Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»


Белгілі бір уақыт интервалында болмайтын жұмыс мүмкінділігі бұзылуға орташа өңдемені және аппаратура ақаулы жұмысының қажетті уақытын ескереді



бет5/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#131179
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

Белгілі бір уақыт интервалында болмайтын жұмыс мүмкінділігі бұзылуға орташа өңдемені және аппаратура ақаулы жұмысының қажетті уақытын ескереді.

Р0 =0,981 (28)

мұндағы Р0 – ақаусыз жұмыс мүмкінділігі;

Tр – енгізілетін жабдық ақаулы функцияландыратын жұмыс уақытының интервалы;

Тср – берілген типті аппаратура үшін бұзылуға орташа өңдемесі.





Қорытынды: Мешіт ғимараты үшін автоматты өрт дабылдағышы жүйесінің сенімділігін есептеу нәтижесінде ақаусыз жұмыс мүмкінділігі 0,981 құрады, ол шамамен 98% құрайды.

Сенімділікті жоғарылату үшін ұсынылады:



  1. Электромагнитті реленің, кинематикалық түйіндердің, механикалық контакттарының ауысуының минималды мөлшерімен жоғары сенімділікті контактсыз элементтерді конструкциялау кезінде қолдану;

  2. Қабылдау аппаратурасының сыйымдылық резерві, ҚНжЕ 2.02.15-2003 п.4.20 сәйкес, 10 % кем емес қабылдау;

  3. Сақтандыру шараларын өткізу кезінде техникалық қызмет көрсетудің жұмыстары бойынша ұсынылған регламентіне қатаң сүйену.


Тарау 5. Автоматты өрт сөндіру қондырғысын жобалау

5.1. От сөндіргіш затты және сөндіру әдістерін таңдау
ҚР ҚН 2.02.11-2002 сәйкес автоматты өрт сөндіру қондырғыларының қорғалуына сиынушылар жиналатын күмбез асты кеңістік, сол сияқты тарихи құндылықтар сақталуы жүзеге асырылатын иман бөлмесі жатады.

Өрт қауіптілігі анализі, көлемді-жоспарлы және конструктивты шешімдердің, жанғыш ауыртпалығының шамасы, өрт дамуының мүмкін сипаты мен себебі, Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативты құжаттардың талаптары негізінде от сөндіргіш ретінде су қабылданған.

36.00 және 38.00 белгілерінің арасындағы күмбез астында орналасқан құрылыс конструкциялары мен күмбез астындағы кеңістікті, қойманы және кітапхана болмелерін қорғау үшін, барлық қорғалатын беттік бойынша жұқа аршып шаршыған су берумен жалпы беттік сөндіру әдісі қабылданған. Бұл мақсат үшін жұқа шашылған сумен өрт сөндіру қондырғысын қарастырамыз. Қойма бөлмесін қорғау үшін беттік бойынша сумен сөндіру әдісі қарастырылған. Бұл мақсатта жұқа шашылған сумен өрт сөндіру жүйесі қабылданған.

Жұқа шашылған сумен өрт сөндіру модулді типті қоректендіреміз, оны бірінші қабатта орналастырамыз. Әрбір секцияға жеке басқарутүйіні қарастырылады.

Бас мешіт ғимаратының қойма, және кітапхана бөлмелерін автоматты өрт сөндіру жүйесің модулі толығымен автономды: өртке қарсы су қорының сақталуы көлемі 80 литірлі арнайы балондар қарастырылады, ол қойма бөлмесінде орналастырылған.

Күзет бөлмесінен автоматты өрт сөндіру жүйесінің техникалық күйін автоматты бақылау қарастырылған.

5.2. Жұқа шашылған сумен сөндіру жүйесінің жобалауы бойынша шешімдер
Жұқа шашылған сумен өрт сөндіру қондырғылары. Жұқа шашылған сумен өрт сөндіру қондырғылары сыртқы және беті бойынша жергілікті МЕМСТ 27331 бойынша А, В класты өрт көздерін және берілген АУП-ТРВ түріне ТД-да көрсетілгеннен жоғары емес кернеулікті электр қондырғыларын сөндіру үшін қолданылады. Қондырғылардың орындалуы талаптарға сай болуы керек. СЖШ қондырғыларын жобалау қорғалатын үй-жайлардың архитектуралық-жоспарлау шешімдерін және тозаңдатқыштар немесе модульді СЖШ қондырғылары техникалық құжаттамасында көрсетілген СЖШ қондырғылары техникалық құралдарының техникалық параметрлерін ескере отырып жүзеге асырылуы керек. АУП-ТРВ агрегатты және модульді болып бөлінеді. Агрегатты және модульді СЖШ қондырғыларын тиісті от сынақтарынан өткен жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Сонымен бірге мұндай қондырғыларды жобалау нақты қорғалатын объекті немесе біртекті объектілер тобына қарай жасалатын техникалық шарттар бойынша жүзеге асуы керек. От сынақтары әдістемесі мен техникалық шарттарды тиісті өкілеттігі бар ұйым дайындауы керек.

АУП-ТРВ-да жүктеуіш типті, үрлеуіш (газ-пропеллентті баллонмен жабдықталған) немесе газ түрлендіргіш зарядты модульдік қондырғылар қолданылуы мүмкін. Газ түрлендіргіш элементтің құрылымы оның қандай-да бір үзінділерінің от сөндіргіш затқа түсуге мүмкіндік бермеуі керек.

СЖШ модульді қондырғыларымен мәдени құндылықтарды қорғау кезінде газ түрлендіргіш элементтерді от сөндіргіш заттарды ығыстырғыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Тозаңдатқыштарды қорғалатын жабдықтарға қарай орналастыру, олардың ОТВ берудің гидравликалық және гидродинамикалық параметрлері тозаңдатқыштар немесе модульді СЖШ қондырғылары техникалық құжаттамасының талаптарына сай болуы керек. Әрбір тозаңдатқыш сүзгі ұяшығы тозаңдатқыш шығар тесігі диаметрінен 5 есе кем емес кіші болатын сүзгіш элементпен жабдықталуы керек. Тозаңдатқыш құратын су шымылдығына қатысты, тозаңдатқыштар немесе модульді СЖШ өрт сөндіру қондырғылары техникалық құжаттамасында көрсетілуі қажет меншікті шығын мәндерінен басқа талаптар ескерілу керек.

Модульді АУП-те газ ығыстырғыш ретінде ауа, көмір қышқылы мен инертті газдар (газ түрінде және сұйытылған агрегатты түрде) қолданылуы мүмкін. Өндірістік сынақтардан өткен және өрт техникасында қолдануға ұсынылған газ түрлендіргіш элементтер пайдалануға рұқсат етіледі. Газ түрлендіргіш элементтің құрылымы оның қандай-да бір үзінділерінің от сөндіргіш затқа және қоршаған кеңістікке түсуге мүмкіндік бермеуі керек

Су толтырылған қондырғылардың құбырлары мырышпен қапталған немесе тот баспайтын болаттан жасалуы қажет.

МЕМСТ бойынша мырышпен қапталмаған болаттан жасалған құбырлар пайдалануға рұқсат етіледі: - егер тозаңдатқыш шығар тесігі диаметрі 8 мм немесе артық болса; - егер таратушы құбырдың әрбір тармағы кіре берісінде таратушы жүйеде қолданылатын тозаңдатқыштардың ішкі диаметрінен 5 еседен кем емес кіші болатын сүзгі ұяшығы бар сүзгіш элемент орнатылса. ТРВ агрегатты қондырғыларының гидравликалық есебі келесі тарауда келтірілген әдістеме бойынша жүзеге асады.

Модульдегі бастапқы қысым мен мәжбүрлеуші тозаңдатқыштағы қысым, ОТВ берілу ұзақтығы, таратушы желілердің геометриялық параметрлері, СЖШ модульді қондырғыларын есептеу және жобалау әзірлеушінің және (немесе) модульді қондырғылар мен тозаңдатқыштар жасаушы кәсіпорынның нормативті-техникалық құжаттамасы бойынша қабылдануы және жүзеге асырылуы керек.



5.3. Жұқа шашылған сумен сөндіру жүйесінің негізгі сипаттамасы

Жоғарыда жұқа шашылған судың от сөндіру қабілетіне тамшылар өлшемі (судың шашырау дәрежесі) елеулі әсер ететіні көрсетілді. Бірақ жұқа шашылған сумен сөндірудің тиімділігі шашырау дәрежесімен ғана емес, берілу қарқындылығы, өрт көзін жою уақыты, ағынның өрт көзіне ену қабілетімен анықталады. Өрт көзіне ену қабілеті өз кезегінде басқа тең жағдайларда (жалын тегеуріні, булану дәрежесі, және т.б.) тамшылар өлшемі, ағын тегеуріні, тамшылардың қозғалу жылдамдығына байланысты. Тозаңдатылған ағынның қажетті параметрлеріне жету негізінен с уландырғыш алдындағы 1,2 Мпа дейінгі қысыммен бірге конструктивті орындалуы және әрекет ету принципі (екпінді әрекет, ортадан тепкіш және т.б.) әр түрлі тозаңдатқыштарды қолданумен қамтамасыз етіледі. Тозаңдатқыш алдында біршама аз қысым болғанда (0,3-0,5 Мпа) шашыраудың жоғары дәрежесін алуға ұмтылу тозаңдатқыштардың жаңа түрлерінің шығуына әкелді.

Нақты объектілерді өрттен қорғау үшін тиімді қолдану мүмкіндігін бағалау үшін от сөндіру қабілетіне себепкер өрт сөндіру құралдарының сипаттамасын қарастырған жөн. Сонымен қатар, өрт сөндіру құралдарының пайдалану және эргономикалық көрсеткіштерін ескеру керек. Бұдан басқа тозаңдатылған ағынның белгілі бір шашырау мен қарқындылыққа ие болуын қамтамасыз ететін тозаңдатқыштар бойынша бөлек көрсетілген деректер де маңызды болып табылады.

Қазіргі кезде әр түрлі от сөндіруші затты «ВОЛНА-03», «ОСА», РУПТ, «HiPress01/010» жоғары жылдамдықпен беретін, жұқа шашылған сумен өрт сөндіру құралдары шығарылуда.

«ВОЛНА-03» және «ОСА» өрт сөндіру құрылғылары импульсті типті құрылғылар болып табылады. Оларда жоғары қысымды ауа заряды әсерімен судың тиянақталған мөлшерін (~1 л) дискретті беру принципі пайдаланылады. Берілу қашықтығы мұнда 7-10 м құрайды. Мұндай құрылғылардың кемшілігі қорғалатын объектілер мен операторға үлкен динамикалық ықпал ету, сонымен қатар, «атыстар» арасындағы үлкен аралыққа байланысты сөндіру тиімділігінің төмендігі болып табылады.

"AUER" фирмасының "HiPress 01/010" құрылғысы А және В класты модельді өрт көздерін сөндіру бойынша өрт сөндіру қабілетіне және өрт сөндіргіш затты 12 м құрайтын лақтыру қашықтығының үлкендігіне байланысты тиімдірек болып табылады.

Бұл құрылғылар үшін өрт сөндіргіш затты беру тәсілі шашыратылған ұсақ дисперсті ағын деп анықталған. Бірақ тамшылар өлшемі бойынша сан мәндері көрсетілмеген. Оған талап ететін өрт сөндіру құрылғыларының сапа көрсеткіштері тізімдемесінде дисперстік дәрежесінің болмауы себепкер болуы мүмкін. Бірақ дисперстік дәрежесі әр түрлі жанғыш заттар мен материалдарды шашыратылған сумен сөндірудің тиімділігін анықтайтын негізгі параметрлердің бірі болып табылатынын ескеру керек.

Жұқа шашылған судың ерекше қасиеттеріне байланысты оны қолданып өрт сөндіретін құрылғылардың негізгі мақсаты А және В класты өртті сөндіру ғана емес, кернеулі электр жабдықтарын сөндіру де болып табылады. Бұл талап МЕМСТ 12.1.038-82 «Электр қауіпсіздігі. Жанасу мен токтың кернеулігінің шекті ұйғарынды мәндері» талаптарынан шығады және барлық аспалы, тасымалы және қозғалмалы типті өрт сөндіру жүйелеріне ортақ болып табылады.

Спринклерлі жүйелер өртті суландырғыштар арқылы су шашырату жолымен оқшаулау мен сөндіруге арналған. Сөндіру принципі ірі тамшылы су массасы әрекеттесетін жану аймағын шұғыл суытуға негізделген. Су өрт сөндіру үшін ең тиімді табиғи материал болып табылады. Бұл қасиет судың табиғатына тән.

Су бөлшектері өрт көзіне түсіп, екі түрлену кезеңінен өтеді: 100 оС дейін қыздырылу және тұрақты 100 оС температурада булану. 1 л суды бөлме температурасынан қайнау шегіне дейін қыздыру үшін 335 кДж мөлшерінде қуат жұмсау қажет, ал оны ары қарай толық буландыру және бу түзу үшін шамамен 7 есе көп, яғни 2260 кДж қуат керек.

Дәстүрлі спринклерлі қондырғылардың елеулі кемшілігі бар; үлкен көлемді су сөндіру мақсатына тиімсіз пайдаланылып, материалдар, құндылықтар мен жабдықтарға залал келтіреді. Сумен өрт сөндірудің ең тиімді тәсілдерінің бірі ЖШС қолдану болып табылады. Жылу сіңіру қарқындылығын ұлғайту үшін су бөлшектерінің жылу шығару көзімен ұштасу бетінің аумағын арттыру керек, яғни булану бетін арттыру керек. Бұл суды неғұрлым ұсақ бөлшектерге бөлу есебінен жүзеге асырылады. Сонымен бірге судың қоршаған ортаға тигізетін залалы да анағұрлым азаяды. Сонымен бірге су әсері тиімділігін көтеру үшін тамшы диаметрін кішірейте отырып, олардың берілу жылдамдығын арттыру қажет. Бұл суыту және оқшаулау әсерін күшейтеді.

Әдеттегі төмен қысымды конвекциялық жүйелермен салыстырғанда жоғары қысымда суды шашыратуда суытудың реакциялық беті анағұрлым үлкейеді. Сөйтіп, FOGTEC жүйелері от қуатын шапшаң әрі тиімді сіңіреді. Айқын көрінетен жылу сіңіру әсері отты сөндіріп қана қоймай, адамдар мен материалды құндылықтарды жылу әсерінен қорғауға мүмкіндік береді. Жылу сіңіру ұсақ су тамшыларынан тұратын шымылдықпен жылу шығарудан қорғау әсерімен демейді.

FOGTEC жүйесінің басқалардан айырмашылығы су тұманының төмен электр өткізгіштігі болып табылады. Бұл оны кернеулі электрқондырғыларда өрт сөндірудің тиімді құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Тозаңдатқыштың сипаттамасы (шығыны, тұтас және жұқа шашылған ағынның алысқа атуы, тамшылардың айрықша өлшемі, сұйықтықтың орташа ағу жылдамдығы) таза сумен сынағанда да, көбіктендіргіш пен тұз қосылған суды қолнданғанда да өзгермегенін атап айту қажет.

От аймағына түскенде жұқа шашылған су қарқынды булана бастайды. 1 л су толық буланғанда шамамен 1600 л бу пайда болады. Бу түзілу үрдісі тікелей өрт көзінде жүреді және жану аймағының ішіне қарай, сондай-ақ сыртына қарай да дамиды. қорғаныш бу қабаты жану аймағын оқшаулайды да, оттегінің жанып кетуіне мүмкіндік беріп, жануды қолдайтын оттегі түсуіне кедергі етеді. Жану көзіндегі оттегі концентрациясы 16 – 18 % (қоршаған ортадағымен салыстырғанда 20,93%) дейін төмендегенде от өздігінен сөніп қалады.

Қолданылатын от сөндіргіш зат адамдар үшін қауіпсіз, ол тиісті санитарлы-гигиеналық қорытындылармен расталған.

Кабельді каналдағы шағын тұтануды өзі де орасан зор экономикалық шығындарға әкелуі мүмкін. кәсіпорындардың барлық энергиямен жабдықтау желілері мен деректер беру желілерінің көп бөлігі жүргізілсе де, жарамды жүйелердің болмауынан кабельді каналдар осы күнге дейін өрт сөндіру құрылғыларымен сирек жабдықталады. Көбіне жүйе (жалған) іске қосылғанда сөндіруден судың залал келтіруінен қауіптеніп, кабельді каналдарда автоматты өрт сөндіру жүйелерін орнатудан бас тартады. Бірақ FOGTEC жүйелерін пайдаланушы ұйымдар осы тәуекел факторынан құтылу үшін таңдайды, себебі бұл жүйелер судың аз мөлшерін пайдаланып, ұтымды қорғанысты қамтамасыз етеді. Кабельді каналда жану кезінде температура жылдам экстремалдық мәніне жетеді; FOGTEC жүйелері қатты суыту әсеріне байланысты өрт тигізген залалды елеулі азайтады. Екі жағында науасы бар кабельді каналдарды қорғау үшін науалар арасына, ортаға төбе астында суладырғышы бар бір құбырды орнату жеткілікті. төмен қысымды жүйелер үшін жасалатындай бірнеше деңгейде құбыр салудың қажеті болмайды. Жүйені құрастырғаннан кейін қосымша кабель желілерін науаларға қарапайым төсеу ғана жеткілікті. Газды өрт сөндіру жүйелерінен айырмашылығы FOGTEC жүйелері тесіктері бар немесе мәжбүрлі вентиляциясы бар кабельді каналдарда да пайдаланылуы мүмкін.

Есептеу орталықтары мен бөліп таратушы шкафтары бар үй-жайларда қысқа тұйықталу немесе жүйенің істен шығу мүмкіндігі себебінен өрт шығудың қаупі зор. Жеткіліксіз суыту немесе суыту жүйесіндегі ақаулықтар жылуды жеткіліксіз бұрып жіберуге әкеледі де, өрт шығу қаупін арттырады. Есептеу техникасы тұрған үй-жайлардың істен шығуы көп жанама залалға әкеледі. Есептеу орталықтарындағы өрт кезіндегі түтін әсерінен жанама шығындар көпшілік жағдайда оттың тікелей әсерінен шығынға қарағанда анағұрлым көп болады. Кабельді оқшаулауға қолданылатын полимерлі материалдардың жануы қашанда көп мөлшерде күйе бөлшектері мен тотықтырғыш газдардың бөлінуімен бірге жүреді.

Осы жану өнімдері электронды платалар мен деректер тасымалдаушыларына шөгіп, оларды жарамсыз етеді.

Форсунка өрт сөндіру жүйесі жеке бақылау-жіберу түйіндері бар екі секциядан тұрады.

Секцияның қоректендіргіш құбырөткізгіштері – сақиналы, әрбір қабаттағы колонналар бойынша салынған және өзара тіреулермен қосылған.

Форсунка шашыратқыштардың орналастырылуы жабындының шығатын конструкциялар биіктігімен ескеріліп жасалған ( п. 2.12, 2.13 ҚНжЕ 2.02.15-2003).

Таратқыш құбырөткізгіштер тұйықталған. Таратқыш құбырөткізгіштің бір тармағындағы спринклерлі шашыратқыштар саны – алтыдан артық емес (п. 2.34 ҚНжЕ 2.02.15-2003).

Секциядағы форсунккалардын жалпы саны – 2

Құбырөткізгіштер диаметрлері өртті сөндіргіш газ және су шығынмен есептің негізінде қабылданған.

Құбырлық қосылыстар монтаждың ыңғайлығы мақсатында дәнекерде және фитингте жасалады және типтік бекіту түйіндерімен құрылыс конструкцияларына бекітіледі.




    1. Форсунка секциялардың есептік параметрлері

Өрт сөндіру затының түрі (шашатын су немесе бүркейтін су, көбікті ерітінді) объектідегі өрттің қай класына жататынына байланысты таңдалады.

Өрт қаупі мен жалынның таралу жылдамдығын есепке ала отырып өрт сөндіру құрылғысының типі таңдап алынады: спринклерлі немесе дренчерлі, агрегатты немесе модульді немесе спринкелі-дренчерлі, спринкерлі мәжбүрлі іске қосушысымен. Берілген қосымшада, атап айтылмаса да, суарушы деп сулы немесе көбікті суарушы, сонымен қатар көбікті сепкіш алынған.

АУП-дың экспуатациялау температурасына байланысты өрт сөндірудің спринклерлі құрылғысы (су толтырылған немесе әуелік) орнатылады.

Олардың іске қосылуының номиналды температурасы спринклерлі суландырғыштардың орналасқан аймағындағы қоршаған ортаның температурасына сәйкес анықталады. Қорғауға алынған объектінің қай топқа жататынын есепке ала отырып суарудың қарқындылығы, өрт сөндіруші заттардың (ӨСЗ) шығыны, суарудың максималды ауданы, суару құралдарының ара қашықтығы, ӨСЗ берілу ұзақтығы қабылданады.

Суару құралының типі оның шығынына, суарудың қарқындылығына, қорғауға қауһарлы ауданына сонымен қатар қорғалатын объектінің архитектуралық-жобалау шешіміне сәйкес таңдап алынады. Құбыр желісін тарту және суару құралдарын орналастырудың жоспарын жасау ұйғарылды; көрнекі болу үшін қорғалатын объекті бойынша құбыр желісін тарту аксиометриялық түрде бейнеленген (маштаб бойынша міндетті емес).

АУП-тың гидравликалық жоспар-сызбасында міндетті түрде қорғалатын суарылатын аумақ белгіленген, онда міндетті суару құралы орналасқан. АУП-тың гидравликалық есебі жүргізіледі.

Суарудың нормативті интенсивтілігі және суару құралының суару эпюраларына қатысты орналасқан биіктігіне немесе төлқұжатағы мәліметке сәйкес міндетті суару құралында қамтамасыз етілуі тиіс қысымды және суару құралдарының арақашықтығы есепке ала отырып анықталады. Соның негізінде АУП-тың гидраликалық желісінің әр түрлі участкелері үшін құбырдың диаметрлері белгіленеді; сонымен қатар ағынды құбырлардағы су мен көбік түзуші ерітіндінің қозғалыс жылдамдығы10 м/с-тан, ал соратын құбырлардағы судың жылдамдығы 2,8 м/с-тан аспауы тиіс. Соратын құбырлардың диаметрі гидраликалық есеппен өрт сөндіруші сорғы қолданатын түбіртектік қордың қамтамасыз етілуін есепке ала отырып белгіленеді;-

міндетті қорғалатын суару аумағының қарамағындағы әр суару құралының шығыны анықталады(тораптарға бөлуші желіде орналасқан суарушы құралдардың шығыны міндетті суару құралынан алшақтаған сайын олардың шығыны артатынын есепке ала отырып) және қорғалатын суару аумағындағы суару құралдарының жиынтық шығыны; спринклерлі АУП-тың тораптарға бөлуші желісінің есебіне тексеру жүргізіледі қорғауға қабылданған суару аумағындағы іске қосылған суару құралдарының саны, олардың жиынтық шығыны, суару интенсивтілігі нормативті мәннен төмен болмайтын жағдайы анықталады.

Егер қорғалатын аудан нормативтіден кіші болса, таратушы желі құбырларының үлкейтілген диаметрлеріне есеп қайталануы қажет.

Тозаңдатқыштарды қолданғанда суландыру қарқындылығы немесе мәжбүрлеуші тозаңдатқыш жанындағы қысым белгіленген тәртіпте жасалған нормативті-техникалық құжаттама бойынша тағайындалады; 72 қорғалатын ауданда нормативтіден кем болмайтын қарқындылықпен өрт сөндіруді қамтамасыз ететін секцияның барлық дренчерлық суландырғыштарының бір уақытта жұмыс жасауы шартынан дренчерлі АУП таратушы желісінің есебі жүргізіледі.

Тозаңдатқыштарды қолданғанда суландыру қарқындылығы немесе мәжбүрлеуші тозаңдатқыш жанындағы қысым белгіленген тәртіпте жасалған нормативті-техникалық құжаттама бойынша тағайындалады; - қабылданған суландыратын ауданды қорғайтын таратушы желінің есептелген учаскесіндегі қоректендіргіш құбыр желісінің қысымы анықталады; - таратушы желінің есептелген учаскесінен өрт сөндіру сорғысына дейінгі гидравликалық желінің гидравликалық шығындары, сондай-ақ осы құбырлар желісіндегі жергілікті шығындар (сонымен бірге басқару түйінінде) анықталады; - өрт сөндіру сорғысы кіре берісіндегі қысым ескеріліп, оның негізгі параметрлері есептеледі (қысым мен шығын); - есептелген қысым және шығын бойынша өрт сөндіру сорғысының типі мен маркасы таңдалады. Бөліп таратушы желінің есебі. АУП таратушы құбыр желісінде суландырғыштарды үйлестіру көбіне симметриялы, симметриялы емес, симметриялы сақиналы немесе симметриялы емес сақиналы сызба бойынша орындалады. Мәжбүрлі қорғалатын суланатын ауданда орналасқан мәжбүрлегіш суландырғыш арқылы есептелген су шығыны (көбіктендіргіш ерітіндісі) мына формуламен анықталады мұнда q1 — мәжбүрлегіш суландырғыш арқылы ОТВ шығыны, л/с; K — бұйымға техникалық құжаттама бойынша қабылданатын суландырғыш өнімділігінің коэффициенті, л/(с·МПа0,5); Р — суландырғыш алдындағы қысым, МПа. Бірінші мәжбүрлегіш суландырғыштың 1 шығыны бірінші және екінші суландырғыш арасындағы L1–2 учаскесінде есептік мән болып табылады(В.1 суреті, А секциясы). L1–2 учаскесіндегі құбыр желісі диаметрін жобалаушы тағайындайды немесе формула бойынша анықталады, мұнда d1–2 — құбырдың желісінің бірінші және екінші суландырғыш арасындағы диаметрі, мм; Q1–2 —ОТВ шығыны, л/с; μ — шығын коэффициенті; v — су қозғалысы жылдамдығы, м/с (10 м/с аспауы керек). Диаметрді МЕМСТ 28338. В.2.5 бойынша ең жақын кесімді мәнге дейін арттырады. L1–2 учаскесінде қысым жоғалтуды Р1–2 мына формула бойынша анықтайды Р1–2 = Q2 1–2 L1–2 /100Кт немесе Р1–2 = АQ2 1–2 L1–2/100, мұнда Q1–2 — бірінші және екінші суландырғыштың жиынтық ОТВ шығыны, л/с; Kт — құбыр желісінің меншікті сипаттамасы, л6/с2; А — құбыр желісінің меншікті кедергісі, ол диаметр мен қабырғаның кедір-бұдырлығына тәуелді, с2/л6. Әр түрлі диаметрлі құбырла үшін құбырлар желісінің меншікті кедергі мен меншікті гидравликалық сипаттамасы. Суландырғыштағы қысым 80 атм. құрайды.


Қабырғалы орындаулы басқару, бақылау және дабылдағыш щиті жеке тапсырыс бойынша орындалады. Басқару, бақылау және дабылдағыш жүйесінің электр сызбалары ҚНжЕ татаптарына сәйкес өңделген.

Барлық құбырөткізгіштер бетонды тіреулерде монтаждалады. Әрбір бақылау-өткізу торабының астында жеке тіреу орнатылады.

Барлық электрожабдықтар ПУЭ – 86 талаптарына сәйкес жерленуге және нөлдік қорғағышқа жатады
Бақылау –қосқыш тораптары
Спринклерлі секцияның бақылау-қосқыш торабы КС 100/ 1,2 – УВ.04 – «Класс» клапанымен қабылданған. Бақылау-қосқыш тораптары қысымды сорғыш коллекторына құрастырылады (жеткізуші құбырлар). Клапандардың шартты өту диаметрі гидравликалық есептеу негізінде қабылданған. ысырмалар маховиктері, бұрандылары мен крандары кезекші жағдайларда пломбаланады. Әрбір басқару торабы СДУ (ТУ 25 – 09.026 – 76) әмбебап типті бір қысымды дабылдағышпен жабдықталады, ол қондырғының іске қосылуы кезінде дабыл сигналаның мекен-жайын құрады.

Ілмекті-қосқыш арматураның басқару органының жағдайына және манометрдің көрсетулері бойынша визуалды түрде басқару тораптарының жұмыс істеуін және істеп тұруын бақылайды.


Суландырғыштарды таңдай және орналастыру
Суландырғыштар гидравликалық есептеулер негізінде таңдалады және тарату құбырөткізгіштерінде монтаждалады. Суландырғыштар арасындағы арақашықтық, қажетті суландыру қарқындылығы мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету үшін, құрылыс конструкцияларының орналасуын ескере отырып қабылданады. Шекті суландырғыштардан қабырғаға дейінгі арақашықтық суландырғыштар арасындағы арақашықтық жартысынан кем емес болатындай қабылдайды. Жабын жазықтығынан суландығыштың розеткасына дейінгі арақашықтық 0,08-ден 0,4 м-ге дейін (п.2.13 ҚНжЕ 2.02.15-2003).

Суландырғыш ½ дюймді ішкі резбасы бар МП-15 ТУ 25-09.033-76 пісірілген муфталарына бұралады және ФУМ лентасындағы немесе сурикпен сіңдірілген пакладан жасалған тығыздағыш арқылы қаптаулы өңдеуінен.

Суландырғыштың термосезгіш элементінің бұзылу температурасы – 720С (п.2.18 ҚНжЕ 2.02.15-2003). Суландырғыштың жазық розеткасы болады. суландырғыштың барлығы перпендикулярлы түрде жазық жабынына бұралады (п.2.17 ҚНжЕ 2.02.15-2003). Тарату қатарындағы бір жетегінің спринклерлі суландырғыштың максималды саны 4 қабылданады (п.2.34 ҚНжЕ 2.02.15-2003).
Құбырөткізгіштерді өткізу және таңдау
Жеткізуші, қоректенуші және тарату құбырлары фитингті және фланцтік қосылыстарындағы, пісірілген МЕСТ 10704-91 бойынша болатты құбырлардан жобаланған.

Тарату құбырларының диаметрі жүйенің гидравликалық есептеулері негізінде қабылданған. Секцияны қоректендіруші құбырлары сақиналы болып жобаланған. Қоректену құбырларын төсеу ілінбелі төбенің артында жабық түрде және жер төлелерінде ашық түрде, 36.00 және 38.00 белгілер арасындағы кеңістік пен күмбез астындағы кеңістікте жүзеге асырылады. Колонналарды және басқа да құрылыс конструкцияларының орналасуын ескере отырып қабылданған қоректену құбырларын трассирлеу тарату жүйесінің оптималды металлосыйымдылығын қамтамасыз етеді.

Құрылыс конструкцияларда құбырларды бекіту типтік тораптарды бекіту түрінде орындалады.
Суландырғыш секцияның жұмыс істеу принципі
Спринклерлі жүйе кезекші режимде сумен толтырылып тұрады, импульстік құрылғы көлемінің жартысына сумен толтырылған және 5кг\см2 ауа қысымында тұрады, ішкі өрт крандарының бұрамалары жабық, негізгі сорғыштар автоматты жұмыс режиміне қосылған. Қысымды және сорғыш құбырларындағы ысырмалар ашық және пломбаланған.

Өрт болған кезде бір немесе бірнеше спринклерлі суландырғыштың термосезгіш элементі бұзылады, су өрт ошағына қысыммен тозаңдалады. ВС клапанын ашқан кезде су қысыммен бақылау-қосқыш торабының дабылдағыш торабына түседі, онда оған СДУ типті қысымды дабылдағыш орнатылған; оның контакттарының қысқа тұйықталуы өрт туралы дабылдағыштың жүйесін қосу сигналы болып табылады.

Секцияның іске қосылуы кезінде автоматты бақылау, басқару және дабылдағыш щиті желдеткіш жүйесін өшіру сигналын құрады, адамдарды құтқаруды басқару және дабылдау жүйелерін, ауа келуі мен түтінді жою жүйесін қосады.

Негізгі сорғыштың іске қосылуы импульсті қондырғыда орнатылған, екі электроконтактты манометр сигналы бойынша жүзеге асырылады. Негізгі сорғыш суды сыйымдылықтан сорады және оны іске қосылған спринклерлі суландырғыштарға береді.

СДУ қысымды дабылдағыштың қосылу күзет бөлмесіндегі, қорғалатын бөлмедегі және сорғыш станция бөлмесіндегі дыбыстық және жарықтық дабылдағышын өзімен бірге қосады.

Негізгі сорғыштың жұмыс істеу режиміне қосылмай қалған жағдайында 10 секундтан кейін негізгі сорғыштың өшірілуімен резервтегі сорғыштың қосылуы болады.

Қондырғының жұмысқа дайындығы күзетші бөлмесінде орналасқан, дабылдағыш щитіне дыбыстық және жарықтық дабылын автоматты түрде берілуін бақылайды.

Жүйеге судың берілуінің тоқтатылуы және сорғыштың өшірілуі кезекші қызметкерлерімен қолмен жүзеге асырылады.

Жүйеге суды беру қажеттілігі кезінде жылжымалы өрт техникасын ГМ-70 бастиегіне қысымды жең сызығына қосқан кезде жүзеге асыруға болады.
Электрмен жабдықтау және қорғанысты жерге қосу
Өрт сөндіру қондырғысының сорғыш станциясы 1 категориялы электрмен қамтамасыз ету сенімділік дәрежесі бойынша электроэнергияны қолданушы болып табылады. Осы кезде екі тәуелсіз ЭОЕ талаптарына сәйкес құрылғысы бар енгізуге сорғышты қосумен қамтамасыз етеді.

Электрқоректену және АВР екі енгізулер қондырғысына тапсырушылар жауапты болып табылады.

Сорғыш станциясындағы электрожабдықтардың қорғанысты жерге қосылуын ЭОЕ талаптарына сәйкес бір толық контурға орындалады.
Монтажды және қосылуын жасау жұмыстары
Монтажды және қосылуын жасау жұмыстары ВСН 25-09.67-85 « Өрт сөндірудің автоматты қондырғыларын қабылдау жұмыстары және сөндіру ережесі» ҚНжЕ 2.02.15-2003 «Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы» талаптарына сәйкес орындалады.

Өрт сөндіру қондырғысын монтаждап біткеннен кейін, қабылдау комиссиясымен актіге қол қоюмен орнатылған тәртіпте қабылдауға тапсыру сынағына түседі.

Қолдануға қабылданған қондырғы типтік регламенттерге сәйкес жөндеу және техикалық қызмет көрсетуін қамтамасыз етуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет