ІІІ. БЕЙМЕТАЛ ТАРАУЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БІЗДІҢ ЖАСАҒАН ІС – ӘРЕКЕТТЕР
Дөңгелек үстел, рөлдік ойын, сапалық реакция
«Фосфордың қасиеттері» рөлдік ойыны
Ертеде «Фосфор» қалашығында ағайынды үш жiгiт болған – Ақжан, Қаражан, Қызылжан деген. Түрлері де мінездері де ұқсамайды. Ақжанның мiнезi нашар, тез тұтанып шыға келедi, өзi улы заттар қоймасында істейді. Ағаларына қарағанда момын, Қаражан әскери адам, түтінің бұрқыратып темекі шегедi де жүредi, ал Қызылжан сiрiңке зауытынын директоры. Ағайындылардың iшiндегi қай жiгiт жан - жағына шуақ шашып жарық түсіріп жүредi?
Сатылай кешендi iзденiс (рөлдiк тапсырма) химик, физик, биолог, дәрігер, агроном, тарихшы, географ, iзденушi
Ізденуші: Қазiр бiзге тарихшы жұмбақ жасырады.
Тарихшы: Гамбург алхимигі Бранд «философиялық тас» алу жолын да көп жұмыс істеді. Брандтың ойынша бұл тас кәрiнi жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмiрiн ұзартатын тас болды. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келдi. Бiрде ол жаңа рецептi бойынша зертханада жұмыс iстедi. Адам зәрiн суалтып, оған көмір мен кұмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырды. Құтының iшiнде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Сөйтіп, 1669 жылы осы зат кездейсоқ ашылды. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып ақшаға кенелді. Бұл қандай зат деп ойлайсыңдар?
Фосфор элементі жайлы химик айтып береді.
Химик: Фосфор химиялық элементтердiң Д.И.Менделеевтің ашқан периодтық жүйесінің элементі. Ол үшiншi период пен бесінші топтың қиылысқан жеріндегі он бесінші тор көзге орналасқан және реттік нөмірі он бес, атомдық масса салмағы 31. Фосфор - бейметалл. Оның ядросында 15 протон, 16 нейтрон бар. Электрондардын жалпы саны да 15 - ке тең. Электрондық құрылысы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p3 Фосфор қосылыстарында III , V валенттілік көрсетеді, тотығу дәрежелерi -3,0 , +3 , +5.
Алынуы: Са3(PO4)2 + SiO2 + 5C = 3CaSiO3 + 5CO + 2P
Ендiгi кезекті табиғатта таралуын бiлу үшiн ортаға географ ғалымды шақырайық.
Географ: Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесi 0,12 %. Фосфор табиғатта тек қосылыс күйінде 190 - дай минералдардың құрамында кездеседі. Қазақстанда фосфорға бай кен орындары бар. ХХ ғ. 30 - жылдарында Ақтөбе облысында фосфорит кенi табылған. Ақтөбе кен орындарының негізгі артықшылығы – олардың қабаттары жер бетіне жақын орналасқан және пайдалы қазбаны ешқандай кедергiсiз өндіруге болады. Мұнда жалпы қоры жүздеген миллион тоннаға жететiн ондаған iрi кен орындары бар. 30 -жылдардың аяғында (1938-1940) Қаратау бассейнi ашылды. Бассейнде 26 кен орны бар. Бассейннiң ең бай шикiзатында 28-34 % P2О5 бар. Фосфордың табиғи қосылыстары фосфорит Са3(PO4)2 пен апатит Ca5(PO4)3OH Қаратауда кездеседі. Оңтүстiк Қазақстанда, Аят және Лисаковск кен орындарындағы қоңыр тас көмiрдiң құрамында фосфордың едәуір қоры бар. Жаңатас, Шымкент пен Таразда фосфор зауыттары жұмыс істейді. Фосфор сiрiңке және улы химикаттар өндiрiсiнде пайдаланылады.
Келесі сөз кезегі физикке беріледі.
Физик: Фосфордың үш аллотропиялық түр өзгерiсi бар: ақ, қызыл, қара(Р4). Ақ фосфор өте белсендi, улы зат, түнде жарқырап сәуле шығарады. Суда ерімейді, сондықтан оны су астында сақтайды. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады, ал жоғарғы кысымда қара фосфорға айналады. Қызыл фосфор түсi қоңыр-қызыл, улы емес, суда нашар ериді, ұшпайды, 2500°С -та от алады. Қара фосфор - 2000ºС өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі. Түсі графитке ұқсас, қолға майдай сезіледі. Активтігі нашар, жартылай өткізгіш, улы емес, 5000ºС -та от алады.
Осындай физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, оның қолданылуына тоқталайық. Ол үшін химикті ортаға шақырайық.
Химик: Фосфор - тыңайтқыш, дәрі - дәрмек, улы химикаттар, сiрiңке дайындау үшiн қолданылады. Ендiгi кезекте күнделiктi қолданылып жүрген сiрiңкенiң қалай пайда болғанына тоқталсақ:
Сiрiңкені 1831 жылы 19 жасар Шарл Сориа алғаш ойлап тапқан. Бірақ ол сiрiңкеге патент ала алмады, себебi ол қымбат болатын. 1832 жылы неміс мұғалімі Камерер сіріңкеге патент алып, оны өндіре бастады. Бiрақ оның сiрiңкесi ақ фосфордан жасалғандықтан өте қауiптi болды. Қауiпсiз ciрiңкенi 1848 жылы швед химигі Бетгер алды. Бұл өзiмiздiң кәдімгі сiрiңкемiз, ол қызыл фосфордан жасалады.
Биолог: Фосфор адам және басқа тірі ағзалар тiршiлiгi үшiн қажет элемент. Кальций ортофосфаты қаңқаға беріктік қасиет бередi. Ол бұлшықет, жүйке, кемiк ұлпаларының құрамына кіреді. Ол туралы атақты геохимик, академик А.Е.Ферсман «фосфор - тiршiлiк пен ақыл - ой элементі» деген болатын. Себебі, мидың қызметi, бұлшықеттiң қимылы фосфор қосылыстарының химиялық өзгерістеріне байланысты. Фосфор ет ұлпасында
56 грамм кездеседі. Адам сүйегінде 600 грамм фосфор бар. Адам мен жануарлар фосфорды өсiмдiктен алады.
Ендiгi кезекте агроном ғалымға сөз берейік.
Агроном: Фосфор тыңайтқыштары егiс дақылдарында зерттелiндi. Қаратау фосфоритінен жасалған поли және ортофосфаттар тұзды топырақтарға қолданғанда, тұздылық әсерiн азайтатын және ауыр металдардың қозғалысын тежеп, өсiмдiк тамырына зиянсыз жағдайға жеткiзетiн механизмдерінің бары және олардың тиiмдi тыңайтқыштар екені дәлелденді. Фосфор элементi азоттан кейiн керектi екiншi элемент болғанымен, тұзды топырақта өсiмдiкке қорек ретiнде жетіспесе, биохимиялық реакцияларға қуат беру көзi кемiп, қиындықтар туындайды. Яғни, өсу, даму процестерiн жеделдету үшiн жүретін реакцияларға қуат жетiспейдi де, даму жағдайы күйзеліске ұшырап, өнiмге, өнім сапасына кері әсерін тигiзедi.
Ізденушi: Сен бiлесiң бе? Нағыз кір жуғыш заттардың құрамында 20 % синтетикалық жуғыш құраушылары мен 30% бейорганикалық фосфаттар болады. Фосфаттар кальцийдiң ерiмтал тұздарынан суды тазартады. Өкінішке орай бұл фосфаттар жуынды сулармен бірге өзендер мен көлдерге, бұлақтарға түседі. Олар кейбiр балдырлар үшiн жайлы орта болып табылады. Балдырлар тым көп қаулап өсiп суда еріген оттегiн азайтады да, өзендер мен көлдердiң батпақтануына (эвтрофикация) басталады.
Дәрігер: фосфор жануар мен адам сүйегінде, бұлшықетте, ми ұлпаларында болатыны анықталды. Фосфор адамның жадын жақсартады, оны біз наннан, ас бұршақтан, балықтан, ірімшіктен аламыз. Массасы 70 кг адамның денесiнде шамамен 800 г фосфор болады. Сондықтан балық пен сүт тағамдарын ас мәзiрiне күнделiктi кiргiзiп отыру керек [26].
Достарыңызбен бөлісу: |