4.9. Қалдықтарды бақылау сызбасын таңдау және бекіту
Олардан жылдық астықты бөлуді бақылауға арналған астықты ұнтақтауға дайындау процесінде 1, 2, 3 категориялы қалдықтар алады. Қалдықтарды бақылау сызбасын мына кестеге сүйене отырып, жобалайды:
Технологиялық процестегі операциялар
|
Машиналар
|
Астықты жуғанға дейінгі қалдықтарды бақылау
|
Бурат, ауасы жабық циклді аспиратор немесе
аспирационды бағана
|
Жуғаннан кейінгі астықты тазалауда қалған алынған қалдықтарды бақылау
|
Бурат, ауасы жабық циклді аспиратор немесе
аспирационды бағана
|
Қалдықтарды ұнтақтау
|
Ұнтақтағыш немесе білікті станок
|
Тас бөлу машиналарының қалдығын бақылау
|
Дірілпневматикалық тас бөлу машинасы
|
Триерлер қалдығын бақылау
|
Бақылау триерлері
|
Жуу машиналарының ағынды суларын бақылау
|
Дәнтұтқы, қалдықтарға арналған кептіргіш, бак-тұндырғыш
|
Қалдықтарды таразылау
|
Автоматты таразылар
|
Аршып-жылтырату машиналарының қалдықтары
|
Көлденең кесіндіде
|
Сонымен бірге, алынатын қалдықтардың сипаты мен қалдықтарды бақылау туралы негізгі ережелерді де көрсетеді. 3-санаттың қалдықтары (қара шаң, айырғыштың қабылдау електерінің түскендер) бақылау мен өлшеуге жатпайды. Бақылау сызбасын дәнді тазалау мен тартуға дайындаудың жалпы сызбасында көрсетеді. Ластайтын өсімдіктердің тұқымдары таралуын болдырмау үшін, қалдықтар цехтарында немесе шектелген бөлмелерде ұн тарту зауытының бөлімінде ұсақтағыштарда немесе білікті станоктарда 1, 2 санаттардағы қалдықтардың ұсақталуын қарастырады. Дайындау бөлімінен цехқа қалдықтарды пневмотасымалдаумен жібереді. Жалпы цехта зауыттың басқа өндірістік цех қалдықтарымен бірге бункерлерде 1, 2 санатты қалдықтарды сақтайды. Цехта қалдықтарды сақтауға арналған бункердің сыйымдылығын 3-5 тәуліктік қорды сақтау шартынан анықтайды.
Бұл қалдықтардың бақылау жолдарын есептегенде 1-2 санатты қалдықтар мөлшерін 3% деп алу ұсынылады. Қалдықтардың бақылау жолдарын есептегенде 3-санатты қалдықтар мөлшері 1%. Қалдықтардың әрбір санаты үшін ұн тарту зауытының 10-12 сағат жұмысына есептелген жинақтау бункері қажет.
4.10. Қалдықтарды бақылау үшін құрылғыны есептеу және таңдау
1. Қажет құрылғы саны
n=Q• Сп\24•gм•100, мұндағы
Сп – машинаға түсетін азық саны, %
gм – машинаның күндік және сағаттық өнімділігі, т\күн; т\чсағ.
2. Автоматтық таразылар саны
n= Q•1000•Сп\100•24•E•nвз, мұндағы
Сп – өлшеуге түскен азық мөлшері, %;
E – ожау сыйымдылығы (100, 50, 20) кг;
nвз – ожау сыйымдылығы
3. бункер сыйымдылығының есебі
Vp=Cn• Q• T\Y• 24• 100• Ku,
мұнда, Vp – бункер сыйымдылығының есептік мағынасы, м3;
Cn –дайындау бөліміндегі астық мөлшері, %;
T – бункерде астық түскен уақыты время, 30-50 сағ;
Y – 1ші 2 ші категориялы қалдықтар– 0,35 т\м3, 3 категориялы– 0,4 т\м3
Ku – бункер көлемін пайдалану коэффициенті,:
h\в=3 Ku=0,85
h\в=1,5 Ku=0,7
h\в=1,0 Ku=0,6
4.Ұнтақ көлеміне байланысты есептер кестеге енгізілуі керек
№
|
Атауы
|
марка
|
мөлшері
|
Өнімділігі
|
|
|
|
|
Паспорттық
|
фактілі
|
|
|
|
|
|
|
4.11. Дайын өнімнің бөлімі, дайын өнімнің сипаты
Ұн тарту және жармалық зауыттардың шығару бөлімінде келесі операциялар қарастырылған: жеке құрамдардан ұн сұрыптарын қалыптастыру; ыдысқа ұнды (жарманы) шығару; дайын қапталған өнімді сақтау мен жіберу; ұсақ ыдыстарға ұн мен жарманы бөліп салу және қаптау.
Ұнның ыдыссыз және ыдыста сақтау көлемдерінің қатынасын жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес белгілейді. Ұн мен жарманы шығаруға, бөліп салуға арналған бөлмені дайын өнімді ыдыста сақтаудың қоймасы мен негізгі өндірістік бөлмелерінен шектеу қажет.
Кішігірім өндірушілікті ұн тарту зауыттарында ыдыссыз тасымалдауларға қажетті жағдайлар болмағанда, дайын өнімді босату мен сақтау жобаланбайды. Көлік механизмдерінің санын қысқарту үшін шығару бөлімі мен ұн тарту зауытының ұнтақтау бөлімі немесе жарма зауытының аршу бөлімі жағынан орналастыру керек.
Өндірілетін өнімді ұнтақтау немесе аршу бөліміндегі автоматты таразыларда өлшейді, одан әрі сұрыпты ұнды немесе жарманы, манка жармасы мен кебектерді шығару бөліміне жібереді. Шығару бөлімінде өнімдерді металмагнитті қоспалар құрамына тексеріп, салмақпен шығару аппараттарының үстіндегі бункерлерге аэронауалармен жібереді. Кебектерді бункерлерге конвейерлермен жібереді. Мөлшерлегіштермен жабдықталған бункерлерден ұнды немесе жарманы жартылай автоматты салмақпен шығару аппараттарына береді. Толтырылған қап конвейерге түсіріліп, тігу машинасына беріледі, одан өтіп десте қалыптайтын машинаға дайын өнім қоймасына түседі.
4.12.Дайын өнім есебі мен цех құрылғысын таңдау
-
Автоматтық таразылар саны
nв=Qрасч• 1000\24• 60•a•в,
мұнда а – таразы ожауының сыйымдылығы (100, 50, 20)кг;
в – минутына құлау саны (егер а=50, то в=180; а=100, то в=120).
-
дозатор араластырғышының саны
n= Qрасч Cn\100•g,
мұнда, Cn – дозаторға тиеу,
g – дозатор-араластырғышының сағаттық өнімдіоігі, т\с.
-
Барлық бункерден біруақытта ұнды дозирлеу
n= Qрасч\m•g •24,
мұнда m – бункер саны.
-
Бункер сыйымдылығының есептік мағынасы м3
Vp=Cn• Q• T\Y• 24• 100• Ku,
мұнда, Vp – бункер сыйымдылығының есептік мағынасы, м3;
Cn – ұнтақтау бөліміндегі ұн мөлшері, %;
T – бункерге түскен уақыты, 30-50 час;
Y –көлемдік массасы, т\м3;
Ku – бункер көлемін пайдалану коэффициенті:
h\в=3 Ku=0,85
h\в=1,5 Ku=0,7
h\в=1,0 Ku=0,6
-
Бір бункер сыйымдылығы, Vб, м3
Vб= h • а• в,
мұнда, h, а, в – бункер көлемі, м.
-
Бункер саны
n=Vр\Vб
-
Бункердің фактілік сыйымдылығы, м3
Vф=n•Vб•γ•Ки
мұнда, n – бункер саны
Vб - бір бункер сыйымдылығы
γ - астық табилығы т\м3
Ки - бункер сыйымдылығын падалану коэффициенті
8. аппарат салмағаның есептері
n=Q•Cп•Uх• 1000\100•100•g•ρ•τ
мұнда, Cп – азықтың шығуы, %;
Uх – сақталуға салынған өнім мөлшері %;
g –шығару таразысы аппараттың өнімділігі;
ρ – құлама массасы, кг.
9. зашивочных аппарат сыйымдылығы, n ұн немесе жарма немесе завод өнімділік санына тәуелді:
n=1000•Q•Cn\100•g•p•τ
мұнда, g –тігін машина өнімділігі (500 мешков\час);
p – қап массасы, кг.
-
Барлық есептерді кестеге енгізу қажет
Атауы
|
марка
|
мөлшері
|
Өнімділігі
|
|
|
|
Паспортты
|
фактілі
|
|
|
|
|
|
5 Бөлім. Жарма зауытын жобалау
5.1. Дәнді аршуға дайындау сызбасын таңдау
Әр түрлі жарма дақылдарының дәндері морфологиялық, анатомиялық белгілермен, физика-химиялық қасиеттермен ерекшеленеді, бұл оны аршуға дайындаудың өндірістік үрдісін құруға және негіздеуге әсер етеді.
Жарма өндірісіндегі технологиялық үрдіс сызбасын әр дақылға және өңдеу түріне қатысты өңдейді. Жарма зқауытының реконструкциясында бастапқы мәліметтер негізінде өңделетін дән ерекшеліктерін ескереді және түрлік сызбаға енгізілуі қажет өзгерістерді белгілейді. Ондай өзгерістерге элеваторда немесе қиын бөлінетін ластаушы қоспалардың жоғары құрамында пневматикалық сұрыптау үстелі немесе тас бөлу машиналары арқылы өткелдердің санын ұлғайтуы мүмкін.
Қоспалардың негізгі массаларын бөлу үшін жарма зауыттарында екі-үш тізбекті айыруды қолданады. Сұлы, арпа, бидай үшін қуыршақ іріктеулер, қарақұмық, бидай іріктеу машиналары қолданылады. Бұршақ, жүгері мен күріш үшін триерлер орнатылмайды. Минералды қоспаларды бөлу үшін әр түрлі тас бөлу машиналары мен пневмоүстелдер қолданылады. Жарма зауыттарында дән тазалаудың бөлшектеу әдісін енгізеді, бұл кезде оны бөліктерге бөледі. Бұл кезде әр бөлік үшін аспираторларда ауа ағынының тәртібін, триер ұяшықтарының өлшемін т.б. өте дәл алу қажет, бұл әр түрлі қоспаларды өте мұқият бөлуге мүмкіндік береді. Қиын бөлінетін қоспаларды бөлуге арнайы әдістер арналған. Сонымен бірге, қоспаларды ұсақ дәнмен алады. Бұл жағдайда дәннің қандай да бір бөлігі жойылады, бірақ қалған ірі дәнде қоспалар аз болып, одан стандартқа сай жарма алуға болады. Дәнді қоспалардан тазалау үрдісінде оны 2, 3 одан да көп бөліктерге бөледі, артынан шикізаттың әр бөлігін дән ірілігі мен лас қоспалар құрамы есбімен тазалайды. Осылай, қарақұмықты айыруда, оны тесігі дөңгелек формалы, бірінші түрдегі електерді қолданып 2-3 бөліктерге бөледі, одан кейін әр бөліктен қиын бөлінетін қоспаларды бөледі және тесігі үшбұрыш формалы, үшінші түрдегі електі қолданады. Қарақұмықты бөліктерге алдын-ала бөлу тесігі үшбұрыш пішінді елек нөмірін өте дәл таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша, арпадан жарма өндірісінде дайындық кезеңінде ұсақ дәнді бөлуге және ары қарай бақылауға арналған жүйелерді жобалау қажет. Тарыны қайта өңдеуге дайындағанда да осы әдіс қолданылады. Сұлыны гидротермиялық өңдеу жүргізгеннен кейін, дән тазалау бөлімінде соңғы өткелде ірі және ұсақ бөлікке бөледі. Бұршақты қайта өңдеу бөлімінде сепкіштерді қолданып, ірі және ұсақ бөлікке бөледі. Қарақұмықты аршу операциясының алдында алты бөлікке бөледі.
Дән тазалау бөліміндегі тазалаудың бүкіл үрдісінің технологиялық тиімділігін тазалауға дейінгі және одан кейінгі дән сапасын салыстыру негізінде анықтайды.
Бір сызба бойынша жарма дақылдарының келесі дән топтарын өңдеуге болады:
- қарақұмық-тары;
- сұлы-күріш;
- арпа – бидай – бұршақ – жүгері.
Дән тазалау машиналарының санын кестеге (қосымша) сәйкес қабылдау қажет. Дәнді бөліктерге айыру үшін және оны қоспалардан тазалауда машиналардың басқа түрлері де қолданылуы мүмкін. Көрсетілген айырғыштар жүйесінің немесе өткелдердің саны алдын-ала кезеңде элеваторларда тазалауды қоспайды. Дән тазалау машиналарының тізбекті өткелдер санын таңдауда жобалаудың нақтылы шарттарына сәйкес өзгерістер кіруі мүмкін. Осылай, айырғыштар жүйесінің саны, алдын-ала кезеңде элеваторда дән тазалау болмағандықтан, ұлғаюы мүмкін.
Дән тазалау бөлімінің сызбаларын жобалауда олардың ерекшеліктері ескерілсе, бір дақылды өңдеуден зауыттың басқа дақылға ауысуында, қоспалардан дәнді тазалау ерекше қиындықтар ауырмайды. Дән тазалау бөліміндегі жабдықтың негізгі жинағы бірнеше дақылдар дәнін тазалау үшін қолданылуы мүмкін. Дәннің технологиялық қасиеттерін жақсарту, құрылым-механикалық қасиеттерін өзгерту үшін дән тазалау бөлімінде аршуға дейінгі гидротермиялық өңдеуді қарастырады. Ол үшін тіпті дәннің бір дақылына арналған жағдайда да, жабдықты орнатады. Кептіргіштер үстіндегі бункерлердің сыйымдылығы буландырғыштардың екі-үш есе сыйымдылығына тең болу керек. Физикалық қасиеттері, пішіні, анатомиялық құрылысы бойынша жарма дәндерінің үлкен әр түрлілігін ескере отырып, өңдеуге жарма шикізатын дайындаудың бірыңғай қағидалар қолданылады. Гидротермиялық өңдеуге барлық дақылдар ұшырамайды. Булаумен, кептірумен және салқындатумен технологиялық сызба бойынша қарақұмық, сұлы, бұршақ өңделеді. Бидай мен жүгері бір реттік ылғалдаумен және сулаумен ГТО, суық әдіс технологиясы бойынша өңделеді. Бидай және қарабидайға қарағанда, жарма шикізатында қоспалар саны көп. Осылайша, жарма шикізатын өңдеуде әмбебап технологияны өңдеу мүмкін емес. Бірақ кез-келген дақыл үшін технологиялық сызбаларды өңдеуде тән болатын, бірнеше жалпы ережелерді білуге болады:
-
Қайта өңдеуге дайындалған жарма шикізаты сыйымдылығы зауыттың тәуліктен кем емес жұмысын қамтитын, тазаланбаған дәнге арналған сыйымдылықтарда жедел сақталады;
-
Жарма шикізатының бетімен берік байланыспаған қоспалар үшін технология 2-3 реттен кем емес айыруды қарастыруы керек;
-
Технология ұсақ дәннің бөлінуін қарастыруы керек;
-
Жарма дәнін бөлшектеп тазалау өте тиімді болу керек;
-
Триерлер мен концентраторларды қолданумен қысқа және ұзын қоспалардан дәнді тазалауды қарастыру қажет;
-
Соққы әсерлі машиналар алдында, дәндер мен қалдықтарды тексеруде металмагнитті қоспаларды бөлу, жеңіл және минералды қоспалардан дәнді айыру, бақылау мен салмақтық есептеу үшін түсетін дән мен соңғы өнімдерді өлшеу міндетті операциялар болып табылады;
-
Пайдалы дәнді алу және оны технологиялық үрдіске қайтару мақсатымен, технология жемді дән өнімдері мен қалдықтардың тексерілуін қарастыруы тиіс.
5.2. Жедел бункерлердің сыйымдылығын есптеу
Өндірістік операцияларға қажетті бункерлердің сыйымдылығын зауыт өндірушілігі, бункерде дән болуының ұзақтығы және бункер көлемін толтыру коэффициенті есебімен анықтайды.
-
Бункерлер сыйымдылығы, V (м3)
V=Q• τ\24•γ•Ku
мұнда, Q – зауыт өндірушілііг, т\тәу;
τ – бункерде астықтың болу ұзақтығы, сағ;
γ – өнімнің көлемдік массасы, т\м3;
Ku – бункерді пайдалану коэффициенті.
Коэффициент Ku бункердің бүкіл көлемін өніммен толтыру дәрежесіне, бункердің биіктігі мен қимасына, өнімнің жаратылысты құлама бұрышына байланысты. Бұл коэффициент бөлшектегі толтырылатын бункердің жоғарғы бөлігіндегі көлем шығындарын және шығару шұқыршағының құламасынан төменгі бөлігіндегі шығындарды есептейді.
Максималды еніне бункер биіктігінің Н\В=3 қатынасында Ku =0.85; Н\В=1 болғанда Ku =0,6 деп қабылдайды.
Бір құрама сызба бойынша әр түрлі дақылдар дәнінен жарма өндірісінде, бункерлердің сыйымдылығы табиғаты азырақ дақылға, ал бункерлер түбінің еңіс бұрыштары жаратылысты құрама бұрышы көбірек дақылға есептелуі тиіс. Бункерлер өлшемдерін белгілеп, олардың санын анықтауға болады. Тазартылмаған дәнге арналған бункерлер көбінесе 2-3 қабат (h=9,6-14,4 м) биіктігімен, қимасы 3 м өлшеммен жақтарға не квадратты болып алынады.
5.3. Жарма зауытындағы дайындау бөлімінің технологиялық жабдықтары
Дайындау цехтарына арналған жабдықтардың қажет санын жабдықтың төлқұжатты өндірушілігі бойынша және зауыт пен оның аршу бөлімінің берілген өндірушілігін сұлыны, қарақұмықты, күрішті, тарыны, арпаны өңдеуде 20%-ға және бидайды, бұршақты, жүгеріні өңдеуде 15%-ға асатын есептік өндірушілік Qр (т\тәу) бойынша есептейді.
1. өнімділік есебі Qр (т\сут)
Qр = К•Qзад =(1,15…1,2) •Qзад
Мұнда Qзад – завод өнімділігінің берілуі, т\сут;
К – қосымша коэффициенті.
-
Қажет машина саны
n=Qр\qм ,
мұнда, qм –машинаның паспортты өнімділігі, т\сут. кесте.8. (қосымшаны қараңыз.)
-
таразылық бункер формуласын пайдалана отырып автоматтық таразыларды таңдап алады Ев (кг)
Ев= Qр•1000\24•60•n,
мұнда, n – өлшеуге минутына жіберілген саны (2 өлшемнен көп емес).
Күріш, сұлы, қарақұмық, қауыздар үшін ожаудың төлқұжатты сыйымдылығын 25%-ға азайту керек, өйткені ожауға өнімдердің көрсетілген массасы сыймайды. 20,50 және 100 кг жүккөтергішті автоматты таразыларда сәйкесті 15,40,80кг салмақты гирлер орнатады.
Дәнді сұрыптауға және дән қалдықтарын бақылауға арналған електейтін машиналар санын әр машинаның електейтін беткі ауданы есебімен анықтайды.
-
Машинаның себулік үсті F (м2)
F=1000•Qзад\q,
мұнда, q – 1 м2 бетіне себулік
Содан кейін сепкіш беттің ортақ шамасын технологиялық процестің негізгі операцияларына бөледі. Елеуіш машиналардың ауданы 10.(2) қосымшада келтірілген.
-
Барлық есептерді кестеге енгізу қажет
№
|
Атауы
|
маркасы
|
мөлшері
|
өндірісі
|
|
|
|
|
паспорттық
|
фактілі
|
|
|
|
|
|
|
5.4. Жарма дақылдарының дәнін аршу сызбасын таңдау және негіздеу
Технологиялық операциялардың ерекшелігі мен даму дәрежесі жарма дақылдарының қасиеттеріне, дайын өнім түріне, қолданылатын жабдық сипатына байланысты болады.
Технологиялық сызбаларды жобалаудың жалпы қағидалары келесідей:
-
Бастапқы кезеңде басты технологиялық операцияларды дұрыс таңдау үшін, оның бөліктік құрамын, жарма дақылына сәйкес дән қасиеттерін жалдау қажет.
-
Егер дән өлшемдері мәнді ішектерде варьирленсе, онда дәнді алдын-ала сұрыптау операцияларын қарастыру қажет.
Бұл операцияның болуы аршуға арналған жабдық түріне байланысты. Осылай, жұмсақ резеңке бетті аршығыштарда дәнді аршу кезінде ірілігі бойынша сұрыпталмаған дәнді аршуға болады. Ал бұл мақсатта қатты жұмыс саңылауымен және абразивті жұмыс беттерімен аршығыштарды қолдану жарма дақылындағы ядроның мәнді ұсақталуына әкеледі.
Дәнді дақылдардың әртүрлілігі және өңделетін жарманың кең ассортименті аршу бөліміндегі техенолгоиялық операциялардың күрделілігі мен көлемін анықтайды. Аршу бөліміндегі технологиялық үрдістің сызбасын таңдауға келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- кәсіпорын өндірушілігі;
- өңделетін дәнді дақыл және оның физика-химиялық ерекшеліктері;
- өнім шығымына және сапасына қойылатын талаптар.
Бірінші әдіс негізінде, аршу өнімдерін бөлуде жарма дақылының дәні мен ядросы таза түрде бөлінеді. Бұл бөлінген дәннің қайта аршылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Технологиялық сызбалардың 2 модификациясын ажыратады: аршу жүйесінің бастапқы жүйесіне аршылмаған дәндерді қайтарумен және арнайы төгу жүйесіне аршылмаған дәндерді қайтарумен. Аршу нәтижесінде таза түрде ядро түзілетін дақылдар үшін аршу үрдісі ядроны аралық бөлумен технологиялық сызбалар бойынша құрылған. Тарыны аршуда да осылай таза түрде ядро түзіледі, оны дәндерден бөлу қағидалы мүмкін болады. Бірақ қазіргі уақытқа дейін физикалық белгілері бойынша мәнсіз айырмашылықтарынан, тарының ядросы мен дәнін бөлудің сенімді әдісі технологияды жоқ. Сондықтан тарыны конвейерлі әдіспен аршиды. Алынатын сыртқы қабықшасы ядромен тығыз байланысқан жарма дақылдарының дәнін де осылайша аршиды.
Конвейерлі әдіс негізінде конкреттік тізбекті аршуды берілген әсерге жеткенше қайталайды. Ұсақталмаған жармалар технологиясында конвейерлі әдісті қолдану азырақ тиімді, бұл ядроның жоғары ұсақталуымен және өнімдердің үлкен айналымымен байланысты..
Ядроны аралық бөлумен әдістің артықшылықтар қатары бар:
- ұсақталуды төмендеу (2-3,5%ға) есебінен, бүтін ядроның шығуы ұлғаяды;
- өнімдер айналымы 2-2,1 есеге азаяды/өнімдер айналымы айналым коэффициентімен бағаланады, ол дәннің бастапқы мөлшеріне үрдісте түскен өнімдердің нақтылы мөлшерінің қатынасына тең/;
- қайта өңдеуге энергияның үлестік шығыны төмендейді.
Операциялардың реттілігі жармаға арналған аршу бөлімінде, негізгі өнім болып толықтай жарма болып табылады:
Аршу алдында сорттау
↓
Аршу
↓
ұсақталу←Аршу өнімдерінің сортталуы
↓
Тегістеу
↓
Жылтырату
↓
Сапа бақылауы
↓
Операциялардың реттілігі жармаға арналған аршу бөлімінде, негізгі өнім болып ұсақталған жарма болып табылады:
Аршу алдында сорттау
↓
Аршу
↓
Аршылған өнімдерді сорттау
↓
Тегістеу
↓
Тегістелген өнімдерді сорттау
↓
Тегістеу
↓
Жылтырату
↓
Сапа бақылауы
↓
Ірілігі бойынша дәнді сұрыптау аршу үрдісін жақсартады. Ол үшін електейтін машиналарды орнатады. Қарақұмықты аршу алдында алты бөлікке бөледі; күріш, сұлы мен бұршақ-екіге. Аршу әдісін таңдау өңделетін дәннің анатомиялық құрылысына және құрылым-механикалық қасиеттеріне байланысты. Қажетті машинаны дұрыс таңдау ядроны минималды ұсақтауда аршудың жоғары коэффициентін алуға мүмкіндік береді. Қарақұмық пен тарыны білік декті станоктарда рашиды, арпа, бидай, бұршақ-аршу тегістеу машиналарда, күріш сұлы – екі білікті аршығыштарда, арпа сұлы жүгері –абразивті цилиндрмен түс қағазды машиналарда, сұлы аршу астарында. Тегістелген жарма алуда арпа, бидай, жүгері білікті станоктарад ұсақталады.
Таяқшаларға, арап жармасына арналған ұсақ жүгері жармасын өңдеуде білікті станоктарда көбінесе ұсақтауды пайдаланады. Жүгеріні ірі ұсақтауға детерминаторлар қоланады.
Жобалауда екі, кейде, одан да көп жарма дақылдарын өңдеуге болатын технолгоиялық үрдіс сызбасы ең тиімді екенін ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |