Жұмыстың мақсаты:
Математика пәніндегі мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шығару функциясын көрсетудің бір мысалы ретінде сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйелерін қарастырамыз. Сызықтық теңдеулер жүйесіне қатысты сұрақтар бірнеше рет таза математикалық, яғни үйлесімсіз теңдеулер жүйелерін барынша жуықтап шешу, көпмүшеліетерді құру мен жиындар теориясы және т.б. мәселелермен қатар туындады.
Мазмұнды есептерді шығару кезіндегі екі және үш белгісізді сызықтық теңдеулерді оқыту теориясы алгебра мен басқа пәндердің байланыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, яғни физика есептеріндегі жолды, уақытты табу, химиядағы заттардың концентрациясын табуды аналитикалқ түрде сызықтық теңдеулер жүйесі арқылы өрнектеуге болады.
Жұмыстың міндеті:
Қазіргі уақытта білім беруде оқушының жалпы дамуына ерекше көңіл бөлінеді. «Тəрбие жұмысын бала үшін мүмкіндігінше қызықты етіп жасау бірақ түгелдей ойынға айналдырмау дидактиканың ең қиын жəне маңызды міндеттерінің бірі», - деп жазды К.Д. Ушинский. Өз жұмысымда осы бағытты жүзеге асыру үшін логикалық тапсырмалар, сандық ребустар, кроссвордтар, дидактикалық ойындар, шығармашылық жұмыстар қолданамын. Əрбір сабақ терең практикалық бағдарлы жəне басқа пəндермен байланысы нақты болуы керек. Күнделікті сабақта математика процесінде қалыптасқан ақыл-ой дағдыларының өмірде, түрлі кəсіптерде қажет дағдылармен байланысын ашып, нығайту қажет.
Мазмұнды есепті шығара білу ептілігі, ол оқушының математикалық жəне творчествалық ойлау қабілетін дамытады. Есеп ол əрқашанда ізденісті талап етеді, яғни оның кұрамы мен байланысын аша білу; есептің ситуациялық түрін өзгерту мақсаты мен жаңа əдістерін пайдалану; қажетті ақпараттарды бөле алу; сол есептің шартына байланысты жаңа есеп құра білу; осы мақсат пен шартқа сəйкес əдіс-тəсілді қолдану жəне есептің нəтижесін зерттеу.
Зерттеу әдістері:
Білім берудің практикалық бағытын жүзеге асырудағы жұмыстар өте байыпты жүргізілуі керек, себебі бұл оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытуға ықпал етеді. Оншақты əдісті талқылап, өзіңізге дұрысын таңдаңыз, ондаған оқулықтарды оқып, бірақ өзіңіз ойланыңыз, үнемі ізденіс пен шығармашылық үстінде болыңыз. Бұның барлығы оқушылардың қызығушылығын ояту, оларды ойлау əлемімен таныстыру үшін қажет. Оқу процесіне компьютерлік технологияны енгізу оның қолданбалы бағытын күшейтеді. Ал компьютермен
проблемалық оқыту оқушылардың ақпараттық мəдениетін дамытуға ықпал етеді.Жүйелі іс-әрекеттік тәсіл бойынша зерттеулер, таным теориясының негізгі философиялық қағидалары, білім мазмұнының теориясы, математиканы оқыту әдістемесінің қазіргі заманғы тұжырымдамалары, математиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің негізгі ережелері, оқу процесін ұйымдастырудағы тұлғаға бағытталған және дамыта оқыту теориясы; оқушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастыру теориясы; орта мектепте математиканы оқыту мәселелері бойынша математик ғалымпедагогтардың, әдіскерлердің жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |