1.2 Кен орынның геологиялық құрлымы.
Оңтүстік-Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың басқы кезінде жоғарғы Палеозой шөгінділерімен байланысқан. Ол гравитациялық өлшеміне мәліметтермен негізделген магнитті және геологиялық түсірген масштабы: 1:500000 және 1:200000 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Чу- Сарысу депрессиясымен аймақтық сирек тарабындағы сейсмологиялық кескінінің жұмысын орындап болғаннан кейін Арысқұммен КМПВ және жыланшық ғылыми геологиялық зерттеулер жұмыстар нәтижесінде Юра-триас грабень синклиналы (68-72) және мезозой қимасында тиімдіге жатады.
Юра шөгінділерінің қимасындағы 2-к құрылымдық ұңғымасында, сонымен қатар 2-к Арысқұм көрсеткіш ұңғымасында, ал неоком шөгінділеріндегі 15-қ құрылымдық ұңғымасында мұнайдың алғашқы белгілері кездесе бастады. Турландық ГФЭ "Казгеофизика" өндірістік геология бөлімі аудан аймағындағы осы ұңғымадан 1983 жылы адымымен 4 километр сейсмопрофильді іздестіру жұмысы атқарылып Құмкөл ойпаты болады.
Осы жылы қосылған ІІІ шығыстырылған горизонт ойпатында І- іздеу ұңғымасында бұрғылау жұмысы басталып осы процесстерінде кейін 4-П сынау кезінде ақпан айының басында 1984 жылы жоғарғы неоком шөгінділерінен алғашқы мұнайдың атқылау ағысын алды, ал одан әрі жұмысын тереңдете түскенде Юра шөгінділерінен мұнай және газдың атқылауы болды.
Іздеу барлама жұмыстарының нәтижесінде 1984-1985 жылы Құмкөл кен орнын төменгі неоком, жоғарғы және ортаңғы Юра шөгінділерінде мұнай бар екені анықталды. Турандық геология- геофизикалық экспедициясы тексергенде Құмкөлдің өз ойпанынан ойпан пайда болып, оны Солтүстік Құмкөл деп атаған. Келешекті бұрғылау жұмыстары анықталады, ол жалғасып жатқан Солтүстік переклиналы болып табылады. 1987 жылдың басында қайта өңдеу нәтижесінде сейсмологиялық материалдық қиындатылған бағдарламасы бойынша Қазақстан методикалық тәжірибе экспедициясы батыс және шығыс учаскелерінің Құмкөл кен орнымен қиылысатын жері өнімді қабат болып табылады. Маңғышылақ мұнай бірлестігі 1987 жылы кен орнында пайдалану бұрғылау жұмыстарын бастап, қосымша оның өңдеу жұмыстарын бірге атқарды.
Құмкөл экспедициясы 1988 жылдың қантар айының бірінші жұлдызынан бастап Құмкөл мұнай бірлестігіне МГӨБ қарамағына беріліп өздігінен жекеше болып саналады.
1.2.1 Стратиграфия
Құмкөл кен орнының қимасы мезозой, кайнозой шөгінділерімен көрсетілген.
Арысқұм ойпатында және кен орнында мезозой, кайнозой екі құрылымдық қабаттарға бөліктелінеді. Бөліктелінгендер аймақтық стратиграфияға келіспейді. Жоғарғы юралық және бор.
Юра жүйесі-J
Ортаңғы бөлік-J2
Ортаңғы Юра шөгіндісі дощан ұңғымасына (J2d) бөлінген, олар қабаттасқан түрде, сұр аргелиттен құралған. Свитаның ермегіндегі бөлігінде жиі кездесетін біркелкі қабаттасқан құмтастар және аргелит қалыңдығы 12-ден және 56 метрге дейін, ал заты мұнайлы болып табылатын (горизонт Ю-ІV) свитаның төменгі жағындағы құрылымдық қабатында 4-6 метр аралығындағы көмір қабаты бар. Төменгі свитаның бөлігі Ю- ІV горизонты тыныс фундаментіне татитын жердегі қосымша құрылымдық бөлігіне қосылады.
Оңтүстік-батыс бөлігіндегі шөгінділеріне дощан свитасына толық қосылады. Ол оның қабатының қалыңдығы 219 метрге жетеді.
Арысқұм ойпатының грабень синклиналды свита құрылысы сазды болып, оның қалыңдығы 502 метрге дейін жетеді.
Бор жүйесі-К
Құрылымдық бұрғылау кескінінің мәліметтері бойынща бор шөгіндісі кен орнында және ауданда бөлінеді, даул және Қарашатау свитасының төменгі бөлігі, балапанның жоғарғы бөлігі және турансенон болып бөлінеді.
Төменгі бөлік-К1
Неоком ярус үсті (К.Н.С) неоком ярусшасы даул свитасына бөлінген.
Аумақтық жылжуымен жатады және Қоскөл свитасының бұрыштық құрылуына келіспей төменгі және жоғарғы даул ярусшалары болып бөліктенеді. Төменгі даул ярусшасы негізінде Арысқұм горизонтының құрамын ұстап тұрады, яғни Құмкөл кен орнында көрсетілгендей құммен және қоңыр сазды қабатта карбонатты алевролит және саздан құралған.
Өнімді горизонты (М-І және М-ІІ) болып саналатын төменгі даул свитасының жоғарғы бөлігі саздан және карбонатты алевролиттен құралған саз қалыңдығы 113-163 метр. Бұл өнімді арысқұм горизонтының беткі сұйық тірегі болып саналады. Жоғарғы даул ярусшасы төменгі және ортаңғы қимасында біркелкі құм, қызыл түсті саз жынысты болып, ал жоғарысында сазды болып құралған.
Апт-альб ярусы (К1а-аlч)
Апт-альб шөгіндісі жуылып даул свитасында жатыр және қарашатау свитасына біріккен. Свита әлсіз цементтелген, сұр және әртүрлі түсті құмтастан тұрады. Свита қалыңдығы 250-350 метр.
Төменгі жоғарғы бөлік К1-2
Альб-сеноман ярусы (Каl3-6). Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау свитасында жатыр және қызылқия свиталарына бөлінген, бұлар әртүрлі түсті саз алевролитінен құм, құмтас қабатшасынан және саздан құралған свита қалыңдығы 87-168 метр.
Туран ярусы (К2t). Туран шөгіндісі балапан свитасына бөлінген. Ол қызылқия свитасына трансгресситі жатыр және сұр құмтаспен, жұқа көлденең қабаттардан жинақталған.
Свита қалыңдығы 82-ден 150 метр шегінде ауытқуынан тұрады. Мұнда көмір қалыңдығы және гладконт дәні бар. Жоғарғы туран-төменгі сенон (К2 t2-Sn2). Бұл шөгіндінің қалыңдығы жуылып балапан свитасының жынысында жатыр. Литологиясы бойынша әртүрлі түсті ала құмнан және 123-236 метр саз қалыңдығы күйінде көрсетілген.
Жоғарғы сенон (К2- Sn2)
Жоғарғы сенон құрылымы шөгіндісінің шегі палеоген алдындағы туылу себебінен көптеген ұңғымаларда жинақталған қабатталған әктасты ақ құмнан және сұр сазбен құралған
Палеоген төменгі эоцен (Р1-Р2) палеоген төменгі эоцен шөгіндісі жуылып жоғарғы бордан әртүрлі горизонттарда жатыр. Олар күңгірт сұр саздың қатты қаныққан көмір өсімдік детритімен және кварцглауконитті құмнан жинақталып сол күйінде көрсетілген. Олардың ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.
Палеоген төрттік шөгіндісі (N-Q)
Палеоген төрттік жас шөгіндісі сыртқы Арысқұм иілімінің бөлігінде жетілген. Құмкөл құрылымына шартты түрде алаңның бетін жауып тұратын құм, супейс енгізілген. Олардың қалыңдығы 10 метрге жетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |