Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы


Технология сабақтарында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың мазмұны



бет4/8
Дата19.05.2022
өлшемі79.84 Kb.
#457404
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Бейнелеу өнері және технологиялы сабақтарында инновациялық білім беру технологияларын қолдану мүмкіндіктері

1.3 Технология сабақтарында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың мазмұны
Технология сабақтарында жоғары сыныпта инновациялық технологияларды қолдану маңызыдылығы Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Технология» оқу бағдарламасында көрсетілген.
Оқушыларды техника мен технологияның даму бағыты, жаңа материалдар, еңбек және тұрмыс мәдениеті, өндірістік процестердің аутоматтандырылуы, компьютерлендірілуі мен экологияландыруымен қоса қазіргі өндірістің технологиялық процестерімен таныстыруға бағытталған «Технология» білім беру аймағы жалпы білім берудің міндетті компоненттері болып табылады.
«Технология» оқу пәні жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылады және «Өнер және технология» білім беру саласына енеді. «Технология» оқу пәнінің нысаны оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Технологияны оқыту тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.
«Технология» оқу пәнінің жалпы мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, өндіріс пен қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білу, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білуге тәрбиелеу болып табылады [31,21].
«Технология» пәніне жалпы кіріктірілген нысандары ретінде келесілер қарастырылады: материалдар, құралдар мен жабдықтар, техника мен
технология, технологиялық процесс, жоба.
Оқу пәнінің міндеттері:
• оқушы тұлғасының, әлеуметтік және кәсіби қалыптасу проблемаларын түсіну негізінде өзіндік саналылығы мен өмірлік тәжірибесінің бірлігі арқылы қабілеттерін дамыту;
• оқыту процесін ұйымдастыруға денсаулық сақтау көзқарастарын
қамтамасыз ету;
• технологиялық жүйелік ойлау қабілетін қалыптастыру,- жобалық қызметті ұйымдастыру, графикалық мәдениетін қалыптастыру, технологиялық және техникалық қызмет аймағында сұранысқа сәйкес қолданбалы міндеттерін шеше білуін қалыптастыру;
«Технология» оқу пәнінің мазмүнын реттейтін дидактикалық ұстанымдар білім алушылардың жас ерекшелігіне, сондай-ақ іс-әрекеттік, денсаулық сақтау, түлзалыц-баздарлы және құзыреттілік принциптеріне негізделген. Нәтижеге бағдарланған қүзыреттілік түрғыдан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандартында көрсетілген құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Оқу пәнінің мазмүны біртұтастық үстанымына сай қүрыла отырып, концентрлік түрғыда дамиды. Оқу пәнінің қүрылымы «жекеден жалпыға», «жақыннан алысқа» үстанымдарына бағынады, оқу пәні арқылы білім алушылардың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген дүниенің қарапайым бейнесінен ғылыми дүниетанымдық бейнесіне өту арқылы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі қызмет аймағында технологияға бағыттау біліктілігін қалыптастыру; еңбек нарығында тиімді өзіндік қызмет етуге және кәсіби білім беру жүйесінде білімін жалғастыруға дайындау.
Өз мазмұнында «Технология» білім беру аймағы оқушылардың жалпы білім беру даярлығының политехникалық және қолданбалы құрылымдарын ашады, мемлекет, қоғам мен тұлғаның қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерінің үйлесімдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде қарастырылған.Жоғарыда көрсетілген мақсат-міндеттерін орындау инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асады.
Оқудағы интербелсенді қызмет диалогтік қарым-қатынасты ұйымдастыру мен дамытуды көздейді, ол өзара түсіністікке, әрекеттестікке, ортақ әрі әрбір қатысушы үшін маңызды тапсырмаларды бірігіп шешуге әкеледі. Интербелсенді оқытуда бір баяндаушының, сондай-ақ бір пікірдің басқалардан басым болуына жол берілмейді. Диалогтік оқыту барысында оқушылар сыни ойлануды, жағдайлар мен оларға сәйкес ақпаратты талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, баламалы пікірлерді таразылауды, ойластырылған шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен араласуды үйренеді. Ол үшін сабақта жеке, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу жобалары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізіледі, шығармашылық жұмыстар қолданылады.
Интербелсенді сабақтарда оқытушының рөлі қатысушылардың іс- әрекеттерін сабақтың мақсаттарына жетуді бағыттауға асады. Интербелсенді әдістердің басты айқын сипаты оқу үрдісіндегі оқушылардың жігерлілігі, оны серіктес-көмекші рөлінде оқытушы ынталандырады.
Заманауи педагогика интербелсенді әдістердің мол арсеналына бай, олардың арасында мыналарды атап көрсетуге болады:
- шығармашылық тапсырмалар, шағын топтармен жұмыс;
- жаттықтыратын ойындар (рөлдік ойындар, еліктеушілік, іскерлік ойындар);
- қоғамдық ресурстарды пайдалану (мамандарды шақыру, саяхаттар);
- әлеуметтік жобалар;
- интербелсенді дәріс, көрнекті оқулықтармен, видео- және аудиоматериалдармен, «оқушы мұғалім рөлінде», «әркім әркімді үйретеді», мозаика (ирек ара), сұрақтар қолдану, Сократтық диалог);
- күрделі және пікірталасты сұрақтар мен мәселелерді талдау («Орнынды ал (пікірлер шкаласы)», ПТМН (ПОПС) формула, Жобалау техникалары, «Жалғыз - екеуміз - барлығымыз бірге», «Ұстанымыңды ауыстыр», «Әткеншек», «Телевизиялық ток-шоу стиліндегі пікірталас», жарыссөздер, симпозиум, дөңгелек стол);
- мәселелерді шешу, сазе-зіиёу - белгілі бір жағдайларды талдау («Шешімдер ағашы», «Мидың шабуылы», «Ойталқы», «Шырмаулар талдауы», «Келіссөздер мен медиация», «Сатылар мен жыландар»).
Оқыту үрдісінде интербелсенді білім беру тәсілі келесі мәселелерді шешуге тырысады:
- Білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- Жұмыс материалын оптималды меңгеру;
- Неғұрлым оқушыларға мәселелерді шешу нұсқалары мен жолдарын іздеумен бірге зияткерлік дербестіктің дамуы;
- бөгде пікір көзқарастарына шыдамдылық көрсету мен командада жұмыс жасап үйрену;
- әр оқушының өз пікірінің құқығын және қадір-қасиетін қадірлеуді үйрету;
- білім алушылардың өзара қарым-қатынастарын бекіту;
- оқушылардың пікірлерін, қарым-қатынастарын, кәсіби және өмірлік дағдыларын қалыптастыру.
Интербелсенді сабақта келесідей жұмыс ұстанымдары болады:
- Сабақ - дәріс емес, ортақ жұмыс;
- оқытушының тәжірибесі тобының жиынтық тәжірибесінен артық;
- барлық қатысушылар жастан, әлеуметтік статус, тәжірибе, жұмыс орныннан тәуелсіз тең;
- әрбір қатысушы кез-келген сұрақтар бойынша өз пікірлерін айтуға құқылы;
- тұлғаның сынына түзу орын жоқ;
- Сабақ барысында айтылғанның барлығы - әрекетке басшылық емес, ойлауға арналған ақпарат болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет