24
LEICA Geo Office бағдарламасының стандартты функцияларының қосымша
опциялары:
- GPS/ГЛОНАСС
өлшеулерін өңдеу. Бұл өңдеу GPS/ГЛОНАСС
ақпараттарын толық өңдеуге мүмкіндік береді. Негізгі қосымшалардың
бірі-геодезиялық тірек тораптарындағы базалық сызықтарды классикалық
өңдеу. Радиомодем ұстамаған жерлердегі траектория бойынша
анықталатын нүктелерді анықтайды. Сонымен қатар GPS1200 жұмыс
жасау барысында LEICA Geo Office
бағдарламасының барлық
жұмыстарын
бақылауға
болады.
Барлық
жұмыс
деңгейін
автоматтандырылған деңгейге көшіру үшін әдеттегі функцияларды
қолдануға болады.
- Координаталарды
көшіру. LEICA Geo Office бағдарламасында
координата жүйелерін бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыру мүмкіндігі
бар және геоидтардың
проекциялары мен модельдері, сонымен қатар
сіздің жобаңызды жақсарту үшін алты түрлі түрлендіру әдісі
трансформацияланған функцияны таңдауға мүмкіндік береді. LEICA Geo
Office бағдарламасының арнайы мүмкіндігі WGS84 немесе ПЗ-90-нан
басқа локалды жүйеге ауысуға мүмкіндік береді.
- Ақпараттарды RINEX форматында импорттау. Бұл модуль GNSS
қабылдағыш арқылы алынған ақпараттарды импорттайды.
- Желілерді теңестіру.
Бұл модуль GPS- қабылдағыш, тахеометр, цифрлы
нивелирлердің көмегімен жасалған мәліметтерді біріктіруге немесе
керісінше анықталған координатадағы бақылаушы нүктемен
тексеру
үшін оларды кішкене бөліктерге бөледі.
- Ақпараттарды GIS/CAD форматында экспорттау. Бұл модуль нүктелерді
LEICA Geo Office бағдарламасынан бөліп, кез келген ГАЖ
технологиясын импорттауға мүмкіндік беретін AutoCAD DWG,
MicroStation DGN, MapInfo MIF немесе DXF форматына көшіреді.
Бұл бағдарламада атқарылатын
жұмыстарға-жаңа жоба құру, мәліметтерді
импорттау және экспорттау, координаталар енгізу, калибровка жасау, өңделген
мәліметтерді сақтауды жатқызуға болады.
Ең бірінші жұмыс-жаңа жоба құрамыз және аспап жадындағы өңделмеген
мәліметтерді енгіземіз(3, 4, 5-сурет).