Қорытынды
Қорыта келгенде, технология заманында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен–күнге артып, мазмұны өзгеріп отырғаны көпшілікке мәлім. Олай болатын болса, оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім берудің жаңа, озық, тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстарын жүргізу міндеттері жатыр.
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың нәтижелерін былайша қорытындыладық:
Орта мектепте білім беру сапасын көтеру, оқушылардың оқу мазмұнын сапалы ұғынуы және заман жетістігі – ақпараттық құралдарды өз оқу іс-әрекетінде еркін пайдалану жөніндегі білік-дағдыларды игеруі негізгі талаптардың бірі болып отыр.
Инновациялық технологияға байланысты зерттеулердің және бұл бағытта қабылданған құжаттар пакетінің едәуір үлкен болуына қарамастан, химия мазмұнындағы мәселелерді өмірмен тығыз байланыста қараудың жеткіліксіздігінен, оның салдарынан оқушылардың сана–сезімнің қалыптасуының төмендегінен, химиялық білімінің төмендегендігі байқалды.
Оқыту үрдісінде қолданылатын әдіс – тәсілдерді саралай келе оқыту жүйесіндегі инновациялық технологияны қолдану арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді игеру, жаңа біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, өз ойын еркін түрде жеткізе алатын, топпен жұмыс жасай алатын, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытатын ерекшеліктері айқындалды. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында химия пәнін модульдік оқыту әдістемесін мектепте енгізуді ұйымдастыру жүргізілді.
Осы жұмыс жалпы білім беретін орта мектептерде нәтижелі жүргізілуі үшін оқу–тәрбие процесі технологияландырылып, нәтижесінде оқушылардың сабақ үстінде танымдық белсенділігін жоғарылататын, ізденуге, пікірталасқа түсуге талаптандыратын, сабақ уақытын үнемді де ұтымды пайдалануға жетелеп, осының есебінен оқушылардың барлығын дерлік бағалауды мүмкін ететін технологиялық әзірлемелер, соның ішінде АКТ – да жүйелі қолданылатын құралға айналуы тиіс. Бұл кезде оқу материалын көрнекі, әсерлі, ыңғайлы жеткізуге бірден–бір көмекші аспаптар – заманауи ОТҚ–лар мұғаліммен шебер пайдаға асырылуға тиіс.
Химия пәнін инновациялық технологиямен оқытуда өзіндік, топтық тапсырмалар оқушылардың топпен және өздігінен жұмыс жасау қабілетін жетілдіретіндей етіп ұйымдастырудың жолдары таңдалды. Оған жаттығуларды орындау, есептерді шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, оқулықпен жұмыс, сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді, сабақ арасында ойсергектер ұйымдастыру, сабақты түрлі әдіс-тәсілдер бойынша орындаулары т.б. жатады.
Бұрынғы дәстүрлі технология бойынша оқушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана қызметін атқарып келсе, қазіргі заманауи технологиялардың арқасында оқушылар жаңа тақырыпты өз еріктерімен меңгеріп, оны талқылап бір – біріне түсіндіре білді. Әрбір оқушы өз ойларын, өз жауаптарын айта алатын жағдайға жетті. Бірін – бірі, өздерін бағалай білді. Оқушының өзіне деген сенімділігі арта түспек.
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Қорыта келгенде, зерттеуіміздің ғылыми болжамы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында дәлелденді және жүргізілген зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтижелер алынды.
Әрине, біздің зерттеуімізде қойылған мәселе толық, жан-жақты қарастырылды деген кесімді жауап айта алмаймыз. Зерттеу жұмысы күрделі де ауқымды болғандықтан, алдағы уақытта жаңа технологиямен білім берудің әртүрлі қырларын ескере отырып, инновациялық технологиямен білім беруді жетілдіру әлі де болса өзекті мәселелер қатарынан көрініс табады деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |