Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қаржылық есеп беру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау»



бет1/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#141501
түріДиплом
  1   2   3   4   5


Аннотация

Дипломдық жұмыстың тақырыбы:

«Қаржылық есеп беру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау»

Ғылыми жетекшісі: Бекембаева А.

Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлім, теориялық бөлім, дамыту жолдарын қарастыру бөлімі, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшалар.

Кесте –13

Қолданылған әдебиеттер – 49

1. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі.

2. «ҰК ҚТЖ» АҚ-дағы қаржылық есеп берудің негізгі көрсеткіштерін талдау.

3. Қаржылық есеп берудің ХҚЕС өтуіндегі артықшылықтары және оны дамыту жолдары.

Дипломдық жұмыс - 88 бетте орындалды.


Қысқартулар және белгілер
1. «ҰК ҚТЖ» АҚ – «Ұлттық компания Қазақстан Темір Жолы»

Акционерлік Қоғамы.

2. САР – Сертификатталған тәжірибелі есепші.

3. СІРА – Сертификатталған халықаралық кәсіби есепші.

4. ХҚЕС – Халықаралық қаржылық есеп стандартты.

5. ҚБЕС – Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартты.

6. ЕССБА – Сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлардың

Евразиялық советі.

7. КБА – Кәсіби бірлестіктер аудиторлар палатасы.

8. БАХК – Бухгалтерлер мен аудиторлардың халықаралық кеңесі.

9. «РКАСМА» - Сертификаттаумен шұғылданатын корпорация.

10. КДШ – Көлік дайындау шығындары



Мазмұны
Кіріспе .....................................................................................................................4
І Тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі

1.1. Қаржылық есеп берудің теориялық негіздері ...............................................6

1.2. Қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және бағалау ..............11

1.3. «ҰК ҚТЖ» АҚ -ның қаржылық есеп беруін ашу және ұсыну .................20


ІІ Тарау. «ҰҚ ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп берудің негізгі көрсеткіштерін талдау

2.1. «ҰК ҚТЖ» АҚ -ның активтерін талдау ......................................................39

2.2. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның міндеттемелері мен капиталын талдау .....................52

2.3. «ҰК ҚТЖ» Ақ-ның төлем және несие қабілеттілігін талдау ....................62


III Тарау. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп берудің халықаралық

стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары және оны дамыту

жолдары

3.1. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары .....................................................74

3.2. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сай есеп беретін САР және СІРА сертификаттарымен бағаланған бухгалтерлерді дайындау бағыттары ..............................................................................................................79
Қорытынды .........................................................................................................84
Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................86
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені қойды. Бухгалтерлік есеп-бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есептің нарықтық қатынастар жағдайындағы тиімділігіне кәсіпкерлер, бизнесмендер, меншік иелері және кәсіпорындардағы басшылардың көзі жетті.Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады.

«Қазақстан-2030» стратегиясында анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканың тұрақты және қарқынды өсуі қажет. Отандық экономистердің есебі бойынша Қазақстан-2030 индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.

Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап алдық, сол арқылы экономикалық жүйені дамытуға жол ашық. Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Қазақстан Республикасының Елбасшымыз Н.Назарбаевтың халқына Жолдауында «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы керек. Және де барлық заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуі үдерісін жеделдету керек. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз».-деген еді.[1]

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық есеп беру және оның көрсеткіштерін талдау». Қаржылық есеп беру деп «ҰК ҚТЖ» АҚ өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Бірінші бөлімде Кәсіпорынның қаржылық есеп беру тұжырымдамалық негізі қарастырылған. Қаржылық есеп берудің сипатты, түсінігі, элементтерін тану мен бағалау және де қаржылық есеп беруді ашу мен ұсынуды анықтауға мүмкіндік береді.

Екінші бөлімінде Қаржылық есеп берудің негізгі көрсеткіштерін талдау қарастырылады. Кәсіпорынның төлем және несие қабілеттілігінің талдауы толық көрсетілген.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары көрсетіледі.

Зерттеу объектісі: «ҰК ҚТЖ» Акционерлік қоғамы.

Зерттеудің ғылыми мақсаты: Кәсіпорындағы ең басты мәселе бухгалтерлік есепті тиімді де, дұрыс ұйымдастыру . Қаржылық есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.



1.Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі

    1. Қаржылық есеп берудің теориялық негіздері

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметтін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушы лар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді. Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субьектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есер беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметтін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады. [44.]

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметтін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

“Бухгалтерлік тіркеу” заңына сәйкес 1998 жылдан бастап Қаржылық есеп-қисап үш түрден тұрады еді:



  1. Бухгалтерлік баланс.

  2. Қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп қисап.

  3. Ақшалай қаражаттары қозғалысы туралы есеп-қисап.

Және де қаржылық есеп қисап құрамына Түсіндірме хат кіреді.
Ал 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХҚЕС-ына көшетін ұйымдар үшін алғашқы қаржы есептілігіне мыналар жатады: ХҚЕС №1 бойынша «Қаржылық есеп беруді көрсету».

  1. Баланс

  2. Пайда мен залал туралы есеп беру.

  3. Ақша қозғалысы туралы есеп беру.

  4. Меншікті капитал өзгерісінің жөнінде есеп беру

  5. Түсіндірме хат.

Ол қаржылық есеп пен одан алынған басқа да материалдармен толықтырылады. Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп-қисаптағы қандай саясатты ұстанып отырғаны туралы мәлімет берілуі қажет. Және де есепті қолданатын адамдардың қажеттілігіне сәйкес маңызды мәлімет берілуі қажет. [47]

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және обьективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып :

Есептеу: Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Толассыздық: Субьект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік: Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық: Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік: Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық: Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну: Қаржылық есеп беру субьекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Бейтараптылық: Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болу керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал. [44.]

Сақтық: Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалауына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және Салыстыру: Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында толық болуы тиіс.

Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстыруы тиіс.

Жүйелілік: Пайдаланушы субьекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады. [44.]

Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн.

Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметтінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады.

Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді.

Бұл өңдеу төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады.

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі.

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі.

Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық шаруашылық қызметі талданады.

Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады. [19]

Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржық есебін беру тәртібі: Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарының №1 «Қаржылық есеп беруді көрсету» жүзеге асады.

Жылдық есептің меншік иелерінде, немесе құрылтай кұжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына; жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен есебін де береді.

Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының зандарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (катысушылары, кұрылтайшылары) белгілейді.[44.]

Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.

Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.

Кәсіпорындардың шаруашьшық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.

Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға катысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді кажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.[19]

1.2. Қаржылық есеп беру элементтерін анықтау,

тану және бағалау

Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

Актив— бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе баска оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірак, ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.[19]

Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, кондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, "ноу-хау", гудвилл және т.б.); сондай-ақ активтер дебиторлық карыз іспеттес те болып келуі мүмкін.

Шаруашылық жүргізуші субъекттің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.), бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытга бір-бірімен тұспа-түс келе бермейді. Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді, бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.[44]

Міндеттемелербұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: карызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім-шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі етіп кетсе).

Меншік капиталы бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі.

Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржьшық есеп беруді пайдаланушьшар үшін бұндай бөліну, шаруашьшық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталынын үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі бұл есепті жылдағы кәсіпорынның каржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс — бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс - бұл есептік кезенде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру — шығыс болып танылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдык қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.

Табыстарбұл субъекттің негізгі және негізгі емес кызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылыктардан, жалға беруден, инвестициялық кызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығыстарөнімді өндірумен, жұмысты аткарумен, қызметті керсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын керсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.).

Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.[44.]

Қаржылық есеп берудің элементтерін танубұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын канағаттандырады:

- кез келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;

- баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

Қаржылық есеп беру элементтерін бағалау. Барлық ұлттық және экономикалық жүйедегі бухгалтерлік есепке тән обьектілердің барлығы да бағаланады. Ұйымдар мен т.б. құрылымдар меншігіндегі активтердің барлық түрлерін бағалау, сондай-ақ капитал мен міндеттемелер қозғалысын тура көрсету және бағалау үшін бағалаудың әр түрлі әдістерін қолданады.

Өз кезегінде тура қолданылған бағалау әдісі табыстарды, шығындарды және пайданы анықтауға тікелей әсер етеді.

Ұлттық және халықаралық бухгалтерлік есеп стандартының барлығы да бір нүктеге – пайда түсіру мақсатына бағытталған.

Алайда түскен пайданы әр елде әр түрлі әдістермен іске асырылады. Пайданың мөлшерін активтерді бағалау және бұлардың құнын есептеу бірнеше тәсілдер арқылы анықталады. [48.]

Өнім өндіру процесі, айналыс сыртындағы активтерді сатып алу мен құрау, өндірістік босалқылар, өнім өндірудегі өндірістік шығындар мен қызмет көрсету шығындары, өндірілген өнімдердің құны, тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатудан түскен табыс, осының барлығына жұмсалған шығындар құндық бағалау арқылы есепке алынады. Бағалау процесінің негізділігіне және дәлдігіне байланысты қаржылық қортындының шындығы немесе тұнықтығы есептелініп шығарылады.

Активтерді, меншікті капитал және міндеттемелерді, қаржылық қортындының басқа да элементтерін бағалау ақшалай өлшеммен өлшенетіндігін есте сақтаған жөн. Жоғарыда көрсетілген қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау мүмкіндігі, бұлардың базалық бастапқы құны дәлме-дәл қойылған жағдайда ғана дұрыс анықталып отырады. Біздер қаржылық есепке тән барлық объектілер әр түрлі дәрежеде және әр түрлі ауыстыруларға байланысты бағалаудың бірнеше әдістерін білеміз.

Олар: бастапқы, қалдық, ағымдағы немесе әділетті, нарықтық, кетірілген (дисконтталған) құн, сату құны сияқты әдістер.

Ендігі жерде жоғарыда айтылған бағалау әдістерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, бұлардың маңызын ашу керектігі туындайды.

Бастапқы құн деп - тарихи немесе нақтылы өзіндік құнды айтамыз. Активтерді немесе осы және басқа да есеп объектілерін бағалаудағы нақтылы бағадағы өзіндік құн активтерді сатып алуға немесе бұларды ұйымдардың өз күшімен дайындауға жұмсалған нақтылы ақша қаражаттары, бұлардың эквиваленттері сомасынан, сондай-ақ бұларды тасмалдауға немесе басқадай жұмсалған шығындар сомасының жиынтығынан тұрады. Бастапқы құн негізінен қаржылық қорытынды есеп элементтерін (негізгі құралдарды және материалды емес активтерді ) бағалау үшін қолданылады.

Бастапқы құн объективті құн. Мұның өзі бірдей құқықтағы серіктестіктердің немесе бәсекеге қатысушы жақтардың өзара келіскен әрекетінің негізінде туындайды. Сатушы жақ сатуға түскен объектіге жұмсаған шығынының орнын толтырып, ең төмен сомада болсын әйтеуір пайда табуды мақсат тұтады. Сатып алушы жақ сатып алған есеп объектілері алдағы кезеңде табыс алуды қамтамасыз ететін бағадан жоғары бағаны қолданбауды мақсат тұтады. [48.]

Сондықтан есеп объектілерінің бастапқы құны сұраныс пен ұсыныстан теңестірілген сату әрекеттері орындалған сәттегі ағымдағы нарықтық құнға сәйкес келеді.

Активтерді бастапқы құнмен бағалау бұлардың ұйымдарға қандай жолдармен түскендігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп тәжірбиесінде активтерді кіріске алу әдістері төмендегіше ажыратылған:

-ақшаға сатып алу;

-ұйымдардың өзінде дайындау;

-өсім малдарын негізгі табынға көшіру;

-жарғылық капиталға үлес қосу есебінен;

-сыйға тарту келісіміне сай ақша алмай беру.

Ақша бірлігінің сатып алу қасиеті өзгермейтін тұрақты жағдайда активтерді сатып алудағы бастапқы құны – есеп ақпараттарын пайдаланушылар көзқарасы тұрғысынан қарағанда бағалаудың ең сенімді әдісі болып табылады.

Бұл жерде айта кететін мәселе – ол ұйымдардың үздіксіздік қызмет атқару принципі активтер мен міндеттемелерді бағалаудың жалпы ережелерінің туындауын қамтамасыз етіп отырады.

Ұйымдардың активтерді жалпы ережеге байланысты екі рет бағаланады:



  1. активтерді кіріске алған сәтте;

  2. бұларды есептен шығарған кезде.

Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдар меншігіндегі активтер сатылып алынған және осы ұйым құрылған құрылған кездегі бұлардың тарихи құнымен, яғни бастапқыдағы сатып алу немесе нақтылы өзіндік құнымен бағаланады.

Тарихи құн бухгалтерлік бағалаудың негізі сипатында басқа бағалауларға қарағанда сенімді дәрежені көрсетеді.

Бухгалтерлік есеп өрісіндегі өзіндік құн принципінің талабына сай өзіндік құнды анықтау мейілінші объективтілікті, ал нарықтық құнмен бағалау субъективтілікті көрсетеді.

Сондықтан объективтік тұрғыдағы нарықтық құн немесе нарықтық бағаны қолдану активтерді сату процесінде жиі қолданылады.

Міндеттемелерді бағалаудың жалпы ережесі де үздіксіздік принципке негізделген. Міндеттемелер көздері де активті қаражаттарға айырбасталған кезде тарихи бағамен бағаланады. Айырбастау процесінде қолданылған тарихи баға қатысушы жақтардың келісіміне сай белгіленеді.Мысалға, құны келісім шартта көрсетілген тауарлы-материалды босалқыларды алған кезде алушы ұйым тауарлы-материалды босалқылар құнын төлеу жөнінде құндылықтар қоюшы ұйым алдында міндеттеме қабылдайды. Осы операцияның негізінде қабылданған міндеттеменің мөлшері алынған ТМҚ сомасымен бірдей дәрежеде болады. Ұйымға түскен активтер мен міндеттемелердің сомасына сай тарихи құн қалыптасады. Яғни сатып алудағы нақтылы өзіндік құн сомасы активтер мен міндеттемелердің «тарихи» құнының бастапқы негізін құрайды.

Бастапқы құнмен бағалау әдісі көпшілік жағдайда басқа да бағалау әдістерімен қисынды түрде ұштастырылып қолданылады. Мысалға, ұзақ мерзімді сипаттағы активтер өз құнын амортизация есептеу арқылы төмендетіп отырады.

Амортизацияланған активтер (материалды емес активтер, негізгі құралдар) бухгалтерлік баланста қалдық құнымен, яғни бұлардың бастапқы құнынан есептелінген амортизациялық соманы шегергендегі қалған сомамен көрсетіледі.

Қалпына келтіру құн. Активтер жұмсалған ақша қаражатты сомасы немесе бұлардың эквивалентімен есепке алынып бағаланады. Бухгалтерлік есеп тәжірбиесінде негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде қалпына келтіру құны қолданылып, пайдаланудағы негізгі құралдар қалпына келтіру құнымен қайта бағаланып көрсетіледі.

Әр жылдағы құнсыздану процесінің пайда болуына байланысты негізгі құралдардың бастапқыда көрсетілген құны едәуір төмендеп кетуі мүмкін. Сондықтан негізгі құралдар әр кезеңде қайта бағаланып, бұлардың қайта бағаланғандағы құнын қалпына келтіру құн деп аталынып, бухгалтерлік балансқа жазылып отырады. Егер негізгі құралдар өздерінің бастапқыдағы өндіргіштік қасиетін сақталған жағдайда, қалпына келтіру құны қолданылады.

Басқаша айтсақ, қалпына келтіру құнына өнім өндірудің технологиялық және операциялық тиімділік факторлары әсер етеді. Сондықтан, бизнестің әр түрлі салаларында, сондай-ақ, ұзақ мерзім аралығындағы барлық жағдайларда активтерді дәлме-дәл физикалық тұрғыда басқа да активтерге айырбастау мүмкін емес.[48.]

Сатудағы мүмкін болатын баға немесе сатудың құны.

Қалыпты жағдайда және қазіргі уақытта активтерді сатудан түсетін түсімдер ақшалай өлшеммен немесе бұлардың эквиваленттерінің сомасымен бағаланып, активтер құрамында көрсетіледі. Сатудың құны терминін қолдану арқылы орын алған ұтымдылықтың дәрежесін анықтауға да болады.

Нарықтық құн – базарлы саудаға түскен активтерді сату нәтижесінде алынған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз.

Бірқатар активтер мен міндеттемелер нарықтық бағамен немесе тарихи бағаның ең төменгі дәрежесімен және ағымдағы нарықтық бағамен бағалануы мүмкін. Нарықтық құн немесе осы кездегі базарлы саудаға түскен физикалық және технологиялық бірдей қасиеттегі ұқсас мүліктердің құны арнайы құжаттар рәсімдеу арқылы немесе сараптаушы эксперттердің бағалануымен анықталып бекітіледі.

Әділеттілік құн. Бұл термин ХҚЕС бір-біріне тәуелді емес. Ол бірінің қаржылық жағдайын бірі жақсы түсінетін танымал жақтардың әрекетке түсуінің нәтижесінде қолданылады. Тұрақты рынок жағдайында әділеттілік құнмен активтер сатып алған кезде қолданылатын бағалаудың бұл түрін нарықтық құнмен ауыстыруға болады.

Әділеттілік құн тек қана ұйымдардың үздіксіздік принципі жағдайында ғана қолданылады. Яғни ұйымдар банкротқа ұшырап, жойылмауы және өз қызметінің көлемін қысқартпауы керек.

Активтердің әрқайсысын бағалау. Ең әуелі активтер қысқа және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Өтеушілігі жоғары активтерге ақшалар, нарықтық құнды қағаздар, депозиттер, алдағы кезең шығындары, төленбеген шот-фактуралар, дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, шикізаттар мен басқа да материалды қаражаттар жатады. Есеп тәжірбиесінде ұйымның ақшалары валютаның ағымдағы құнымен бағаланады, нарықтық құнды қағаздар – бастапқы құнымен немесе сату бағасынан төмен бағамен, депозиттер және алдағы кезең шығындары – бастапқы құнымен, төленбеген счеттардағы сомалар күмәнды қағаздар резервін шегергеннен кейін қалған құнымен, дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс табиғи жағдайдан пайда болған, кем шыққан сомаларды шегергеннен кейін қалған құн бойынша және ағымдағы нарықтық құнның төменгі дәрежесімен бағаланады.

Өтеушілігі төмендеу активтерге ғимараттар, құрылғылар мен жабдықтар, аспаптар, орнатылған жабдықтар, тасымалдау құралдары, т.б. ұзақ мерзімді активтер жатады. Өтеушілігі төмендеу активтер бұларға есептелінген амортизациялық тозу сомасын шегергеннен кейін қалған бастапқы құнымен бағаланады.,

Біздер жоғарыда активтерге тән бірнеше типтік баптарды қарастырдық. Ендігі жерде пассивтерге тән жекелеген баптарды бағалауға тоқталамыз.

Өз қызметі үшін ұйымдар қаржыландыру көздерін көбейтуді мақсат тұтатыны белгілі. Қаржы көздері негізгі құралдар алуды, құрылыс салуды, ұзақ мерзімді басқа активтер алу мүмкіндігін, сондай-ақ шикізаттар және материалды құндылықтар мен басқа да ағымдағы активтер алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

Біздер қаржы көздері; меншікті капитал, ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелерден тұратындығын білеміз. Меншікті капитал деп -осы ұйымға заңды және құқылы тұлғалардың салған ақшасын айтамыз. Меншікті капитал үшін салынған ақша түптің түбінде акция ұстаушыларға дивидент түрінде қайтарылады.

Ал меншікті капитал- ұйымның алған жалпы міндеттемесінің белгілі бір бөлігі болып есептелінеді. Ұзақ мерзімге есептелініп алынған міндеттемелер ұзақ мерзімділік болып танылған. Қысқа мерзімді міндеттемелер есеп жүргізу ережесіне сәйкес бір жыл ішінде жабылады. Бухгалтерлік баланста сырттан алынған міндеттемелердің көлемі жеке көрсетеді. Ұйым қызметінің жақсы жағдайда өрістеуіне байланысты бухгалтерлік баланс мәліметтері негізінде ұйымның нетто-активтер құнын есептеп шығаруға да болады.

Қаржылық қорытынды есептің көптеген элементтерінің мазмұны «Қазақстандық тұжырымдамалық негізде» қаралған. Ресми түрдегі осы тұжырымдамалық құжатта қаржылық қорытынды есеп жөніндегі ұғым және оның сипаты, сондай-ақ активтерді, пассивтерді, табыстар мен шығындарды, меншікті капитал мен міндеттемелерді танудың мазмұны мен қасиеттері берілген. Бұл тұжырымдамада қаржылық қорытынды есептің құрамдас элементтері, капитал қалыптастыру және оның қозғалысы, ақпараттарды танып білудің критерийлері, бұлардың мақсаты мен құрылымы, сондай-ақ қаржылық қорытынды есептің негізгі элементтерін есеп тәжірбиесінде қолдану жөніндегі ұсыныстар қаралған.[48.]
1.3. «ҰҚ ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп беруін ашу және ұсыну
«ҰК ҚТЖ»АҚ Шымкенттік тасымалдау бөлімшесі өзінің айналысатын жұмысы бойынша темір жолының операторы болып табылады және темір жол бірлестігін магистралдық жаңарту және іске асыруына жауап береді. Тасымалдау темір жолының бөлімшесінің филиалы есепте негізгі жұмыстан табысты пайды және оның іске асыру шығындарын өзі көтереді. Оның мекен жайы бірлестіктен тыс орында жайғастырылған.

Филиал құрылуы Қазақстан Республикасы заңымен негізделген және директорлардың кеңесі жаңа шешімі негізінде тіркелген (№ 11 Хаттама 2004 ж 18 маусымнан).

Филиал жұмысын ҚР заңына сәйкес қоғамның бұйрықтары және баска да акттармен, қоғамның жарлығымен, және шын ұсыныстарымен жүргізеді. Филиал заңды тұлға болып табылды. Қоғамның толық аталуы:

-мемлекеттік тілде - «Қазақстан темір жолы» «Ұлттық компания» акционерлік қоғам;

-орыс тілінде - Акционерное общество «Национальная компания» «Казахстан Темір жолы»[49.]

Филиал өз басынша бөлек балансты құрастырады. Өз жұмысымен айналысу ұйымдастырылуына қарай филиал банкте заңмен сәйкес ағымдағы шот ашып, филиал өз мөрін, штамп және өзінің атындағы құжаттарды, тауар белгісін, қоғамдықтың аталуын көрсетеді.

Филиалдың әрекеттер мерзімі шектелмеген. Қоғамның әрекеттер пәні болып мыналар жатады:

- құрылыс жүргізу ҚР үкіметінің бағадрламасы бойынша Темір жол магистралды жаңарту және икемдеу;

- тасымалдау процессін баскару;

- магистралды темір жолда қызмет ету:

1. темір жол көлігімен

2. жүк тасымалдау , оның ішінде қауыпты жүкті тасымалдау жүргізу темір жол жүргізу, оның ішінде: көліктің қауіпті жүктерді тасымалдауға арнаулы контейнерлерді жөндеу жұмыстары; жүк жөңелтушілердің, жүк алушылардың жұмысын қамтамасыз ету, орынына тасымалдайтың жүкті келтіру, өз кезінде жеткізу және сақтап қалуын қамтамасыз етеді; маркетингтік жұмыс; түрлі көлік түрлері қатысуымен тікелей және аралас жариялау жүйесін ұйымдастыру;

ҚР - сы тасымалдау қаңағатын толық қолдану жұмыстарын жүргізу. Көлік - транзиттік Темір коридорларды іске асыруын дамыту:

1. көлік және коммуникациялар Министітрлігі келісімі қатысуымен: шетелдік ұжымдармен бірлесіп сыртқы экономикалық жұмыстарды дамыту; қызметтердің үнемді (импорт) экспорты; техникалық қауыпсіздік құралдарды қолдану, сақтау, жөндеу және сервистік қызметтер ету, бағдарламаның техникалық құралдарын қорғау, ҚР мемлекеттік секторларын сақтау жұмыстары; Кітаптар, альбомдар және буклет, журналдар, аңықтамалар, бейне альбомдар, көркемфильмдер шығару, қоғамдық жұмыстар туралы мәліметтерді жинақтау және рәсімдеу;

-Информациялық қызметтер өткізу;

-ҚР заңмен рүқсат берілген жұмыс; Филиал мына мақсаттар үшін кұрылған:

-филиалдың әрекеті;

-филиалдың аумағында шектеулі.

2. темір жол көлігімен тасымалдау процессін қанағат ету;

-филиал аумағында жұмысымен клиенттердің жағдайын қанағат ету, темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау; Филиал жұмысының пәні болып табылады:

-пассажирлік поездардың қимылы кестесін өндіру және игеруін орындау, тасымалдау және алып өткізу станциялардың қабілеттігін филиалдың ішінде көбейту;

-филиалдың ішіндегі жүмыстардың тасымалдау процессінде қатысқан қоғамдардағы филиалдардың қызмет ету жұмыстарын икемдеу;

-тасымалдау вагондардың жұмыс парктің ңақтылығына бақылау жасау қамтамасыз ету, олардың тиімді қолдану шараларын өткізу, ңақты жүк тасымалдау үнемділігін қамтамасыз ету және өзіндік құнын төмендету;

-жалға алынған вагон паркін тиімді қолдану, филиал ішіндегі жұмысының вагон паркінің қозғалысына бақылау жүргізу;

-басқа мемлекеттерге жататын филиал ішіндегі вагондардың орналастыруына бақылау жүргізу, және өз кезіндегі жұмыстарын қамтамассыз ету, вагондардың тізім тіркеуін өткізу, вагондардың тіркеу жұмыстары мәліметтерін жинақтау және талдау бойынша қорытынды жасау;

-арнаулы жүктермен ерекше жүктердің әскери және басқа да тасымалдаулардың өткізуін ойласып келескен ережелерін орындау;

-тасымалдайтын жүктердің уақтылы жеткізу және сақталуын қамтамасыз ету;

-вагондарды жинау және жеткізу, басқада ережелер бойынша шарттарды қызметтік жолдардың орындалуын ұйымдастыру;

-жүк жөнелтушілерді ереже және шарттармен, тасымалдайтын құжаттарды және шарттарды рәсімдеумен, тасымалдау және қосымша қызметтердің төлем тәртібімен таныстыру, шарттағы ережелер сақтамаған үшін айыппұлдар және тасымалдаушыны есеп айырысу тәртібі мен таныстыру;

-вагондармен контейнерлердің алып өткізуінде халықаралық кездесу пункттары арқылы ережелерін сақтау;

-ішкі және халықаралық кездесу пунктардағы тасымалдайтын поезддар ішінде коммерциялық тексерім ұйымдастыру;

-жүктерді тасымалдауға тапсырыстармен арыздарды қабылдап рәсімдеу, оларды қоғамға ұсыну;

-дебиторлық борыштардың болмауына шараларды құру және өткізу, претензиялық іздеу салу жұмыстарды қамтамасыз ету;

-жүк тапсырушылармен жүк алушылардың претензияларын қарастыруымен талдауын қамтамасыз ету;

-филиал ішіндегі жүктердің жұмыстар мекен жайын өзгерту шаралары;

-жүктерді өзіне қарату маркетингтік жұмыстарды өткізу Республикалық және халықаралық жариялауларда ұйымдастыру;

-жүк тасымалдау динамикасына көлік нарығын зерттеу, коньюктуралық факторлады темір жолмен әсер ететінің анақтау;

-біркелкі тәртіп бойынша қосылатын станциялармен тасымалдайтын жолдардың жұмысы бірдей технологиялық процестерді бекітуі және құруы.

-орындайтың құжаттар мен станциялардың технологиялық карталарын бекіту -техникалық орындау құжаттарын шын мәнінде толтыру және дұрыс екендігін тексеру;

-филиал ішіндегі жаңа құрылатын және жаңартатын, қосылатын жолдардың жобалардың келісімі мен темір жолға қосылуын қарастыру және келесімінде қатысу.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған.[48]

Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшактық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтіжесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін. Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды дәлдеу үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп атаймыз.

Түгендеу—бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың, ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашьшықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады.

Қаржылык есеп беру «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның инвестациялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндетемесі мен ресурстарын бағалауға жөне олардың басқарушы органдарышың қызметіне кажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.[49.]

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал.

Сондықтан олардың негізгі талабы: кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпаратгар оларды қанағатгандыруы тиіс.

Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады.
Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі акпараттарға мүдделі болып келеді.

Кесте 1.


Есеп берудін мәліметтері

Пайдалылығы

Экономикалық ресурстары (активтер кұрылымы).

Кәсіпорынның табыс алу қабілетін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты.

Қаржылық құрылымы (кәсіпорынның карызы мен меншік капиталының ара қатынасы).

Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі таратудың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау

Өтімділік пен төлем кабілеттілігінің коэффициеті.

Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау

Рентабельділік пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті

Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау

Қаржылық жағдайының өзгеруі.

Қаржылық, инвестициялық, оперативтік кызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау; кәсіпорынның келешектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау.

Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Баланс мәліметтері бойынша «ҰК ҚТЖ» АҚ қаржылық жағдайы сипатталады. Оны жасауға дейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен сәйкестендірілуге тиіс.

Баланс Бас кітапта көрсетілген шоттардың қалдығының негізінде жасалады. Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер деген бөлімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.[19]

Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ, және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.

Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.


Кәсіпорынның балансы 1 қаңтар 2006ж «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң балансы, млн.теңге

Кесте 1


Аталуы

Қатар кодтары

Есеп кезеңнің басталуы

Есеп кезеңнің аяқталуы

1

2

3

4

Активтер










1.Ұзақ мерзімді активтер

Материалдық емес активтер:












Бастапқы құны

010







Тозу

020







Қалдық құны

030

4,0

-

Негізгі құралдар, соның ішінде

040

64,0

307

жер

041







ғиммараттар

042







көлік және жабдықтар

043







Көлік құралдары

044







Басқа да негізгі құралдар

045







Аяқталмаған құрылыс

046







Тозуы

050







Қалдық (баланстық) құны

060

68,0

307,0

Инвестиция, соның ішінде;

070







Еншілес кәсіпорындарға инвестициялар

071







Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар

072







Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар

080

26,0

26,0

Алынуға тиісті шоттар

081







Алынған векселдер

082







Басқа да дебиторлық қарыздар

084







Алдыңғы кезең шығындары

085







Жалпы ұзақ мерзімді активтердің жиыны

090

94,0

333,0

2.Ағымдағы активтер










Тауарлы-материалдық құндылықтар,соның ішінде;

100

102,0

115,0

Материалдар

101







Аяқталмаған өндіріс

102







Товарлар

103







Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар, соның ішінде;

110

77,0

246,0

Алынуға тиісті шоттар

111







Алынған векселдер

112







Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

120







Ақша құралдары

130

76,0

36,0

Жалпы ағымдағы активтердің жиыны:

140

255,0

397,0

БАЛАНС




349,0

730,0

Меншікті капитал мен міндеттемелер

3. Меншікті капитал










Жарғылық капитал

151

35,0

35,0

Төленбеген капитал

160







Резервтік капитал

170







Алынған капитал

180







Анықталмаған пайда

210




292,0

Меншікті капитал жиыны;

220

35,0

327,0

4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер










Займдар, соның ішінде;

230







Банк заемдары

231







Корпоративтік табыс салығы

240







Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиыны:

250







5.Ағымдағы міндеттемелер










Қысқа мерзімді заемдар

260




150,0

Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз

280

314,0

253,0

Соның ішінде










Төленуге тиісті шоттар мен векселдер

281

24,0

15,0

Алынған аванстар

283

151,0

127,0

Бюджетпен есеп айырысу

290

45,0

82,0

Еңбек ақы бойынша персоналмен есеп айырысу

312

17,0

29,0

Басқа да қарыздар

313

77,0

24,5

Ағымдағы міндеттемелердің жиыны;

320







БАЛАНС




349,0

730,0


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет