Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті Орындаған: «Есеп және аудит» мамандығының


Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру



бет5/5
Дата22.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
#1430
түріДиплом
1   2   3   4   5

3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру

Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруа- шылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байла- нысты.

ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері».

Меншікті капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жүргізуші субъек- тілердің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білін- бейді(оны қолмен ұстауғаболмайды).

30 «Қаржылық есеп беруді ұсыну» БЕС-де меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген: жарғылық, резервтік, қосымша төленген және қосым- ша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс(жабылмаған зиян).

Жарғылық капитал аудиті. Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жар- ғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруа- шылық жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдас- тыру-құқықтық түріне байланысты.

Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдай- ларды қарастырады:

А) жарғылық капитал көлемінің құқықтық-нормативтік акті талаптарына сай болуын;

Ә) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;

Б) бухгалтерлік есепте жарғылық капиталының шамасы ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған операциялардың дұрыстығы, көбі- несе олардың ішінде төмендегідей өткізбелерге көп көңіл бөледі:

- Д-т 5110 «Төленбеген капитал» шотына және К-т 5030 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына;

- жарғылық капитал мөлшері ұлғайғанда К-т 5030 «Салымдар мен пай- лар» шотына, 2400 «Негізгі құралдар», 1310 «Материалдар», 1310 «Тауарлар», 1060 «Банктердегі, аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша», 1030 «Ұлттық валюта ағымдағы корреснонденттік шоттар- дағы ақша» және 1010 «Кассадағы қолда бар ақшалар» бөлімшелердің шот- тарына жазу түседі.

Жарғылық капиталды тексеру бағдарламасына мынадай аудит процеду- ралары кіреді:

Кесте 10. Жарғылық капитал аудитінің бағдарламасы.



Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1.Баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне сәйкестігін тексеру

Баланс, 5020, 5010, 5030,5110 шоттары бойынша Бас кітап

2.Жарғылық капитал қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 13 журнал-ордер, акционерлердің тізімі, акционерлердің есеп карточкалары, құрылтайшы құжаттар, НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер және т.б.

3.Жарғылық капиталды қалыптастырудың дұрыстығын тексеру

Қолданылып жүрген заңнама, құрылтайшы құжаттар, бухгалтерлік анықтама

4.Құрылтайшылардың жарнасын (салымдарын) кіріске алудың толықтығы мен мерзімділігін тексеру

НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, ТМҚ қабылдау актілері, жүк құжаттар, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер, бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазулар және т.б.

5.Жарғылық капитал өзгерісінің негізділігін және оны құрылтайшы құжаттарға енгізудің мерзімділігін тексеру

Құрылтайшылардың (меншік иелерінің) және акционерлердің жалпы жиналысының шешім хаттамалары, эмиссия жобасы мен құрылтайшылық шарты

6.Кәсіпорынның жарғылық капиталға жарна ретінде салынған мүлікті және басқа да мүліктік құқықтарды түгендеу

Түгендеу актілері, түгендеу тізімдемесі салыстыру тізімдемесі (ведомость) және т.б.

7.Қолданыстағы заңнамамен салыстырғандағы жарғылық капитал есебінде анықталған ауытқуларды жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мен негіздеу

Аудитордың тұжырымдары, есептеулері және ұсыныстары

Резервтік капитал аудиті. Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шы- ғынның орнын жабу үшін құрылады.

Басқаша айтсақ, резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттеме- лерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республика- сының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда – кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құры- лады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.

Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қоғамның шығындарын жабу үшін жа- рияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.

Қоғамның резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бас- тап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.

Егер қайсыбір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетілген шамаға дейін резервтік капиталды толықтыру үшін аударымды жаңартуға міндетті.

Резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану былайша көрсетіледі:


  1. Резервтік капиталға аударымдар – К-т 5410 «Құрылтай құжаттарда белгіленген резервтік капитал», 5460 «Басқа да резервтік капитал» шоттары және Д-т 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылма- ған зияны)» шоты бойынша.

  2. Резервтік капиталды пайдалану Д-т 5410, 5460 шоттары бойынша жаз- ба негізінде корреспонденцияда шоттармен бақыланады:

А) «Қатысушылардың дивиденттері бойынша есеп айырысу» 3030 бөлім- шесі және 3390 Басқа да шоты «Басқа да кредиторлық берешектер және есеп айырысу» 3390 бөлімшесі бойынша есепті жылдың табысы болмаған жағдайда немесе жеткіліксіздігі кезінде серіктестікке қатысушыларға диви- денттер мен кіріс төлеуге;

Ә) «Бөлінбеген табыс(жабылмаған зиян)» 5500 бөлімшесі кәсіпорынның есепті кезең немесе өткен жыл ішіндегі шығындарын жабуға.

Резервтік капитал есебі 13 журнал-ордерде жүргізіледі. Аудитор резерв- тік капиталды тексергенде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын, баланста көрсетілген «Резервтік капитал» бабы бойынша, жыл басы мен соңындағы қал- дықтардың 13 журнал-ордердің мәліметтері бойынша Бас кітапта келтірілген 5410-шот қалдықтарымен сәйкестігін міндетті түрде анықтауға тиіс.

Қосымша капитал аудиті. Қосымша төленген капитал – меншікті ак- цияларды өткізу құнының атаулы құннан артқан сомасы болып саналады. Акциялар бойынша сыйақы, меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құннан артқан сомасы К-т 5030 «Қосымша төленген капитал» шотының кор- респонденциясында Д-т 1030, 1010 шоттарымен бірге немесе 1280 «Басқа да дебиторлық берешек» шотында көрсетіледі.

Аудитор қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыс- тығын тексеруі, баланстағы осы бап бойынша қалдықты 5030 «Қосымша төлен- ген капитал» шоты және осы шот кредиті бойынша 13 журнал-ордердің мәлі- меттерімен салыстыруы қажет.

Меншікті капиталдың тағы бір элементі – қосымша төленбеген капитал, ол негізгі құралдардың және ұзақ мерзімді инвестициялардың оларды қайта бағалау нәтижесінде бастапқы құнның ұлғайған сомасы болып табылады. Не- гізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомасының бар болуы мен айналымы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға 5420 «Негізгі құралдарды қай- та бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал», 5430 «Инвестицияларды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» және 5460 «Басқа да активтерді қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» шоттары арналған.

Аудитор жоғарыда аталған шоттардағы ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау бойынша операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексергені жөн. Бұл шоттардың кредиті бойынша негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестиция- лардың бастапқы құны 2400 бөлімшенің «Негізгі құралдар», 2200 «Инвес- тициялар» және 1100 «Қаржы инвестициялары» тиісті шоттарының дебетімен бірге корреспонденцияға жасалған қайта бағалау нәтижесінде ұлғаю сомасы көрсетіледі, ал дебет бойынша:

а) қайта бағаланатын негізгі құралдар бойынша тозуды түзету сомасы («Негізгі құралдардың тозуы» 2420 бөлімшесінің тиісті шоттарымен бірге коррес- понденцияда): Д-т 2400 бөлімше шоттары К-т 5420 шоты, Д-т 5420 шоты, К-т 2420 бөлімше шоттары;

ә) істен шыққан негізгі құралдар бойынша қайта бағаланған, қызмет ету мерзімінің ішінде бөлінбеген табысқа көшірілмеген сома (5510 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шотымен корреспонденцияда; Д-т 5420 шоты К-т 5510 шоты – НҚ істен шыққанда);

б) істен (есептен) шығарылған ұзақ мерзімді қаржы инвестициялар бой- ынша қайта бағалау сомасы (5510 немесе 6210 «Инвестициялардың, қаржы инвестицияларының шығарылуынан түсетін табыс» 6200 бөлімшелерінің шот- тарымен бірге корреспонденцияда).

5400 «Қосымша төленбеген капитал» шоты бойынша кредиттік айналым- дар 13 журнал-ордерде көрсетіледі. Тексеру барысында баланстың «Қосымша төленбеген капитал» бабы бойынша қалдықты Бас кітаптың 5410, 5460 шот- тарымен және 13 журнал-ордердің мәліметтерімен салыстыру қажет.

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) аудиті. Аудит жүргізу бары- сында ең алдымен бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру кезең басындағы және соңындағы қалдықтарды Бас кітаптың 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» және 5520 «Өткен жылдардың бөлін- беген табысы(жабылмаған зияны)» шоттары арқылы және бұл шоттардың кредит бойынша айналымы көрсетілетін 13 журнал-ордер мәліметтерімен са- лыстыру қажет.

Сосын бұл шоттардағы шаруашылық операцияларды көрсетудің дұрыс- тығын тексерген жөн. Есепті кезең ішіндегі табыстың (залалдың) жиынтық со- масы шоттардың бірыңғай жоспарына сәйкес 5610 «Жиынтық табыс (залал)» шотында белгіленеді.

Корреспонденцияда бұл шоттың кредиті бойынша VI «Табыстар» бөлімі- нің шотымен алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебет бойынша VII «Шы- ғындар» бөлімінің шотымен алынған шығындардың жиынтық сомасы көрсе- тіледі. Д-т 5610 және К-т 7000 шоттары; Д-т 6000 және К-т 5610 шоттары; Д-т 7510 және К-т 3110 шоттары; Д-т 5610 және К-т 7710; Д-т 5610 және К-т 5510 шоттары:

5610 «Жиынтық табыс (залал)» шоты бойынша дебет кредит айналым- дарын салыстыру арқылы 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабыл- маған залалы)» шотына көшірілетін таза пайданың (залалдың) сомасы анық- талады.

Егер есепті кезеңде пайда алынса, онда 5610 «Жиынтық табыс (залал)» шоты дебеттеледі және 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледі, ал зиян шексе, онда керісінше бухгалтерлік жазу түседі, яғни 5510 шоты дебеттеледі және 5610 шоты кредиттеледі.

Жоғарыда атап өтілгендей, заңнамалар мен құрылтайшы құжаттарға сәй- кес жасалатын резервтік капиталға аударымдар есепті жылдың бөлінбеген та- бысы есебінен атқарылады. Есепті жылдың залалын жабуға бағытталған ре- зервтік капитал қаржысы сомасына 5400-бөлімшенің «Резервтік капитал» шот- тары дебеттеледі және 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледі.

Есепті жылдың бөлінбеген табысының едәуір бөлігі серіктестікке қатысу- шыларға дивидент пен табыс төлеуге кетеді. Оның қалған сомасы 5510 шоты- нан 5520 шотына көшіріледі, корреспонденцияда кредит бойынша «Резервтік капиталдың» 5400-бөлімше шоттарымен резервтік капиталдың қаржысын өт- кен жылдың залалын жабуға бағыттау көрсетіледі, ал дебет бойынша «Қатысу- шылардың дивиденттері мен табыстары бойынша есеп айырысудың» 3030 бө- лімше шоты, «Басқалардың» 3390 шоты және «Басқа да кредиторлық берешек және есеп айырысудың» 3390 шоттарымен серіктестікке қатысушыларға диви- денттер мен табыс төлеуге өткен жылдың бөлінген табыс сомасын бағыттау көрсетіледі. Тексеру соңын да аудитор бөлінбеген табыстың шамасын бағалау қажет. Бұл осы көрсеткіштің қарқынын көріп, оның өзгеру тенденциясын ай- қындау үшін, өткен есепті кезеңдер мен салыстыру жолымен жүргізіледі. Тал- дау үшін әртүрлі ақпарат көздері тартылады, бұған бастапқы құжаттар, бухгал- терлік регистрлер мен соңғы 2-3жыл ішіндегі қаржылық есептілік форма- ларыда кіреді.



Қорытынды

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қай саладағы болмасын өз қызметінің соңғы нәтижесінде негізгі мақсаты пайда табу екендігі кімге болса да белгілі. Ал экономикалық теория мен микроэкономика курсын оқығанда кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша арқылы ақша жасағанда, яғни ақшаны айналымға салғанда пайда табатынын оқып білген болатынбыз. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің бос тұрған, яғни уақытша пайдаланылмай тұрған ақшаларын айналысқа салса ғана оны тиімді пайдаланғаны болып табылады. Бірақ та бұл үшін кәсіпорындар мен ұйымдар белгілі-бір тәуекелге баруына тура келеді. Мұндай тәуекелге бел байлау кей уақыттарда кәсіпорындар мен ұйымдарға пайда әкелсе, екінші бір кезеңде шығынға ұшыратуы мүмкін. Осы айтылғандай шығынға ұшырамау үшін бухгалтерлік есп жұмысын дұрыс жүргізіп, оның мәліметтерін уақтылы пайдалану керек екендігін айтып өтпекпін.

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіп- орындардағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының бар- лығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Барлық ұйымдар үшін өздерінің қаржылық ресурстарының маңызды көздерінің бірі меншікті капитал болып табылады. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына, экономикалық өсуіне және өмір сүруіне әсер ететін бірден-бір фактор ол – ұйымның меншікті капиталы. Мен осы дипломдық жұмысымда «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдай отырып мынадай ұсыныстар жасадым:


  • қаржылық тұрақтылықты нығайту үшін меншікті капитал есебін дұрыс ұйымдастыру;

  • қазіргі кезде Қазақстанда Банктер несие беруді тоқтатып, көптеген ұйымдар «Бөлінбеген табыс» қорын құрмаған себепті құлдырады, сол себепті «Бөлінбеген табыс» қорын көбейту;

  • мен зерттеген «Байсерке Агро» ЖШС-гі үшін дебиторлық берешектерді азайту жолын қарастыру керек, өйткені өнім сатудан және қызмет көрсетуден түсетін қаражаттар уақтылы қайтарылмай, мекеменің экономикалық жағдайына әсер етуі мүмкін.

  • экономикалық өсу үшін ұйымның меншікті капиталына әрдайым тадау жасап отыру керек;



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1) «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Кеулімжаев.

2) «Байсерке Агро» ЖШС-нің жайлы мәліметтер.

3) Қазақстан Республикасы Салық кодексі. 2008ж.

4) Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. Тоқсанбай С.Р.

5) «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001ж. Дүйсенбаев К.Ш, Төлегенов Э.Т, Жұмағалиев Ж.Т.

6) Интернет.Дипломная работа «Учет и анализ собственного капитала».

7) Типовой план счетов бухгалтерского учета. Алматы 2007г.

8) Комментарий к корреспонденциям счетов типовых операций.Январь 2008г.

9) «Аудит негіздері» Алматы 2005ж. Абленов Д.О.

10) «Учет капитала предприятия» 2001г. Ануфриев В.Е.

11) «Анализ собственного капитала» 2000г. Ефимова О.В.

12) «Аудит» Қазақ Университеті, 2004ж. Байдаулетов М., Байдаулетов С.М.

13) «Қаржылық есеп» КеулімжаевҚ.К., Әжібаева Ж.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А., Алматы 2001ж.

14) «Бухгалтерлік есеп» Радостовец В.К., Габдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И., Алматы 2003ж.

15) «Бухгалтерлік ақпарат жүйелері» Төлегенов Э.Т., Алматы, 2006ж.

16) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп принциптері» Әбдіманапов Ә. Алматы 2006ж.

17) «Салық және салық салу» Үмбеталиев А.Д, КерімбекҒ.Е. Алматы,2006ж.

18) «Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірибелік әдістемелері» Мырзалиев Б.С, Әбдішүкіров Р.С. Алматы,2006ж.

19) «Аудит теориясы» Сәтмырзаев А.А, Укашев Б.Е. Алматы,2000ж.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет