Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау. АҚтау 2006 ж. Жоспар



бет3/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.96 Mb.
#5079
түріДиплом
1   2   3   4

Жоғарыда келтірілген негізгі өндірістік қорлардың қозғалысы және техникалық жағдайын талдаудан біз 2001 жылы «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ көп мөлшерде жаңа негізгі қорлар сатып алынған, ол 17227 мың тенгені құрады, соның ішінде оның көп бөлігін машиналар, құрал-жабдықтар және көлік құралдары алып отыр. Негізгі қорларды толықтырулар есебінен құрал-жабдықтарды енгізудің есебінен жарамдылығы жоғарылауы байқалады.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорларының механикалық жағдайын талдауды қорыта келе тиімді пайдаланудың факторы ретінде негізгі қорлардың техникалық жағдайы ұсынылатын талаптарға сай келеді және еңбек өнімділігін арттыратын, оны тиімді пайдалануға, кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндіктер туғызады.


    1. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.

Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т.б.

Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау өткізудің методикасы оны қолданудың ең тиімді нұсқауды таңдауға көзделген. Сондықтан талдаудың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:


  1. Негізгі қорларды пайдаланудың нұсқаулық шешімдері; және

2) перспективаға мақсатталу.

Перспективалық анализ – бұл инвестицияларды талдаудың негізгі түрі, оған баланста бар негізгі қорлардың және оларды тиімді қолдануының бағалануы барлық ресурстар түріне қолданылатын технологиялық бағалануға негізделген, ол қайтарымдылық және сыйымдылық көрсеткіштерін есептеуді және талдауды болжайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың рентабельділігі және салыстырмалы үнемдеуін бағалау жүргізіледі.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ бойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:

2000 жылы ФОо = 56997,8/66735 = 0,854 тенге

2001 жылы ФО1 = 152617/73855 = 2,066 тенге

2001 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,066 тенгеге өнім көріп отырмыз.

Қор қайтарымның өзгерісін сипаттайтын индекс:

Iфо = ФО1/ФОо

Iфо = 2,066/0,854 = 2,4 немесе 241%

яғни, қор қайтарымдылық коэффициенті 2001 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.

Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда базистік жылға қарағанда есептік жылы қор қайтарым көрсеткіштері айтарлық көтерілген. Қор қайтарым көрсеткішінің 1,212 (2,066 – 0,854) өскенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.

Қор қайтарымның өсуі дәл қай фактордың есебінен өсетінін анықтау үшін келесі есептемені жүргіземіз. Бұл үшін келесі кестеде қор қайтарымға және оның өсу қарқынына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің абсолютті өзгерулерін көрсетеміз.


Кесте 4
«Қор қайтарым өсімін есептеу үшін бастапқы мәліметтер»

Көрсеткіштер


Базистік жыл

Есептік жыл

(2001 жыл)

Абсолютті өзгеріс

мың тг.

Өсу

коэф.

1. Өнім көлемі, мың тг.


56997,8

152617

+95619

2,8

2. Негізгі қорлардың орта жылдық құны

66735



73855

+7120

1,107

3. Қорқайтарым, тенге

0,854


2,066

+1,212

2,419

4. Негізгі қорлардың қорқайтарымы

1,171


0,484

-0,687

0,413

Есептік жылда өнім көлемі 95619 мың тенгеге өсті, оның ішінде:

  1. Негізгі қорлар көлемінің өсуі есебінен:

ΔQ(Ф) = ФОо1 - Фо) (2.15)

ΔQ(Ф) = 0,854 · 7120 = 6080,48 тг.




  1. Негізгі қорларды тиімді қолдану есебінен:

ΔQ(Ф) = (ФО1 - ФОо) · Ф1 (2.16)

ΔQ(Ф) = 1,212 · 73855 = 89512,26 тг.


Осы екі фактордың бірігу әсерінен өндіріс өнімі 95619 мың тг. өседі. Осы жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай өндіріс өнімінің өсімі негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың есебінен болып отыр. Өнім шығару көлеміне осы 2 фактордың әсер ету арақатынасы өндіріс рентабельділігінің өсуіне шарт болады.

Өнімнің қор сыйымдылығын былтырғы жылға қарағанда 41%-ке төмендегені негізгі қорлардың салыстырмалы үнемдеу мөлшерінің бар екенін көрсетеді, ол келесіндей анықталады:


опф = ОПФ1 - ОПФо (2.17)
мұндағы IBП - өндірістік өнім көлемінің индексі.
опф = 73855 – 66735 · 2,8 = 19936 мың тг.

Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды терең талдау мақсатымен қорқайтарым көрсеткіші барлық негізгі қорлар бойынша анықталады.

Сәйкесінше қорқайтарым формуласындағы жалпы ортажылдық құнын негізгі қорлардың активті бөлігінің орташа құнымен алмастырамыз.

ФО@o = 56997,8/16352 = 3,485 тенге



ФО@1 = 152617/23991 = 6,4 тенге

Осы есептеулерден негізгі қорлардың активті бөлігінің қорқайтарым көрсеткішінің өсуі байқалады.

Бұл 2001 жылы кәсіпорын өнім өндірісі процесінде машиналар және құрал-жабдықтарды аса тиімді пайдалағаны айқындалады.

2.4. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау.
Құрал-жабдықтар – бұл негізгі қорлардың үлкен бір активті бөлігі болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі прогрессивті тенденция болып саналады. Талдау процесінде өндірістік-өнеркәсіптік негізгі қорлардың активті бөлігінің ортажылдық құнының үлесін санаумен қатар кәсіпорынның машина және құрал-жабдықтармен мөлшерлі қамтылуы, олардың техникалық деңгейі анықталады.

Кәсіпрынынң өндірістік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және оны тиімді қолданудың анализін жүргізгенде барлық құрал-жабдықтарды оның өндіріс процесіне қатысуы бойынша мақсатқа сай топтау қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет