Дипломдық жұмысты (жобаны) ұйымдастыруға, өткізуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар


Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі



бет6/11
Дата29.09.2022
өлшемі122.72 Kb.
#461652
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӨТКІЗУГЕ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

10 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі

10.1 Дипломдық жұмыс (жоба) қорғау басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей МАК-қа ұсынылады:


1) Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісінің "қорғауға жіберіледі" немесе "қорғауға жіберілмейді"деген дәлелді қорытынды берілетін пікірі. Сондай-ақ UniHub "Жазбаша жұмыстарды тексерудің автоматтандырылған жүйесі" жүйесінде дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісінің "Білім алушылардың жазбаша жұмыстарын тапсырудың автоматты жүйесі"әдістемелік нұсқаулығына сәйкес ресімделіп баға қойылған анықтамасы. Ғылыми жетекшінің анықтамасында дипломдық жұмыстарды (жобаларды) "Антиплагиат. ЖОО" жүйесі арқылы сәйкестігі (плагиат) мәніне тексеру қарастырылған. Бөтен материалды авторға және сәйкестік көзіне сілтеме жасамай пайдаланған жағдайда, білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға рұқсат ала алмайды;
2) қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстың (жобаның) жан-жақты сипаттамасы және білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағасы және "бакалавр" академиялық дәрежесін беру немесе тиісті мамандық/білім беру бағдарламасы бойынша біліктілік беру мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытындысы берілетін дипломдық жұмысқа рецензия.
10.2 МАК-ға орындалған дипломдық жұмыстың ғылыми және практикалық құндылығын сипаттайтын материалдар, ресми емес пікірлер, дипломдық жұмыстың (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, материалдардың, бұйымдардың, ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлгілері, минералдар коллекциялары, гербарийлер ұсынылады.
10.3 Студент ғылыми жетекшінің оң пікірі және қорғалатын жұмыстың (жобаның) бейініне сәйкес келетін маманның бір рецензиясы болған жағдайда дипломдық жұмысты (жобаны) қорғайды.
Егер ғылыми жетекші "қорғауға жіберілмейді" деген теріс қорытынды берсе, білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғамайды.
Білім алушы рецензенттің оң және теріс қорытындысы болған жағдайда да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі.
10.4 Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялауды біліктілігі қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) бейініне сәйкес келетін сыртқы ұйымдардың мамандары ғана жүзеге асырады.
10.5 Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО басшысының бұйрығымен тақырыпты көрсете отырып, әрбір студентке дербес бекітумен бекітіледі.
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орны, атқаратын лауазымы және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы диплом бойынша базалық білімі) көрсетіле отырып, бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынуы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.
10.6 Дипломдық жұмыс (жоба) алдын ала қорғау процедурасынан өту үшін бітіруші кафедраға ұсынылады.
10.7 Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау рәсімі кафедраның ашық отырысында студенттердің қатысуымен және міндетті түрде ғылыми жетекшінің және қажет болған жағдайда ғылыми кеңесшілердің қатысуымен өткізіледі.
Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен ресімделеді.
10.8 Алдын ала қорғаудан сәтті өткен және белгіленген талаптарға сәйкес ресімделіп аяқталған дипломдық жұмысқа (жобаға) студент, ғылыми консультанттар қол қояды және ғылыми жетекшіге ұсынылады.
10.9 Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша пікір жазады.
Дипломдық жұмыс (жоба) мақұлданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қояды және қорғауға жіберу туралы өзінің жазбаша пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.
Дипломдық жұмыс (жоба) мақұлданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша пікір жазады, онда дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібермеу туралы өз шешімін негіздейді.
10.10 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі осы дипломдық жұмыс (жоба) бойынша түпкілікті шешім қабылдайды, бұл туралы оның титулдық бетіне тиісті жазба жасайды.
Егер кафедра меңгерушісі студенттің дипломдық жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп санаған жағдайда, бұл мәселе осы студент пен оның ғылыми жетекшісінің міндетті қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы ЖОО Басқарма Төрағасына бекітуге ұсынылады.
10.11 Бітіруші кафедра қорғауға ұсынған дипломдық жұмысты (жобаны) факультет деканына рецензияға жібереді.
10.12 Рецензенттердің тізімі өндіріс мамандары мен ғылыми ұйымдар қатарынан маманды шығарушы кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. Рецензент ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері мен оқытушылары, кәсіпорындардың бас мамандары тартылуы мүмкін.
10.13 Рецензенттердің қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) бейініне сәйкес келетін базалық жоғары білімі, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, ғылыми атағы болуы тиіс.
10.14 Рецензент дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша рецензия ұсынады, онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңалығы және практикалық маңыздылығы, дипломдық зерттеу тақырыбының маман даярлау бейініне, берілетін академиялық дәреже мен берілетін біліктілікке сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, тұжырымдар мен ұсынымдардың болуы, мәселені шешу дәрежесі және зерттеудің аяқталуы көрсетілуі тиіс.
Рецензияда балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға және тиісті академиялық дәрежені беру және біліктілікті беру мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.
10.15 Ғылыми жетекші қорғауға жіберген, бірақ F – "қанағаттанарлықсыз" бағасына рецензент бағалаған дипломдық жұмыс (жоба) жалпы шартта негізінде қорғалады.
10.16 Факультет деканы бітіртуші кафедра меңгерушісінің және студент – дипломшының пікірімен қорғауға дейін бір күннен кешіктірмей танысады және дипломдық жұмысты (жобаны) пікірімен және рецензиясымен қорғау үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясына жолдайды.
10.17 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау студенттің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі. Студент кафедраның ұсынысы бойынша дипломдық жұмыстың (жобаның) қысқаша мазмұнын шет тілдерінің бірінде қосымша ұсына алады, ол қорғауда жарияланады және осы тілдегі сұрақтармен бірге жүруі мүмкін.
10.18 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктер базасында мультимедиялық презентациялар түрінде электрондық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет