Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу»



бет10/10
Дата24.04.2016
өлшемі0.8 Mb.
#79061
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11-кестеге анықтама


Сатып алуға кететін шығындарды құрушы есептейді және ол техникалық тапсырма, техникалық жұмыс жобаларын жасауға кететін шығынжар соммасы болып табылады. Жобаны енгізуге кететін шығындар енгізу уақыты бойынша жобаны құраушылардың жалақысын ескерумен есептеледі. Байланыстыру шығындары жобаны енгізу шығындарына ұқсас жасалынады:

    • дербес компьютерлердің құны “Прайст-лист” құжатынан алынады;

    • жылдық пайдалану шығындары (16-кесте );

    • берілген есептеумен шұғылданатын жұмысшылар саны;

    • жұмысшылардың орташа жылдық мөлшерлемесі;

    • жобаны енгізілетін кәсіпорынның бухгалтериясы есептейді;

    • дербес коипьютерді пайдалану коэффициенті жасалатын есептер үшін 1-ден аспауы керек;

    • дербес компьютерге берілетін жұмыстардың алғашқы көлемінен пайыз ескеретін коэффициенті автоматты түрде есептелетін есептер көлемінің пайыз қатынасын біліреді;

    • дербес компьютердің жылдық жұмыс уақытының қоры 12-кестеде есептелінген;


12-кесте. Дербес компьютердің жылдық жұмыс уақытының қоры


Дербес компьютер түрі

1 ауысымда

ғы жұмыс сағатының саны



Ауысымдар саны

Жылдық жұмыс ауысым саны

ДК-дің жылдық жұмыс қоры

Pentium

8.2

1

270

2214




    • есептердің шығарылу уақыты эмприкалық түрде өңделетін формалар санын ескерумен есептелінеді;

    • енгізілетін ақпарат көлемі әрбір енгізілген форма бойынша ақпарат көлемінің қосындысы ретінде есептелінеді. Бір форма бойынша ақпара көлемі келесідей анықталады: бір жолдағы максималды белгілер саны бір құжаттағы жылдың санына және бір жылдағы құжаттар саны көбейтіледі;

    • белгілердегі өңделетін ақпарат көлемі енгізілетін ақпарат көлемі мен есептер кешенін шешу үшін пайдаланатын мәліметтер қорында сақталынатын ақпарат көлемінің соммасы болып табылады. Өңделетін ақпарат көлемін Кбайтқа айналдыру үшін алынған қосындыны 6-ға көбейтіп 8-ге бөлу керек;

    • шығатын ақпарат көлемі әрбір форма бойынша шығатын ақпараттар көлемінің қосындысы ретінде алынады. Әрбір форма бойынша ақпарат көлемі келесідей анықталады: бір жолдағы белгілер саны құжаттағы жолдар санына көбейтіледі.



13-кесте. Бір жұмысшының жылдық жұмыс уақытын есептеу


Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

Саны

1


2

3

Күнтізбелік уақыт


Күн

366

Демалыс күндер

Күн

53

Мейрам күндер

Күн

8

Номиналды күндер

Күн

305

Жұмысқа келмеу

Күн




Еңбек демалысы

Күн

24

Ауырған күндер

Күн

11

Мемлекеттік міндет

Күн

0

13 кестенің жалғасы


1

2

3

Жылдағы нақты жұмыс күндерінің саны

Күн

270

Мейрам алдындағы күндер

Күн

7

Нақты есепті жылдың жұмыс қоры

сағат

2204,4

Фбр = (жылдағы жұмыс күндерінің нақты саны – мейрам алды күндерінің саны) * 8,2 – мейрам алды күндерінің саны 7= (270-8)8,2+8*7= 2204,4 сағат.

Жұмысшылардың жобаны енгізбестен бұрын істейтін жұмыстарының еңбек сыйымдылығы (До) келесі формуламен анықталады:

До = Ч * Фбр (1)

Мұндағы, Ч – жұмысшылар саны, адам

Фбр – бір жұмысшының жылдық жұмыс уақытының қоры, сағат

Яғңи, До = 5 * 2204,4 = 11022,0 сағат

Жоба енгізілместен бұрын жұмысшы жасайтын жұмыстар құны (Со), келесі формуламен анықталады:
Со = До * З [(1+д) * (1+с) + н] (2)
Мұндағы, До – жоба енгізбестен бұрын жұмысшының жұмыстарының еңбек сыйымдылығы;

З – бір жұмысшының орташа сағаттық тарифтік мөлшерлемесі; Д – қосымша жалақыны ескеретін коэффициент;

С – зейнетақы қорларына аударымдарды ескеретін коэффициент;

Н – қосымша шығындарды ескеретін коэффициент.

Со = 11022,0 * 0,85 * [(1+0,7) * (1+0,14) + 0,33] = 21248,2116 = 21,25 мың тг. Ақпаратты автоматты түрде өңдеу жағдайында жұмыстардың еңбек сыйымдылығы жұмысшыларға қалған жұмыстардан және ДЭЕМ пайдаланудан тұрады.

Жобаны енгізуден кейін жұмысшыларға қалған жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы (Дост) келесі формуламен есептелінеді:


Дост = До * (1 – р / 100) (3)
Мұндағы, До – жұмысшылардың автоматты жұмыс орнын енгізуден бұрын жұмыстарының жылдық еңбек сыйымдылығы, сағат;

Р – бастапқы көлемнен ДЭЕМ-ге берілетін жұмыстардың процентін ескеретін коэффициент.



Дост = 11022,0 * (- - 75 / 100) = 2755,5 сағатЖобаны енгізгеннен кейін жұмысшыларға қалған жұмыстар құны (Сост) келесі формуламен септелінеді:
Сост = Дост * 3 * [(1 + д) * (1 + с) + н] (4)

Сост = 2755,5 * 0,85 * [(1+1,7) * (1+1,14) + 0,33] = 5312,0529 тг = 5,3 мың тг

ДЭЕМ-ның жылдық пайдалану шығындары 14-кестеде келтірілген.



14-кесте. ДЭЕМ-ның жылдық пайдалану шығындары

Шығын баптарының атауы

Құны (мың тг)

1

Ағымдағы және алдын ала жөндеудегі шығындар

5,4

Жөндеулер (ДЭЕМ құнының 5%)

12,96

2

ДЭЕМ тозуы (ДЭЕМ құнының 12%)

2,16

3

Материалдарға кететін шығын

0,54

4

Басқа шығындар

Жалпы пайдалану шығындары

21,06




Автоматты жұмыс орны жобаның жұмыс істеуімен байланысты жылдық пайдалану шығындарының үлесі (Свц) келесі формула бойынша есептелінеді:




Свц = Р реш * Т реш * Зэ / Тэем (5)

Мұндағы, Р реш – жыл ішіндегі есептер шешілуінің периоды;

Зэ – жылдық пайдалану шығындары, мың тг;

Тэем – ДК жылдық жұмыс уақытының қоры, сағат;

Т реш – есепті шешу уақыты.

Егер жобадағы есептерді шешу периоды әртүрлі болса, онда ол екі қосылғыштың қосындысы болып табылады, яғни:




Свц = Свц1 + Свц2

Свц1 = (60 * 15 * 21,060) / 2214 = 8,5609 мың тг

Свц2 = (17 * 15 * 21,060) 2214 = 2,4256 мың тг

Свц = 8,5609 + 2,4256 = 10,9856 мың тг

Жобаны енгізген жағдайда ақпаратты өңдеуге шығатын жылдық шығын (Савт) келесі формуламен есептелінеді:

Савт = Свц + Сост (6)




Мұндағы, Свц – жобаны енгізу жағдайында ақпаратты өңдеудің пайдалану шығындары, мың тг;

Савт = 10,9856 +5,3 = 16,2865 мың тг

Автоматтандырылған жұмыс орнын енгізуден түсетін жылдық үнем (Сажо):


Сажо = Со – Савт (7)
Мұндағы, Со – автоматтандырылған жұмыс орнын енгізуден бұрынғы ақпаратты өңдеу шығындары, мың тг;

Савт – автоматтандырылған жұмыс орнын енгізген жағдайдағы ақпаратты өңдеу шығындары, мың тг.

Сажо = 21,25 – 16,2865 = 4,9635 мың тг



3.2 Ақпараттық өнімді коммерциалық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау
Тестілеу нәтижесінде жүйе дұрыс нәтижені көрсетті деп айтуға болады. ЭЕМ құжаттары негізінде ақпаратты енгізудің басты талаптары, онымен жұмыс істеуі , керекті мәліметтер базаларының құрылымын өңдеуі, құжаттарды экранда көру, ақпаратты ЭЕМ енгізу және оны редактрлеу анықталған. Функционалды немесе қамтамассыз етуші бөлімдерде жетіспеушіліктер анықталмаған.

Маркетингтегі ақпараттық жүйесінің тиімділігі ретінде оның тағайындалуына сәйкестік дәрежесі мен жақсы икемділікті қамтамасыз ету мақсатымен есептеу және сұраныстарды қалыптастыру үрдістерін ұйымдастыруының дұрыс тағайындалуы, оның техникалық және методологиялық жетістігі және экономикалық тұрғыдан ақталатындығы түсініледі.

Ақпараттық жүйенің тиімділігі кезінде келесі көрсеткіштердің анықтамасын қамтиды: өнімділік, нақтылық, сенімділік, икемділік, интерфейстің достастығы, интерактивті режимде жұмыс істей алуы және т.б.

Ақпаратты іздеу жүйесінің жұмыс істеу жағдайлары үздіксіз өзгеруі мүмкін, әсіресе бұл тақырыптық аймақ, яғни нақты қосымшалар, өңдейтін ақпарат көлемі, сондай-ақ олардың мазмұнына қарасты шешілетін есептер тізімі. Бұл жағдайда берілген ақпаратты іздеу жүйесі оның элементтері арасында есептеу көлемін жедел түрде қайта бөлу қасиетін қамтамасыз етуге едәуір икемді, сондай-ақ жаңа есептер қосуға кеңейтілмелі болып табылады.

Сондай-ақ ақпараттық жүйенің тақырыптық ауданының мазмұнын өзгертуге қабілетін атап айту керек. Оны ұйымда ақпаратты өңдеу мен сақтау үшін мәліметтер қорында сапалық құрамы мен ақпарат көлемінен тәуелсіз пайдалануға болады. Мәліметтер қорының бүтіндігі оларды пайдалану кезі мен активті күйде тез сақталуын қамтамасыз етеді. Ақпаратты қамтамасыз етудің кешені жүйеге түсетін мәліметтерді унификациялауға мүмкіндік беріп, өңдеуді ыңғайлы түрде келтіреді.

Осы ақпараттық жүйенің сенімділігі жұмыс кезінде өз қасиеттерін ұзақ уақыт сақтай алуымен сипатталады. Барлық ақпараттық жүйе бір ғана мақсатқа бағындырылған – сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету. Жүйенің модульдік құрылуы оның логикалық байланысын және жалпы стратегиялық бағытталуын кеңейту мен жеке бөліктерінің жұмыс істеуінің оптималдылығына байланысты.



Қорытынды
Курстық жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыста басқару объектісін талдау, жұмыстың мінез – құлқы және басқару жүйесі көрсетілген. Олардың иерархиясы анықталған, басқару жүйелері элементтердің жұмыс жасау моделі өңделген, элементтерге өнімділіктің, сенімділіктің, қайта құрудың, жұмысқа қабілеттіліктің және құнның үйлесімді талаптары негізделген.

Дипломдық жұмыста қойылған мақсат толығымен жүзеге асырылған, мақсатқа сәйкес мәселелер шешілген.

Дипломдық жұмыс өңделген, автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұсынады, бұл өнім өндіру және өткізу саласында негізгі қызмет болып табылады.

Экономикалық жүйеде есептер орны анықталған, қамтамасыз етуші бөлімдердің барлық талаптары қарастырылған, есеп кешенінің шешіміне арналған лайықты бағдарламалық қамтамасыз ету бөлінген. Ақпараттық жүйедегі жүзеге асырылатын есептер кешені анықталған: ішкі есеп беру, ағымдағы ақпаратты жинау, маркетингтік зерттеулер жүргізу, маркетингтік ақпаратты талдау. Анықталған есептер бойынша кіріс және шығыс ақпараты, ақпараттық база толығымен көрсетілген, ақпараттың құрылымдық бірліктері белгіленген.

Есептер кешенін коммерциялық әмбебаптылығы, үнемділігі, барынша көп сервисті, пайдаланушыға арналған түсініктіліктің және қол жетерліктің, сонымен қатар есеп комплексінің ақпараттық технологияларын әрі қарай жетілдіруі көрсетілген.

Есеп кешенін өңдеу нәтижесінде пайдаланушыға қажетті құжаттарды ешқандай қиыншылықсыз алу мүмкіншілігі берілген.



Қолданылған әдебиет тізімі
1. Қазақстан – 2030 Н.А.Назарбаев. Қазақстандықтар жағдайының

өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. Президенттің Қазақстан



халқына жолдауы – Егеменді Қазақстан,11 қазан 1997жыл.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы,1995.

  2. Закон РК. Об информатизации // Казахстанская правда. - 2003.- 14 мая

  3. «Қазақстан Республикасының ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарлымасы туралы» 14 наурыз 2000 жылдың №359 Қазақстан Республикасының Президентінің /Указ/.

  4. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. Учебник, М: Финансы и статистика,2000-352б

  5. Е.Г.Неверова Ақпарат жүйелеріндегі мәліметтер базасын құрудағы пробл емаларды зерттеу/ “Экономикадағы ақпарат жүйелері” мақалалар жинағы. Алматы: Экономика.

  6. Қ.С.Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы/Алматы: Экономика Баспасы, 2002

  7. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова Экономикадағы ақпарат жүйелері/Алматы: Экономика Баспасы, 2001.

  8. Н.Б.Бралиева, Л.А. Байбулекова, А.И.Тилегенов Бизнестегі ақпарат жүйелері. – Алматы: Экономика Баспасы, 1998.

  9. Голубков В. Маркетинговые исследования/Москва: Финансы и статистика, 2001

  10. Филипп Котлер Основы маркетинга/ Москва: Финансы и статистика, 1998

  11. Э.М.Бенецкий, Л.А.Морозов. Қосымша программа пакеті қоймасына автоматтандыралған басқару жүйесін ендіру. – М, Статистика.

  12. Экономикадағы автоматтандырылған ақпараттық технологиялар: Оқулық. Трибулина И.Т. – М: ФиС, 2000 – 416 бет.

  13. Смирнова Г.Н. и др. Проектирование экономических информационных систем. М: Финансы и статистика, 2000-352б.

  14. Фаронов В.В. Delphi 4. Учебный курс.-М: “Нолидж”,1998.

  15. Финансово-кредитный словарь, т. 1-3.

  16. Данилов А.В. Корпоративные информационные системы. Москва 2004г.

  17. Банк В.Р., Зверев В.С. Информационные системы в экономике. Экономист 2005г.

  18. Гринберг А.С., Горбачев Н.Н. Информационные технологий управления. Учебное пособие – Москва.: Юнити - Дана, 2004г.

  19. Моисеева Н. Маркетинговые технологий в обеспечений деловой активности организаций.// Проблемы теории и практики управления – 2002. -№ 6 –с. 91-98.

  20. Сейдахметова Ф.С. Источники и методы сбора маркетинговой информации. Служба маркетинга/сбыта на предприятий. -1997г. № 3 –с. 7-8.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет