Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқушылар ұжымында қақтығыстарды алдын алудың психологиялық педагогикалық шарттары»


Еңбек ұжымы және талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері



бет8/18
Дата19.05.2022
өлшемі152.39 Kb.
#457473
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

2.2.Еңбек ұжымы және талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері
Басқару - бұл адамның саналы белгілі бір бағытты қызметі, оның көмегімен адам қоғам, тірі және өлі табиғат, техника секілді ішкі ортаның элементтерін бағындырып, реттей алады. Басқаруды - адамдарды басқару және ұйым жұмысын басқару деп бөлуге болады.
Адамдарды басқару - бұл ұйымдағы қызметкерлер құрамын басқару болып табылады. Басқарудың бұл түрі тікелей басшы жұмысымен байланысты. Осы басқару түріне мыналар жатады: ұжымды ынтымақсыздықпен қамтамасыз ету, кадрлық саясат, оқыту, ақпаратпен қамтамасыз ету және басқада жетекшінің құрама бөліктері.
Ұйым жұмысын басқару - жұмысты жоспарлаудан, өндірістік мәселелерді құрудан, өндірістік жұмыстар көрсеткіштерін салыстыру жүйесін жасаудан, берілген тапсырмалардың орындалуын бақылаудан құралады.
Басшының қызметкерлер құрамымен араласу барысында оның бойында іскерлік және кәсіби біліктіліктің болуы ұйым жұмысының қарқындануының негізі болып табылады. Басшының кәсіби қарым-қатынасы бірнеше себептерден тұрады:
басшының құндылықтары мен нұсқаулықтарынан ;
тек қоластындағы қызметкерлер емес, сондай-ақ әріптестермен де, жоғарғы басшылықпен қарым-қатынас пен өзара байланыстан.
Басқарудың негізгі субьектісі ретінде басшы іс-әрекеті ондағы негізгі басқару нысандарына әсер ететін жеке жұмысшылардан тұратын және де кіші жұмысшылар топтарынан, сондай-ақ жалпы ұйым болып табылатын қызметкерлер құрамы арқылы ұйғарылып, қабылданады.
Кез-келген ұжым мен мекемеде, өндіріс орындарында түрлі себептерге байланысты талас-тартыстар мен дау-дамай болып отыратындығы мәлім. Бұл мәселені психология ғылымы адамдар мен көпшілік арасын - дағы қарым-қатынаста психологиялық, ахуалдың жағымсыз көріністері деп санап, оны өз алдына бөліп қарастырады.
Өндіріс орындарында ұжымдар ішінде туындап отыратын талас-тартысты, дау-дамайлы мәселелер негізінен жеке адамдардың мақсат-мүдделерінің көзқарастары мен қалыпты жағдайлардың өзгеруіне, олардың жеке бастарының мінез-құлык ерекшеліктерінің қанағаттанбау сезімінің салдарынан туындап жатады. Ал дау-дамайлы ұжымдарда олар - дың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра алмай іскерлік қасиеттерінің тоқырап қалуына әкеп соқтырады. Сөйтіп талас-тартыстың шығуы негізінен тоқырап қалуға қарсы күрес жүргізуге байлынысты екенін аңғартады.
Дау-дамай әсіресе же - ке адамдардың өзара жалпы тіл тауып, түсінісе алмау салдарынан шығады. Өйткені әрбір адамның даралық ерекшеліктері, көзқарастары мен өмір тәжірибесі түрліше. Сондай-ақ, дау-дамай әрбір адамның өзгелерден тәуелсіз өзіндік мінез-құлқына орай бостандықты қалауы деп те түсінүіміз керек. Дегенмен, дау-дамайлардың жағымсыз, ұнамсыз жақтарымен бірге, пайдалы да ұнамды сипаттары болатынын атап айтуға тиіспіз.
Жеке адамдар мен ұжым ішіндегі талас-тартысты мәселелерді дер кезінде шешіп отыру әрбір істің алдағы кезеңдерде тиісті нәтижелер беріп, олар өмір тіршілігіндее барынша пайдалы екендігін атап айтқан жөн.
Дау-дамайлы мәселелердің мән-жайын бағдарлап, оларды шешіп отыру, ең алдымен, жеке адамдар арасындағы, өза - ра түсіністікті орнықтыратын болса, ал ұжым атқаратын іс-әрекеттердің онан әрі қарай жемісті жүргізілуіне де себепші болмақ. Сөйтіп адамдар арасындағы қарым-қатынас орнататын факторға айналады.
Екіншіден, дау-дамайлы мәселелердің туындау себептері анықталып, оларды болдырмаудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленеді.
Үшіншіден, бұрыңғы кикілжіңді қарым-қатынастардаи бас тартып, енді өзгеше де тиімді қатынас орнату'дың амал-тәсілдері қарастырылады.
Төртіншіден, топтар мен ұжымды жаңа жағдайларға бейімдеп қарым-қатынас орнатудың әдістері негізінде адамдардың бойында бұрыннан орын алған ашу-ызасы мен кекті пікірлерін ұмытып, нақты істерді атқаруға бағдарлайды.
Бесіншіден, әрбір адамның өз бойындағы қадір-қасиеті мен қабілетінің сипаттарын ашып көрсетіп, оның кісілік ерекшеліктерінін беті ашылып, бойындағы күш-қуаты мен ақыл-ойының дамуына кеңінен жол ашылады.
Осы орайда дау-дамайлы қарым-қатынасты жеңген жағдайда адамдардың бойынан ауыр жүк түскендей сезімде болып, күнделікті өмір мен тіршіліктен қаңараттанарлық ләззат алады, ал талас-тартыс онан әрі жалғаса беретін болса, онда адамдардың жемісті еңбек етуше кедергі келтіріп көңіл күйін жабыранқы етеді. Сондықтан адам өз өмірінде, қалайда пайдасыз талас-тартыс туғызатын жәйттерден бойын сақтай білгені барынша пайдалы болмақ.
Дау-дамайлы мәселелердің туындап, адамдар арасындағы іскерлік қатынас орнатуға кедергі жасайтын әр түрлі себептердің бар екендігі жасырын жәйт емес.
Сондай жәйттердің бірнеше түрлері бар. Оның, бірі-өндіріс орындарындағы бастықтар мен жұмыскерлер арасындағы жоғарылы-төменді даулы мәселелер болса, ал жұмыскерлер мен қызметкерлердің өзара қарым-қатынасындары талас-тартыстардың туындап отыруы. Мұндай талас-тартыстардын, туындауы бір жағынан ар алуан іс-әрекеттер мен қызмет түрлерінің жөнге салынуына байланысты талап-тілектер болса, ал екінші жағынан өндіріс орны мен ұжым ішіндегі іс-әрекеттердің қалыпты жүргізілуіне кедергі жасайтын өсек-өтірік пен әр алуан алыпқашты пікірлерді таратумен байланысты.
Істің жөні мен өнімділігін артыруға байланысты дау-дамайлар әдетте ұжымдағы байсалды түрде талас-тартысты мәселелерді көпшіліктің ашық түрде айтылатын сын мен өзара сын пікірлерін талқылау нәтижесінде шешілсе, ал өсек-аяң мен жеке бастық кикілжіңге тіректелетін талас-тартыстар ұжым ішінде іріткі тудыратын жағымсыз әрекеттер болып саналады.
Өндіріс орындары мен мекемлерде, ұжымдар мен жеке адамдар арасындағы дау-дамайдың туындауына көбінесе мынадай жәйтердің себеп болатынына көз жеткіземіз:
ұжым - дар мен адамдардың топтары арасындағы мақсат-мүдделердің сәйкессіздігі олар арасындағы алауыздық;
ұжым мен өндірістегі адамдарға қатысты ұйымдық құрылымның, атқаратын істерінің уақыт талабына сәйкессіздігі және жұмыс стилінің ескіруі;
ұжымдағы басқарушылар мен бағынушылар арасындағы үйлесімсіз қарым-қатынас;
адамдардың міндетті істері және олардың. құқының айқынсыздығы;
кейбір қызметкерлер мен жұмыскерлердің қатар атқаратын істерінің көптігі, мақсат-міндетердің, айқынсыздығы;
кәсіптік іскерліктің, жетімсіздігі;
мамандықтың мардымсыздығы;
қызметкерлердің болашақ іс нәтижелеріне және қызмет бабында өсу жолына сенімсіздігі;
жетекшілер тарапынан қарамағындағы адам - дарға немқұрайлы көзкарасы мен кейбір қызметкерлерге қоятын орынсыз талаптар;
өзгелерге деген реніш-өкпесі мен қызғаншақтыры, күңшіл пиғылы
- мұның бәрі адамдарға қатысты психологиялық жәйттер екенін үнемі ескертіп отыруды қажет етеді.
Жетекші қызметкердің өз бойындағы қабілетін, мінез-құлқындағы ұнамды және ұнамсыз қылықтарын таразылап, қарамағындағы адамдарға істің жәйін ашық та, шынайы түрде айтып отыратын болса, оның ұжымдағы беделі артып, іскерлік әрекеті мен өзгелермен қарым-қатынасы нығая түсері даусыз.
Жетекшілер мен бағынушылар және адамдардың арасында кездесіп отыратын талас-тартысты мәселелердің мән-жайына жете көңіл аударып, оларды дер кезінде шешіп отыру еңбек ұжымындағы қалыпты психологиялық ахуал орнатудың басты шарты болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет