Зерттеу объектісі мен пәні:
Зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін мектепте жаңартылған білім мазмұны бойынша геометрия курсын оқыту процесі. курсын оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Жалпы білім беретін мектепте математикаы оқытудың
мазмұны мен әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер жалпы білім беретін мектепте математика курсын оқытудың мазмұны мен әдістемесі сабақтастық және пәнаралық байланыстар негізінде жүйелі түрде жасалса, онда бұл математиканы oқыту прoцесiнде oқушылaрдың бiлiмдерін көтеруге мүмкіндік береді, өйткені жаңартылған білім беру мазмұнына сай математиканы оқыту процесінде белсенді оқыту әдістері, ұйымдастыру тәсілдері мен құралдары қолданылады, есептерді әртүрлі әдістермен шығаруға үйрету іске асырылады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
Жалпы орта білім беретін мектепте математиканы оқытудың құрылымы мен мазмұны, жаңартылған білім мазмұнына сай математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі, мектеп оқушыларының математикалық білім сапасын арттыруға бағытталған белсенді оқыту әдістері, құралдары мен тәсілдері, математикалық есептерді шығаруға үйрету әдістемесі жасалуынан тұрады. Сонымен қатар, математиканы оқытуды ұйымдастыру және оқушылардың білімін бақылау процестерін жетілдіру және жобалау қызметін технологияландырудың идеялары дамыды, жобалау тетіктері әзірленді, математика курсын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Дипломдық жұмыста тұжырымдалған теориялық қағидалар және жаңартылған білім мазмұны бойынша математика курсын оқытуды ұйымдастыру тәсілдері, компьютерлік программаларды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды, геометриялық есептерді әртүрлі әдістермен шығаруға үйрету әдістемесін мұғалімдер сабақтарда оқушылардың білім, білік және дағдыларының сапасын арттыруда тиімді пайдалана алады.
Зерттеу нәтижелерін жалпы орта білім беретін мектептерде математиканы оқыту мазмұны мен әдістерін жетілдіруде, сонымен қатар оқушылар математиканы оқып-білуде қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |