А3 форматында жасалған иллюстрациялар мен кестелерді бір бет деп есептейді.
48. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тарауларының реттік номерлері болуы керек
және араб цифрларымен нүктесіз белгіленіп, абзацтан басталуы керек.
Әр тараудың
шеңберіндегі бөлімдер де номерленуі тиіс. Бөлімдердің номерлері нүкте арқылы бөлінген
тарау мен бөлімдердің номерілерінен тұрады. Бөлімнің номерінен кейін нүкте қойылмайды.
Тараулар екі немесе одан да көп бөлімдерден тұрады.
Үлгі
1. Типтер және негізгі өлшемдер
1.1
1.2 Құжаттағы бірінші тарау бөлімдерінің номерлері
1.3
2. Техникалық талаптар
2.1
2.2 Құжаттағы екіншіі тарау бөлімдерінің номерлері
2.3
49. Дипломдық жұмыстың (жобаның) әр тарауын жаңа беттен бастау керек. Бір
тараудың ішіндегі екі бөлімді бір-бірінен бөлу үшін мәтіннен кейін екі бос жол тастайды.
50. Дипломдық жұмыст (жоба) беттері мен қосымшалары тура номерленуі керек.
51. Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер,
схемалар, диаграммалар,
фотосуреттер) дипломдық жұмыста (жобада) алғашқы рет айтылған мәтініннен кейін немесе
келесі бетте орналасу керек.
Иллюстрациялар, оның ішінде түрлі түстісуреттер, компьютермен жасалуы мүмкін.
Дипломдық жұмыста (жобада) барлық иллюстрацияларға сілтеме берілуі керек.
52. Дипломдық жұмыста (жобада) көрсетілген сызбалар,графиктер, диаграммлар,
схемалар,
иллюстрациялар
Конструкторлық
құжаттамалардыңбірынғай
жүйесінің
мемлекеттік стандартына сай келуі керек.
53.Қосымшадағыдан басқа суреттерді араб цифрларымен тура номерлеу керек.
Егер сурет біреу болса, «1-сурет» деп белгіленеді, «сурет» сөзі мен оның атауы жолдың
ортасына жазылады.
54. Суреттерді тарау ішінде номерлеуге болады. Мұндай жағдайда сурет номері
нүктемен бөлінген тарау мен суреттің реттік номерінен тұрады. Мысалы: 1.1-сурет.
55. Керек жағдайда, суреттердің атауы және түсіндірме мәліметі болады. «Сурет» сөзі
мен оның аты түсіндірме мәліметтерден кейін орналасады.
56. Суреттерге сілтеме жасағанда «2-суретте көрсетілгендей» (тура номерлегенде),
«2.1-суретте көрсетілгендей» (тарау ішінде номерлегенде) деп жазылу керек.
57. Көрсеткіштердің көрнекілігі мен салыстыру мүмкіндігін жақсарту үшін кестелер
қолданылады. Кестенің аталуы оның мағынасын толық ашып, нақты және қысқа болу керек.
Кестенің аты кестеден жоғары «кесте» сөзінен кейінгі жолда абзацтан бастап жазылу керек.
58. Кестені дипломдық жұмыста (жобада) ол туралы алғашқы рет айтылған мәтініннен
кейін немесе келесі бетте орналастыру керек.
59. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) барлық кестелерге сілтеме жасалуы керек.
Сілтемеде номері көрсетілген «кесте» сөзін жазу керек.
60. Көп жолдан тұратын кестені келесі бетке ауыстыруға болады. Кестені келесі бетке
ауыстырғанда «кесте» сөзі мен номерін кестенің бірінші бөлігінің сол жақ үстіне жазады,
қалған бөлігінің үстіне «жалғасы» деп жазып,
кестенің номерін көрсетеді, мысалы, «1-
кестенің жалғасы».Кестені келесі бетке ауыстырғанда, оның атын тек бірінші бөлігінің
үстіне жазады. Кесте бөлігін басқа бетке ауыстырғанда, төменгі горизонтал сызықты
көрсетпейді.
Бағандар саны көп кестелерді қосымшаға шығарған жөн.
61. Егер кестенің жолдарында (бағандарында) бір сөзден тұратын мәтін қайталанатын
болса, бірінші рет жазылғаннан кейін оның орнына тырнақша қоюға болады, егер
қайталанатын мәтін екі немесе одан көп сөзден тұрса, бірінші қайталауда оның орнына «Дәл
сондай» сөзі жазылып, ары қарай тырнақша қойылады.
Қайталанатын цифрлардың,
маркалардың, белгілердің, таңбалардың, математикалық және химиялық символдардың
орнына тырнақша қоюға рұқсат етілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында мәліметтер
келтірілмесе, сол ұяшыққа сызықша қойылады.
62. Қосымшалардағы кестелерден басқа кестелерді араб цифрларымен номерлеу керек.
63. Кестелерді тарау ішінде номерлеуге болады. Мұндай жағдайда кесте номері
нүктемен бөлінген тарау мен кестенің реттік номерінен тұрады.
64. Кесте бағандары мен жолдарының атаулары бас әріппен жекеше түрде жазылады.
Тақырыпшалар негізгі атаулармен бір сөйлемді құраса - кішкентай әріппен, жеке өзіндік
мағынада болса -бас әріппен жазылады. Кестедегі атаулар
мен тақырыпшалардың соңында
нүкте қойылмайды.
65. Кестелерді сол, оң және төменгіжағынан, ереже бойынша, сызықтармен шектейді.
Мәтіндегіге қарағанда кестеде қаріптің кіші өлшемін қолдануға рұқсат етіледі.
Бағандардың атауларын кесте жолдарына параллель орналастырады. Қажет жағдайда
атауларды жолдарға перпендикуляр бағытта жазуға рұқсат етіледі. Кестенің басы басқа
бөліктерінен сызық арқылы бөлінеді.
66. «Ескертпе» сөзі бас әріппен және абзацтың басынан сиретіп жазылады және асты
сызылмайды.
67. Ескертпелер дипломдық жұмыста (жобада) мәтін мазмұнын,
кестені немесе
графикалық материалды түсіндіру үшін немесе анықтамалық мәліметтер қажет жағдайда
келтіріледі.
68. Ескертпелер оларға байланысты мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе
кестеде келтіріледі. кестедегі графикалық, тексттік материалдан кейін жазу керек. Егер
ескертпе біреу болса, онда «Ескертпе» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескертпе бас әріппен
жазылады. Жалғыз ескертпе номерленбейді. Бірнеше ескертпені ретімен араб цифрларымен
нүктесіз номерлейді. Кестеге қатысты ескертпені кестені төменгі жағынан шектейтін
сызықтың жоғарғы жағына орналастырады.
69. Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөліп жеке жолға жазу керек. Әр формула
мен теңдеудің жоғарғы және төменгі жағынан кемінде бір бос жол қалдыру керек. Егер
теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол (=), (+), (х), (:) немесе басқа математикалық белгілерден
кейін жазылып, сол белгі келесі жолда қайталану керек.
70. Символдар мен сандық коэффициенттердің түсініктемелерін
формуладан кейін,
формуладағы ретпен келтіру керек.
71.
Дипломдық
жұмыстағы
(жобадағы)
формулалар
рет-ретімен
араб
цифрларыменномерленеді, номерлер формула тұрған жолдың шеткі оң жағына жай жақша
ішіне орналастырылады.
72. Формулалардың номеріне берілетін мәтіндегісілтемелержақшамен беріледі.
Мысалы, «...(1)-формулада...».
73. Формулаларды тарау ішінде номерлеуге болады. Мұндай жағдайда формуланың
номері нүктемен бөлінген тарау мен формуланың реттік номерінен тұрады, мысалы, (3.1).
74. Пайдаланылған әдебиеттерге жасалатын сілтемелерді төртбұрышты жақшада
келтіру керек.
75. Әдебиет көздері бойынша мәліметтерді олардың дипломдық жұмыста (жобада)
кездесу реті бойынша араб цифрларымен нүктесіз номерлеп, абзацтан бастап жазу керек (3-
қосымша).
76. Қосымшаларды дипломдық жұмыстың (жобаның) жалғасы ретінде соңғы беттерде
рәсімдейді.
77. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) барлық қосымшаға сілтеме берілу керек.
Қосымшаларды мәтіндегі сілтемелер ретімен орналастырады.
78. Әр қосымшаны жаңа беттен бастап, беттің жоғарғы жағының ортасына «Қосымша»
сөзі мен белгілеуін жазады.
Қосымшаның атауы болуы керек, оны мәтінге қатысты симметриялық орналастырып,
жеке жолға бас әріппен жазады.
Егер дипломдық жұмысқа (жобаға) бір қосымша берілсе, оны белгілемеуге болады.
79. Қосымшалар орналасқан беттердің номерленуі дипломдық жұмыс (жоба) беттерінің
номерлерін жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: