Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқушылар ұжымында қақтығыстарды алдын алудың психологиялық педагогикалық шарттары»


Оқу және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға эстетикалық тәрбиеберу мәселелері



бет16/18
Дата19.05.2022
өлшемі152.39 Kb.
#457473
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

4.3.Оқу және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға эстетикалық тәрбиеберу мәселелері
Эстетикалық мәдениет қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлескеніс-әрекеттерінің ерекшеліктері.
Тұлға мәдениетінің негізгі және қажетті құрамды буыны, оныңэстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
Тұлғаның эстетикалық дамуы оның барлық өмірін қамтиды. Оның дамуыныңбастапқы кезеңі танымдардың – бағдарлық сипатта болады. Жастық кезеңде жәнеәсіресе кемелденген шақта тұлға әрекеті құрылымының сапалық тұрғыда алғажылжуы – құндылық – бағдарламалық және ерікті іс -әрекеттілік себеп басымболады.
Тұлғаның эстетикалық даму көрінісінің формалары бағыт-бағдарәртүрлі болып келеді. Дегенмен, бұл бағытта тұлғаның нақтылы дамуыкөркемөнерлік тұрғыда, эстетикалық–адамгершілік және идеялық–эстетикалықсипатта бірлікте, гармониялық үйлесімділікті сипаттайды.
Тұлғаның эстетикалық даму деңгейінде эстетикалық көзқарастар,мұраттар, бағалау қандай дәрежеде көрініс береді, соған сәйкес оның шынайымінез-құлқына ықпал етеді. Тұлғаның белгілі бір эстетикалық құндылыққабағыты, сонымен бірге оның дара қажеті, талғамы мен бейімділігіне тәуелдіболады.
Дегенмен, тұлғаның өнерге және табиғаттың, қоғамның эстетикалыққұндылықтарына, еңбек қатынасын орнықтыру ерекшелігі тек оның сенімі менқұндылық бағытына ғана байланысты емес, оның жан-жақты әрекеті барысында –еңбекте, оқуда, белсенді демалысында да т.б. жүзеге асады.
Эстетикалық тәрбиеде оқушылардың белсенділігін арттыра отырып,олардың эстетикалық санасын, қажеттілігін ояту, өмірдің барлық саласындағыэстетикалық құндылықтарды меңгеру және көбейтуге бағытталған әрекеттері,әсіресе оқуы мен өзінің өміріндегі эстетикалық аспектілерді саналы түрдеұғынуы – негізгі буын болып табылады.
Саналы көзқарас негізіне тұлғаның сенімін жатқызу керек. Өйткені,оның шығармашылық әрекеті ретінде қоғамның пайдалы істер тек ол үшін жайкөңіл көтеру ретінде ғана бағаланбауы керек, керісінше өзі үшінқажеттілігіне сенімі болуы тиіс.
Эстетикалық тәрбие – тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Олэстетикалық – мәдени жұмыстарын арнайы ұйымдастыратын арна, ақиқат шындықтыэстетикалық тұрғыдан меңгеру тәсілі, сондықтан бір эстетикалық сана жәнеэстетикалық дағдыны қалыптастыру әрекеті.
Адам өмірінің рухани саласының бірі – эстетикалық тәрбиенің атқаратынқызметі айырықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүниетанудың бір түрі.
Эстетитика - өмірді сезім арқылы танып білудің негізгі жолы.
Эстетикалық сезімдер дегеніміз – адамның ең үстінде тарихи қалыптасыпдамыған рухани қымбат қасиеті.Адам табиғатының тек кең өріс алғанобьективті байлығының молдығы арқасында ғана адам сезімінің субьекттібайлығы пайда болды, әдемілік түрлерін сезіне алатын музыкаға бейім құлақпен көз пайда болады, қысқасы адамның ләззат алуға бейім кейбір сезімдеріжаңа туып, кейбірі одан әрі дамып отырады.
Әсемдік - өте биік эстетикалық құндылық. Ғылым үшін ақиқат қандаймаңызды болса, эстетика үшін әсемдік сондай маңызды. Әсемдіктің тану, білужөнінде маңызы зор. Адам және табиғат сұлулығы, өнер табиғаты, адамөміріндегі эстетикалық құндылықтар – біздің әсемдік жайындағы түсінігімізгебайланысты. Әсемдіктің жақсылық пен ақиқаттан айырмашылығы адам сезімі жәнеадам санасымен тығыз байланыста болуы.
Әсемдікке қызықпайтын, оған сүйсінбейтін бірде-бір адам жоқ. Бірақ осықызығушылық пен сүйсінудің мөлшері адам баласының бәрінде бірдей дамығанемес. Өйткені, әсемдікті түсініп, танып бағалаудың да дәрежесі әртүрлі.
Қоғамда өмір сүріп, әрі іс-әрекетпен айналыса отырып, адам өзін жеке адамретінде көрсетеді, айналадағы дүниеге, адамдарға, өзінің ісі мен көзқарасынбілдіреді. Кейде бұл көзқарастың көрінісі төтенше, кездейсоқ сипатта даболады. Мәселен, мектеп оқушысы жолдастарына күтпеген жерден тектен-теккешарт та шұрт бола қалды. Басқалар мұның мінезіне таң қалысты, өйткеніәдетте бұл бала байсалды, кішіпейіл болатын. Оған анайылық көрсету тәнемес. Екінші бір мектеп оқушысы айналадағыларға тік мінез көрсететін, анайыболатын. Бұл – оған тән, тұрақты, талай көрінген қасиет, оны жеке адамретінде сипаттайтын. Сондықтан да бұл қасиетті оның мінезініңерекшеліктерінің бірі деуге болады.
Қоғамның мүшесі ретінде адамның елеулі тұрақты психикалыққасиеттерінің жиынтығы, болмысқа деген оның қарым-қатынасынан көрінеді де,оның мінезі мен қылығына өз таңбасын түсіреді, бұл мінез деп аталады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өмірінде болып жатқан қоғамдықөзгерістер жаңаша мазмұн мен бағыт бағдар беруде. Еліміздің заңдылықтарынасәйкес сай білімді әрі жан–жақты жастарды тәрбиелеу – басты мақсат.
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы, тірегі елдің тізгіні солардыңқолында. Сондықтан жоғарғы деңгейде тәрбие беруді бүгінгі талаптарға сайұйымдастыру оқу тәрбиесі жұмысының тиімді әдіс түрлерін енгізу – қазіргіуақыт талабы.
Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Келешекте жастарқандай болу керек деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратынысөзсіз. Сондықтан Елбасымыз Н.Назарбаев "Халқымыздың алдында ХХІ ғасырдықұрушы іскер, өмірге икемделген жан – жақты мәдениетті, жеке тұлғанытәрбиелеу керек" – деп жауапты міндет қойып отыр.
Атамыз қазақ "баланы - жастан" деп бекер айтпаған ғой. Осындайсалауатты саналы адамзат тәрбиелеу үшін оқытушы оқушының оқу – тәрбиеүдерісінде әрбір баланың жеке басының ерекшелігін есепке алуы тиіс. Осындайжалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа психологиялық құрылымдардыңпайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты жаңақұрылым тіпті ол оқыту үстінде мысалы тәсіл үстінде сырттан берілсе де іс-әрекетке енгізуі, осы іс-әрекетті өзгеріске түсірумен байланыстыруы тиіс.
Белгілі бір матералды игерудің өзі түрліше жүзеге асады. Оны қазіргі кездемектепке арнайы дайындалған стандарт бағдарламада көрсетілген оқушығамұғалім сол бағдарламаға сүйене отырып, өзінің тәжірибесіне сүйене отырыпжеткізеді. Бұл жерде баланың даму дәрежесіне қарай түрлі психологиялықерекшеліктерге көңіл бөліп, педогогикалық шарттарды талап етеді. Игеруүдерісінде бала бағыттылық сана және іс-әрекет ерекшеліктері бар адамретінде көрінеді. Баланың жеке басының негізгі жақтарының дамуы игерумеханизмінің өзгерісін туғызады, таным психикалық үдерістерінің (түйсік,қабылдау, зейін, ойлау, сайлау т.б.) дамуымен бірге баланың психикалыққасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез.) қалыптасады. Ал ерік дегеніміз– адамның белгілі бір мақсатқа ұмытылуы мен белсенді қимылы. Осыныңарқасында белгілі бір жастағы балаларға тән жетекші бағыттылықерекшеліктері ескеріліп отырылуы қажет.
Тәрбие нәтижесінде қалыптасқан адамның қажеттіліктерін, оның мұратынбағалауын әрі өзін-өзі бағалауын білдіретін жеке адамның іс-әрекетініңжиынтығы, позициясы жоғарғы өтетін ішкі жағдайлар арқылы болатын түрлісыртқы іс-әрекет әсерлері жеке адамның бір шама тәуелсіз етеді. Бұл идеяныжүзеге асыра отырып, кеңес психологтары жеке адамның психикалық үдерістерімен қасиеттерін белсенді қалыптастырудың стратегиясын жасады. Психикалықдамудың жеткен дәрежесі тіркеумен ғана шектелген басқа психологиялық-педагогикалық концепцияларға қарама-қарсы, кеңес зерттеушілері белсендіқалыптастыру жолымен баланың психикалық дамуының эксперименттік үлгісінжасады. Кеңестік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясыныңконцепциясының бірі ақыл-ой әрекетінің кезеңмен қалыптасу теориясы болды.
Ақыл-ой әрекеті білімдер алу үшін оқушылардың іс-әрекеті процесінде,әрекеттердің белгілі бір жүйесін оларды орындауы жағдайында және соныңнәтижесінде жүзеге асады. Педагог міндеті-осы процесті жақсы басқара білуі,оны бақылауы тиіс.
Педагогикалық ғылымдар салалары өзара бірыңғай байланысып, қисынды бірізгілікпен дамиды. Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыстадамиды. Адамды жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешуүшін педагогика басқа ғылымдармен байланысып отырады. Әсіресе соның ішіндефилософия ғылымының орны ерекше.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын түбегейлімәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білуге көз қарастың негізгіжүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсінебілушілікке тәрбиелейді. Тәрбиенің мақсаттары халыққа білім берудің мазмұныпедагогикалық процесті ұйымдастыру сияқты проблемаларды зерттеудіңбарысында, педагогика ғылымы алдын–ала болған нақтылы әдіснамалық жүйегесүйенеді. Ғылым педагогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгікезеңдерін, басқа құбылыстармен өзара қатынастарын қарастырады. Олардыңзаңдылықтарын анықтап қалыптастырады.
Мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда мектеп пенотбасының бірлесе іс-әрекетін ұйымдастырушылар сынып жетекшісі мен сыныпмұғалімдері болып табылады.
Сынып мұғалімі мен ата-аналар оқушылардың негізгі тәрбиешілері болыптабылады. Сондықтан да педагог жүргізетін тәрбие жұмысының нәтижелілігіоның ата-аналарымен жұмыс істей білуіне, олармен ортақ тіл тауып, олардыңкөмегі мен қолдауына сүйене білуіне байланысты.
Мұғалімнің ата-аналарымен жұмысының формалары мен әдістері әртүрлі. Оған ата-аналардың жиналысын өткізу де, оларды жұмысқа тікелей қатыстыру да, ата-аналар арасында педагогикалық білімдерді тарату да жатады. Бірақ формалар мен әдістердің әртүрлілігі жұмыстың табысты болуын қамтамасыз ете бермейтінін мұғалім жақсы түсінуге тиіс.
Мұғалім, оқушылар және ата-аналардың арасында қалыптасатын қарым-қатынас стилі де тәрбие жұмысында шешуші ролге ие.
Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға оның қылықтарына, оқудағы табыстаы мен ұтылыстарына, өз міндеттеріне көзқарасына, т.б. баға беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсіну жайы оның дұрыс және бұрыс баға беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде педагог үнемі мына жайды есте ұстауы тиіс. Әр жолы баланың жеке басына емес, оның нақты қылығына баға беру керек, міндетті түрде ата-аналармен бірлесе отырып, әрбір жағдайдан шығудың, оны түзеудің жолдарын табу қажет. Екіншіден, бұғалім балаға теріс баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-анаға да баға береді.
Оның үстіне ата-анаға-әке-шешеге, әрі тәрбиеші ретінде де баға беріледі. Мұғалімнің балаға және ата-аналардың тәрбиелік ықпалына дұрыс талап қойып, дұрыс баға беру педагогикалық тұрғадын мақсатты, әділетті формада болуға тиіс, сонда ғана педагог пен ата-аналардың арсында дұрыс қарым-қатынас орнайды.
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас болу үшін мұғалім мен ата-ана тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін бірдей дәрежеде түсінуі, балалардың дамуына бірдей көзқараста болуы, әр баланың дамуының келешегі мен қиындықтарын көре білуі қажет. Ата-аналар жиналыстарында немесе оқушының әкесімен, не шешесімен қысқы әңгіме кезінде мұғалімнің балаға наразылығын, оның теріс қылықтарын асығып-аптығып айтып салып жатқанын байқауға болады. Мұғалімнің бұл ойы түсінікті де: ол уақыты аз болғандықтан, ата-ана назарын бірден тәрбие ісіндегі ең басты, ең қиын жағдайға аудармақ болады. Ал ата-ана болса, мұндай кездесуден ләззат ала алмайды, олар: мұғалім менің ұлымның (немесе қызымның) бойындағы жақсы жақтарын, ширақтығын, жаңалыққа құштарлығын, жолдастарына жақын тұратынын қалайша байқамайды екен,- деп ойлайды.
Осыдан кейін дұрыс қарым-қатынас орнамайды, ата-ана мұғалімге сенімсіздікпен қарайды. Әсіресе, үлгермейтін және тәртіпсіз оқушылардың ата-аналарының жағдайы қиынға түседі. Асықпай әңгімелесудің орнына мұғалім барлық ата-аналардың көзінше әлгіндей оқушы туралы ашуланып айтып береді, оны күлкіге айналдырады. Ал, ол баланың ата-анасы болса, ұялып, өкініп, реніш үстінде екіншілей мектепке келмейтіндей болады. Үй-ішін әлекке салатын балалардың ата-аналарына қарағанда, мектепке тәртібі мен үлгерімі жақсы оқушылардың ата-аналары жиірек және ықыластана келетініне таңдануға болмайды.
Мұғалімнің оқушы тағдырына мүдделігі, ізгі қарым-қатынасы, ата-аналарды одақтас етуге деген ынтасы, олармен өзара тіл табысуға көмектеседі. Мұғалім ата-аналарға балаларының жақсы жақтарын көбірек айтуға тиіс. Ата-аналармен жұмысқа бұлай қарау мұғалімнің ата-аналармен дұрыс байланыста болуына, тәрбиелік ықпалдың бағытын белгіленуіне көмектеседі.
Мұғалім үзілді-кесілді сөйлемей, баланы тәрбиелеу қажет жағдайда ата-анаға ақыл-кеңес береді. Ата-аналар оқушының оқудағы, тәрбиедегі немесе жолдастарымен қарым-қатынасындағы жақсылық, жамандық атаулының бәрінде біліп отырғаны абзал. Сонда ғана ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу жақсынәтиже береді.
Педагогтың ата-анамен қарым-қатынасының стилі дегеніміз – балағатәрбиелік ықпал жасаудың белгілі бір үрдістеріне негіздеріне негізделгенжұмыс әдістері мен құралдардың тұрақты жүйесі. Педагог та, ата-ана даәрбір оқушыға оның бойындағы одан әрі дамытуға болатын жақсы жақтарынадеген оптимистік сеніммен қарауға тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу– мұғалім мен ата-ананың міндеті. Өзіне өзінің сенуі оқушыны тәрбиесубъектісіне айналдырады, ол біртіндеп өзінің алдына әртүрлі міндеттерқойып оны шешудің жолдарын іздеп табатын болады.
Педагог пен ата-ана қарым-қатынасының адамгершілік стилінің негізгібелгісі бір-біріне деген терең сенім мен шыншылдық болса керек. Ата-анаөзінің мұғалімге айтқан дүдәмалы, қорқынышы немесе баланың мінез-құлқы менбейімділігіне берген бағасы, өзінің ұлы мен қызына зияндық жасамайтынынасенімді болуға тиіс. Мұғалім де, ата-ана да өздеріне балалар сеніп айтқанқұпияны жария етпеуге міндетті. Үлкендер – баланың мүддесі үшін бұл құпияныбір-біріне айтуы мүмкін. Алайда, мұны баланың білмеуі шарт, көп реттебаланың өзі айтқан құпиясының жария болғанын біліп қойюы мұғалім мен ата-ананың, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының бұзылуына әкеліп соғады.
Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы басқа қарым-қатынастарға да әсеретеді. Егер де мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы сәтті болмаса,өкінішке орай, мұғалім кейде баланы да жек көреді. Бұл – педагогикалықтұрғыдан аса үлкен кемшілік және мұндай жағдайда балаларды тәрбиелеудежақсы нәтижеге қол жететініне сенуге болмайды. Немесе мұғалім мен оқушыбелгілі бір мерзім ішінде өзара түсініспеушіліктің байбына барып жатпастан,ата-ана баласының жағына шығады да, бәріне мұғалімді кінәлайды, сөйтіпөзара қарым-қатынастарын бұзып алады.
Педагогтың ата-аналармен балалардың эстетикалық мәдениетінқалыптастыруға бағытталған жұмыстары әрқашан және кез келген істепедагогикалық нормалар мен мәнер сақталған, балалардың бойында өзіқалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынаста мұратын берік ұстауғаміндеті екенін және бір ескерткен жөн.
Енді оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда мектеп пенотбасының бірлескен іс-әрекетінің негізгі мазмұнына тоқталсақ(кесте-1). Бұлбірлескен іс-әрекет те сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің етенебайланыста жүргізетін жұмыстары болып табылады. Барлық жұмыс осындайбірлескен іс-әрекеттің жоспарын жасап алуға тікелей байланысты жәнетәуелді, себебі оқу жылының басында ата-аналармен бірлесе отырып алдын-алаталқыланған жоспар оның бағдарламасын түзуге, қажетті іс-шаралардыұйымдастыруға, өз дәрежесінде өткізуге септігін тигізеді.
Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда мектеп пен отбасыныңбірлескен іс-әрекетін жүзеге асыру барысында сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін дәрістерінің тақырыптары мынадай болуы мүмкін:
- отбасы және оның бала тәрбиесіндегі ролі;
- отбасының негізгі функциялары және оның бала тәрбиесімен байланысы;
- бүгінгі отбасында эстетикалық, сұлыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері менмүмкіндіктері;
- отбасындағы ата-ананың абыройы және оның тәрбиедегі мүмкіндігі;
-отбасындағы салт-дәстүрлер мен сенімдердің сұлулыққа тәрбиелеудегімүмкіндіктері;
- балалардың өтпелі кезеңдегі психологиялық және физиологиялықерекшеліктері;
- отбасында балаларды өнерге баулу арқылы эстетикалық мәдениетінқалыптастырудың маңызы;
- бала тәрбиесіндегі ата-әженің, әке мен ананың алатын орны;
- баланың эстетикалық мәдениетінің отбасында қалану ерекшеліктері және т.б.
Баланың тұлғалық дамуына отбасының әлеуметтік жағдайы ерекше әсеретеді. Оның әсерін елемеуге болмайды. Адамгершілік құндылықтардыңтұрғысынан қарағанда, әке мен шешенің беделі бала тәрбиесінде үлкен орыналады. Сондықтан оқушының сынып жетекшісінің бала отбасындағы әлеуметтікхал-жағдайын талдап, анық білгені жөн.
Отбасы тәрбиесі тәжірибесінен мысалдар келтірейік. Тәрбиеге көнбейтіноқушылардың әке-шешесі отбасында қол көтеру, дауыс көтеру сияқты әдістердіжиі көрсететін болғандықтан бала да тәрбиеге көнбейтін, кекшіл, өз күшінәлсіздерге көрсеткісі келіп тұрады.
Кейбір мансапқор немесе шын мәнінде жоғары қызмет істейтін адамдардыңбалалары көкірек, мақтаншақ болып келеді.
Ата-аналардың кейбіреуі уақ-түйек ережелерді сақтамай-ақ, өзініңбаласынан берген тапсырмалары мен жарлықтарын қарсылықсыз, мүлтіксізорындауын талап етеді. Бұл баланың өздігінен еш нәрсеге бұрыла алмауынаәкеліп соғады немесе керсінше. Осындай кезде кішіпейіл, мейірімдібалалардан қатігез, арсыз адамдар қалай шығады екен деген ойға қаласыз.
Кейде баланың әке-шешесі сыйлықтар мен келешекте бір болатын істерүшін уәде беру арқылы баланың жақсы тәртібіне мәз болады. Бұндай тәрбиеніңсалдарынан бала отбасы мүшелерінің бір баланы өз жағына (өзіне қарай)тартып, сыйлығын көбірек беріп, екіншісін шектетіп дегендей, бұндайтәрбиенің салдары өте ауыр болады.
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік мазмұны,ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдыққызығудың қалыптасуы және дамуы – жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатынөте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс-әрекетке және жеке өмір тәжірибесіне байланысты болады. Баланың біріншіжылында-ақ оның ашық түсті заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардыңқозғалысы өзіне тартады. Бала күнделікті осы тітіркендіргіштерді үзіліссізқабылдайды және оларды қайта-қайта қабылдауға тілек білдіреді. Алайда,объектіге деген бұл бағыттылықты оның эмоциялық тартымдылығына сәйкесуақытша және оның қызығуының аяғы деп те есептеуге болады. Білуге құмарлық– бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оның тереңекеніне көмектеседі.. Баланың мұндай құмарлығы өзін қоршаған дүниенікөруге, білуге, ұстауға деген қызығуынан байқалады, балалардың өте ертебалалық шағында қайда?, неге?, бұл не?, неліктен? және т.б.сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығуының пайда болуымен байланыстыруғаболады. Әрине, кішкентай баланың қойған мұндай сұрақтары белгілі дәрежеде,қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде әуестік, білуге құмарлықтыкөрсетеді. Мұны танымдық қызығудың бастауы десек болады.
Адамның бар қасиеті: мінез-құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстіндедамиды. Әрекет үстінде балалар әртүрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып,бір шешеімге келеді. Балалардың белгілі білім жүйесі қалыптасады.
Балалар үздіксіз дамиды, олардың танымдық белсенділігі артқан сайыннегізгі үлгіні ата-анасынан, мұғалімнен алады. Баланың танып-білсем дегенниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әрі күшейтуүшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ал танымдық қызығуын ояту үшін затболсын, әрекет болсын, соны жақсы білу керек, оны үйрететін бірінші кезекте– үлкендер.
Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмытылудың бір көрінісі –балалардың сұрақ қойғыштығы. Есесйе келе балалар тек заттар туралы ғанаемес, әрі айналасындағы әлеуметтік көріністер жөніндегі нақты білім,хабар, түсінік алғысы келеді, ересектерден балалар жауап күтеді. Осыданкеліп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау керектігі туады.
Мәселен, кіші жастағы оқушының үлкендердің әсерінен мектептегі оқуға дегенқызығуы қалыптаса бастайды. Осыған байланысты балалардың алғашқы мектепкекелген күннен бастап оларды не қызықтыратынын, олардың қызығуының өзіндікерекшеліктері қандай болатынын, сабақа қалай қызығатынын жан-жақты білуүшін оқу-тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгерімінарттырудың маңызы бар. Бала оқуға, сабақты үлгеруге, жалпы білімге қызығыптұрса, оқудағы іс-әрекеті сәтті болады, білімді де сапалы меңгереді.
Баланың қызығуын орнықтыратын: мектеп, оқу үрдісі, тәрбие, мұғалімұжымы. Бала мектепке оқуға қызығып келеді. Оқи бастаған соң, жақсы оқығанпәніне қызыға түседі, сәттілігі көбейген сайын қызығуы арта түседі. Сәтіменмеңгерген білім қуанышты туғызады. Пәнге қызыққан сайын білімді сәттімеңгерген бала алдымен оқудың мазмұнына, оқудың әдісне қызыға бастайды.
Бала әуелі жеке пәнге, кейін бірнеше пәнге қызығады. Бара-бара бірнешепәнге, сонан соң барлық пәнге қатарынан тұрақты қызығады. Сөйте-сөйтеоқудың барлық саласына қызығуы дамып, өріс алады, тұрақты қызығуы ересекжәне жас өспірім кезінде орын алады.
Мақсатсыз жұмыс - ең қызықсыз жұмыс. Сондықтан да оқушылардың оқуғақызығуы туындау үшін олардың не істеп жатқан және қандай нәтиже алтынынбілуі, сонымен қатар жұмыс мақсатының балаларға түсінікті болы аса қажет.
Оқушыларға өздерінің бос уақытын мақсаты қолданып, өз қызығуынқанағаттандыруы үшін іс-әрекеттің әр түрімен шұғылдануы қажет екенін үнеміесіне салып отыруы керек. Таңдап алған саладағы белсенді оқу мен іс-әрекет, танымдық мүмкіндіктер, қызығудың дамуына негіз болады.
Баланың қоршаған өлке қызығуы болса, ол өзін қызықтыратын құбылыстыбақылауын күшетуін, өзінше оны ойлап байқайды, осыған байланысты өзіншешешім шығаруға тырысады.
Осындай іс-әрекет барысында оның қызығуы өз-өзінен дамиды жәнебаланың ақыл-ойының дамуына әсер етеді. Қызығудың тағы бір ерекшелігі оныңәсерінен іс-әрекет сипаты тез өзгереді. Қызығу бар кезде іс-әрекеттіңжақсы жағы ғана қамтамасыз етіліп қоймай, оның смпаты тұтастай өзгереді:белсенді, дербес, жан-жақты, шығармашыл, тереңдетілген және т.б.
Алайда, алда тұрған негізгі міндет-бала үшін қызықсызды қызықтығаайналдыру. Осылай жасағанда ғана оны өзі-ақ орындайтын болады. Бұл жағдайдаоған қиыншылықты жеңу оңай болады, оны жеңу балаға қуаныш әкеледі, өзкүшіне сезім ұялатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет