Дипломдық ЖҰмыс тақырып «Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы» «Қаржы және Есеп»



жүктеу 1.2 Mb.
бет6/7
Дата17.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Активтердің құрамы мен құрылымын талдау

(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)

кесте-2.2.2

мың тг.


Көрсеткіштер

Жыл басы

Жыл аяғы

Құрылымының өзгеруі

сомасы,

мың тг.


үлес

салмағы %



сомасы,

мың тг.


үлес

салмағы %



мың тг.

(3гр-1гр)









1

2

3

4

5

6

Активтердің құны

30623789

100

16135513

100

-14813737

-

Ұзақ мерзімді активтер

-

-

325461

2,0

325461

2,0

Қысқа мерзімді активтер

30623789

-

15810052

98

-14813737

98

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 14813737 мың теңгеге төмендегенін көруге болады. Бұл кәсіпорынның дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының төмен нәтижесін сипаттайды. Алайда, активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы түрлі көзқарастар кездеседі. Бұл серіктестіктің қысқа мерзімді активтері жыл басында барлық активтердің 100 пайызына ие болып жыл соңында 98 пайызға, қалған 2,0 пайызды ұзақ мерзімді активтер ие болды.



Айналым құралдарының айналымдылығын талдау

(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)

кесте-2.2.3.

мың тг.


Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

Жылдық өзгеріс

1. Өнімді өткізуден түскен түсім

95769565

92090967

-3678598

2. Айналым құралдардың орташа шамасы

22200897,3

23216920,5

1016023,2

3. Айналым құралдардың айналымдылығы (1/2)

4,3

3,9

-0,4

4. Бір айналым ұзақтығы (2/1)

0,23

0,25

0,02

5. Бір күндік айналым (ӨӨТТ/360)

266026,5

255808,2

-10218,3

Өнімді өткізуден түскен түсім есебінен алынған бастапқы факторы өткен жылмен салыстырғанда 3678598 мың теңгеге төмендеді. Есеп айырысудан көріп отырғандай өнімді өткізуден түскен түсімнің өсуі айналым құралдарының айналым уақытында орташа әсер еткен.

Екінші фактор айналым құрылымының орташа шамасы есебінен алынған 1016023,2 мың теңгеге жоғарлады, бірақ бір күндік айналым өткен жылмен салыстырғанда 10218,3 мың теңгеге айналымы баяулады.

Айналым құралдарының орташа жылдық шамасының кемуі оның айналымдылығына жағымсыз әсерін тигізеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығы 0,4 мың теңгеге төмендеді.



Қорлар айналымдылығының коэффициентін есептеу

(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)

кесте-2.2.4.

мың тг.


Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

Жылдық айырмасы

ӨӨТТ

95769565

92090967

-3678598

Қорлардың орташа шамасы

2958,6

3390,5

431,9

Өнімнің өзіндік құны

89361087

83739720

-5621367

Қтмқ (ретпен)

32369,8

27161,4

-5208,4

Қорлар айналымдылығын талдау бойынша өнімді өткізуден түскен түсім (ӨӨТТ) өткен жылмен салыстырғанда 3678598 мың теңгеге төмендеді. Ал өнімнің өзіндік құны -5621367 мың теңгеге төмендеді. Қорлардың айналымдылық коэффициенті 5208,4 орынға төмендеді.


Дебиторлық борыштың айналымдылығын талдау

(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)

кесте-2.2.5.

мың тг.


Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқуы

ӨӨТТ

95769565

92090967

-3678598

Дебиторлық борыш. орт шамасы

884000

10021543

9137543

Дебит.қ борыш. айналым коэф.

108,3

9,2

-99,1

Деб. борыш. өтеу мерзімі (360/3)

3,3

39,1

35,8

Кестеден көріп отырғандай талданатын кәсіпорында дебиторлық борыш

-3678598 мың теңгеге төмендеді. Бұл серіктестік қызметіне жағымсыз кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы уақытта қаржы менеджері қарызды уақтылы өтеуге бар күшін салуын көреміз.

Таза айналым капиталын талдау

(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)

кесте-2.2.6.

мың тг.


Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқуы

Қысқа мерзімді активтер

30623789

15810052

-14813737

Қысқа мерзімді

міндеттемелер



30563725

13730297

-16833428

Таза айналым капитал

60064

2079755

2019691

Талдау бойынша кәсіпорын басшысы өз бизнесін қаржыландыруға өткен жылы 30623789 мың теңгеге, ал есепті жылы 15810052 мың теңгеге бөлгенін көреміз. Бұдан кәсіпорынның таза айналым капиталының 2019691 мың теңгеге жоғарлағанын көреміз.



Салынған капиталдың құрамы мен құрылымын талдау

(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)

кесте-2.2.7.

мың тг.


Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқуы

сомасы

%

сомасы

%

сомасы

%

Салынған капитал

30623789

100

16135513

100

-14488276

-

Меншікті капитал

60064

0,2

2405216

14,9

2345152

14,7

Сырттан тартылған

капитал


30563725

99,8

13730297

85,1

-16833428

-14,7

Кестеде көрсеткендей кәсіпорынның меншікті капитал үлесі жыл басында 0,2 пайыз, 60064 мың теңгеге, жыл аяғында 14,9 пайыз, 2405216 мың теңгеге ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға жоғарлады. Сырттан тартылған капитал жыл басында 99,8 пайызды жыл аяғында 85,1 пайызға ие болып, 14,7 пайызға төмендеді. Осымен серіктестіктің қаржыландырудың жолдарына келетін болсақ, бұл серіктестік меншікті капиталды ұлғайту жолын қарастырған екен.



3.2 Қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдауда активтердің үлесі

Талдау жүргізудің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициент, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана – бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентің меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Тәуелсіздік коэффициент = меншікті капитал/ авансталған капитал;

Тәуелсіздік коэффициент = 2405216/16135513=0,14

Бұл коэффициент өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер катаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентің 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншікті капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі жән меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғаны көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті

(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)

кесте-3.2.1.

мың тг.


Көрсеткіштері

Формуласы

Теориялық мәні

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқуы

1.Тәуелсіз.коэф. (автономды, меншікті)

Меншікті кап/

Салынған кап


0,5-0,6

0,3

0,5

0,2


2.Тәуелділік коэф.і

Тартылған кап/

Салынған кап



0,4-0,5

0,2

0,4

0,2

3.Қарыз қаражаты мен капиталдың қатынас.ң коэф

Қарыз қаражаты/

Меншікті кап




<1

5,8

5,7

-0,1


4.Қаржыландыру коэф.і

Менш.кап/

Тарт.кап


>1

0,001

0,17

0,169





кесте-3.2.1. жалғасы



5.Инвестициялық

коэф.і


Менш.кап/

Негізгі капитал



Қалыпты 0,9

Қауіпті –

0,75





7,3

7,3

6. Маневрлеу

коэф.і


ТАК/МК



1

0,8

-0,2

7. Қаржылық тұрақтылық коэф

МК+ҰММ/

Салынған капитал


~1

1

0,1

-0,9


8. Қалыптас-ң менш көзінің қорлар мен шығыс-ы қамтамасыз ету коэф.і

ТАК/АА




0,001

0,13

0,129

«Crocus Multimedia Services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын талдау кезінде 8-көрсеткіш бойынша талдау жүргізілді. Осы талданған көрсеткіштер ішінен тәуелсіздік коэффициенті өзінің теориялық мәндеріне ие болғанын көрсетті. Осы сияқты көрсеткіштер теориялық мәндерінен көп ауытқаны байқалған жоқ деуге болады. Тек қалыптастырылған меншікті капитал мен шығыстарын қамтамасыз ету коэффициенті теориялық мәндеріне сәйкес келмегені байқалды.
3.3. «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің баланс өтімділігін талдау
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттары пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

Жоғары өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша құжаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма – қол ақшаға тез айналады.



Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзартып кеткен борыштардың өтімділігі анғұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қауіпінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.

Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің I-ші бөлімінің "Қорлар" бабы және баланс активтерінің 2 бөліміндегі "Ұзақ мерзімді инвестициялар" бабы. Бірақ бұл кезде "Алдағы кезең шығындары" бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.

Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің 2-ші бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 2-ші бөлім жиынынан "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның "өтімділігін", яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынған бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы – материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.



Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

Тұрақты міндеттемелер – пассивтің 3-ші бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

А1>П1

А2>П2


А3>П3

А4>П4


Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік "Баланстау" сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама – қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділікпен аздық – көпті айырмашылық болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: "кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді.

Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет