Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)



бет27/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
гр8

4.9 Төтенше жағдайлар
Азық-түлікті, жем-шөпті және суды қорғау – Азаматтық қорғаныс органдары, жергілікгі әкімшіліктер үшін ғана емес, барлық тұрғылықты халық үшін де жауапты міндет екені анық. Әрбір ересек адам қауіпті радиациялық факторлардың әсеріне, күшті әсер ететін улы заттарға, инфекциялық қоздырғыштарға қарсы алдын-ала керекті іс-шаралар жасамаса, орны толмас үлкен шығындар болатынын білуі тиіс. Әрқайсымыз азық-түлікті, жем-шөпті, суды төтенше жағдайлардан қорғай білуіміз керек.
Радиациялық қауіпті обьектілердегі авариялардан қауіпті радиоактивті, ал химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан химиялық залалдану туады. Бұған қоса инфекциялық қоздырғыштар да аз қауіп әкелмейді
Ядролы энергетикалық құрылғының авариялық процесі туындағанда шаң-тозаң тәрізді, тұман (аэрозоль) және басқа да ұсақ бөлшек түріндегі радиоактивті өнімдер жерге шөгеді, ауамен және желмен ұшып, айналаның бәрін залалдайды.
Радиоактивті заттардың адам организміне залалданған тамақ және су арқылы енуі аса қауіпті. Олардың саны белгіленген мөлшерден асса, адам сәуле ауруына ұшырайды.
Күшті әсер ететін улы заттар мен улы заттар қорғалмаған азық-түлік, су, жем-шөп үшін барлық күйінде (сұйық тамшы, қатты, тұман және түтін тәрізді, газ және бу тәріздес) аса қауіпті. Бұл заттар ағаштан жасалған қораптау ыдыстарына 5-10 мм-ге дейін, фанераларға - 3-4 мм тереңдікке дейін еніп, брезент, кардон, 4-5 қабатты қағазға, көптеген полимер пленкаларға, кенеп қапшықтарға сіңеді. Еріп ері сіңе отырып, олар қорғалмаған өнімдерді залалдайды [1].
Ядролық жарылыстың радиация деңгейінің өлшемін белгілеу.
Жағдайды картаға түсіруді жеңілдету және радиация деңгейінің төмендетуін қадағалау үшін ядролық жарылыстан кейінгі радиация мөлшерін бір уақытқа келтіру. Т1=12 сағат 15 минутта объект аймағындағы (Р) радиация деңгейі 37 Р/сағ құрады.
Егер ядролық жарылыс Т2 = 1 сағат 45 минут болған болса, жарылыстан 1 сағат өткеннен кейінгі радиация деңгейін анықтаңыз.
Тапсырманы орындауға арналған бастапқы мәліметтер №18 кестеде берілген.
Шешімі:
Радиация деңгейін өлшеген уақыт пен жарылыс болған уақыттың айырмашылығы:
1515 – 1145 = 30 минут болады.
(№19 кесте) бойынша тік бағана (30 минутпен) көлденең бағанадағы есептеу уақытын (1 сағат) қиылысқан жерінен К-коэффициентінің мәнін табамыз – ол 0,60 тең. К = 0,6.
Ядролық жарылыстан кейін 1 сағат өткен соң радиация деңгейін шығарамыз: Р = 0,6 Р/сағ.
Егер ядролық жарылыс болған уақыт белгісіз болса, онда радиация деңгейінің төмендеу жылдамдығы бойынша анықтауға болады.
Р = 0,6 · 37 = 22,2 Р/сағ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет