1.5.4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер тізімі (библиография) келесі бөлімдерден тұрады:
- ақпарат көздері. Бұл олардың заңды күшіне сәйкес және хронология бойынша орналастырылған нормативтік құқықтық актілер (ұқсас нормативтік құқықтық актілер тобында). Әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасының Конституциясынан, содан кейін халықаралық нормативтік құқықтық актілерден, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінен басталады;
- әдебиет. Арнайы әдебиеттер
- монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, мақалалар, ғылыми еңбектер жинағы және т.с.с. алфавиттік ретпен авторлардың аты-жөнімен (егер автор көрсетілмесе, онда кітаптың атауы бойынша); сол автордың шығармалары хронологиялық тәртіпте келтірілген, заң практикасы материалдары (сот, нотариаттық және т.б.); практикалық материалдар (мұрағаттық, ағымдағы);
- шетел тілдеріндегі басылымдар (алфавит бойынша);
- басқа материалдар.
Автор пайдаланған барлық дерекнамалар мен әдебиеттер библиографияда көрсетілген, тек жұмыста сілтемелер келтірілгендер ғана емес. Сонымен қатар, зерттеу барысында мәтіндік рефлексия таппаған, бірақ магистранттың ойлауының ғылыми қалыптасуына әсер еткен басқа да нормативтік құқықтық актілерді және авторлардың еңбектерін библиографияға енгізуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің үлгісі 5-қосымшада келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |