II.тарау. ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1.Оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастыру
Қазіргі таңда оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру мен денсаулығын қалыптастыру өзекті жалпы педагогикалық проблема болып отыр.
Бәрімізге мәлім, бүгінгі таңдағы кең таралған түрі «мектеп ауруларының» басты себебі – авторитарлық – репродуктивтік тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі. Осы заманға мектеп жүйесі жас ерекшелігі физиологиясы мен психологиясының ғылыми негіздері мен гигиена, валеология талаптарына сай емес. Мысалы, 1-сыныпта мектепке үйрену және негізгі мектепке өтуде көпшілік балалар үшін ауыр және бұл жағдай олардың функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеп соғады. Нәтижесінде үйрену тәсілдерінің таусылуы, үнемі шаршап, қажудың пайда болуы оқушылардың ауруларын көбейтеді. Баланың сабақ кезінде бір орнында тапжылмай ұзақ отыруы, оның үнемі стресс жағдайында болуы баланың психикалық саулығына көптеген зиянын тигізеді.
Жас ұрпақтың денсаулығының маңызды көрсеткіші оның дене дамуы мен денесінің жұмысқа жарамдылығы болып табылады. Осы саладағы кемшіліктің басты себептерінің бірі – оқушылардың жалпы қимыл белсенділігінің төмендеуі.
Біріншіден,оқушылар оқу әрекетімен шамадан тыс шұғылданады. Екіншіден, кейбір мектептерде валеология, дене шынықтыру сабақтары тиісті дәрежеде өткізілмейді. Үшіншіден, баланың өз бетімен дене жаттығуларын жасауға мектепте жағдай жасалынбаған. Келесі атап көрсетерлік көрсеткіш – мектеп оқушыларының психикалық саулығы. Бүгінгі таңда нерв-психикалықауытқушылық орта есеппен 15-20 пайызы оқушыларда кездеседі. Бұл ауытқушылықтар, әсіресе, 1-сынып оқушыларында мектепке үйрену кезінде, 5-сыныптан орта буынға ауысу барысында және жоғарғы сыныпоқушыларында оқу жүктемесінің көлемінің артуына байланысты пайда болады.
Мектеп жағдайында оқушылар мен мұғалімдер арасындағы дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас оқушылардың денсаулығына позитивтік ықпал етеді. Сонымен қатар,оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерінің тұрақтылығы мұғалімдердің оларға бағытталған қарым-қатынас тәсілдеріне тәуелді. әр мұғалімнің педагогикалық қателігі жүйке жүйесіәлсіз, нервтік – психикалық және жүрек ауруларынан зардап шегетін, сондай-ақ кейбір қызу темпераментті ұл балаларға негативтік әсер етуі мүмкін. Сондықтан да күнделікті мектеп өміріндегі мектеп басшылары мен мұғалімдер және оқушылар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынас тәсілдері мектеп субьектілері денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Мектеп субьектілерінің денсаулық проблемасын шешуде кешенді қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Ол мектеп жағдайында дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.
Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру үшін 1999 жылдан бастап валеология сабағы өтіледі. Ол жылдары қолда еш оқулық, әдістемелік құралдар болмады. Сонда да валеология сабағын өткізуде оқытудың белсенді әдістерін: сюжетті ойындар, жұптасқан, топтық жұмыстар, ойды дамыту, шығармашылық жұмыстар, реферат жазу, пікірталас технологиясын кеңінен пайдаланды. Сонымен бірге оқушылар валеологияданалған білімдерін сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларда дамытып отырды.
Бүгінгі кезде салауаттану әр түрлі бағытта дамуда. Мектептерде валеология немесе салауаттану сабағы әр түрлі оқытылуда. Оған басты себеп арнайы білімді валеолиг мамандардың жетіспеуі, әдістемелік оқу-құралдардың аздығынан деп ойлайды.қазақ тілінде оқытылатын мектептерде оқу-әдістемелік көмекші құралдар әлі де жеткіліксіз.қазіргі кезде салауаттану пәні жеке пән болып енгізілуі – бұл қажеттілік. Дегенмен, қалай оқытылып жатыр, кімдер оқытып жатыр, материалдық базалары қандай деген сұрақтар маңында әлі шешілмеген мәселелер көп. Бұл пән бойынша білім стандарты жасалынуы қолға алынып, бағдарлама қайта қаралып, ол бекітілді. Оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету шаралары да қолға алынды. Биылғы оқу жылынвалеология пәнінен жаңа өзгертілген, толықтырылған бағдарламамен оқитындығымыз, ондағы игі өзгерістеркөңіл қуантады.
Салауаттану пәні мектепте кіргелі көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, істелінген жұмыс біршама. Биылғы жылы арнайы білімді валеолог-мұғалімдердің алғашқылары республика жоғары оқу орындарынан бітіріп шықты, жылдан – жылға сандары да көбейе береді. Ескеретін бір жағдай салауаттану пәні – басқа биология,география, тарих сияқты мазмұны жағынан күрделі пән екендігін көпшілігіміздің әлі түсіне алмай келетіндігімізде.
Салауаттану сабағы жеңіл сабақ, оған арнайы білімнің қажеттігі жоқ, оқушыларды ойнатса, жаттығу жасатса, жуынса, су құйса, дұрыс жүрсе болды, денің сау болады деп айта салу – пәннің мазмұнын ашпайды. Тіпті, салауаттанудың беделін төмендетіп алған жоқпыз ба деген ой келеді. Олай дейтініміз, кез келген мұғалімнің валеология сабағын беруі, тақырыптардың әр сыныпта қайталануы, оқу құралдарының аздығы, әр мұғалімнің сабақты әр түрлі өткізуі көпшілік қауымда осындай ой туғызады. Мұғалімдер арнайы оқу құралы болмағандықтан материалдардыәр жерден жинақтайды, көбнесе оқушыларға рефераттаржаздыруға әдеттендірді.бұл бір жағынан жақсы, оқушы ізденеді. Дегенмен, ол материалды оқушы Интернеттен, медициналық әдебиеттерден тағы басқа жинақтардан алатындықтан тақырыпты түсіну, меңгеру қиындайды. Міне, осы жағдайлардың бәрі жаңа ғана білім саласына еніп жатқан мазмұны күрделі, өмірге қажетті пәнді оқытуда келеңсіз жағдайларға, оқушылардың пәнге қызығушылығын төмендетуге әкеледі деп ойлаймыз.оның бірінші себебі, бұл пәннің бағдарламасының өзінің ерекшелігін, тақырыптардың қайталануының себебін түсінбеуден. Бұл заңдылық бала саны өскен сайын берілетін материалда біртіндеп күрделенуі қажет. Егер материал үнемі қайталанса, онда пәнге деген оқушы ынтасы төмендейді, пән өз мақсатына жетпейді.
Екінші себебі, валеология пәнін арнаулы білімді валеолог маман, тіпті болмаса биолог, психолог мамандар оқыту қажет, олар дене тәрбиесі мұғалімімен, ата-аналармен, сынып жетекшілермен жалпы мектеп ұжымымен бірлескен үлкен жұмыс атқарғанда ғана бұл пәнді оқыту үлкен нәтижеге жетеді.
Үшінші себебі, төменгі 1-4 сыныптарда салауаттану пәнінің оқытылуына аса назар аударылып, дұрыс жолға қойылса, материалдық база жасалса, мектепке келген оқушы жазу-сызуды, оқуды қалай үйренгендігі сияқты, бұл пәнді де оқи отырып, өз ағзасын танып біліп, дұрыс отыру, жүру, тамақтану, күн тәртібі, киіну, жуыну тәртібі, шынығу ережелерін – автоматты түрде біреудің айтуымен ғана емес, өз түсінігімен қажеттілікке айналдыруы қажет. Бұл үшін валеология сабағын әліппе, жазу сабағы сияқты, аса мән беріп, бағдарламада көрсетілген білімдер мен біліктерді, дағдыларды дұрыс қалыптастыру керек. Ал, мұны арнайы білімді валеолог маман ғана іске асыра алады. Бастауыш сыныпта балада салауаттанудың негізгі бағыттары дұрыс қалыптастырылса, оқушы 1-сынаптан бастап өзінің «Денсаулық» төл құжатын күнделікті бақылау күнделігі сияқты одан да ыждағаттылықпен іске асырса бала өз денсаулығына үлкен ән беруге үйренеді. Шынықтыру ережелерімен танысып, оны жүйелі жасайтын болады, оған оның ағзасы жаттығады. Балаға валеолог маман, ата-ана, өзге мұғалімдер көмегі қажет. Сонда ғана біз бала тәрбиесінде жетістікке жетеміз
Төртінші себебі, ата-аналардың бұл пәнге аса көңіл аудармайтындығы оның маңызын түсінбейтіндігінен. Бастауыш сынып оқушыларының ата – анасы жоғары сыныптарға қарағанда мектеп өміріне көбірек арласады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бала тәрбиесіндегі соның ішіндегі валеология пәнінің негізгі бағыттары бойынша үйде балаға үлкен көмек көрсетіп, денсаулықты сақтау мен шынықтыруға бағытталған дағдыларды дұрыс қалыптастырған жөн. Бұл дағдылар дұрыс қалыптасса, ол әдетке айналады.
Қазіргі толықтырылған, өзгертулер енгізілген бағдарламада көптеген өзгерістер бар, тек бұны дұрыс оқыту үшін валеолог маман әдістемелік жағынан көбірек ойлануы қажет. Валеология пәнінің мазмұны өте терең.
Бұл пәнді оқытуда:
оқушылардың жас ерекшелігі ескеріледі,
анатомиялық білім мен білік беріледі,
физиологиялық мазмұнына да тоқталады,
медицина жағы да аурудың белгілері, олардың алдын алу оқытылады,
әр түрлі ауытқулар оның себептері одан қарай арылуға болатындығы беріледі.
Шынықтыру ережелері кеңінен сөз болады,
Табиғат қорғау, қоршаған орта, экологиялық мәселелер қамтылады,
Сақтық шаралары оқытылады, зиянды әдеттер, оларға әуес болмау жолдары қамтылады.
Сондықтан да бастауыш сынып мұғаліміне бұл бағыттардың барлығын теориялық жағынан толық түсініп, оны оқушыларға жеткізе білу қиындық туғызары сөзсіз. Осы ретте мұны іске асыратын валеолог маманның болғаны дұрыс. Ол валеология сабағын беріп қана қоймай мектепте мынандай жұмысты іске асыруы қажет:
Оқушылардың денсаулық деңгейін анықтап, оларға кеңес беру;
Оқушылардың денсаулығын сақтауға негізделген кеңестер беру,
Жалпы мектепте салауаттану бағытындағы жұмыстарды ата-аналар мен мұғалімдер бірге ұйымдастыру,
әр адамның денсаулығы өз қолында екендігін түсіндіріп, оны іске асырға көмекші болу.
Бұл сабақтың бір ерекшелігі теориялық материал бірден практикалық жұмыстармен не нақты мысалдармен бекітілгендігінде. өйткені, барлық материал баланың өз ағзасын танып білу мақсатына жүргізіледі. Көпшілігі көріп істелініп жүрген істер.
“Бақытты болу жағдайы, біздің дегенімізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімдігі арқылы салтанатты рух пайда болады.Ақыл-ойдағы айқындық өте-мөте күш-қайратқа негізделеді” (П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінің жоғары нәтижелі болуы - өзін-өзі жақсы сезінуі және дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу әрі тартымды және онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалар мен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады. Бұл тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайында нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша маңыз береміз.
“Өмір салты” – адамның денелік, интелектуальдық және еңбек әрекетін, тұрмыстық өзара қарым-қатынасын, дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, “өмір салты” – деннің саулығына нәтижелі ықпал ететін “ салауатты өмір сүру” ұғымын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |