жеке тұлғаның істеген іс-әрекетінде жоғарыда атап өткен қылмыс құрамының бір белгісінің болмауын айтамыз. Демек қылмыстық қүқықтағы қылмыс құрамының мәні сол, ол қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірден - бір және жеткілікті көрсеткіші болып табылады.
-
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстық құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы, елеулі белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарга бөлінеді. Қылмыс құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті. Әрбір нақты қылмыстың түсінігін, құрылысын және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру болып табылады.
Қылмыс құрамын мынандай белгілерді қолдану арқылы топтастырады:
1. іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі.
2. қылмыс құрамын суреттеу тәсілі.
3. қылмыс құрамының құрылымы.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын жағдайларына байланысты қылмыс құрамы негізгі, ауырлататын және жеңілдететін мән - жайлар болып екіге бөлінеді.
Негізгі қылмыс құрамы деп, қылмыстың іс - әрекеттерінің белгілі бір түрінің негізгі және тұрақты белгілерінен тұратын, сондай-ақ ауырлататын және жеңілдететін мән - жайларсыз құралған құрамды айтамыз.
Айталық қасақана адам өлтірудің негізгі құрамы ҚР ҚК-тің 96-бабының ішкі бөлімінде кісі өлтіру деп басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп көрсетілген. Айтылған анықтамада қасақана кісі өлтіруге байланысты нақты және тұрақты белгілері ғана көрсетілген, ал ауырлататын және жеңілдететін мән - жайлар көрсетілмеген. Демек, негізгі қылмыс құрамында қандай да болмасын ауырлататын немесе жеңілдететін мән - жайлар керсетілмейді.
Егерде қылмыс құрамында іс - әрекеттің негізгі белгілеріне қоса жеңілдететін мән - жайлар көрсетілсе, онда мұндай қылмыс құрамы жеңілдететін мән-жайлары бар қылмыс құрамы деп аталынады.
Мысалы: жаңа туған сэбиді анасының өлтіруі (ҚР ҚК-тің 97- б.). Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру ҚР ҚК-тің 98- б.), қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚК-тің 99- б:), қылмыс жасаған адамды ұстау үшін кажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚКІОО - б.). Осы келтірілген мысалдарға, негізгі белгілерге қоса қосымша белгілере яғни жеңілдететін мән - жайлар керсетілген. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіруде қосымша белгі – жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен болған, кенеттен пайда болған субъектінің жан күйзеліс жағдайы (қылмыс құрамы жеңілдететін мән - жайлармен).
Қылмыс құрамында негізгі белгілермен қоса ауырлататын мән -жайларда айтылса, бұл дәрежеленген құрам, я болмаса іс - әрекетті қауіптілік қылып көрсететін ауырлататын мән - жайлары бар құрам деп айтылады.
Дәл осындай құрам ҚР ҚК-тің 96 - бабының 2-ші бөлігінде көрсетілген. Бұл бапта ауырлататын мән - жайлар арқылы адам өлтірудің он үш белгісін (а-н тармақтарындағы) көрсеткен, және ол белгілер мейлінше толық қамтылған белгілер болып табылады.
Кейде жасалынған қылмыстық ауырлық дәрежесіне қарай заң шығарушы дәрежеленген қылмыс құрамының әр түрлілігін ерекше ауырлататын мән - жайлары бар қылмыс құрамы түрінде бөліп көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 131-бабының 3-ші және 4-ші бөліктері ерекше ауырлататын қылмыс құрамы болып табылады.
Қылмыс құрамының белгілерін суреттеу тәсіліне байланысты жәй және күрделі қылмыс құрамы деп екіге бөлінеді.
Жәй қылмыс құрамы деп - қандай да болмасын қылмыс құрамы элементтерінің қиындатылған белгілері жоқ құрамды айтамыз.
Мысалы, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау ҚР ҚК-тің 175- б. Демек, жәй қылмыс құрамында бір іс-әрекетпен бір ғана объектіге қол сүғушылықты сипаттайды.
Күрделі қылмыс құрамы деп, - қандайда болмасын қылмыс құрамының элементтерінің қиындатылған белгілері бар құрамды айтамыз. Күрделі қылмыс құрамында екі бірдей объект, екі бірдей әрекет және кінәнің екі бірдей нысаны болады. Мысалы, шабуыл жасап тонау кезінде қиянат жасаушы екі бірдей объектіге қол сүғады (меншік және адамның денсаулығы). Кінәнің екі бірдей нысаны арқылы жасалынған қылмыс деп кінәлінің қылмыстық іс - әрекетті қасақана жасауы бірақ, одан түсетін зардаптарға абайсыздықпен қарауын айтамыз. Мұндай жағдайға мысал келтіретін болсақ ҚР ҚК-тің 103-бабы 3-ші бөлігі, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен қатар жәбірленушінің өліміне абайсыздықпен қарауы.
Қылмыс құрамын олардың құрылымына қарай бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Осы құрылымына байланысты қылмыс құрамы материалды, формалды, қысқартылған қылмыс құрамы болып екіге бөлінеді.
Жасалынған қылмыстық іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) салдарынан заңда көрсетілген белгілі бір зардаптың түсуін қажет ететін қылмыс құрамы, материалды қылмыс құрамы деп аталады. Демек, мұндай қылмыс құрамы қылмыстық іс-әрекет жасалған кезде емес, содан белгілі бір зардап түскен уақытта аяқталған болып табылады. Мысалы, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (ҚР ҚК 307- б.).
Формальды қылмыс құрамы деп, жасалынған қылмыстық іс-әрекеттен (әрекетсіздіктен) белгілі бір зардаптың түсуін қажет етпейтін құрамды айтамыз. Мұндай құрамдағы қылмыстар белгілі бір зардаптың түскен -түспегенің қажет етпей - ақ жасалынған қылмыстық іс-әрекеті болса аяқталған қылмыс болып табылады. Мысалы, пара беру (ҚР ҚК 312-6.). Пара қандай түрде берілсе де оның келтірілген зардаптарына қарамай -ақ ол аяқталған болып табылады.
Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталу кезеңін қылмыстық іс -әрекеттің алдын-ала жасалу сатыларының біріне ауыстырады. Мұндай қылмыс құрамының құрылымы қысқартылған қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы, бандитизм (ҚР ҚК 237-6.). Заң бойынша бұл қылмыс аяқталған болып банда ұйымдасқан кезең болып есептеледі.
1.3. Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмысты дәрежелеу деп қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе әрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы бөлімнің нормалары бойынша толық және кең көлемде нақты қылмыс құрамьның белгілерін анықтау болып табылады.
Жасалынған қылмыстың шынайы жағдайларын дәл және толығымен анықтау - бұл қылмысты дұрыс дәрежелеудің негізгі талабы.
Қылмыстық әрекетті дүрыс дәрежелеу қылмыстық құқық қағидаларын, сонымен қатар заңдылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ал қылмысты дұрыс дәрежелемеу әділділік қағидасын бұзады, демек, кінәлінің жауаптылығы дұрыс көзделмейді. Әділділік, жазаның мақсаты тек қылмысты дұрыс дәрежелегенде ғана нәтижеге жетеді. Қылмысты дәрежелегенде қателесу ауыр зардаптарға әкеліп соғады (негізсіз ауыр жаза тағайындау, ұзақ мерзімге бас бостандықынан айыру).
Мысалы, кінәлі адам өзінің жеке бас араздықтарына байланысты бір адамға жеңіл түрде дене жарақатын салды, ал оның істеген іс-әрекетін бүзақылық үшін қате дәрежелеген болсақ, онда кінәлі адамға үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалады (ҚР ҚК 257- б. 1-ші бөлігі), ал денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК 105- б.) бір жылға дейін мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу қылмыс жасаган адамның құқықтарының сақталуына кепілдік береді.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз - бүл қоғамға қауіпті іс-әрекетті қамтитын қылмыстың заңды толық қолдану және қылмысқа дұрыс қылмыстық-құқылық баға беру.
Қайсібір әрекетті дұрыс дәрежелеу үшін ең алдымен кінәлінің істеген әрекетімен толық және түрлі жағынан танысуға қажетті болатын барлық шын мәніндегі жағдайларды, кінәлінің кім екенімен және қылмыс істелген уақытындағы жағдайлармен толық танысу керек, өйткені қылмысты дәрежелеудің өзі кінәлінің істеген қоғамга қауіпті әрекеттерінің сипатына, кінәлінің жеке басына, оның қылмысты істегені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отырған әрекетінің қандай жағдайда істелуіне байланысты.
Егерде қылмыстық кодекстің Ерекше белімнің қайсы тарауын болмасын зерттегенде, оның ішінде бір-біріне барлық белгілері сай келетін қоғамға қауіпті деп тапған екі қылмысты әрекетті таппайсыз.
Сондықтан қылмысты дұрыс дәрежелеу үшін әрбір жеке қылмыстың белгілерін білу айрықша қажет болып табылады. Мұны білу қылмысты бір-бірінен ажыратуға, оларды бір-бірімен араластырмауға, сөйтіп қылмысты дәрежелегенде қате жібермеуге мүмкіншілік береді.
Қылмыстың жеке құрамдарын зерттегенде, әрбір қылмыстың неге қарсы бағытталғанын, оның қандай мүддені бұзатындығын, кімге немесе неге зиян келтіру мүмкіндігі барлығын анықтау қажет. Сонымен қатар қылмыс құрамының барлық элементтері бойынша шынайы жағдайларды қылмыстық-қүқықтық нормалармен салыстыру керек. Жалпы ереже бойынша дәрежелеу процесі ең алдымен қылмыстың объектісі мен объективтік жағын анықтаумен басталып, субъектісі мен субъективтік жағын анықтаумен аяқталады. Барлық жағдайлар қылмыстың заңға қарастырылған қандайда болмасын қылмыс құрамының элементтері мен белгілері сәйкес келгенде ғана қылмыстық іс-әрекет дұрыс дәрежеленген деп табылады.
Қылмыстық іс-әрекетті дәрежелеудің қорытындысы, қылмыстық-құқықтық нормаға сәйкес қылмыс құрамы бар деген қорытынды маңызды қылмыстық іс жүргізу құжаттарын, соның ішінде сот үкімі мен айыптау қорытындысында көрсетіледі. Оларда қылмыс жасаған тұлганы қылмыстық жауапкершілікке тартуға және жазалауға мүмкіншілік беретін, қылмыстық-құқықтық нормаларды реттейтін қылмыстық заңның баптарын дәл көрсету жолымен қылмысты дәрежелеу жүреді. Айта кететін жағдай, әрекетті дәрежелеу кезінде, анықталған қылмыс құрамының барлық белгілері көрсетілген, ҚР ҚК -тің Жалпы және негізгі бөлімдеріндегі баптар дәл көрсетілуі керек. Соның ішінде құрамның ерекше белгілері, құрам түрлері, негізгі, ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар, ҚР ҚК -тің Негізгі бөлімінің баптарының тармақтары көрсетілсе, онда оларды дәрежелеу барысында еске алынуы керек. Айталық, тонау адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалса, олардың істеген іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 178-бабы 2-ші бөлімі "В" тармағымен дәрежеленуі тиіс, ал азғырушы, көмектесуші немесе үйымдастырушы болса олардың қылмыстық әрекеті ҚР ҚК -гің Жалпы бөлімінің 28-бабына сілтеме жасай отырып дәрежеленуі тиіс. Егерде пайда табу мақсатымен қасақана кісі өтіру барысында орындаушымен бірге көмектесуші болса, онда соңғысының ісгеген қылмыстық әрекеті ҚР ҚК -тің 28-бабы 5-ші бөлігі және 96-баптың 2-ші бөлігі "И" тармағымен дәрежеленуі керек. Қасақана кісі өлгіру барысында орындаушы өзінің көздеген мақсатына жете алмаса, оның әрекеті қасақана кісі өлтіруге оқталғандық болып табылады (мүндай әрекет ҚР ҚК -тің 24-бабы 3-ші бөлігі жэне 96-баптың тиісті бөлігі, тиісті тармақтары бойынша дәрежеленеді).
Қылмыстық әрекетті дәрежелеудің маңызы ерекше. Қандайда болмасын қылмыстық іс-әрекетке сәйкес қылмыс құрамын анықгау дәрежелеу жолымен жүзеге асады, онда соңғысы қылмыс жасаған түлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға, кінә тағу үшін, сотқа беру, жаза тағайындау, я болмаса қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшін құқықтық негіз болады. Барлық жағдайларда қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз соттардың, прокурорлық, тергеу жәнеи алдын-ала анықтау органдарының жұмыстарының заңдылығын сақтау болып табылады.Қылмысты дұрыс дәрежелеу ерекше криминологиялық маңызға ие, себебі, соның негізінде қылмыстық құрылымның дұрыстығы анықталып, қылмыстың алдын - алу жэне ескерту шаралары жасалынады. Сонымен қатар ол ҚР-дағы жасалынған қылмыстардың жағдайын, деңгейін, оның динамикасын, жалпы және жекелеген қылмыстардың түрлерін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
ІІ - ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ
2.1. Қылмыс объектісі туралы түсінік және оның мәні
Қылмысты іс-әрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нәрсе қылмыс объектісі болып табылады.
Қылмыс объектісінің заңды тізімі ҚР қылмыстық кодексінің 2-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген. Олар адам мен азаматтық құқықтары, бостаңдықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пеи қоғамдық тәртіп, қоршаған орта. Қазақстан Республикасының констиуциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі.
Кеңестік заң әдебиеттерінде қылмыс объектісі, әдетте, қылмысты қиянаттан қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастар ретінде айқындалып келді. Ал қоғамдық қатынастар ретінде біз адамдар арасындағы бірлесіп атқарған әрекетті немесе өзара араласуы нәтижесінде пайда болған, құқықтық және моральдық нормалармен бекітілген қатынастарды түсініп келдік. Көпшілік жағдайларда қылмыс объектісін кейбір қоғамдық қатынастар ретінде пайымдау орынды да, мысалы, бұған ұрлау, тонау немесе басқа да бөтеннің мүлкін талан-таражға салу кезіндегі меншікке қатысты қылмыс объектісі деп танылуын жатқызуға болады. Бұл жағдайда, шынында да, қылмыс объектісі ретінде ұрланатын мүліктің тікелей өзі емес (оған ешқандай зиян келтірілмеуі де мүмкін) меншік құқығынан, атап айтқанда, мүлікті иелену, пайдалану немесе басқару құқығынан туындайтын қатынастар танылады. Алайда, кейбір жағдайларда қылмыс объектісін қогамдық катынастар ретінде тұжырымдайтын 6ұл теория "іске аспай" қалады. Бұл әсіресе, жеке адамдарға қарсы жасалатын қылмыстарға, соның ішінде кісі өлтіруге қатысты, адамның маңыздылығы туралы оны «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» 1 деген марксистік тұрғыдан түсініп келгендіктен, кеңестік қылмыстық заң ғылымында кісі өлтіру объектісі адам өмірінің өзі емес, тек қана қоғамдық қатынастар жиынтығы2 деген түсінік орын алып келді.
Әрине кісі өлтіру объектісі ретінде адам өмірін мұндай тұрғыдан түсіну -адамның биологиялық тірі организм, тіпті жалпы өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі абсолютті құндылығын төмендетіп жібереді. Адам тәуелсіз абсолютті құндылықтан жәй қоғамдық қатынастардың (еңбек, қорғаныс, қызметтік, отбасылық, меншіктік және тб) иесіне ғана айналып шығады. Сондықтан, қылмыс объектісін қоғамдық қатынастар деп тұжырымдап келген теорияны, ол қылмыстық заңмен қорғалған күнде де, жан-жақты деп қабылдауға болмайды. Тіпті өткен ғасырдың соңында қылмыстық-құқықтық классикалық және социологиялық мектептері көлемінде туындап, объектіні құқықтық игілік деп уағыздаған теорияға қайта оралу керек сияқты. Р. Иерингтің құқық жөніндегі анықтамасына сүйене отырып, неміс кримминалисі Ф. Лист қылмыс объектісін құқық пен қорғалған өмірлік мүдде деп түйінделген. Революцияға (кеңес заманына) дейінгі Ресейдің қылмыстық қүқық ғылымының ең ірі өкілі Н.С.Таганцев та бүл көзқарасқа жақын тұрған. Оның анықтауынша, қылмыс нормамен қорғалатын өмір мүддесіне қиянат жасайтын іс-әрекет және ол мүдденің белгілі бір елде, белгілі бір кезеңде маңызды деп саналатындығы соншалықты, тіпті мемлекеттің ізі қиянат жасаушыны жазамен қорқытады"1 қылмыстық объектіні анықтау барысында оны қылмыскер арқылы қылмыстық-құқықтық норманың бұзылуы деп қана қарастыратын тар нормативті түрғыны өзгертуге де Таганцевтің еңбегі зор. Қылмыстық объектіні мұндай тұрғыдан қарастыру классикалық қылмыстық қүқық көлемінде өткен ғасырдың орта шеңінде ойлап шығарылған нормативті теорияга тән, мысалы, ол В.Д.Спасовичтің еңбектерінде кездеседі.
Қылмыстың салдарынан зиян тартқан ғана қылмыс объекгісі болып есептеледі. Сондықтан, қылмыстық-қүқықтық нормаларды бұзуға салынған тыйымға қарамастан қылмыскердің оны бұзуы ғана қылмыс объектісі болып есептелмейді. Қылмыстық-құқықтық норма жасалған қылмыстың зардабына төзбейді және төзуі мүмкін де емес. Оған қоса, қылмыскердің қылмыстық-құқықтық норманы бұзуына байланысты тиісті жазасын алуының өзі - бұл норманың қылмыстық-құқықтық тыйымға қарсы шыққанды "жеңгендігінің" куәсі. Қылмыстық-құқықтық норманы қылмыс объектісі ретінде қарастыратын нормативтік теория бұл жерде қылмысты қиянаттардан қылмыстық-құқықтық нормалармен қорғалушы мүдделердің шын мәніндегі мағынасынан алшақтап кеткен. Таганцев кезінде қылмысты "шын болмыстық түріндегі заң нормасына қарсы қиянат жасаушы іс-әрекет"2 деп анықтаған болатын. Егерде бұл автордың дәл осы анықтамасын бұған дейінгі анықтамасымен салыстырсақ, Таганцев "шын мәніндегі" норма деп қылмысты қиянаттан қылмыстық-құқықтық нормамен қорғалған мүдденің шын мағынасы түсінгендігі анық.
Сонымен, қылмыстық іс-әрекет зиян келтіретін және қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерді ғана қылмыс объектісі ретінде мойындауға тиіспіз.
Алайда, кейбір мүдделерді қылмыс объектілерінің қатарына қосуымыз бұл мүдделердің тек қана қылмыстық құқықтық қорғаудың объектілері екендігінен емес. Бірдей объектілер құқықтық әр түрлі саласының нормаларымен қорғалатындығы жиі кездеседі. Мысалы, меншіктік қатынастар ең алдымен азаматтық құқықтық нормалары арқылы қорғалып, реттеліп отырады. Ал бұл объектілерге аса қауіпті қиянат төнгенде (ұрлау, тонау, алаяқтық жасау, шабуыл жасап тонау, қорқытып алушылық немесе басқа әдіспен мүлікті талан-таражға салу) оларды қылмыстық-құқық өз қорғауына алады.
Меншікке қарсы бағытталған қиянат аса қауіпті болмаған жағдайда ол азаматтық құқықтық нормаларымен қорғалады (мысалы, қарыз ақшаны қайтармау). Сонымен, белгілі бір мүдделерді қылмыстық-құқықтармен қорғалатындардың қатарына жатқызу - бұл мүдделерге жасалған қиянаттың кез келген түрі қылмыстық жазаға тартылады деген сөз емес. Олардың қатарына, қылмыстық заңда қарастырылғандай, бұл объектілерге жасалған ең қауіпті қиянаттар ғана жатады.
Қазақстан Республикасының жаңадан шыққан қылмыстық кодексінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектілерінің иерархиясы мен олардың салыстырмалы құндылығын бағалауда өзгерістер бар екендігін атап өту керек. Қазақ КСР-нің 1959 жылғы қылмыстық Кодексінде ең басты мәселе ретінде алдымен мемлекет мүддесі, тек содан кейін ғана жеке бастың мүддесі мен қоғамдық мүдделер қарастырылатын. Әрине, бүл - жеке бастың мүдделерін мемлекеттік - партиялық бағындырушы тоталитаризм көріністерінің біреуі. Адам бостандығы мен негізгі құқықтары ешбір ескерілместен, мемлекеттік билік органдарының тарапынан жеке бастың барлық мүдделеріне, қоғам өміріндегі барлық өзгерістерге түгелдей дерлік бақылау орнатылған еді.
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының жалпы адамзаттық құндылықтардың мұратына қайта оралуы - қылмыстық-құқықтың қорғау объектілері жөнінде әбден қалыптасып қалған иерархияның айтарлықтай өзгергендігін көрсетеді, қылмыстық заңмен қорғалатын объектілер енді демократиялық қағидалар негізінде мүлдем басқаша қарастырылатын болды, яғни, ең алдымен жеке бастың, сосын қоғамның және мемлекеттің мүддесі ескеріледі. Қылмыстық-құқықтық қорғаудың табан тірер негізі ретінде ең алдымен жеке бастың мүддесі қарастырылуы тиіс. Дәл осы мүдденің сенімді әрі тиімді қорғалуы қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің тиімді қорғалуына зор әсер етеді. Қылмыстық-қүқықтық қорғау объектілерінің заңдылықты анықтау саласындағы мұндай артықшылықтар, бұл проблеманы дамыған демократиялық елдердің (мысалы, Батыс Еуропа) қылмыстық кодекстерінде заңдылықты шешуіне сәйкес келеді.
Қылмыс объектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы үлкен. Жасалынған қылмыс объектісін дұрыс анықтау қылмыстық іс-әрекетті дұрыс саралауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |